Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері


- Жалпы сөйлеу тілі дамымауының себептері.
- Сөйлеу даму деңгейінің сипаттамасы
- ЖСТД балаларды зерттеу
- ЖСТД балаларда анықталған кемшіліктерді жою бойынша логопедиялық жұмыс жүйесі
- Мектеп жасындағы ЖСТД балаларды оқыту
- ЖСТД балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың методикасы
Кіріспе
Өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық саласындағы елеулі өзгерістерді анықтауда. Қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне сай егеменді еліміздің алдында тұрған басым міндеттердің бірі - арнаулы білім беру мазмұны бойынша білім алатын сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсетудің тиімді жолдарын ұйымдастыру болып отыр. Бұл өзекті мәселенің мазмұны мен міндеттерін, даму жетістіктерін отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып анықтаймыз.
«Білім туралы» Заңда қабылдаған ЮНЕСКО ұсынған білім беру жүйесінің жаңа моделі халықаралық білім жіктемесіне сәйкестендірілген 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілірге шығу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларға көмек көрсетуде оқыту мен тәрбиелеу жүйесі коррекциялық білім беруде елеулі өзгерістерге жол ашты. Жалпы білім беру мазмұнының парадигмасы өзгерістерге ұшырап, білім беруде жаңа мазмұн, жаңа көзқарас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Қазақстан Республикасында білім беру бағдарламасында: «Білім берудегі тиімді қызмет атқаратын жаңа жүйе қалыптасып, тұлғаның сапалық жағынан қалыптасуына мол мүмкіндіктің деңгейі артуда, яғни «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керек» деп атап көрсеткен. Мұндай жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Бүгінгі білім беру саласының басты міндеті - ойлау қабілетімен ерекшекленетін, өзіндік пікірі мен пайымдауы бар жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлғаның осындай субъект дәрежесіне көтерілуі мұғалім еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мұғалімнің басты қызметі - оқыту үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білу, оқушыларды сабаққа ынталандыру, қызықтыру.
Қызығушылық негізінен психологиялық құбылыс және оның қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекет пен жеке өмір тәжірибесіне байланысты. Баланың қызығуы туа біткен психологиялық құбылыс емес, оны қалыптастыратын да, орнықтыратын да - мектеп, оқу үрдісі, ұжым. Олай болса, бала өз қызығуын қанағаттандыру үшін оқу үрдісінде мақсатты іс-әрекетпен шуғылданудың құралы ретінде сөйлеу қызметінің қалыптасуы қажет. Олай болса, сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемелердегі сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған педагогикалық, логопедиялық түзету жұмыстары тиімді ұйымдастырылуы қажет. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті ұрпағымыздың игерген біліміне, іскерлігіне, сөйлеу тілі мен сөйлеу мәдениетіне, ойлау қабілетіне байланысты. Осы орайда білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үшін жалпы сөйлеу тілінде түрлі дәрежедегі кемшіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бала бойындағы кемшіліктерді түзету жұмыстары құрылуы қажет. Баланың білім мазмұнын игертудің бастауы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Бала осы кезеңде білімді игеруге қажетті іскерлік пен дағдыларды бойына сіңіре бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүние туралы көзқарастарын кеңейтіп, болашақтағы алған білімінің жеткілікті дәрежеде қалыптасуының бірден-бір кепілі - сөйлеу тілінің дамуы.
Жалпы сөйлеу тілін дамыту әдістемесінің негізі сөйлеу мен ойлаудың өзара байланысы туралы философиялық және психологиялық ережелерде (Л. С. Выгодский, А. А. Леонтев, А. РЛурия В. В. Лубовский) сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде қарастырып, адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуі, тұлғаның дамуы, сөйлеудің іс-әрекет теориясын құрайтындығы анық байқалады.
Отандық зерттеушілердің еңбектерінде (Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, М. И. Лисина, В. С. Мухина, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Рузская, Е. О. Смирнова, Д. Б. Эльконин, т. б) қарым-қатынас адамның өзін тануы мен өзін бағалауындағы жетекші әрекетінің түрі және тұлғалық қалыптасуын, баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуші әлеуметтік белсенділіктің түрі ретінде танылады. Қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз ететін - сөз. Осы көрсетілген мәліметтер қарым-қатынастың барлық түрін игерту арқылы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың жолдарын қарастыру мәселесінің өзектілігін айқындайды. Бұл жай-күйдің теориялық негізделуін ерекшелендіру Р. Е. Левинаның «Сөйлеу тілі дамымаған балалардың жазу қабілеті бұзылуы» еңбегінде тұжырымдалған (1961ж) . Сөйлеу тілі бұзылуының 3 деңгейі бар: жалпы пайдаланылатын сөйлеу тілінің жоқтығы; жалпы пайдаланылатын сөйлеу тілінің басталуы; фонетикалық, лексикалық және грамматикалық дамымау элементтері бар күрделі тіл.
Белгілі болған деңгейлер дамуы - элементарлы формадан күрделіге өту. Дамудың ауытқушылығындағы арнайы түрі бұл жолдың кеш басталуы болып табылады. Белгілі болған деңгейлердің негізгі белгілерін ескере отырып, келесі ережелерді бөлуге болады:
- тілдік дамымау дәрежесі қатып қалған пайда болуларды көрсетпейді;
- әр деңгейде өткен және келесі деңгей элементтерін табуға болады;
- іс жүзінде анық деңгейлер сирек кездеседі, себебі жаңа элементтер біртіндеп өткен формаларды шығырып тастап отырады;
- балаларды көбінесе өтпелі қалыпа кездеседі, онда алға ілгерушілік деңгейлер және әлі шығарып тасталмаған бұзылулар өзара үйлеседі.
Сөйтіп сөйлеу тіл дамуының негізгі жолдары анықталады, ол әр деңгейдің сипатты белгісін айқындайды, олар, логопедиялық әдістемелерді кеңінен қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz