Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Турлыханов Даулет Серикулы
«Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
5В011400 «Тарих» мамандығы
Семей, 2021 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
«Тарих және құқық» кафедрасының меңгерушісі
(кафедра атауы)
Ғазизова Н. С.
(қолы, аты-жөні, тегі) (мерзімі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: «Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы»
5В011400 «Тарих» мамандығы
Орындаған Турлыханов Д. С.
Ғылыми жетекші Каримов М. Қ
т. ғ. к., профессор
Нормобақылаушы Бакытжанова А. Б.
т. ғ. к., қауымдастырылған профессор м. а
Семей, 2021 жыл
Гуманитарлық факультет
Тарих және саясаттану оқу кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Ибраемова М. С.
(қолы, аты-жөні)
«13» қараша 2020 ж.
Т. Д. Серикулының дипломдық жұмысына (жоба) бойынша ТАПСЫРМА
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) такырыбы: «Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы»
университет бойынша № 16-у бұйрықпен «13» қараша 2020 ж. бекітілген.
2. Білім алушының аяқталған дипломдық жұмысты (жобаны) тапсыратын мерзімі: 03. 05. 2021.
3. Есеп-түсіндіру жазбасының мазмұны (дипломдық жоба үшін) / Қарастырылуға жоспарланатын сұрақтар тізімі (дипломдық жұмыс үшін)
Е. Бекмахановтың өмірі мен шығармашылығы.
Өскен ортасы және білім жолындағы қадамдары
Е. Бекмахановтың. ғылыми ізденістерінің басталуы
Е. Бекмахановтың тарих ғылымына қосқан үлесі
Е. Бекмахановтың және ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері
Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттеудегі Е. Бекмахановтың үлесі
«Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы» тақырыбын мектепте оқытудың әдістемесі.
Тақырыпты оқытудың методологиялық -әдістемелік негіздері
«Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы» тақырыбына арналған сабақ жоспарының үлгісі. (Мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша)
4. Графикалық материалдардың тізімі (міндетті сызбалардың анық көрсетілуі тиіс) (дипломдық жоба үшін)
№ р/с
Диплом жұмысын (жобасын) орындау кезеңдерінің атаулары
Орындау мерзімі
Ескерту
1
2
3
1
Негізгі және қосымша дереккөздерді анықтау, оларды
зерттеу және өңдеу
2
Дипломдық жұмыстың (жобаның) жоспарын жасау
3
Бірінші бөлімді әзірлеу және тексеруге ұсыну
4
Материалдарды жинақтау, жүйелеу және талдау
5
Екінші бөлімді әзірлеу және тексеруге ұсыну
6
Үшінші бөлімді әзірлеу және тексеруге ұсыну (бар
болса)
7
Ғылыми жетекшімен қорытындылар мен ұсыныстарды
келісу
8
Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау
9
Баяндама тезистерін және қорғау үшін презентациялық материалдарды әзірлеу, пікірмен және рецензиямен
танысу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
Тапсырма берілген күні: 13. 11. 2020 ж. Дата выдачи задания
Тапсырманы орындауға қабылдап алды: Турлыханов Д. С.
Задание принял к исполнен (білім алушының аты, жөні, тегі, қолы) / (Ф. И. О. обучающегося, подпись)
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., профессор Каримов М. Қ
Научный руководитель (аты, жөні, тегі, қолы) / (Ф. И. О., подпись)
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . 6 1. Е. Бекмахановтың өмірі мен шығармашылығы . . . 11 1. 1 Өскен ортасы және білім жолындағы қадамдары . . . 11 1. 2 Е. Бекмахановтың. ғылыми ізденістерінің басталуы . . . 16 2. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына қосқан үлесі . . . 27 2. 1. Е. Бекмахановтың және ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері . . . 27 2. 2 Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттеудегі Е. Бекмахановтың үлесі . . . 38 3. «Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы» тақырыбын мектепте оқытудың әдістемесі . . . 50 3. 1 Тақырыпты оқытудың методологиялық - әдістемелік негіздері . . . 50 3. 2 «Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы» тақырыбына арналған сабақ жоспарының үлгісі. (Мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша) . . . 55 Қорытынды . . . 58 Пайдаланған дерекөздер тізімі . . . 60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Егемен елдің еркіндігінен кейін ғана бодандықтың құрсауынан азат елдің өз билігі өзіне тиіп, еркін елдің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өткен тарихын келер ұрпаққа ғылыми тұрғыда жазу қажеттілігі күн өткен сайын айқындалып, рухани қажеттілікке айналуы бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналды. Оның басты себебі ұлттың бүгінге дейінгі тарихы - жас ұрпақ үшін құнды мұра еді. Расында да қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында болып, отарлық саясаттың өктемдігін бастан кешіріп, тәуелсіздігін алып, дербес ел болған тұста, алдына нақты мақсат қойып, әлемдегі өркениетті халықтар санатына қосылу үшін өзінің өткенін білу, төл тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру - болашақ мақсаттарға жеткізетін негізгі факторға айналған десек қателеспеген едік. Десе де, кешегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды бастан кешірген қазақ халқының келешегінің қалыптасуы, көп жағдайда оның ғылыми тарихының қазіргі кезеңде қалай жазылуына, оның тарихи санасының қалай қалыптасуына байланысты екендігін ащы шындық деп қарауға болады.
Жалпы адамзат тарихында жеке тұлғалық фактор әрқашанда жоғарғы маңызға ие болғандығы ақиқат. Алайда, қандай да бір тарихи кезең өз уақыттарда орын алған ірі қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өзгерістер кейде бір немесе бірнеше тарихи тұлғалардың өмірімен, қызметімен сабақтасып жатады. Дәл осындай сабақтастық Қазақстан тарихында ХХ ғасырдың басында орын алғандығы -бұлжытпас айғақ болып саналады.
Жас ұрпаққа кемел болашақтың кепіліндей ең бастысы тарих гылымының қалыптасуында және гуманитарлық ғылымдардың бір саласы есебінде дамуында жаңа заманның ұлы тарихшысы Ермұқан Бекмахановтың (1915-1966 жж. ) баға жетпес еңбектері - тарихи мұра ретінде бағаланып келеді. Тарихта Ермұқан Бекмахановқа дейін де осы салада айрықша із қалтырған тарихшылар болғандығы аян. Сондай -ақ ерте замандағы небір ғұламаларды айтпаған күннің өзінде, ертедегі халықтың арасынан шыққан шежірешілерді ескермеген күннің өзінде де, Қазақ хандығының қалай өмірге келгенін, оның шаңырағын кім көтергенін, елдескен және жауласқан елдерін тізіп берген Мырза Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшылар болғандығы аян. Бұлар патша сарайының маңында талмай қызмет жасап жүрген әмбебап тұлғалар ретінде танымал.
Алайда, қазақ тарихының терең сырларын баяндап, артына көшпелілер тарихы туралы жарқын ой ұшқынын қалдырып кеткен Шоқанның өзі де тарихшы емес еді. Халық бағалап, жарық жұлдызға теңеген Шоқан ғаламат дарын иесі ретінде танылып, оның артына мұра қылып тастап кеткен мақалалардың өзі ғылыми тереңдігімен, өміршеңдігімен құнды болып келеді. Негізі, Шоқан өзінің қысқа ғұмырында Орталық Азия тарихының көне және ортағасырлық тарихына қатысты талай күрделі мәселелерді ашып, көрсете білген. Дегенмен, ол өзінің ғылымға деген құлшынысының арқасында орыстың әскери оқуын оқып бітіріп, Ресей империясына қызмет істеуге тиіс болған еді. Сондықтан да болар, негізінен Шоқанның шығармалары мен жазбаларының көпшілігі үнемі жұмыс үстінде, жол сапарда, қауіп-қатер, жорықтарда тынымсыз тіршілік үстінде жазылған еді.
Алайда, тарихта Шоқанға дейінгі кезге дейін де нақты тоқталсақ: XIX ғасырдың. өзінде де қазақ шежіресін жинақтап, тарихтың әртүрлі нұсқаларын сараптап, жазбаларын қағаз бетіне түсіріп, жинақтап жүрген азаматтар аз болған жоқ.
Бұған дәлел ретінде ең алдымен түркі-монғол халықтарының шежірешілдік дәстүрін тілге тиек етсек артық айтқандық емес. Жұртшылықтың кемеңгер ақсақалдары мен қарияларынан қалған алтын сандықтың қазынасын хатқа түсіру де шындығында XIX ғасырдан басталған. Шежіренің жазба дәстүрін ұстанған азаматтар осы көне нұсқадан, мөлдір қайнар - бастаудан нәр алатын еді. Сол тарихи мұраны Ермұхан Бекмаханов та осы бағытта жалғастыра алды, сондай -ақ кеңестік империяның заманы жүріп уақытта төл дерекке батыл барып, оны Қазақ тарихының ең бір күрделі кезеңдері ХVШ-ХІХ ғасырлардағы. тарихын жазуға пайдаланған батыл тұлға. Сондықтан да Ермұхан Бекмаханов сынды үлкен ғалымның еңбегін бағалап, оған шынайы бағасын беру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін тың мәселе.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы, қазақ тарихымен XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында бірсыпыра азаматтар айналысып, үлес қосуға тырысты. Солардың қатарында қазақ халқының жадында сақталған шежіре аңыздарын жинақтап, соларды жүйелеп және қорытып, көшпелілер тарихы туралы тамаша деректерді жазып қалдырған Ж. Көпейұлы [1], қазақ шежіресі мен Ресей тарихнамасын байланыстырған Ш. Құдайбердіұлы [2], қазақтың тарихи аңыздарын жыр жолына түсірген, Алтын Орда мен ақтабан шұбырынды заманы туралы тамаша этюдтер жазған М. Тынышпаев [3], "Қазақ тарихының" алғашқы ғылыми нұсқасын орыс тілінде жазып көрген ерен білімді С. Асфендияров болды десек ол- тарихи шындық [4] . Бұдан басқа да жүздеген ада мдар қазақ халқының тарихын зерттеп, баспасөз бетіне материалдар жазып, артындағы өскелең ұрпаққа баға жетпес мұраны қалдырып кеткендігі баршаға белгілі.
Міне осындай зор мақтанышпен ауыз толтырып айта алатын өмірбаяны, дәстүрлері, дарынды өкілдері бар, бұл тарихтың бұл саласы қазақ халқының ішінде кәсіптік деңгейге тек XX ғасырдың 40-шы жылдары ғана жетті деп айта аламыз. Аталмыш саланы осы жоғарғы деңгейге көтерген адам, нағыз Отансүйгіш, Қазақстанның патриоты, батыл азамат Ермұхан Бекмаханов екендігін мақтанышпен айта аламыз.
Алты жасынан жетім қалып, әкесінің мейірімін аңсап ерте есейген Ермұхан Бекмаханов қазақ жастарының ішінен суырылып шығып, алғаш рет Тамбов пен Воронеж қалаларында педагогикалық институттарында арнайы тарих факультетінде дәріс алып, білімін толықтырды. Тарихта қалған қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып тарих ғылым докторы атанып (1946 жылы) және ол атақты лагерьден кейін екінші рет басқа тақырыппен тағы да қорғап шыққандығы мәлім (1957 жылы) .
Сондай -ақ Ермұхан Бекмаханов Қазақстан тарихы кафедрасын жоғарғы оқу жүйесінде алғаш рет ашып, меңгерген еді. Ерекше назар аударсақ, Ермұхан Бекмахановқа дейін Қазақстан жоғарғы оку орындарында тек қана СССР тарихы және Жалпы тарих кафедралары ғана болғаны белгілі. Тынымсыз еңбегінің арқасында Ермұқан Бекмаханов Қазақстан тарихы кафедрасына ең бірінші түрен салушы ғана емес (1948 ж. ), лагерьден аман - есен елге оралғаннан кейін де қайтадан осы бағытта қызметін жалғастырып, тарихта ұлы мұра қалтырған танымал тұлға (1958 ж. ) Осы бағытта, оның нағыз ер азамат, халқының игілігі үшін тайсалмай басын тәуекелге тіккен күрескер және қайраткер екенін көре отырып, үлгі тұтамыз, дәріптейміз, құрмет тұтамыз. Білім саласында да айрықша үлес қосқан, Ермұхан Бекмаханов жас ұрпақтың келешегі үшін қазақ тарихшыларының ішінде арнайы мектеп оқушыларына арнап 7-8, 9-10 класс оқулықтарын жазып, қол таңбасын мұра қылып қалдырып, толағай еңбегінің арқасында тарих сахнасында ойып тұрып өз орнын биіктен сайлап кеткен ғалым [5] . Аталмыш оқулықтары тарихқа сусаған қазақ еліне қарлығаштай қанатымен аузына су бүріккенге теңестіруге болады. Жоғарыда атап көрсеткен оқулықтар Қазақстан мекептерінде 30 жыл бойы қызмет жасап, тарихи құндылықтарды ашып көрсетуде жол сілтеген, бағдар берген, баға жетпес тарихи мұраға айналды. Тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханов "Қазақстан тарихын" мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқытудың алғашқы әдістемелік- тәжірбиелік еңбектерін жазды. Соғыс жылдары нақты айтсақ, 1941-1945 жылдардағы соғыстың ауыр кезеңінде басталған бұл еңбек бірнеше оқу құралында, әдістемелік брошюраларда және 1966 жылы жарияланған "Очерки Истории Казахстана" /пособие для учителей/ кітабында жарық көрді [6] . Сондықтан да Е. Бекмаханов қазақтың тарих саласы бойынша алғашқы ғалым -әдіскері бола білді.
Ермұхан Бекмаханов қазақ тарихшыларының ішінде алғашқы болып Қазақстан тарихы бойынша "библиографиялық көрсеткіш" жасап, тарих ғылымының дамуына айрықша үлес қосты. Ермұхан Бекмахановтың үлкен жауапкершілікті мойнына ала отырып, редақторлық жасауымен 1964 жылы жарық көрген "Библиография по истории Казахстана" /аннотированный указ-тель. вып. I. Дореволюционный период/ аталатын қалың кітап әлі күнге дейін таптырмас, баға жетпес мұра болып келетіндігін мақтанышпен айта аламын [7] . Ермұхан Бекмахановтың қазақ тарихы бойынша жазып кеткен барлық үлкенді - кішілі еңбектерінің бәріне қысқаша шолу жасаған бұл кітаптан жоғары етіп әлі еңбек жазған зерттеуші бар деп айтуға әлі ертерек деп санаймын. .
Қазақ халқына тән барлық жақсылық атаулыны бойына сіңіре біліп, табиғатынан ерекше батыл, зерделі, Отансүйгіш, білімге құштар, іздемпаз болып өскен, ұлағатты азаматы, алғашқы профессионал тарихшысы Ермұхан Бекмаханов өкінішке орай не бары елу жасында ғана дүниеден өтті. Ғалымның артында мол ғылыми мұра, қалыптасқан зерттеу әдістері мен тәжірибе, казақ тарихының қилы кезеңдері мен оқиғалары туралы ой нышандары өскелең ұрпаққа құнды мұра болып қалды. Ермұхан Бекмахановтың жасаған ісі, қалтырған мұраларының бәрі қазіргі қазақтың азаматтарынан үлкен жауапкершілікті, азаматтықты, жанашырлықты талап етті. Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымындағы ұлан-ғайыр және жанкешті еңбегі жөнінде соңғы жылдары баспасөзде біраз жазылды. Олардың ішінде Әбу Тәкенов, Манас Қозыбаев, Кеңес Нүрпейісов, Талас Омарбеков сияқты ғалымдар мақалаларында Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымындағы еңбектері әділ бағаланып, өз дәрежесінде құрметке лайық екендігі нақтыланып, баспасөз беттерінде жарық көрді. Ғалымның жары Халима Бекмұхамедова көп жылдар бойы ғалым туралы естеліктерді жинастырып, оны да жинақтап баспадан шығарды [8] . Осыдан бірнеше жыл бұрын Манас Қозыбаевтың жетекшілік етуімен Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны мен ғылымдағы еңбегін саралаған кандидаттық диссертация қорғалды [9] . Аталған диссертация жұмысында Ермұхан Бехмахановтың өмірі мен қызметі айтыла келіп, тарих ғылымына қосқан үлкен үлесі нақтыланған еді. Ермұхан Бекмахановтың еңбектерінің дені қазіргі кезде библиографиялық өте сирек кездесетін дүниелерге айналды. Сондықтан да Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, осы оқу орнының басшысы, ұлтжанды азамат Ерлан Мұхтарұлы Арын бастап Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасын елге таныту мақсатында, ізденіске толы жылдардың жемісін көріп, мол еңбек сіңірді. Бұл жұмыс 2003 жылы басталып, алғашында «Рухнама» сериясынан Ермұхан Бекмахановқа арналып арнайы кітап болып жарыққа шықты. Бүл кітаптың ішіне Ә. Тәкеновтың ғалым туралы жазған тарихнамалық шолу мақаласы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты, нақтылай келсек азаттық күрес туралы жазған Ермұхан Бекмаханов тараулары, Ермұхан Бекмаханов жайында жазылған әдебиет тізімі енгізілген еді [10] .
Ұлы тұлғаға көрсетілген құрмет ретінде Ермұхан Бекмахановтың 90 жылдығы қарсаңында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетгік университеті ғалымның мерейтойына арнап арнайы халықаралық конференция, ғалымның шығармаларының жинағын шығару, библиографиялық көрсеткіш дайындау міндетін қойды, бұл іс артынша республикалық дәрежеде қолдау тауып, жоғары деңгейде өтті. Жүйелі жүмыс нәтижесінде оқырман қолына ұсынып отырған жеті томдық Ермұхан Бекмаханов шығармаларының жинағы жарық көріп, оқырмандарына жол тартты.
Ермұхан Бекмахановтың жеті томдығының - бірінші томы Ермұхан. Бекмахановтың өмірбаяны және шығармашылық еңбегі туралы көлемді очеркімен басталды, оны жүзеге асырған авторлары Е. М. Арын және Ж. О. Артықбаев болды. Бұл томға 1943 жылы жарияланған «Қазақ ССР-і тарихының Ермұхан Бекмаханов жазған тарауларының орысша және қазақша түп нұскалары да енді. Кезінде «Қазақ ССР-і тарихының» алғашқы басылымы сол кезеңдегі идеологияға байланысты сынға ұшыраған болатындығы баршаға аян [10] .
Жинақтың екінші томында «Казахстан в 20-40-е годы XIX в. » деп аталатын ғалымның аты шулы монографиясы толықтай енсе, бұл кітапты жариялағанда Қазақ ҒА сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған 1947 жылғы жарияланған нұсқа мен 1992 жылы Әбу Тәкеновтың басшылығымен жарияланған нұсқалары енгізілген.
Жинақтың үшінші томға ғалым- тарихшы Ермұхан Бекмахановтың 1958 жылы жарыққа шыққан «Присоединение Казахстана к России» атты монографиясы толығымен енген. Ал жинақтың төртінші томында Ермұхан Бекмахановтың мектепте, жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихын» оқытуға арналған әдістемелік-тәжірибелік еңбектері және 1966 жылы жарық көрген «Очерки истории Казахстана» (пособие для учителей) оқу құралы енгізілген. Жинақтың бесінші томында Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған, әртүрлі басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалары жинақталған. Аталған томға енгізілген ғалымның кейбір мақалаларының партиялық-идеологиялық бағытта жазылуын оқырман сол уақыттың талабына байланысты деп түсінуі керек деп бағалаймын. Жинақтың алтыншы томына Е. Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» монографиясы бойынша Алматыда өткізілген 1948 жылғы шілде талқылауының стенограммасына енді. Жалпы, редколлегияның дискуссия материалдарын жеке том етіп жариялаудағы мақсаты оқырманға ғалымның күрескерлігі және сол кезеңдегі тарих ғылымының дамуы туралы мәліметтер беру. Сондай -ақ стенограмма материалдары Кеңес Нұрпейісовтың жариялауымен Алматыда 2000 жылы жарық көрген бірінші басылымынан өзгеріссіз берілген. Жетінші томның материалдарын негізінен Ермұхан Бекмаханов туралы құжаттармен замандастарының естеліктері құрайды [12] .
Жұмыстың мақсаты: ғалымның еңбектері мен зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, Ермұхан Бекмахановтың туып-өскен ортасы мен ғылыми шығармашылығына, әсіресе тарих ғылымына қосқан мол үлесіне тоқталу болып табылады. . Бітіру жұмысы өзінің алға қойған масатын шешуде төмендегідей міндеттер тобын нақтылайды:
-Е. Бекмахановтың жастық шағы, өмірбаяны мен өскен ортасына тоқталу;
-Е. Бекмахановтың ғылыми ізденістерінің басталуын қарастыру;
-Е. Бекмаханов және оның ұлт-азаттық қозғалыс мәселесін ашуға қосқан үлесін бағалау ;
-Е. Бекмахановтың Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зертеудегі үлесін айқындау ;
-«Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы» тақырыбын мектептің 9 сыныбында оқытудың әдістемесі;
- Тақырыпты оқытудың методикалық- әдістемелік негіздері.
Жұмыстың деректік негізін : Ермұхан Бекмахановтың шығармалар жинағының мәліметтері туралы әсіресе жетінші том материалдары мол мәліметтер береді. Ермұхан Бекмахановтың жары Халима Адамқызы Бекмухамедованың «Вместе 20 лет» [14] атты шағын жинағында ғалым турасында мол мәліметтер кездеседі. Аталған кітапта әсіресе Ермұхан Бекмахановтың мінез-құлқы, оның ғылым саласына келуі сияқты мәліметтер тобы топтастырылған. Бұлардың барлығы да Ермұхан Бекмаханов туралы толық та тың мәліметтер алуда өзінің құндылығы ерекше.
Жұмыстың мерзімдік шегі: Ермұхан Бекмахановтың өмір сүрген жылдары, дәлірек айтқанда: 1915-1966 жылдарға дейінгі аралықты қамтиды. Сондай -ақ Ермұхан Бекмахановтың өскен ортасынан бастап, өмір жолының барлық тұстарын қамтиды.
Зерттеудің қолданыстық маңызы: Бітіру жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстан тарихы бойынша жазылған курстық жұмыстарда, қысқа мәтінді баяндамаларда және мектептегі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында, мектеп бағдарламасының тоғызыншы сыныптарында сабақ барысында пайдалану арқылы жас ұрпақты Отансүйгіштікке баулу.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдереккөздер тізімінен тұрады.
1 Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
- Өскен ортасы және білім жолындағы қадамдары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz