Алаш этноәлеуметтік атауының лексика-семантикалық сипаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

2. 2 «Алаш» этноәлеуметтік атауының лексика-семантикалық сипаты

Қазақ қоғамы үшін қасиетті де қастерлі этноәлеуметтік атаулардың бірі - алаш қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді. Бұл этноәлеуметтік мазмұндағы терминдік атауға қатысты көптеген пікірлер бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: 1. «Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы, «қазақ» деуден бұрынғы елдің жалпы аты. 2. Қазақ, қазақ ұлты. 3. Қалың ел, жалпақ жұрт, халық» деген анықтама береді (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том. / Құраст. Т. Жанұзақ, С. Омарбеков, Ә. Жүнісбек және т. б. - Алматы, 2011. - 752 б. ) . Сонымен қатар сөздікте «Қазақ руларының ерте замандағы ұраны»; «қазақтың ұлтжанды оқығандарына, зиялыларына, қайраткерлеріне Кеңес өкметі жылдарындағы жамалған жағымсыз атау» деген қоғамдық-саяси лексика ретінде қосымша түсінік береді (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том. / Құраст. Т. Жанұзақ, С. Омарбеков, Ә. Жүнісбек және т. б. - Алматы, 2011. - 752 б. ) . «Алаш» этноәлеуметтік атауының «жат», «бөтeн», «жау» мәнiciндe дe айту «осы күнгe үзiлмeй кeлeтінін» келтіреді (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том. / Құраст. Т. Жанұзақ, С. Омарбеков, Ә. Жүнісбек және т. б. - Алматы, 2011. - 752 б. ) . Бұл этноәлеуметтік атаудың басқа түркі тілдерінде кездеспегендіктен, «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігіне енбей қалған.

Тәуелсіздік алған жылдарда еліміздің тарихындағы ақтаңдақ кезеңдер қайта қаралып, әсіресе кеңес үкіметінің Қазақстан Руспубликасында орнауының алдындағы тарихи оқиғалар жан-жақты зерттелуіне байланысты жаңа заман тұрғысынан бағаланып, алаш этноәлеуметтік атауы жаңа семантикалық қырлары таныла бастады. Бірақ ұлттық энциклопедияда «алаш деген ортақ түркілік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түркі халықтарының басын бipiктipу ұраны, ортақ атауы да болған сияқты» деген анықтама бар (ҚҰӘ) . «Алаш» деген сөздi ұран қылып алған ел, бipаздан соң ел атының өзiн «алаш» деп атайтын болған» деп қорытындылайды (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том. / Құраст. Т. Жанұзақ, С. Омарбеков, Ә. Жүнісбек және т. б. - Алматы, 2011. - 752 б. ) . Алаш этноәлеуметтік атауына қатысты «Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия» кітабында мынандай жан-жақты мәлімет береді: « алаш (ежелгі түрік сөзі - бауырластар, қандастар, туыстар) - көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым» екенін, ортағасырлық жəне одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі «ежелгі тайпаларының ортақ атауы» екенін айта келе, алаш моңғол-татар-қазақ шежірелеріндегі Алаш (Алашы) ханымен байланыстырады (Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / бас ред. Тойбаева Ж. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б. ) . Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі «қауым тұрмысының сілемі байқалатынын», «Алаш - алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, Енсіз қой болғанда» деп келетін сөздердің осыған меңзейтінін айтады () . Одан әрі «Кеген тас жазуында (б. з. б. 4 ғ. шамасында) «Қаған алты бөріг алаш(а) ерті» деген жолдар» бар екенін айта келе, «Алты Алаш» деген ұғымды «оғыздың алты ұлына ерген ел» деп те түсіндіреді. Сонымен қатар Алтай тауының Сібір жағында (Тыва) Алаш атты өзенін, Алаш атты тау сілемдерін» аталған атаумен байналыста қарап, Алаш деген ортақ түркілік атау «Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түркі халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы» деп қорытындылайды () . Алаш сөзінің төркініне қатысты Абай да пікір айтқан: «Әмір Темірдің нәсілінен шыққан қазақ ханы Ахмет қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ рақымсыздығына қарай «жан алушы» болды дегеннің орнына «мынау бір алашы болды ғой», - депті. Сол уақыттан ол кісі Алаша хан атаныпты . . . Сонан соң сол хан бұл атты калмақ қорыққанынан койды ғой, енді сіздер шапқан уақытта «алашы- алашы» деп «ұран-сүрен» салыңыз деп бұйырып, бұларға айғай салғанда, көп жанның айғайымен «алаш-алаш» деп кетіпті (Абай. II, 224) . Сонымен қатар Абай ортағасырлық түркі тіліндегі тағы бір тарихи шығарма - «Бабурнаме» материалдарына сүйеніп, Алаш «бүкіл қазақ халқы» деген ұғыммен барабар деген тұжырымды өзінің «Қара сөздерінде» айтады. Ол алаш сөзінің түптөркінін Алаша хан атынан, ал хан есімінің өзін қалмақша алачын ( алач ) «жан алушы» деген сөзден шығарады, өйткені Алаша ханның шын аты Ахмет дейді [34, 224 б. ] . Шәкәрім Құдайбердіұлы да Алаша хан туралы: «Әз Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң, кешікпей сол кездегі қазақты һәм көшпелі басқа елдерді Жүніс ханның Ахмет деген баласы билеп, оның ағасы Жәнеке (шын аты Махмұд деген) Ташкентте үлкен хан болыпты. Сонда Ахметхан қазақтың әскерге жараулысын үшке бөліп, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп қалмақты шаба берген соң, қалмақтар Ахметханды Алашы қойыпты. Мағынасы «Жан алғыш» дегені, оны есіткен соң Ахметхан қалмақ бұл атты қорыққан соң қойды, енді қалмақты шапқанда «алашылап» шабыңдар деген соң, қазақтар алашы деп шауып, сол қазаққа ұран болыпты. «Алаш-алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмадық», - деп мақтанатұғыны сол» (Құдайбердіұлы Ш. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі». Алматы-1991. 23 бет) . Алаша ұғымының шығу тегі туралы белгілі тарихшы А. И. Левшин былай деп жазған: «Қазақ-қырғыздардың көпшілігі бір кездерде өздерін алаттармыз немесе сібір татарларымыз, яғни бір халықпыз деп санаған. Кейін ішкі араздықтың кесірінен бөлініп кеткен. Әр бөлігін сұлтандар басқарды. Біраз жылдардан соң олардың Алаша деген біреуі барлық сұлтандарды бағындырды да, өзі жеке дара биледі. Ол үш жүз жігітпен Бұқараны басып алмақ болды. Бірақ жеңіліп қалып, аман қалған жолдастарымен тұтқынға түсті. Олар Түркістанда түрмеде ұсталды. Алаша өлгеннен кейін де тұтқында отырған жауынгерлер өздерінің бұрынғы үш отрядқа бөлінуін сақтады». Осы бөлінуден қазақтың үш жүзі пайда болыпты (Левшин А. И. «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» Алматы-1996. 147 бет) . Өткен ғасырлардағы Л. Будагов, В. Радлов сияқты лексикографтар да қазақ тіліндегі алаш сөзі «бүкіл қазақ халқы» деген сөздің синонимі деп танытады. Алаш сөзінің этимологиясы жайында С. Сейфуллин «алаш», «алашы», «алаша» деген сөздердің бір сөз екенін, қалмақ, монғол тілінде «кісі өлтіргіш», «қан құмар», «жау» деген сөз екендігі дұрыс және «алаш» деген сөз қазақ атанған рулар қазақ болмай жүргенде қолданылғанын, «Алаш» деген сөзді ұран қылып алған ел, біраздан соң, ел атының өзін «алаш» деп атайтын болған» деп пікір айтады (С. Сейфуллин. Шығ. IV, 22-23) . Жоғарыда аталған сөздікте С. Сейфуллиннің «Ноғай, Қазақ - бәpiмiз бip алаштың баласымыз» деген сөз сонан шыққан» (С. Сейфуллин, Шығ. ) деген тұжырымын келтіре отырып, Қырғыз тілінде алаш сөзін қазақтың әскери ұраны деп түсіндірген. В. В. Радлов алаш бүкіл қазақ халқының ұраны, түбірі - ал деген етістік деп көрсетеді (Радлов. Опыт сл. I- IV) . Алаш қазақша ел, халық деген мағынада да қолданылады. Түркі-монғол тілдерінде ал етістігінен өрбіген алаш (алуға тиісті), албан (алым- салық), алға (алақан) деген де сөздер бар. Адамның дене мүшелерінің бірі қол деген сөздің «әскер» деген де ауыспалы мағынасы бар. Кейбір түркі тілдерінде (мысалы, чуваш) осы қол сөзі ал//ала тұлғасында кездеседі. Бұл ал (ала) сөзінен де белгілі жұрнақтардың көмегі арқылы «әскер», «жасақ», «ел шапқыш» тәрізді мағыналарда жұмсалатын алаш, аламан сөздері жасалған болу керек. Сонда алаш сөзінің түбірі -ал (ала) ; -ш(ы) аффиксі етістіктен есім тудыратын жұрнақ болар (А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, Алматы -1966. - 240 б. ) .

Қазақ ішінде «алаш алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алты сан алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер бар. Сондай-ақ «Керегеміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деген мақал да бар. Бұдан қазақ этнонимінің синонимі ретінде қолданылғанын көреміз. Отандық зерттеушілер ішінде Ш. Уәлиханов қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қоя отырып («начало народа казахов или алач . . . »), былай деп жазады: «У киргиз разные роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех киргиз есть алач» дейді ((Валиханов Ч. Ч. «Собрание сочинений». Т-2. Алмата-1985. 158-159 беттер) . Сонымен қатар аңызды келтіре отырып «Тұранда өскен Абдулла ханның алапес ауруына шалдыққан Алаша деген ұлы болады. Оны хан қылып сайлап, Алаш атты биі бар, Үш алаш атты ел құралғаны» жайында қазақ аңыздарында баяндайды [38, 255 б. ] . Шоқан Уәлиханов Алаша хан, Алаш туралы ел арасындағы аңыздарға сүйеніп, бұл сөздің шығу тарихы XIV ғасырдан басталады дейді. Ол өзінің «Қазақ шежіресі» деген еңбегінің соңында мынадай түсінік келтіреді: «Темірдің Тоқтамысқа жасаған жорығы «Алаша балалары » деген атау бүкіл қазақ халқы деген атаумен белгілі болды». Сондай-ақ Ш. Уәлиханов Қадырғали Жалаиридің шығармасына сүйене отырып, Алаш сөзі жөнінде «Алаш мыңы» деп ерте кезде бүкіл қазақ халқын атаған. Үш Алаш, Алты Алаш, Үш мың Алаш, Алты мың Алаш деген сөздер халықтың нақты санын білдіру үшін қолданылмаған. Ол халық, ел деген мағынаны білдірсе керек . Алаш мыңы - мыңдаған Алаштардың одағын, Алаш қоғамын бейнелейтін атау [39, 118 б. ] ., Сібірді, Моңғолия мен Орталық Азияны зерттеуші, орыс саяхатшысы Г. Н. Потанин қазақ халқының Алаша хан туралы аңызын баяндай келе «Алаша ханның ескерткіш-кесенесі Әулие Ата да орналасқанын» жазады (Потанин Г. Н. «Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки» Петроград-1917. 59-60 беттер) .

Алаш атауына қатысты тағы бір пікір «Бабырнама» дерегіне байланысты. Бұл деректегі пікірге қазақтың ұлы ақыны сілтеме жасаған: «Ахмет деген хан болыпты. Ол қалмақты көп қырыпты, көп шауыпты. Қалмақ рақымсыздығына орай жан алушы болды дегеннің орнына «мынау бір алашы болды ғой» депті. Осылайша ол кісі Алаша атаныпты. Бабырнамада солай жазылған екен. Сонан соң жауға шапқан күндері «алашы-алашы» деп ұран салып, көп адамның айғайымен «алаш-алаш» деп кетіпті. Алаш ұранының қазақ атануының себебі осында екен» [41, 233 б. ] .

Қазақ тарихындағы тағы бір маңызды жазба ескерткіште « Алаша хан Моғолстанның хан Жүніс ханның баласы Сұлтан Ахмет болатын» дей келе, «Моғолстанда оған қарсы ешкім тұра алған жоқ. Бірнеше рет қалмақтарға жеңісті жорық жасап, олардың көбісіне ажал тапқызды. Екі рет Исан Тайшымен соғысып екеуінде де жеңіске жетті. Бұдан былай қалмақтар одан қатты сескеніп, онымен есептесетін болды. Олар оны «Алашы хан» деп атады. Ал моңғолша «алашы» - «өлтіруші», яғни «кісі өлтіруші хан» деген сөз. Ханды осы лақап атпен атай бастады. Қазіргі кезде оны «Алаша» хан дейді (Дулати М. Х. «Тарих-и Рашиди» Алматы-2003. 144 бет) . Алаша ұғымының шығу тегі туралы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» солтүстікте Алаша қаласы бар екендігін айтқан. Оның халқы өсіріп отырған «жылқылары ірі болады, жабағысы біздің құнан жылқымыздай, жылқыларының бәрі ала, өзге түсі болмас еді» дей келе, ала жылқыларының атына қарай алаша аталып кеткенін жазады (Дулати М. Х. «Тарих-и Рашиди» Алматы-1999. 656 бет) . «Тауарих хамса» атты еңбегінде қазақ халқының белгілі тарихшы-ғалымы Құрбанғали Халид алаш атауына қатысты бірнеше дерек келтіреді. Ол Алаш хазіреті Анас әулетінен шыққан хан есімі деген. Көптеген қазақ аңыздарында ханның алапес ұлы туралы сөз болса, оның артынан ерген үш жүз жігіт әуел баста «қашақ», яғни қазақ атанып, кейіннен алаш болғанын жоққа шығарады. Демек Қ. Халид «Алаш» атауын Алаша ханның есімімен байланысты деп қарайды [14, 66 б. ] .

«Алаш» ұраны «Алаш - алаш болғанда, Алаша - хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық» деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Сақ-құлақ би шежіресін, Ə. Диваев, Г. Н. Потанин, Ш. Уəлиханов, А. Янушкевич, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тынышбаев, т. б. ел арасынан жинаған аңыз- əңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде - алапес болып туған бала, екіншісінде - алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде - Ұлытаудан асырып тастаған баланың əскербасы болғаны, төртіншісінде - қалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дəріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалайыри еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданған. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады.

«Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тəуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дəлелі ретінде Алаш қозғалысы, Алашорда, Алаш деген ұғымдарды атауға болады. «Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді. XVIII ғасырда қазақ халқының ішінде кең тараған аңыз-әңгімелерде қазақ руларының барлығын бір бастаудан шығарады. Тарихшы-ғалым Ж. Артықбаевтың пікірінше ол «әр түрлі деректерде қазақтардың «алаш ұлысы» атануы» [37, 71 б. ] М. Тынышпаев «Алаш» сөзін алшын, ноғай, қазақ атауларымен байланыстырады. Ғалым алаш атауына «қырғынға ұшырататын шапқыншылар» деп қалмақтар ат қойғандығын айтады. Біздің ойымызша Алшындардың аталары Алтайда тұрған, олардың шығыс жағында моңғолдар, соңғылар батыстағы көршілерін олардың үнемі шабуыл жасап отырғанына байланысты алаш (кісі өлтірушілер) деп атауы мүмкін дейді. Еске ұстайтын жағдай Алаш атауы, кейіннен қалмақтармен қойылуы мүмкін емес, себебі олар ноғайлармен қатынасы ХҮ11 ғасырдың басынан басталады. Ал, ол кезде Алаш атауы ноғайда да, қазақта та бар болатын (ең кемінде Темір заманында) . Осылайша, «алаш» сөзсіз «Алашадан» бұрын дүниеге келген» (Тынышбаев М. «История Казакского народа» Алматы-1993. 146-147 беттер) .

Тарихшы ғалым Б. Кәрібаев «алаш» атауына Масуд ибн Кухистанидың XVI ғасырда жазылған «Тарихи Абу-л-Хайр-хани» атты еңбегінде түсінік береді. Ол Әбілқайыр сұлтан заманында (1427 ж. ) Дешті Қыпшақтың бір үлкен аймағының билеушісі Алаша баһадүр есімімен байланысты оның ұлысындағы адамдар өздерін «Алаш еліміз», «алаштықпыз» деп атай бастаған деген пікір айтады [43, N 5, 4 б. ] .

Алаш этноәлеуметтік атауын елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екенін ХХ ғ. басында Ә. Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке (ұлт кеңесі) де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны белгілі. Азаматтық тарихымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы - қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. «Алаш - жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі» еді (Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Сардар, 2014. - 528 б. ) .

Алаш этноәлеуметтік атауын жеке руға телетін пікір де жоқ емес. Тарихшы Б. Серікбайұлы: «Байырғы алаш ұрпақтары - алшындар қана қазақ этносын және де басқа түркі халқын қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Бірақ басқа тайпалардың мөлшерімен салыстырған кезде аздау болып, құрамында алшын тайпасы бар халықтардан басқалары өздерін «алаш ұрпақтарымыз» деп айта алмайды» дейді [38, 278 б. ] Және де ол Алаша хан (ала аша хан) адам аты емес, оның ел билеуші ретіндегі титулы деген ойды айтады. Демек бұл сөз (ала аша хан - Алаша хан) яғни алаш тайпасының ұлы ханы деген мағынада қолданылған.

Алаш этноәлеуметтік атауына қатысты «көп алаш, көп ел, халық» мағынасында алты сан алаш ; «бүкіл ел, дүйім қазақ, жұрт»; «түркі тектес халық» алты алаш; «бүкіл қазақтың баласы, азаматы» алаштың баласы ; «Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзді» үш алаш; «бүкіл қазаққа әйгілі, белгілі» алты алашқа аян; «ел азаматы, азамат, ер жігіт» алаштың ұлы; «қазақтың баласы, қазақ» алаштың азаматы деген тіркестер кеңінен қолданысқа ие. Қазақ паремиологиялық қорында алаш этноәлеуметтік атауына қатысты бірнеше мақалдар кездеседі: Қара наннан калаш жақсы, Жаман ағайыннан Алаш жақсы; Алты Алашқа қорланба, Ағайынға қорлан . Қазақ фольклорында Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы; Бұл хабарды Әзімбай Алашқа тегіс жүргізді («Қамбар батыр» жыры) ; ақындар шығармаларында Он сан Алаш баласын, Жұмсап бір тұрсың қолыңмен (Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқаны) ; Алты сан Алаш ат бөліп, Тізгінін берсе қолыма; Алаштың байлығынан пе пайда, Тарығып келген ерлергеҚайыры оның болмаса, Немесе «Желп-желп еткен ала ту» жырында:Ебелек отқа семірген, Арғымақтан туған асылдыБаптап мінер күн қайда? Алаштағы жақсыдан , - дегенінде алаш деп тұрғаны − жалпы «ел-жұрт, халық» мағынасында сай келеді (Махамбет) ; « Алаш алаш болғалы, Алаша атқа мінгелі, Ала шұбар ту байлап, Алашқа ұран бергені, Әлім еді ағасы» (Мұрат Мөңкеұлы) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген [38, 265 б. ] . Осы орайда «Үш алаш» тіркесі Нысанбай төмендегідей қолданған: Бір ізіңмен жүргіздің Үш алаштың барлығын, Алатаудан аса алмай, Тастың тарттым зарлығын Үш қазақта Ұлы жүз Дулат деген ел екен . . . [44, I., 244 б. ] . Басқаша қолданысты Дулат ақыннан байқаймыз: Сыйласпаған ағайын Алаштан да жат болар деген қолданыста о баста шығу тегі бір болса да, жүре-бара арасы алыстап кеткен ел бір-біріне жат атанса, сыйласпаған ағайын-туыстардың өздері алты Алашқа жататын жақын елдер сияқты арасы алыстап, жат болып кетуі де мүмкін екенін айтады. Ал «алты алаш», «алты сан алаш» тұрақты тіркестерін тарихи қалыптасқан этнолексема ретінде қарастырамыз. Бұл тіркес жөнінде Ғ. Мұсабаев өзінің «Кеген жазуы» атты еңбегінде қазақтың «алты алаш» деген сөзі «алты ел» дегенді білдіреді дей келе, «Қазақ сол атаудың бірі ғана» деген тұжырымға келген. Сонда алты алаштың өзге бесеуі ретінде өбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ және башқұрт халықтарын айтады () . Қазақтың ауыз әдебиеті тілінде, әсіресе жырларда, сонымен қатар өткен ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде, тіпті күні кешегі Бұхар, Махамбет, Шернияздарда, айта берсек, Абайдың өзінде алаш сөзі өте жиі қолданылған. Айталық, Шернияз ақын Исатайдың ел қамын жейтін жақсылығын айтқанда: Исатай - ел еркесі, ел серкесі, Бір мен емес, алашқа жайылым еді, - десе, мұнда да алаш - «қалың көпшілік, ел, халық» деген мәнде қолданылып тұр [45, 29-30 бб. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Этнолингвистика және этимология
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz