Графика түрлері: растрлық графика векторлық графика 3Д графика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Исабек Ақбота Мадиярханқызы
1курс магистранты , Сән дизайны мамандығы

Магистранттың өзіндік жұмысы

Графика түрлері: растрлық графика; векторлық графика; 3Д графика.
Жауабы: Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Растрлық графика. Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:
1) түп нұсқаның айыру қабілеті; (дюймдағы нүкте арқылы анықталады);
2) экрандық кескіннің айыру қабілеті (элементарлық нүкте - пиксель);
3) басылу кескінінің айыру қабілеті (дюймда сызық - миниатура).
Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу - кескіндерді дайындық қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді әдісі.Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын білмейді.
Растрлық графика программалары: Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop.
Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..
Векторлық графика кескіннің (суретті) вектор деп аталатын түзу және қисық сызықтар арқылы, түсі мен орналасуын көрсететін параметрлер арқылы салады.Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы белгіленеді содан кейін нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының кескіні пайда болады.
Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модель және модельдеу ұғымдары
Компьютерлік графика түсінігі және түрлері
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Компьютерлік графиканың маңызы
3d studio max, HTML тілі, Access, Macromedia Flash бағдарламалары
Компьютерлік графиканың даму тарихы туралы
Opengl архитектурасы. Компьютерлік графика
Компьютер графикасы
Компьютерлік графика бойынша
ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАҒА КІРІСПЕ НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР. AutoCAD ЖҮЙЕСІНЕ КІРІСПЕ
Пәндер