ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ
ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ
Диаспора ұғымын әлеуметтік ғылымдаарда жеке бір ұлттың атажұрты болып табылатын, елден тысқары өмір сүретін бір бөлігі ретінде қарастырады. Ал қазақ диаспорасы тарихи, саяси өзгерістер салдарынан пайда болған құбылыс екенін назарға алсақ, қазақ халқы өзінің ұшы-қиыры жоқ кең байтақ жерінде емін-еркін ен жайлап келген ұлт болатын. ХІХ ғасырда патшалық Ресейдің өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрген қазақ хандығын жойып, қазақ халасын ойрандап отарлауы, Қытаймен бірге қазақ жерінен мемлекеттік шекарысын белгілеуіне байланысты жіберілген еш ақылға симайтын өктем өзгерістерге байланысты қазақ халқының біраз жері Ресей мен Өзбекстан аумағында қалып қойды. Бұдан бөлек ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңес одағында қолдан ұйымдастырылған ашаршылық пен қасақана қасақана жүргізілген саяси қуғын-сүргін салдарынан қазақтар жан сауғалап шет мелекеттерге қоныс аударуға мәжбүр болғаны белгілі. Тарихшы ғалым Н.Мұқаметханұлы дөп басып жазғандай: Міне, бұлар - қазақ диаспорасының қалыптасуының негізгі себептері. Қазақ диаспорасы мейлі қандай жағдщайда қалыптассын, олардың барлығы қазақ ұлтының құрамдас бөліктері болып табылады [1,4].
Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этникалық тор болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болады. Қазір соңғы деректер бойынша әлемнің қарықтан астам мемлекетінде тұрып жатқан 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы өзінің басты ұлттық бір белгісі - әдебиет арқылы өздерінің ұлттық танымы мен тәуелсіздік санасы ретіндегі ұлттық біртұтастануға ұйтқы болады.
Осы ретте Диаспоралық әдебиет деген ұғым әлем әдебиетінде бұрыннан бар. Бұл ұғым көп уақытқа дейін тіл, әдеби дәстүр, этникалық қатыстылығы мен белгіленген кеңістік, яғни аумақ үйлесушілігі алдын ала болжанған ұлттық қағидадан ауытқушылық ретінде қарастырылып, жазушының сәйкестігін айқындаған жағдай ретінде кабылданды. Диаспора қалыптастырған өзіндік мәдениет әлемдік әдебиетті зерттеуде ұлттық әдебиеттер қатарында еленбей келді. Дәл қазір диаспоралық әдебиеттің сыншылдық өзегі ұлттық ерекшеліктер ауқымындағы дәстүрлі құрылымнан басым түседі, ал ұлттық дәуірден кейінгі кезеңде диаспоралық құбылыс ғаламдық әдеби үрдіс орталығына қарай жылжиды.
Диаспора ұғымын әдебиеттану зерттеулерінде пайдалану жайына карапайым түрде ғана талдау жасағанның өзі бұл ұғымның көбінесе иммигранттық (қазақы түсінік бойынша шет елдерде тұратын ағайындардың) немесе отарлық кезеңнен кейінгі адебиет синонимі ретінде қолданылатындығын нақты байқатады.
Біздің ел жағдайында диаспоралық әдебиет - бұл шет елдердегі қазақтар әдебиеті. Мұндай әдебиеттің бар екендігіне ғасырға жуық уақыт болып қалды. Қазақ диаспоралық әдебиеті қазақтар тығыз қоныстанған Қытай, Моңғолия елдерінде бар. Ал бұрынғы Кеңестер Одағы курамында болган Өзбекстан, Түркменстан, Ресей сияқты ұлт республикаларында казактар көп коныстанғанмен дәл осындай диаспоралық әдебиет жоққа тән. Себебі бұл елдерде тұрған қазақ ұлтының өкілдері өздерінің түпкілікті шыққан атамекені - Қазақстанмен бір мемлекет аумағында емін-еркін араласты, олар өздеріне тән диаспоралық әдебиетті қалыптастырып дамытуға мүдделі болған жоқ. Өйткені аталған республикалардағы ағайындар ана тіліндегі төл әдебиет туындыларын жас кездерінен саналарына сіңдіріп, жоғары отаншылдық, ортақ ұлттық сезіммен кабылдады. Оның үстіне Ресей құрамындағы Омбы, Қорған, Caрытау, Астрахан, Селебе, Құланды өлкесі. Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас амақтары ежелден қазақтардың түпкілікті атамекені болган жерлер. Қазір де туған атақоныстарын қимай. Қазақстанға көше алмай отырған басты себептерінің бірі де осы. Ал арасын шекара бөлген тілі де ,діні де , ұлттық сипаты да бөлек
шет мемлекеттерде тұрған қазақтар ортақ Отан - Қазақстаннан жырақта тұрды, туған әдебиетті қаншалықты білгенмен соншалықты ақпарат жеткіліксіз, жалпы қазақ әдебиетінің тереңге кеткен тылсым құпияларын ашып, бұрынғы-соңғы озық көркем туындыларын еркін оқып танысуға мүмкіндік болмады.
Осы ретте көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақтың шет елдердегі қазақ әдебиетіне байланысты айтқан мына пікіріне зер салсақ. Байқап отырсақ, Қытайда, Моңғолияда әдебиет бар. Ал Түркия мен Германияны айтар болсам, олар бәлендей әдебиет жасай қойды деп айта алмаймын. Біз түрлі сапармен барып-келіп жүрміз. Ол елде оқып жүрген студенттер бар. Білуімізше, әдеби орта жоқ. Олардан сауда-саттық жағын үйренбесек, әдебиет, мәдениет жағынан біз үйренетін ештеме де жоқ. Олардың барлығы маргиналды тұлға болып кеткендер. Олардың мәдениеті не Батыс емес, не Шығыс емес, екі ортадағы дел-сал дөрегей дүниеге айналып кеткен [2, 3] -деп ой түйіпті қаламгер өзінің Қазақ әдебиеті газетіне берген сұхбатында. Жазушы бұл жерде Еуропада тұратын қазақтар әдебиеті не байланысты өз пікірін бүкпесіз білдіріп отыр. Шынында да еуропаланған қазақтарда жеке кәсіп бар да, әдебиет жоқтың қасы. Ресей мен Өзбекстанда да солай.
Шет елдерде тұратын қазақтар бүкіл ұлттық әдебиеттің ажырамас құрамдас бөлігі болған диаспоралық әдебиетті қалыптастырып дамытуға тарихи әлеуметтік жағдайлар өзінен өзі ықпал етті де, осылайша өрісі кең, көркемдігі қуатты Қытайдағы қазақ әдебиеті және Моңғолиядағы қазақ әдебиеті қалыптасты. Ғылыми әдебиетте осыған дейін көрнекті ақын, ойшыл Ақыт Үлімжіұлы мен ұлы Абайдын талантты шәкірті Әсет Найманбайұлы сияқты ірі талант иелерін Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылар деп келдік. Тіпті де олай емес. Көзі тірісінде Қазан баспаларында жыр жинақтары жарық көрген Ақыт қажы есімі бүкіл қазақ даласына мәшһүр болса ,Әсет ақын Абайдан тәлім алып, ұлы ойшылдың әдеби мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі ретінде танылды . Сондықтан екеуіде бүкіл қазақ әдебиетінің ортақ мақтанышына айналды .
Қазақ диаспоралық әдебиетінің негізі Қытайда тұратын ағайындардың шығармашылық ортасында қаланды. Оған Семейде құрылған Алашорда басшылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсекұлы бастаған топтың 1918 жылдың жазында Шәуешек және Үрімжі қалаларында болып, жергілікті ұлт зиялыларымен, қалың жұртшылықпен кездесулер өткізуі ерекше әсер еткен сияқты. Алаш басшыларының Қытайдағы ағайындарға арнайы келу құрметіне ұйымдастырылған үлкен той жиынында арқалы ақын Әсеттің:
-Көргенде Алашорда көсемдерін ,Taнылған aлты алашқа шешендерін.Алдында меймандардың төгейін бір, Тасыған өлең сөздің нөсерлерін,- деп шабыттана жыр толғауы, ел ішіндегі таланттардың үн қосуы Қытайдағы қазақ әдебиетінің ізгі бастаулары болатын. Шын мәнінде Қазақ әдебиетіне сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі - Қытайдағы қазақтардың әдебиетінің [2, 4] пайда болуына Қазақстанда қолдан жасанды түрде ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан мұндағы елдің Қытайдағы ағайындарды сағалап жөңкіле көшуі, сол көшті басқарған аса көрнекті ақын Шәкәрімнің ұлы Зият сияқты талантты ақынның болуы үлкен ықпал етті. Зият Шәкәрімұлы, алаш қайраткерлері Райымжан және Шерияздан Мәрсекұлдары, Ғазез Қалбанұлы және жергілікті ұлт белсенділері Шыңжан өлкесінде ауқымды саяси және Шерияздан Мәрсекұлдары , Ғазез Қалбанұлы және жергілікті ұлт белсенділері Шыңжан өлкесінде ауқыиды саяси және мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізіп, қазақ тілінде аймақтық газеттер ұйымдастырды. Мұның өзі жұртшылық арасында үлкен тың серпіліс туғызып, талант көздерін ашты. Поэзия көгінде Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбайұлы есімдері жарқырап көрініп, 1940 жылдары талантты жазушылар Ахмет Жүнісұлы, Қаусылхан Қозыбаев, Дубек Шалғынбайұлы мен Буқара Тышқанбаевтың алғашқы әңгімелері, Нығмет Мыңжанұлының повестері және Рахметолла Әпшеұлының әңгімелері мен пьесалары оқырмандарға кеңінен танылды. Кейінірек, 1970 жылдар соңында Жақып Мырзаханұлының Арман асуында, Нығмет Мыңжанұлының Қарлығаш , Оразбек Әбділұлының Ұстаз, Оразхан Ахметтің Өзгерген өңір, Жұмабай Біләлдің Жондағы жорықтар атты романдары, Жақсылық Сәмитұлының әңгімелері мен повестері жарияланып, бұл жазушылар Қытайдағы қазақ әдебиетіндегі осы жанрдың негізін қалады. Аттары аталған ақындар мен жазушылар бүкіл қазақ әдебиетінің үлкен мәуелі бұтағы - Қытайдағы қазақ әдебиетін қалыптастырып , одан әрі дамып өркендеуіне ерекше үлес қосты. Соңғы жылдары Қытайдағы қазақ әдебиеті туралы бірнеше көлемді ғылыми- танымдық мақалалар мен зерттеулер жазған белгілі жазушы, сыншы, әдебиет зерттеуші Жәди Шәкенұлы жазғандай: Қытайдағы қазақ әдебиетінің кәусар бұлағы -қазақ әдебиеті айдынына келіп қосылатын асау ағыстың бірі. Оның қазақ әдебиеті мен мадениетіне берері де мол. [3, 89]деп нық сеніммен айтамыз .
Моңғолиядағы қазақ әдебиеті де осы үрдісте дамыды. Бұл елдегі 1920 жылдардағы саяси өзгерістер Баян Өлгий аймағын мекен еткен қазақтар өміріне тың жаңалықтар әкелді. Туа біткен ерекше дарын иесі, аса көрнекті ақын Ақтан Бәбиұлы өзінің ұлтжандылық рухтағы жырларымен, эпикалық ауқымдағы сюжетті поэмаларымен осы елдегі қазақ жазба әдебиетінің негізін салды, осы жақтағы ұлттық драматургияның да көшбасшысы болды. Ал Моңғолиядағы қазақ әдебиетіндегі проза жанры 1960 жылдардың соңында бірнеше повестердің жазылуы негізінде пайда болса, 1976 жылы жарияланған талантты жазушы Елеусіз Мұхамәдиұлының Қобда қойнауында романы осы жанрдың негізін қалады.
Әлемдік ғаламдану жағдайында қазақ диаспоралық әдебиеті тоқырауға ұшыраған жоқ, өзге мәдениеттер ықпалында қалмай, ұлттық өркениет құндылықтары ауқымында дамып, жаңа заман ағысымен, жаңа ұлттық сипатта өркендеп келеді. Қытайдағы қазіргі қазақ әдебиеті қай жанрда болсын, көркемдік қуаты күшті тақырыбы өзекті ойларға құрылған шығармалардың халық көкейінен шығуымен ерекшеленеді. Эпик жазушы Қажығұмар Шабданұлының алты томдық Қылмыс романы өмір шындығын жан-жақты көркем суреттеп ашқан терең мағыналы шығарма ретінде бүкіл қазақ әдебиетіндегі үлкен кұбылыс болды. Бұл елдегі қазақтар арасында айтыс өнері де жаңа қарқынмен дамып, осы жанрдың табан астында ойдан шығарылып, көркем ойды суырып салып айтатын ерекшелігі сақталған дәстүрдің дамып жаңа сатыға көтерілумен айқындалды.
Монғолиядағы қазақ әдебиеті 1990 жылдардың бас кезінде осы елдегі ағайындардың атамекенге жаппай кешуімен, олардың арасында жергілікті зиялы қауымның белді екілдерінің көрнекті ақындар мен жазушылардың Қазақстаға қоныс аударуымен біраз жылдарға дейін тоқырап қалғандай сңай танытып еді . Қазақтарға құт болған Баян Өлгейде қалған ағайындардың кейінгі буынында алдыңғы толқын әдебиеттің көшін жалғастырушы талантты ұрпақ бар екендігі соңғы он жыл шамасында анық байқалады .Өлеңдерін постмодернистік стильде жазуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz