Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
86. Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сәбилік шақтағы, мектепке дейінгі кіші жастағы бала уақытты бағдарлай алмайды. Уақыт жөніндегі ұғымдардың қалыптасуы кейінірек басталады және оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, уақыттың кішкентай бөлшектерін балалар өз іс-әрекеттері тұрғысынан, осы уақыттың ішінде нені істеп тындыруға болатындығын анықтап білуге үйренеді. Мысалы, мектепке дейінгі ересектерге олардың уақытты қалай анықтауды үйренгендігінің тексерілгендігі айтылады да сурет салу ұсынылады және суретті дәл үш минут салу керек екендігі ескеріледі. Жұмыс тәрбиешінің берген белгісі бойынша басталады да сол белгі бойынша аяқталады бұдан кейін белгі бойынша таза парақ қағазда қайтадан сурет салу (бұрынғы суреттер жиналып алынған) және оны, өз шамалаулары бойынша, үш минут өткен соң доғару ұсынылды. Тапсырманы түсінген және сурет салу процесінің өзімен елігіп кетпеген балалардың көбі, жаңа ғана өздері бейнеленген заттардың суретін сала бастайды. Осы балаларға: Неліктен сол бұрынғы суретті қайталап салдыңдар, бір салған суретті салу қызық емес қой? - деп сұрақ бергенде, олар қанша уақыт берілсе, сонша уақыттың ішінде сурет салып бітіреміз деп жауап береді. Шынында да, балалар үш минуттай (екі жарым минуттан төрт минутқа дейін) сурет салды. Жаңа бір нәрсенің суретін үш минут ішінде салып шығуды балалардан сұрағанда уақыт ауытқулары біршама жоғары (шамамен екі минуттан төрт минутқа дейін) болып шықты. Дегенмен балалар берілген уақытқа айқын бағдарланды, өрескел қателер жібермейді. Егер балаларға белгілі уақыт аралықтарының үлгілерін берсе, олардың оны оңай игеріп, пайдалана алатындығын (мейлі, тіпті онша дәл тіпті алты-жеті жастағы балаларда) да уақыттың шағын бөліктерінің ұзақтығы туралы ұғым пайда болмайды. Балалар минут деген сөзді есітіп жүрдеді, бірақ оның қаншаға созылатындығы жөнінде түсініктен хабарсыз. Біреулер бір минуттың ішінде түскі ас ішуге болады деп санаса, екіншілері ойнауға, үшіншілері - дүкенге барып нан сатып әкелуге болады деп санайды.
Кеңістіктің бастапқы бағыттары үш жасар балалардың ұғымы оның өз денесімен байланысты. Өз денесі балалардың есепті бастау нүктесі болады, бала бағытты тек осыған байланысты анықтайды. Үлкендердің басшылығымен балалар өзінің оң қолын анық ажыратып, дұрыс атай біледі. Ол негізгі іс-әрекеттерді орындайтын қол болып саналады: Бұл қолыммен ас ішемін, сурет саламын, амандасамын. Сондықтан бұл оң қол.
Кеңістіктің басқа бағыттарын да (алда, артта) бала өзіне қатысты анықтайды. Кеңістікте бағдарлаудың бұдан әрі дамуында балалар заттар арасындағы қатынастарды (бір зат екінші заттың арғы жағында, алдында, оң жағында, сол жағында, арасында т.б.) бөле бастайды [1].
Таңертең Ақарыс пен Бекарыс менің төсегіме келді.
Ақарыс: Ортадағы ға жатқым келіп жұр.
Бекарыс: Жоқ, апам ортада болсын, мен де оның жанына жатқым келеді. (Ақарыс ортаға жатқысы келеді, бірақ Бекарыс оны жібермей тұр. Дегенмен Ақарыс араға енді).
Бекарыс: Былайша бәріміз ортадамыз. Ақарыс сен арғы жақта жатсаң ортада жатқан боласың: анда қабырға, мұнда шкаф, ал сен екеуінің арасындасың. Шкафта ортада: анда төсек, ал мұнда есік, шкаф ортада. Есік те ортада; анда шкаф, мұнда айна, есік ортада. Біздің бөлмеде бәрі ортада. Біздің үй де ортада; анда Мақсаттың үйі, ал мұнда класс үйі тұр. Көше де ортада.
Заттар арасындағы кеңістік қатынастарды жөніндегі ұғымдардың құралуында және оларды меңгере білуді анықтауда жемісті іс-әрекеттің үлкен мәні бар. Бала текшелерді қалағанда тек формалар моделін жасап қана қоймайды, сонымен бірге кеңістіктегі қатынастарды да жасайды. Бұл қатынастарды ол сурет арқылы беруге үйренеді, қағаз бетінде адамдар мен заттардың бейнесін белгілі тәртіппен орналастырады.
Кеңістік қатынастары туралы ұғымның пайда болуы қатынастардың әр түрін баланың бөлуіне және белгілеуіне жәрдем ететін сөздегі шартты белгілерді игерумен тығыз байланысты. Мұнда қатынастардың әр түрін баланың әрқайсысында (үстіңгі - төменгі, артқы - алдыңғы) бала әуелі қосар заттың бір мүшесі жөніндегі ұғымды меңгереді (мысалы, үстіңгі, астыңғы), сосын осы түсінікке сүйене отырып, екінші мүшесін меңгереді. Бірақ заттар арасындағы қатынастар туралы ұғымды меңгере отырып бұл қатынастарды бала өз тұрғысынан ғана ұзақ уақыт бағалай алмайды, есепті бастау нүктесін өзгертуге мүмкіндігі жетпейтін болып шығады, егер өзге бір жақтан қарағанда, қатынастардың өзгеретінін де түсіне алмайды, мысалы мұндайда бір жолы алда тұрған зат келесіде артта болады, бірде сол жақта тұрған зат екінші жолы оң жақта бола алады т.с.с. [2].
Зерттеулердің бірінде мектеп жасына дейінгі балалардың бір тобы отыратын бөлменің макеті берілді де бөлме ішіндегі жиһазды кәдімгі бөлмедегідей орналастыру ұсынылады. әуелі макеттегі есік есік оналастырылған қабырға бөліп алынды. Сонымен, бала бөлмені күнде өзі көріп жүргендей күйде қабылдады. Сосын тапсырма екінші рет ұсынылады, бірақ бұл жолы макеттен терезелер орналасқан қабырға бөлекетенді. Бала бөлмені әдеттегіден өзгеше жақтан қабылдауға тиіс болды.
Бірінші тасырманы орындау тіпті төрт жасар балалардың өзіне де қиынға соққан жоқ. Ал, екінші вариантта тапсырманы орындап шығуға олардың мүмкіндігі жетпеді. Мектепке дейінгі естиярлардың кейбір бөлігі, мектепке дейінгі ересектердің үштен бірі бұл жағдайларда жиһазды тұратын орындарына дұрыс қойып шықты. Бұл жолы балалар кеңістік қатынастарын мебельдің нақтылы орналаслуын көрсететін сөздермен белгілеп берді. Сонда мектепке дейінгі ересектердің бірінің мебельді қойып жатып айтқаны: Гүл қойылған этажерка терезелердің арасында тұрды, олай болса мына жерде (қойа берді) тұрады, ал пианино оның жанында, ал бұрышта. (ойланып қалды). Ие, оң жақ бұрышта батеряның қатарында, есіктің жанында дөңгелек үстелше тұрады. Бірінші үстелшеде мен отырмын, ол терезеге бәрінен жақын. Міне, осы арада... жоқ, мен терезеге қарап отырамын ғой, ендеше мынау арада алдыңғы жақта тұру керек.
Сонымен, тек мектепкеке дейінгі шақтың соңында ғана (онда да балалардың бәрінде емес) өзі тұрған орынға қарамастан кеңістікте бағдарлау, есепті бастау нүктесінен өзгерту іскерлігі қалыптасады, әйтсе де мұндай бағдарлау заттардың арасындағы кеңістік қатынатарын балалардың өздері өзгертіп, оларды түрлі тұрғыда қарастырып және сөзбен белгілеп оқытудың көмегімен ғана біршама оңай қалаптасады.
Кеңістікті бағдарлауға қарағанда уақытты бағдарлау балаға едәуір қиындыққа түседі. Бала белгілі уақыт ішінде өмір сүреді, оның организмі уақыттың өтуіне белгілі түрде жауап береді, белгілі бір мезгілде оның тамақ ішкісі, ұйықтағысы келеді, т. б. бірақ баланың өзі көпке дейін уақытты қабылдай алмайды. Тіпті тамақ ішу үшін дастархан басына келіп отырғанда да оның мазасыздануы, сәл еркеліктері (Сусын ішкім келеді, Балмұздақ жегім келеді), тіпті Тамақ ішкім келмейді! - деуі оның организмінің түскі тамақ уақытына берген жауабы екенін ол түсінбейді [3].
Уақыт өткенші, оның көрнекі формасы жоқ, онымен іс-әрекет істеуге де болмайды, бірақ барлық амал уақыт ішінде өтеді, сөйтсе де амалмен бірге уақыт жүрмейді. Баланың уақытпен танысуы үлкендер көрсетіп, білгізген белгілері және өлшемдері игеру оңай емес, өйткені олардың бәрінің шартты және салыстырмалы сипаты бар. Бүгін, ертең, кешке, енді сияқты уақыт бөлшектерін көрсететін сөздер үнемі өзгеріп отырады. Алдыңғы ертең деген сөз, тәулік өткесін бүгін болып шығады, ал келесі күні кеше болады.
Бала сәбилік шақтай-ақ заттардың кеңістікте орналасуын көру іскерлігін меңгереді. Алайда ол заттар арасындағы кеңістік бағыттары мен кеңістік қатынастарын заттардың өзінен бөлмейді. Заттар мен олардың қасиеттері туралы ұғымның пайда болуы, кеңістік туралы ұғымнан бұрын пайда болады және олардың негізгі болып табылады. Дененің өзге бөліктерінің орнын оң мен сол ретінде анықтай білу бала үшін тек оң қолдың орнына қатысты мүмкін болады. Мысалы, оң көзіңді көрсет дегенде мектепке дейінгі кішкентай оң қолын табады (оң қолын қысып, шетке қарай созады т. с. с.), тек осыдан соң ғана көзін көрсетеді. Оң мен сол балаға тұрақты секілді көрінеді, ол үшін оң жақтағы нәрсенің басқа бала үшін қалайша сол жақта болып шығуы мүмкін екенін түсіне алмайды [4].
Тәулік уақыт туралы ұғымды игергенде балалар алдымен тағы да сол өз іс-әрекеттерін бағдар тұтады, мысалы, ертеңгісін жуынады, ертеңгі тамақ ішеді, күндіз ойнайды, сабақта болады, түскі тамақ ішеді, кешке ұйқыға жатады. Балалар жыл уақыттары туралы ұғымды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныса келе меңгереді.
Ерекше қиындықтар кешенің, бүгіннің, ертеңнің не екендігі туралы ұғымдарды т. б. игерумен байланысты. Балалар ұзақ уақыт бойы олардың салыстырмалылығына үйрене алмайды, кешенің қалай бүгінге айналып кеткенін ұқпайды. Төрт жасар қыз анасына мынадай сұрақтар қояды: Апа, кейінді қазір жасауға, бүгінді кеше жасауға бола ма? Мектепке дейінгі баалалық шақтың екінші жартысында бала әдетте осы уақыт белгілерін меңгеріп, оларды дұрыс қолдана бастайды. Мұнда ол үшін бүгінгі күн туралы ұғым есепті бастау нүктесі болады.
Үлкен тарихи кезеңдерге, уақыт ішіндегі оқиғалардың бірізділігіне, адамдар өмірінің ұзақтығына, бұйымдардың болуына т. б. келгенде бүкіл мектепке дейінгі шақтың ішінде бұлар, әдетте, белгісіз болып қала береді, өйткені бұл жөнінен баланың әлі лайықты өлшемі де, тірек етерліктей дара тәжірибесі де жоқ [5].
1.2 Балалардың жас ерекшелігіне қарай уақыт ұғымымен таныстырудың принциптері
Адамның бүкіл өмірі уақытпен, уақытты өлшей білумен, уақытты бөле білумен және бағалай білумен тығыз байланысты. Уақыт үздіксіз өтіп жатады, оны тоқтатуға да, қайтаруға да, болмайды, сондықтан уақыт аралықтарын қабылдау, оқиғаларды ұзақтығына қарап салыстыру өте қиынға түседі. Біздің уақытты қабылдауымыз жетілмегендігі бізге мәлім: қандай да бір уақыт аралығында не болып өтсе, соның өтуіне қарай, бізге уақыт бірде жай, енді бірде жылдам өте шығатын сияқты. Сондықтан уақыт-оқып үйренілуі қиын шамалардың бірі. Балалардың уақыт жөнінен түсініктері, ұзақ бақылаулар, өмір тәжірибесінің жинақталуы, басқа шамаларды оқып үйрену процесінде баяу дамиды.
Уақыт жайындағы алғашқы түсініктерді балалар мектепке дейінгі кезеңде алады. Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, баланың өміріндегі режимдік мезеттердің қайталанатындығы-осының бәрі уақыт жөніндегі түсініктерді қалыптастырады. Алайда оқиғалардың (бұрын болып өткен, кейіннен болған) уақыт жөнінен реті, әсіресе, оқиғалардың ұзақтығы (бір-бірімен жалғасып жатқан) жөніндегі ұғымды балалар үлкен қиындықпен меңгереді. Оқиғалардың рет жүйесін анықтауда балалар жиі қателеседі (мысалы, балалар кеше және ертең ұғымдарын шатастырады).
Кіші топ балаларының уақыт түсініктері, мектеп жасына дейінгі балалардағы сияқты, алдымен олардың практикалық (оқу) қызметінде қалыптасады: күндік режим, табиғат календарьын жасау, ертегілер, әңгімелер оқыған кезде, кинофильмдер көргенде оқиғаларды рет-ретімен қабылдау, күн сайын дәптерлердегі жұмыс істелген күнді жазып отыру- осының бәрі балаға уақыттың өзгерісін көруіне, уақыттың өтуін сезінуіне көмектеседі. Бағдаламада мектепке дейінгі даярлық топтағы балаларды апта күндерінің атауларымен және олардың жүйелілігімен таныстыру ескерілген. Көрнекі құрал ретінде класта жыртылмалы календарьдың моделі болған пайдалы, онымен жұмыс істеуге, балаларды үйрету керек [6].
Балабақшадан бастап балалардың тәжірибесінде жиі кездесетін, таныс уақыт аралықтарын салыстыру қолға алынады, мысалы, не ұзағырақ болды: сабақ па, үзіліс пе? Оқу тақсаны ма әлде каникул ма? Уақыт жөнінен қайсысы қысқарақ: оқушының мектептегі сабақтары ма әлде ата-аналардың уақыт сезімін дамытуда себі тиеді. Айырма ұғымы мен байланысты есептер шығару процесінде балалар адамдардың жас шамасын салыстыра отырып, біртіндеп маңызды ұғымдарды меңгереді: үлкенірек - жасырақ - жас шамасы бірдей.
Практикада қажетті зор болуына байланысты бірінші топ балаларының уақыт сағатпен қалай анықалатынын таныстыру пайдалы, мұнда балалар әзірше уақытты сағатқа дейінгі дәлдікпен есептеп үйренсе болғаны.
Уақыт бірліктерімен танысу балалардың уақыт жөндегі түсініктерін нақтылай түсуге көмектеседі, өлшеу бірліктерінің санды қатынастарын білу қандай да бір уақыт бірліктерімен өрнектелген уақыт аралықтарын ұзақтығы жөнінен салыстыруға және бағалауға көмектеседі. Ай немесе жыл, тәулік, сағат пен минут сияқты уақыт бірліктері үлкен топтарда, ал ғасыр мен секунд даярлық топта өтіледі. Балаларда әрбір уақыт бірлігі жөнінен нақты түсініктері болуын қалыптастыру қажет, олардың арасындағы қатыстарды меңгеруді, қаленьдар мен сағатты пайдалана білуге үйрету және олардың көмегімен, егер оқиғаның басталуы мен аяқталуы белгісі бойынша, оның қанша уақытқа созылғандығын (ұзақтығын) есептеп білуге күрделі емес есептер шығару, сондай-ақ берілген есепке кері (яғни оқиғаның басталуы мен аяқталуын анықтауға) есептер шығару.
Балалардың уақыт бірлігін қабылдауға дайындау үшін үлкен топ пен кіші топ басталған календарьмен жүйелі жұмыс істеуді жалғастыру қажет. Қортындысын шығара отырып және бақылауларды жалпылап, айлардың ретін және әр айдағы күндердің санына балалардың көңілін аударған пайдалы. Дәптерлеріне датаны жазғанда айлардың рет-жүйесін айқындауға жиі сұрақтар қойған жөн. (Бүгін 1 қазан ал, алдыңғы ай қалай аталып еді? Қазаннан кейінгі келесі қандай ай? т.б.)
Балалардың аймен және жылмен таныстыра отырып, тәрбиеші тебель-календарьды пайдаланады. Соған қарап балалар ретімен айлардың аттарын және әр айдағы күннің санын жазып алады. Ұзақтығы жөнінінен бірдей айларды бірден көрсетеді (28 немесе 29 күн). Календарь бойынша балалар айдың рет нөмерін анықтайды (жылдың бесінші айы қалай аталады? Санағанда шілде нешінші ай? Алтыншы айы қалай аталады? т.с.с.), егер айы және айдың нешінші екені белгілі болса, аптаның күнін анықтау және керісінше, айдың нешіне, айдың нешесіне аптаның белгілі бір күндері сәйкестеледі (биыл 8 Март мерекесі аптаның қандай күні болады? Март айындағы жексенбі күндері сол айдың нешесіне сәйкес келеді? т. с. с.) [7].
Календарьдың көмегімен балалар оқиғаның (1жыл ішіндегі) ұзақтығын табуға есептер шығарады. Мысалы, көктемгі каникулдар қанша күнге созылған? Жазғы каникул неше айға созылады? Тәрбиеші каникулдың басталуы мен аяқталуын айтады, ал оқушылар календарь бойынша айларды және күндерді есептейді. Аптада 7 күн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz