Жедел - іздестіру қызметінің міндетері мен мақсаттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар
1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
1) ішкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;
7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;
б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;
б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет

пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1. Жедел-іздестіру қызметі - қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі.
2. Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні, мақсаты және жүйесі.

1. Жедел-іздестіру қызметі - қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі. Мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі ол қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстылықпен күресу болып табылады. Бұл мақсаттарға жетуде құқық қорғау органдары өз құзіреті шегінде әр түрлі деңгейдегі міндеттерді шешеді.
Заңдармен және басқа да нормотивтік-құқықтық актілермен құқық қорғау органдарына қылмыстық-құқықтық, әкішілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу, жедел-іздестіру және бақа да функциялары анықталған.
Құқық қорғау огандарында жедел-іздестіру қызметі ерекше орынға ие.
Ерекшеліктері:
1. Жедел-іздестіру қызметінің өзіне ғана тән міндетері мен мақсаттары;
2.Мақсаттарына жету үшін қолданылатын жасырын күштері, құралдары және әдістері.
Қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі ретінде жедел-іздестіру қызметі мемлекеттің атынан және мемлекеттің мәселелерін шешу үшін, арнайы құзірет берілген субъектілерімен өткізіледі.
Жедел-іздестіру қызметі деген түсінік біздің мемлекетте Кеңес одағы кезінде 1958 жылы, жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодекс қабылдануымен енді.
Бұған дейін нормативтік актілерде және арнайы әдебиеттерде бұл қызмет келесі терминдермен белгіленіп отырды: жария емес тергеу, қылмыстық-іздестіру жұмысы, қылмыстық іздеу (уголовный сыск), жедел жұмысы. Бұлардың барлығы қылмыспен күресу мақсатында жария және жасырын жедел шараларын өткізетін арнайы бір қызметтің мағынасын білдірді.
1958 жылы қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 114-бабында, қылмыстың белгілерін және қылмыс жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарымен жедел-іздестіру шараларын өткізу қажеттілігі көрсетілді.
Жедел-іздестіру қызметін зерттеу алғашқыда криминалистика ғылымының шеңберінде пайда болып осы ғылымдар жиынтығымен бірге дамыды. Жедел-іздестіру қызметінде криминалистиканың әдістері мен құралдары қолдана басталды (сот фотографиясы, сөздік портрет, дактилоскопия, қарау, тінту тергеу әрекеттерінің тактикалары және т.б.).
Жедел-іздестіру қызметінің теориясы криминалистикадан басқа келесі құқық ғылымдарымен тығыз байланысты: қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқық, азматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел іздестіру қызметінің тарихи құрылуы мен дамуы
ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Кәсіпорынның қызметі
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Абайдың педагогикалық ой пікірлері
Пәндер