Д. Свифттің өмірі мен шығармашылығы, ХVII-XVIII ғ. ғ. Англияның тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
1 Д. Свифттің өмірі мен шығармашылығы, ХVII-XVIII ғ.ғ. Англияның тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы
0.1 Д. Свифттің сатиралық романы - Гулливердің саяхаттары

Свифттің Ирландиялық памфлеттері екі томды құрады. Ағылшын отаршылдарының Ирландияны қанауы жөнінде Свифт бұрында жазған болатын.( Бір қорланған ледидің әңгімесі 1707ж; Парламент мүшесіне хат 1710ж.т.б) XVIIIғ. 20 жылдары Свифттің шығармаларының ішіндегі ең маңыздысы Гулливердің саяхаттары . Свифттің өткен саяси және әдеби қызметінің жинағы, оның көп жылдық күресінің нәтижесі және сатрик ретіндегі көркемдік шеберліктің шыңы болып саналады. Саяхаттарды жазу туралы алғашқы ойы мен нобайы 1714ж .жасалса, роман 1726ж, жарияланды. Свифт Лондонда болған кезде бір топ достарымен бірге сол кезеңнің ең тапқыр адамдарының қоғамын құрады. Бұл Мартин Скриблерус ұйымына Свифттен басқа ақын Александр Поп, ақын және драматург Джон Гей дәрігер Джон Арбертон және т.б кірді. Клубтың жиналысына атақты саяси қайраткерлер , олардың ішінде тори партиясының басшылары да жиі қатысатын. Скриблерустың кейіпімен жазушылар тақуалықты, жалған мүшелері келемеждейтін үйірменің мүшелері Мартин Скриблерустың мемуарлары деген ортақ еңбек жазды . Мұның көп бөлігі Арбертноттың қаламына тиесілі, Свифттің де бұған қосқан үлесі бар. 1717ж. Свифт Мартин Скриблерустың алыс, таныс емес елдерге саяхаттарының сатиралық набайын жасаған . Бірақ бізге дейін жетпеген ол қолжазбалар Гулливердің саяхаттарына негіз болған.
Свифттің бұл кітаппен жұмысы туралы алғы сөздер 1721ж.жатады. Гулливердің саяхаттарының жанрлық табиғатын анықтау қиын. Дәстүр бойынша оларды роман деп атау керек. Бәрақ кейбір зерттеушілер оны сатиралық памфлет деп атайды.
Свифт өзінің сатиралық ойлары мен философиялық-утопиялық армандарын қызықты етіп ағартушылардың көңілін көтере отырып жөн сілтеу деген өсиеттің ізімен ағылшын әдебиетінің шытырманды - теңізді романның жанрын негізге алады да кейіннен оны да кекетеді (мазақ етеді) . Бірақ екеуінде де отарлау саясатының нәтижесін әшкерелеу бар.
Жалпы Гулливердің саяхаттары ағылшын Ағарту заманында ерекше орын алады және өзінің ерекшелігі, көркемдік әдісі бойынша Қайта өрлеу дәуірі мен XVIIғ. Әдебиетінің роман дәстүріне анағұрлым жақын. Саяхаттардың әдеби бастаулары ең алдымен әрине - Гаргантюа және Пантагрюэль Рабле, Сиарно дн Бержерактың ғылыми - фантастикалық романдары т.б. Бұл кітаптарда Свифттегідей әлеуметтік сатира мен утопияны реалистік фантастика арқылы білдіреді, ал рационалист Свифттің шығармаларына бұл тәсіл өзінің адундалығын, қисынсыздылығын жоғалтып ақылға бағынады.
Гулливердің саяхаттары төрт бөлімнен турады: Лилипутияға саяхат, Бробдингнегке саяхат, Лапуту, Бальнибарби, Лагнегг, Глаббдабдриб және Жапонияға саяхат , Гуигнгнм еліне саяхат.
Романның бірінші және үшінші бөлімінің жазылуы тарихы олардың композициясына әсер еткен. Лилипутияға саяхаттардың бірінші және екінші тарауы және Лилипутия утопия ретінде берілетін алтыншы тараудың бір бөлігі 1714 ж. Мартин Скриблерустың саяхатары үшін жазылған болатын, ал қалған тараулары 1720-21 жж. Жазылған болу керек. Гулливердің қызықты пигмейлермен (қортықтармен ) кездесуін баяндайтын жерде әзілдің басым болуы, сонымен қатар алтыншы тараудағы олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің суреттелуі басымдылығына сәйкес келмейді.
Свифттің пигмейлерге саяхатын утопия ретінде жазамын деп ниеттенген алғашқы ойының әсері романның бірінші кітабында кейбір қарама - қайшылықтарға алып келген (мысалы лилипуттардың сот тәртіптері әділетті және парасатты деп айтылса да , Гулливердің үстінен қаралған сот пен оған қолданатын жаза сорақы заң бұзушылық).
Екінші бөлім 1722-23 жж. , Төртінші бөлім 1724ж аяқталды. Екеуі де алдын ала жобасыз , нұсқаусыз , бір щабыттың епкінімен жазылған. Бұл жерде сатира мен утопмяя тығыз байланысты және автордың ойына бағынады . Екінші әсіресе төртінші бөлім идеялық бірліктің және көркемдік кемелденудің улгісі. Төртінші бөлім екінші бөоімнен өсіп шығып , логикалық тұрғыдан жалғастырып тереңдетіп , соңғы шегіне дейін жеткізеді.
Үшінші бөлім соңғы жазылған (1724-25жж.). Оның композияциясы жүйесіз және оқушыны біраз жалықтырып, шаршатып жібереді. Елдердің қисынсыз құбылуы, оқиғалардың, адамдардың қиынсыз құбылуы кейде сюжеттің пішіннің анықтығын жоғалтып алады. Үшінші бөлімнің кейбір эпизодтары алдындағы Мартин Скиблерус саяхаттарының кейбір бөліктеріне арқа сүйеді (ұшатын арал, Прожекторлар (жүзеге аспайтын жоба жасаушы ) академиясы т.б. ) бірақ олар Свифттің соңғы жылдардағы тәжірибесінде негізінде біраз өңделіп толықтырылған.
1725 ж. 14 тамызында Свифт Фордқа былай деп жазады: Мен өзімнің Саяхаттарымды жазып бітірдім, енді оларды көшіріп жатырмын. Бұл бір тамаша нәрсе, олар әлемді керемет өзгертеді (жаңартады).
Свифттің барлық шығармалары секілді Гулливердің саяхаттарының авторының аты да жасырын атпен шықты. Баспагер Бенжамен Моттемен келіссөзді ойлап тапқан адам Ричард Симпсонның атымен жүргізді. 1726ж. Гулливердің саяхаттарының алғашқы жарияланғаны мен одан кейінгі екеуінде де көптеген қателіктер кеткен, бұрмаланған , алынып тасталған болып шықты. Форд Свифттің сақталған қолжазбасы бойыншы кемшіліктер жөндеп, Моттеге жібереді де 1727 ж
Қайта төртінші рет басылып шығады. Кітап жасырын атпен басылып шықса да оның Свифт екендігі баршаға мәлім болды, ал жазушы өзі Саяхаттар туралы Доктор Свифттің өліміне деген өлеңінде айтады.
Гулливердің саяхаттарында Свифт бұған деййінгі памфлеттеріндегі, сатиралық кітаптарында, мақалаларындағы, өлеңдеріндегі жазған мәселелерінің барлығын жинақтағандай. Кітаптың негізгі тақырыбы ( жазушының ойы бойынша апатты жағдайда тұрған) - ағылшын мемлекетінің сәтсіздігі, қоғамның азғвндауы мен құлдырауы.
Романның әр бөлімі Свифттің Англия туралы ойларын , Англияның тағдыры туралы уайымын, оның болашағы туралы алаңдауын көрсетеді.
Барлық сатириктер сияқты Свифт жағымсыз мініз - құлықты жөндеуге тырысады. Ол кітаптың міндетін Попқа жазған екі хатында (1725ж. 26, 29 қарашада ) ашып көрсетеді, оның ең басты мақсаты әлемнің көңілін көтеру емес, керісінше, қайрау екендігін айтады.
Свифт астында жазушы - гуманист бар мизантроптың адамдарды жек көретін адам кейпін киеді. Ол адам деп аталатын жануарды жек көретіндігіне сендіреді, бірақ Джонды, Питерді, Томасты т.б. ( яғни жеке адамдарды) шын жүрегімен жақсы көреді. Мизантропияның іргетасында менің Саяхаттарымнің барлық ғимараты салынды деп жазады Свифт.
Свифт өзінің мизантропиясын : Мен адамзатты жек көрмеймін. Бұл сендер барлығың адамдарды жек көресіңдер, өйткені сендер оларды ақылды тіршілік иелері деп қабылдайсыңдар да көңілдеріңіз қалағанда сіздер қатты ашуланасыздар, -деп түсіндіреді.
Свифттің Гулливердің саяхаттарында қолданатын сатиралық астарлау әдісі романның даму процесінде өзгеріске ұшырайды. Бірінші бөлімде сол кезеңдегі шындық туралы тұспалдаулар басым . Лилипутия кеме дәрігері Лемюэль Гулливердің кішірейтіп көрсететін әйнекпен көрген кішкене Англия Свифттің кітабында басты нәрсе қарама - қарсылық принципі, оқырманның кәдімгі адам Гулливермен салыстырғанда бейшара, аянышты, бейшара кішкене тірі жандарға деген көзқарасы Лилипуттардың күлкілі көлемдері біздің көз алдымызда олардың мемлекеттік тәртібін, саясатын, олардың істері мен принциптерінде де түкке тұрғысыз етіп көрсетеді. Лилипуттардың императоры кішкентай ғана адамсымақ, бірақ ол өзінің қоластындағылардан Гулливердің тырнағындай ұзын (оны жазушы басы аспанға жететін дейді), ғаламның әміршісі дейді. Премьер - министр Флимнап ( ол арқылы Свифт Уолполды келемеждейді ) корольдің қасындағылардан ептілігі мен жағымпаздылығымен ерекшеленеді.
Свифттің замандастары кітаптан Англияныі саяси өмірінің кекейкесті мәселелеріне көптеген тұспалдап айтылған сөздер тауыпп жатты. Бірақ аллегория Свифтке одан да кең қорытынды жасауға материал береді. Осылайша Свифт Англиядағы екі партиялық жүйені Лилипутиядағы бір біріне қас екі топ:Биік өкшелілер мен адаса өкшелілер арасындағы күреске теңеп, келеке етеді. Англия билеуші топтарының партияларының екеуінің де бағдарламалары мен іс - әрекеттерінен ешқандай да принципті айырмашылық көрмеген. Свифт аллегориялық тұрғыдан олардың алауыздығын тек аяқ киімдерінің өкшелерінің (сол арқылы оларды бір бірінен ажыратуға болады) көлеміндегі айырмашылық сияқты болмашы нәрсеге ұқсатады. Лилипутия тағының мұрагері (Англиядағы принц Уэллский ) екі партияға да жағынғандықтан оның бір өкшесі биік біреуі аласа. Англиядағы реформацияның тарихы және католиктермен протестанттар арасындағы қанды соғысты жұмыртқаны қай басынан бастап жарған жақсы- доғал ма әлде сүйір мен деген мәселеге алып келеді. Сүйір бастылар мен доғал бастылардың арасындағы келіспеушілік көрші мемлекет Блефускумен ( Франция ) әскери қақтығысқа алып келеді. Соның кесірінен екі жақ та қатты қалжырап, көптеген кемелері мен мықты теңізшілерін солдаттарын жоғалтады.
Свифт протестанттар мен католиктерді діни фанатизміне дінге деген еріктілік идеясын қарсы қояды. Романда Лилипуттардың киелі кітабына аллегориялық сілтеулер бар, онда; барлық шын сенушілер жұмыртқаны қай жағынан ыңғайлы болса сол жағынан жаруға ерікті, деп жазылған дейді.
Гулливердің айналасындағы процессті сипаттай отырып Свифт Лилипутияның саяси тәртібін, оның монархының екіжүзділігін, мейірімсіздігін, сарай маңындағылардың жағымпаздықтарын айыптайды.
Бірінші бөлімнің утопиясы ең алдымен сот ісі мен тәрбие мәселелерін қарастырады. Свифттің ойынша Фемида Жазалаудан гөрі марапаттауға бейім, заңды ұстанушылырға ерекше қызмет көрсетіледі, алаяқтар әсіресе сөз тасушылар қатаң жазаланады.
Романның екінші бөлімі Бробдингнегке саяхатта автор линзасын ауыстырғандай болады. Енді адам микроскоп арқылы қаралады, Гулливер алыптарға тап болады, енді жаңа жағдайда қарама- қайшылық принципі тағы да кейіпкердің өзін қоршаған шындықпен қарым - қатынасын анықтайды.
Кәдімгі адам Гулливер лилипуттардың арасында алып болып көрінді. Енді алыптардың арасына тап болып, ол бишара қортық болып қарды. Лилипуттарды ол арқанмен қарсыластың бүкіл флотын сүйреп алып кететін, ал алыптардың арасында ол су құйған шылапшын ішінде кішкене қайықпен жүзіп жүреді, оны батырып жібере алатын құрбақадан қорқады, атжалмандармен, аралармен шайқасып, жеңіске риза болады.
Гулливердің шытырман оқиғалары ағылшын филсофы Локктың адамның түсінігі мен ақыл - ойының салыстырмалылығы жөніндегі идеясының көрнекі мысалын келтіреді.
Гулливердің саяхаттарын талдай отырып бізге барлық романдарға тән образдар жүйесінен бас тартуға тура келеді. Саяхаттардың барлық кейіпкерлері - бұл не аллегориялық бір бағыттағы тұлғалар не гротесктік бетперделер. Саяхаттардың қатысушы адамдары белгілі бір қатаң шектелген қызметті ғана атқарады. Олардың сөздері мен әрекеттері өздігінен немесе олардың мінездерін ашу үшін емес, белгілі бір жағдайды, сатиралық немесе утопиялық көрсету үшін маңызды.
Сол сияқты Гулливердің өзінің тұлғасы да басқаларға қарағанда күрделірек және көлемдірек болғанымен сондай қызмет атқарады.
Гулливердің бейнесі тұтас емес. Оның мінезі романның бөліміндегі идеялық көркемдік мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Бірақ бұл реалистік өнерге тән мінездің жағдайлардың әсерінен дамуы емес. Кітаптың әр бөлімінде Свифт Гулливердің бейнесін алдына қойған міндеттерге жауап беретін белгілерін ғана алып көрсетеді. Әңгіме бірінші жақтан айтылатын болғандықтан, Гулливердің аузымен автордың ойлары жиі айтылады. Бірақ бұл бәзге Гулливердің бейнемі мен оны жасаушыны жақындатуға негіз бола алмайды. Кейбір сыншылардың автор Гулливерде қандай да бір жағымды бастауды қарастырады деген көзқарастарымен келісе қою қиын. Свифттің өзінің кейіпкерлеріне деген қатынасы біраз күрделі. Бір жағынан, Гулливер - әуесқой саяхтшы, әртүрлі болмаған елдерді қазаға ашушы, ертегідегідей мекендеушілерге ол өзгеріссіз жақсылық ойлаушы. Олардың әдет- ғұрыптары, тәртіптері, мінездері Гулливерді қызықтырады. Екінші жағынан, Свифт оны жек көреді, сатқын,жағымпаз... оның басты міндеті отандастарының бұзақылылықтарын кешіріп адамдардың жақсылықтарын асыра айтушы деп атап, Гулливер өзінің былыққа батып қалған елін мақтап құлақтың мазасын алды дейді (миссис Хвуерд 27 қараша 1726ж.).
Гулливер анқау, шектеулі, ой өрісі тар. Оның бұл қасиеттері Лилипутияда анық көрінбейді, өйткені ол кішкентай адамдардың арасында керемет болып көрінетін. Бірақ бұл жерде де жағымпаз болып көрінеді , Лилипутиның қортық, мардымсыз императорының рақымшылдығын мақтан тұтып, оның қаһарынан қорқады. Гулливердің алдағаны дұрыс болжай білмейтіндігі, тіпті топастығы романның екінші бөлімінің басты сатиралық тетігі болып отыр. Өйткені бишара, қортық Гулливер Англиянф алыптар елінде елестетеді.
Романның бірінші бөліміне қарағанда екінші бөлімінде утопия көбірек орын алады. Патриарх және данышпан алыптар барлық жағынан адамдарға қарама-қарсы. Олар тыныш, жасампаз еңбекпен айналысады, оларға соғыс деген жат нәрсе. Бұл елдің заңдары қарапайымдылығымен , айқындылығымен ерекшеленеді, ғылым өмірге қызмет етеді. Бробдингнегтің әділ әрі мейірімді королі кім де кім бір масақтың немесе бір сабақ шөптің орнына екеуін өсірсе, сол адам адамзатқа және өз отанына барлық саясаткерлер қосылып жасағаннан да артық көмек көрсетеді деп ойлайды.
Свифт алыптардың королінің тұлғасы арқылы алдыңғы ағартушылар сияқты мәдениетті абсолютизмді насихаттамайды, көпті көрген тәжірибелі Свифт- монархияға қарсы республикалық құрылымды жақтаушы.
Романның ушінші бөлімінде Гулливердің көз алдында алуан түрлі болып көріне беретін әр түрлі елдер мен олардың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлерінің орнына енді кейіпкер көбіне тек бақылаушы ретінде болды. Барған сайын Свифттің сатирасы аяусыз, аллегориясы жалпылама бола береді. Лагадо тұрғындарының кедейлігі мен Бальнибарбидегі егін шаруашылығының аянышты халі Ирландиядағы жағдайды көрсетеді. Ал астындағы қалаларды жаңбыр мен күннің көзінен айырп отыратын ұшатын арал - бұл халыққа жау реакциялық үкіметтің бейнесі; бұл Англияның отаршылдық саясатының астарлы анықтамасы; бұл Англияның Ирдандияны қанауының көрінісі. Әсіресе Свифт Вудқа қарсы күресті қолдайтын, және оны ағылшын үстемдігіне жалпыхалықтық қарсылық деп қарастыратын эптзодтың бірінші басылымда сақ баспашының түсіріп тастаған жері атақты болуы сондықтан. Линдалиноның бүлік шығарған тұрғындары ұшатын аралдың негізін қирата жаздап, оның билеушілерін шегінуге мәжбүр етеді.
Свифт ұшатын аралдың тұрғындары лапуталықтардың сырттай бақылаушылықтарын келеке етеді. Свифт салған Лагододағы Прожекторлардың Ұлы Академиясы, өмірден алшақтап кеткен қарапайым саналылықтан айырылған жалған ғалымдарға сатирасы кең тараған. Олардың іздеулері - ағылшын корольдік қоғамының еңбектеріне деген породиясы. Прожекторлардың біреуі Сегіз жыл бойы қтярдан күн сәулесін алу жобасын жасады, тағы біреуң мұзды оқ дәріге айналдырады, туа біткен соқыр адам сүретшілерге арнап бояуларды араластырады т.б.
Свифттің келемеждеу нысаны ғылымның өзі емес сол кезеңде кең етек алған схоластика (өмір тәжірибесінен алшақтау, көз алдындағыдан басқаны көрмеу ) іске аспайтын әрекетпен шұғылданушылық екенндігі күмән келтірмейді. Ағартушы ретінде ол сол кезеңдегі жалған ғалымдардың көз бояушылықтары мен білімсіздіктеріне олардың іс-әрекеттеріндегі ортағасырлық ырымшылдыққа, өткеннің қалдықтарына қарсы шығып отырды. Бірақ Свифттің логикалық ойлауы ғылымның болашағын да қабылдамайды.
Свифт әр түрлі дерексіз білімнен бас тарта отырып, математиктер мен астрономдардың осы ғылымдардың болашағын анықтаған көптеген болжамдарын кемсітеді.
Свифт заманындағы жекеленген саяси оқиғалар дәлдік, күш, кекесін жағынан аса зиянды сатиралық қорытуларын жасауға себеп болды. Рочерстерскийдің епископы және Вестминистрдің деканы Аттербердің сотталуы көпшіліктің соның ішінде Свифттің наразылығын тұдырды. Олар Аттербериді жазықсыз деп есептеді. Нақты ділел жоқ болса да Аттербериді белгімен жазылған хаттарын оның кінәсінің басты дәлелі ретінде алған.
Осы оқиғадан кейін Свифт Трибния корольдігіне қастандықтың мағынасын ашушыларға деген қарсылығы пайда болды. Ол жерден алынған хаттар мен қағаздар, сөздер, буындар, әріптердің құпия мағынасын табу жөнінен шеберлер, арнайы білгітердің қолына беріледі. Ары қарай қастандықтарды шешу үшін шамамен алынған нұсқаулық беріледі, онда орындықта отыру - құпия кеңесті білдіреді, қаздар тобы сенат, оба - тұрақты әскер, тұз байлану ауруы- ерекше эпископ, дар ағашы- мемлекеттік хатшы, түнгі құмыра - ақсүйектер комитеті, сыпырғы- төңкеріс, түпсіз бөшке- қазына, жуынды төгетін жер- сарай, бос бөшке- генерал, іріңдеген жара- басқару жүйесі.
Сиқыршылар елінде Гулливер диктатор Цезарьді өлтірген республикандық Бруттың алдында басын иеді. Гулливердің өтінішімен оған римдік сенат пен онымен салыстыру үшін ағылшын парламентін шақырады. Біріншісі батырлар мен жартылай құдайлардың жиналысы, екіншісі алып сатушылардың, ұрылардың, тонаушылардың, бұзақылардың жиналысы сияқты болып көрінді.
Үшінші бөлімнің соңғы эпизодтарының бірі- Гулливердің өлмейтін струльбругтармен кездесуі (алтыншы тарау). Лагнегг елінде анда-санда шекеінде дағы бар балалар дүниеге келеді екен, бұл өлмейтін адамдар. Мемлекет бойынша олардың саны мыңнан асады. Гулливерге олардың бар екендігі туралы айтқанда оның таңданысында шек болмайды. Олар қандай бақытты өлімнен қорықпайды, олардың ойлары ерікті және тәуелсіз, олар ақылды, ақкөңіл шығар деп ойлайды. Гулливер егер струльдбург болып туылсам не істер едім, өмірімді қалай ақылмен құрар едім, уақытында байып алар едім, ғалым, барлығы сыйлайтын адам болар едім т.б. деп ойлайды.
Шындық кейіпкердің армандары мен қиялдарына қарама-қарсы болып шығад: струльдбургтар жер бетіндегі ең бақытсыз адамдар екен. Свифт оларға мәңгі жастықсыз өмір қалдырады. Олардың тағдыры жүйелі жүдеу мен мезгілінен бұрын қартаю. Олар кәрілікке тән, ұлғая беретін аурулар мен әлсіздікке шалдығып қана қоймаған, сонымен бірге әрдайым осындай аянышты қорұынышты мәңгі өмір сүретіндіктерін ойлап мұңаяды. Олар үш жүз жылдан кейін өздері өмір сүретін мемлекеттің тілін түсінуден қалады, олар барлық адамзаттық құқықтарынан айырылады, тек өздері сияқтылармен ғана араласады және біртіндеп қартайып алжиды.
Струльдбругтер - Свифттің қайғылы қиялының ажарсыз жаратылыстарының бірі. Мүмкін бұл ұсқынсыз новелланың міндеті - оқушыны Саяхаттардың төртінші бөліміндегі пессимизмге дайындау шығар. Свифттің сатирасы біртіндеп өсе отырып Гулливер ақылды аттар гуигнгнмдердің еліне тап болғанда жоғары нүктесіне жетеді. Бір қарағанда төртінші бөлім екінші бөлімді еске түсіред. Гулливер мейірімді, рақымды, патриархалды жандардың қонағы болады.
Гуигнгнмдердің республикасы - таза ағартушылық утопия. Гугнгнмдер табиғат пен ақылдың заңдылықтарына сәйкес өмір сүреді, бұл түсініктер олардың барлығы үшін бірдей. Гулливердің айтуынша олардың өмірінің негізгі қағидасы - ақылды жетілдіру және оның басшылығына толығымен бағыну. Гуигнгнмдердің рационализмі өзін-өзі шектеуге алып келеді. Олар құмарлық не екенін білмейді, сондықтан оның алып келетін бейбастықтар да оларда болмайды. Бірақ оларға достар, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала арасындағы сезімді білдіру жат, өлгендердің артынан қайғыру оларда орынсыз және әдепсіздік болып саналады. Олар сән-салтанат, молшылық дегенді білмейді, олардың өміріне қарапайымдылық пен шектелгендік тән. Ғылым мен өнер гуигнгнм өмірлерінің патриархалды тәртібіне сәйкес, жазу деген оларда жоқ. Олардың табиғи шаруашылығына капитализмнің кемістіктері тән емес.
Төртінші бөлімнің идеялық шыңы екінші бөлімдегідей Гулливердің өз ат-қожасымен Англияның мемлекеттік құрылымы мен өмір салты туралы әңгімелесуі болып табылады. Бірақ бұл әңгімелердің әшкерелеуші күші өлшеусіз өседі, өйткені Гулливердің қожайыны Англиядағы жағдайдың барлығына гуигнгнм елінде тұрып жатқан адамға ұқсас жиіркенішті маймылдар тайпасының қылықтары мен әдеттерін қатарластыра салыстырып ұқсас жерлерін тауып отырды.
Табиғи қалып туралы ағартушылық түсініктер Саяхаттардың соңғы бөлімінде екі түрлі аспектіде түсіндіріледі. Бір жағынан, ақылды және мейірімді аттар, екінші жағынан бір кездері гуигнгнм елдеріне тап болған ағылшындардың жабайыланған, азғындаған ұрпақтары.
Ақылды гуигнгнмдердің үй жануарлары ретінде, арбаға жегілген, жүгенделген адамдар - йехулер, салтанатты, сабырлы аттарды арбамен тасып жүретін, таң қаларлық, басы аяғына аударылған әлемде барлығы гротскілі және логикаға сиымсыз.
Егере де гуигнгнмлердің бейнелеуі табиғи қалып идеясына қол жетпейтін және сендіре алмайтын болса, (Свифт өзі де утопиясына онша сеніңкіремеді) онда йэху тайпасын бейнелей отырып, Робинзон Крузоның авторы мен оны жақтаушылардың ағартушық оптимизімімен айтысып-тартысады. Ағартушылардың табиғи қалыпты абстрактілі адамгершілікті баян етулері Свифтте нақты әлеуметтік бағыт алды. Свифт үшін табиғи адам (екінші нұсқасында - йэху) - ешқандай да ойдағы, таптық қоғамға жатпайтын фигура емес. Бұл өзінің барлық кемшіліктерімен табиғи буржау: оңай олжаны, боюды көксеу, айуандық, ашкөздік ХVІІІғ. Англяның буржуазялық-аристократиялық құрылымы өзінің табиғи күйінде кемшіліктерінсіз, сырттай сыпай түрінде көз алдына келді.
Йэху - Свифттің идеялық-көрімдік ашуларының маңыздысының бірі. Йэхудің негізгі концепциясы Бөшке туралы ертегінең шегінлісінде салынған: Соғыстар мен ұрыстардың қажеттілігі, пайдасы, болмысы туралы. Ағылшындар мен француздардың тауар өндіретін базар үшін қырғын қақтығыстарын бақлый отырып, Свифт соғыстан буржуазялық құқықтың, идеалогияның, өмір сүрү салтының нағыз көрінісін көреді де, адамдар бірін-бірі жою жөнінен жануарлардан да асып түседі деген қортындыға келеді.
Гулливер Еуропадағы соғыстардығң себебі туралы әңгімелей отырып өзінің түсінбей отырған қожайынына: Көбінесе бізде бар нірсе көршімізде жоқ болады, немесе керісінше оларда бары бізде жоқ, сонда біздегіні олар тартып алғанша немесе өздеріндегіні бізге бергенше соғысамыз дейді. Сондықтан йэхулердің өліп қалған сиырға немесе түрлі-түсті тастарға таласып төбелесуі, оларды жинауы адамдардағыдай қатыгез қан төгіс емес, азғындаған ақыл қандай да бір аңның топастығынан да жаман.
Гулливердің саяхаттарында корольдардың, императорлардың, олардың министрлерінің, сүйіктілерінің немесе қолбасшыларының қорытылған гротесктік бейнелеулері табиғи ауытқу ретінде көрсетілмейді, олар адамдағы ең жоғары айуасдықтың бастауы болып табылады. Йэхулердің көсемі болса әрине әрдайым тайпаның ішіндегілерден ең сүйкімсізі және жауызы болады.
Сонда да, Свифт романның алғы сөзінде көрсеткендей ағылшын йэхулері Гуигнгнмиядағы өздерінің жабайы туыстарына қарағанда анағұрлым қауіпті, олардың бұлардан айырмашылығы тек байланыссыз былдырлау қасиетінінң болуы мен жалаңаш жүрмейнтіндіктерінде. Свифт өзінің тирадасаын былай бітіреді: Мен оларды қолдау үшін емес, жөнге салу үшін жаздым.
Свифт адамдарды адами қасиетін жоғалтқан, жиіркенішті йэхулерге теңей отырып, жануарлар әлемімен салыстыруды кең қолданып қана қоймай, адамға қатысты жануарларды сипаттайтын терминдерді қолданады.
Гуллывер алғаш рет йэхуді көргенде, оларды өзіне таныс емес, жаңа аң түрі деп қабылдап қалады, қызыққұмар, ақ ниетті саяхатшы ретінде олардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін сипаттауға тырысады. Мен осыған дейін осыншалықты ұсқынсыз жануарды кездестімеппін - деп Гулливер өзінің соңғы тұжырымын айтады.
Азғындаған адамдарды жек көрінішті етіп сүреттеуінде автор саналы түрде олар мен жануарлар әлемінің жексұрын өкілі арасында теңдік белгісін қояды.
Саяхаттардың төртінші бөлімінде Гулливер торығудың, бас ұрудың соңғы шегінде тұрған бақытсыз адам, қайғылы бейне. Свифт таңдап алған басты кейіпкердің мінезін көрсету приципі, оның кейбір белгілерін жаңаша айтуға мүмкіндік береді. Гулливердің сыншылдығы мен әуестігі қоршаған шындықпен қатар өзінде тануға алып келеді. Саяхаттардың қуанышсыз соғы Гулливердің жасаған жаңалық ашуымен дайындалған. Тек біртіндер қана Гулливер гуигнгнм елінде болғанда өзін жегідей жеген қорқынышты құпияны ашады, ол өзінің жексұрын йэхумен ұқсастығы.
Йэхудың ұрғашысы құмарлыққа елітіп Гулливердің мойнына асылғанда, оның көзі біржолата ашылады.
Гулливер Англяға оралады. Ол адамдардан, өзінің отбасы мүшелерінен аулақ жүредіде, өз атқорасындағы екі азғындаған гуигнгнмдердің кісінегенін тыңдауды қалайды.
Осылайша кітаптың парадоксалды соңының өзінде сатириктің өзінің отандастарына деген қатаң ескертуі берілген.
Гулливердің саяхаттарының мотивімен кейінрек Свифттің сатиралық өлеңі Жануарлардың тәубеге келуін (1732ж.) жазады, онда ол атақты мысалшы Эзоп жануарларды адамдарға теңеп, оларды қорлады деген қорытындыға келеді. Свифт Есектің өзі ешқашанда ақылын жоғалқан адамның ақмақтығына жете алмайды - деп ойлайды және ақыр соңында жануарлар адамға айнала алды деген тұжырыммен бітіреді.
Свифттің 30-жылдағы шығармаларынан әсіресе тұрмыстық сатиралары атақты: прозалық және өлеңмен жазылғандар. Тұрмыс жайында жазған сатиралары: бітпей қалған Қызметшілерге ақыл (өсиет) (1731ж. жазып бастаған, 1745ж. қайтыс болғаннан кейін жарияланған) және Ақсүйектер әңгімесі (1738ж.) мырзалар мен олардың қызметшілерінің ең ажарсыз күйін, біреулерің бейшара, ойларының топастыңын, екіншілерінің жалқаулығын, қулық-сұмдықтарын, жауыздығын көрсетеді.
Доктор Свифттің өліміне өлең 1731ж. жазылған (1739ж. жарияланған). Онда Свифт оның өліміне достарының, ел-жұрттың қалай қарайтындығын болжайды.
Өмірінің соңғы жылдарында Свифттің жас кезінен бергі бас ауруы күшейіп, ақыры құлағы естімей, ұмытшақ бола бастағаннан кейін ол мүлде түңіліп, өзінің соңғы күндерін жалғыздықта өткізді. 1745ж. 7 қазанда 78 жасында қайтыс болды. Өзінің бар мүлкін ақылынан адасқандарға баспана салуға қалдырып кеткен.
Свифт өзі қызмет істеген әулие Патрик соборында жерленген. Қабірінде эпитафияны өзі жазған: ... Оның жүрегін қатты ыза азаптай алмайда. Бар, жолаушы, батыл еркіндіктің істерін беріле жақтаушыға шамаң келсе елікте.
Свифт өз отандастарынан қолдау табу үшін емес, олардың кемшіліктерін жөндеуге деген ұмтылыстың басты орында болғаны атап көрсеткен. Қатты наразылық немесе жек көрушілік сөздерімен өнердің, жеңіл, жағымды болуы екі талай. Өз оқырмандарының ар-ұятын оятуға тырысқанда, Свифт оларға ұнауды ойламайтын.
Гротеск Свифттің негізгі көркемдік жүйесі болып табылады. Свифт көп жағынан өзіне дейінгілердің өнеріне жақын. Бірақ Аристофан мен Раблеге қарағанда, Свифтте гротеск роционалды түрде: фантастикаға сүйенеді, сонымен бірге прозаландырады, логигасыздыққы, сандыраққа құралады, бірақ автордың қатаң логикасымен жүреді.
Свифт Рабленің көркемдік принциптерін өз ғасырының тіліне ауыстырады, оларды өзінің адамға және қоғамға деген көзқарасына бағындырады.
Нағыз буржуа мен оның кемшіліктерін әшкерелей отырып Свифт сөздерінен қысылмайды, ол тақуалықпен олардың барлық кемшіліктерін еске салады. Адам деп аталу құқығынан айырылып қалған тірі жандардың іс-әрекеттері Свифтке тек жексұрын, жиіркенішті көрінеді.
Фантастика - Рабленің стихиясы. Свифт оған шындықтың көрінісін беруге тырысады. Гулливердің қандай елге тап болмасын, сол жердегі пейзаж фантастикалық мекендеушілердің пайда болатындығына дайындайды.
Свифтте гипербола Рабледегідей таң қалдырарлық бетімен кеткен жоқ, арифметика заңдылықтарына бағынады. Гулливердің саяхаттарында барлығы дәл есептелген, Гулливер лилипуттардан 12 есе үлкен, яғни алыптардан 12 есе кіші.
Гулливердің саяхаттарында автор мен әңгімелеушінің арасындағы ирониялық дистанция өте нақты сақталады (әрине әңгімелесуші бірінші жақтан сөйлегенде автордың идеясының таратушысы болғандағыдан басқа кезде).
Гулливер Свифт емес өз идеалын ақылды аттардан табады (ал Свифттің өзі олардың өмір сүру салты жайында ирониялық түрде айтады). Свифт емес Гулливер сөзсіз өзін, одан кейін барлық адамдарды ұсқынсыз йэхулерге теңейді. Бұл сұраққа автордың көз қарасыда күрделірек.
Свифт жоғары мемлекеттік қызметке орналасуға ұмтылған саясатшыларды парламент циркінде арқан үстінде өнер көрсететін епті акробаттармен қатар қояды. Кітаптағы жазбаларда Свифт епископтыққа сайлану үшін міндетті шарт ретінде арқан үстімен жүріп өтуге мәжбүр болған адамның тағдыры жөнінде ой қозғайды. Лилипутияда саясатшылардың ептілігі мен жағымпаздығы мынадан көрінеді: жоғары лауазымды қызметтік орын босай қалса, бес немесе алты депутаттар арқан үстінде өнер көрсетеді және кім де кім құламай, бәрінен де биік секірсе, сол бос орынға орналасады. Кейде тіпті бірінші министрлер де өз қабілеттерінің сақталғандықтарын ептіліктерін көрсетуге бұйрық алады. Гулливер Лилипутияның пример-министрінің бірнеше рет көрсеткен қауіпті курбеттері туралы айтады, ол министр басқа мемлекеттік қызметкерлерден шапшаңдығы мен бұлтарғыштығымен асып түседі.
Немесе сарайдағылар елдің императоры ұстап тұрған таяқтан шебер секіру арқылы өз ептіліктерін көрсетеді. Олар өздерінің жарамсақтықтарын сол таяқтың астымен ары-бері еңбектеп жүріп білдіреді, оның құрметіне олар Англияның ордендерінің түсіне сәйкес көк, қызыл немесе жасыл жіптерді марапат ретінде алады.
Көбіне сарай этикетінің формулалары Свифтте ағылшын тілінің идиомалық тіркестерінің негізінде жасалған гротесктік пантомимаға айналды.
Гулливер Лагнегг корольдігінің астанасына тап болғанда монархтың тағының астындағы шаңды жалау дегеннің қандай болатындығын өз басынан өткізеді. Гулливер шынымен де қарнымен жер бауырлап жүріп, таққа баратын жолдағы шаңды жалауға мәжбүр болады. Свифт өз әңгімесін ақырғы рет нақтылайды. Біз еденнің шет елдіктің құрметіне ғана тазалап жуылғандығын, бұл монархтың мейірімділігі екендігін, әдетте бұл елдің сарай адамдары таққа еңбектеп барғанша ауыздары шаңға толып, сөйлей алмай қалатындығын т.б. білеміз.
Ирония Свифт үшін кері аударылған, ол кіналағысы келгенді мақтап, мақтағысы келгенді кіналағандай бола қалды. Свифттің Гулливердің саяхаттары және көпшілік шығармалары ирониялық панегриктер категориясына жатады. Ондағы ирониялық мақтау шын мәнісінде жазғыру болып табылады. Свифттің ирониялық бетперделері әр түрлі болып келеді. Ол алдамшы байсалды бақылаушы да толғанған шешен де, бірқалыпты іскер шуға жасаушы да.
Гулливердің саяхаттарында автор мен әңгімелеушінің арасындағы ирониялық қашықтық дәл сақталады.
Гулливердің саяхаттарында Свифт қатаң тәртіпке бағынады. Оның ойының айқындығы, оны бандау логикаға қатаң сай келеді, синтаксистік анықтылығы классицизмнің мектебінде салыстырыла тексерілген.
Нақты заттарды атаудан қашуға ұмтылу - мүмкіндігінше ортақ түсініктермен ауыстыру, немесе перифразалар арқылы белгілеу. Свифте, одан кейінгі ХVIIIғ. басқада ағартушыларда сатираның мәнерлі құралы болып қалыптасады.
Осылайша, Гулливер соғыс, жалдамалы армия дегенді білмейтін утопиялық елдердің тұрғындарымен әңгіме кезінде өз отанында кең тараған түсініктерді сипаттап түсіндіруге мәжбүр. Мысалы, Гулливер Бробдингнег елінің данышпан корольіне соғыстардың қалай жүргізілетіндігі жөнінде, пушка дегеніміз не екендігін түсіндіру үшін перифраза қолданады. Ол затты оның жеке белгілерін атап шығу арқылы анықтайдв: іші қуыс мыс немесе темір түтік.
Осындай қиындықтарға Гулливер өз қожайыны гуигнгнммен әңімелесу кезін де тап болады. Ақылды аттардың еліне таңсық жалдамалы армия түсінігін тағыда перифраза арқылы түсіндіреді, сондықтан ол солдат туралы: өлтіру үшін жалданған йэху деп айтуға тура келеді.
Свифттің өзінің фантастикалық кейіпкерлері ойлап тапқан сөздері тұрақты түсінікке айналып, тіліміздің құрамына еніп кетті (йэху, лилипут т.б.) йэху түсінігі саяси публицистикада адами қалпын жоғалтқан адамдарға қатысты көп қолданылады.
Свифт әлі тірі және күресті жалғастыруда.
Жалпы Свифттің шығармашылығына байланысты жиі пайдаланған әдеби терминдердің тізімін келтіріп, олардың сөздіктердегі мағынасын бере кетуді жөн көрдік. Олар мынлар:
Гротеск (франц. grotesque, итал. grotesco - таңғажайып өзгеше келбет) - шынайы, нақты өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын, жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні т.б. шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі. Гротеск былай қарағанда, тура түсінгенде, ақиқаттан алшақ кету болғанмен өмірдегі болатын шындық жағдайды айрықша тапқырлықпен, есте қаларлықтай әсерлі етіп жеткізеді. Әсірелеудің бұл түрі қалай да таңдандыру, таңырқату үшін немесе тек күлдіру үшін қолданылмайды. Оның айрықша мәні - сырттай ұқсастықтан алшақтауға орын берілседе, сол арқылы өмір шындығын, бейнеленіп отырған нәрсені басқаша бір қырынан алып, олардың ешбір қисынға келмейтін, логикаға қайшы сипатын ашып, әсерлі көрсетуге мүмкіндік туады.
Ирония (грек. Eironeia - жасандылық) - кекету, келемеждеу және ол нәрсенің бағасын береді, мойындамаудың, теріске шығарудың бір түрі. Иронияның ерекше белгісі екі жақты мағына, онда айтылғанның өзі емес, оған қарама-қарсы, тұспалдаған нәрсе шындық болады. Олардың арасындағы қарама-қайшылық күшті болған сайын ирония да күшті болады. Заттың мәнін немесе оның жеке жақтарын келемеждеуге болады. Иронияның ерекшелігі мына екі жағдайда: ондағы мойындамаудың көлемі бірдей емес: ирония біріншісінде жою мақсатында болса, екіншісінде жөндеу, жетілдіру мақсатында болуы.
Памфлет - публицистиканың жанры, оған толық бір саяси, мемлекеттік, философиялық немесе эстетикалық жүйеге, не нақты беделді қоғам қайраткерлеріне (саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға, ғалымдарға, әдебиетшілерге) қарсы бағытталған өткір және айқын әшкерелеу тән. Памфлет үгіттеу мақсатын көздейді, сондықтан ол әрдайым бір жақты, түсінікті, қалың көпшіліктің әсірелеуіне шамаланады.
Пародия (грек. Parodia - қайталау) - әдебиетте кейде музыка мен көркем өнерде - көркем туынды туындылар тобына еліктеу.
Сарказм (грек. Sarcasmos - етті жұлу) - бейнеленгенді улы келекесі бар кекесімді күлкілі пікірдің түрі, иронияның жоғарғы деңгейі.
Сатира (лат. Satira - қоспа) - сықақтың түрі нысанды аяусыз, жойқын басқаша ойлау, шындықты көркем айтудың ерекше тәсілі, оны жалған үйлеспейтін негізсіз деп ашып көрсетеді. Сатираға эстетикалық нысанның жағымсыз жақтарын айқын көрсету тән.
Свифттің шығармаларында гротесктік сатираның формалары тіріледі.

2-тарау. Романның қазақ тіліне аудалылуының тарихы мен тәжірибесі

XVIII ғ. Ағылшын сатиригі Джонатан Свифттің Гулливердің саяхаттары шығармасын алғаш рет 1937 ж. орыс тіліндегі аудармасынан қысқартылған нұсқасын балаларға арналған шығарма реінде Ғ.Оспанов Гулливер лилипуттар арасында деген атпен аударды. Романды екінші рет 1951 ж. орыс тілінен С.Ищанов Лемюэль Гулливердің саяхаттары деген атпен толық аударды. Жалпы бұл классикалық Гулливердің саяхаттарының орысша аудармасының екі нұсқасы бар. Бірі А.Франковскийдің аудармасы болса, бірі Б.М.Энгельгарттың аудармасы. Ал қазақ тіліне С.Ищанов А.Фраковскийдің нұсқасынан аударған. Одан кейін де орыс тіліндегі аударма нұсқасы бірнеше рет басылып шығып өңделіп отырған. Ал қазақ тіліндегі аудармасы осы күнге дейін не қайта аутарылмаған не қайта басылмаған, яғни өңделмеген, кезінде кеткен кемшіліктер әлі күнге дейін заман талабына сай жасалынбаған.
Сонымен бірге С.Ищанов Лодойдамбаның (монғол) Алтайда Амман Мирдің Төрт дәруіш 1961 ж. шығармаларын, Али баба мен қырық қарақшыны (араб) 1950 ж., Үнді балаларын (Үнді жазушыларының әңгімелері) 1960 ж. аударған. Бұдан байқайтынымыз аудармашы бір жылда бір шығармадан және бір бірінен айырмашылығы көп халықтардың шығармаларын аударып отырған, мұндай аудармаларды біз сапалы болады деп айта алмаймыз. Негізі аудармашы көркем аударманы аудармас бұрын ол елдің тарихына, саясы-әлеуметтік жағдайына, ұлттық ерекшеліктеріне қанық болуы керек.
Қазіргі кездегі аударма мен оған қойылатын талаптар, оның ішінде көркем аударма және оның қиындығы туралы, аудармашының тұлғасы жайында бірер сөз айтса кетсек.
Көркем аударма психологиялық үрдіспен іске асатын шығармашылық өнер. Мұнда психологиялық үрдіс шығармашылық үрдіспен тікелей ұштастырыла жүргізіледі. Көркем аударма теориясы - ауқымы кең ұғым. Көркем аударма бір қатар психологиялық, этикалық, эстетикалық элементтермен, адамгершілік-моральдық нормаларымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, елестету, қабылдау, түсіну, терең түйсік, зерек зерде, ерекше сезімдалдық екі немесе бірнеше тілді меңгеру, логикалық ойлау тереңдігі, шығармашылық құштарлық, белсенді жігер, мәндениеттілік, төзімділік, алғырлық, кәсіби біліктілік, ұқыптылық, ұлы авторлар шығармашылығына құрмет сезімі.
Ал көркем аударма кезінде туындайтын мәселелерді тұтастай көркемдік негізде шешу мәселесі бар. Қандайда бір көркем шығармадағы мәтінді аудару кезінде белгілі қиындықтар тұратыны анық. Әсіресе күрделі де астарлы ойдағы, ұғымға ауыр мәтіндерді аудару барысында басқа шығармашылық қызметке қарағанда аудармашының ойлау үрдісі ерекше белсенділікті талап етеді.
Аудармашыға аударылатын көркем шығарманы бар көркемділік - эстетикалық, образдылық, семантикалық-стилистикалық сипатымен жеткізу - басты міндет. Кең ауқымды, терең ойлау жүйесімен, айқын елестету мүмкіндігімен түпнұсқасының композициялық мазмұнын, мәтіндік-стильдік мағынасын, сөйлемнің ішкі сырын, тілдік құрылымдық өзгешелігін, экспрессивтік-эмоциялық бояуын, көркемдік-идеялық маңыздылығын және шығарманың басты қасиеттерін аша білуде аудармашы жауапкершілігі зор.
Көркем шығармашылық - бұл көркемдік құндылығы әркез үлкен және кіші дәрежеде жаңалық элементін сақтайтын өнер шығармасын жасау болып табылады. Көркемөнер шығармашылығын жасау ісі көптеген ғылым салаларын үйреніп, меңгерумен тығыз ұштасады.
Әдеби шығармаларды бір халықтың тілінен екінші бір тілге аудару көркем шығармашылықтың әмбебаптығын сипаттайды. Аударма орындаушылық өнерге ұқсас.
Түпнұсқаны қабылдау үрдісінде аудармашы оны аудара ала ма, алмай ма соған көз жеткізуі тиіс. Маселен Бальзактың шығармасын аударған аудармашыға Г.Мопассан, Э.Золя романдарын аудару қиын соғуы мүмкін. Өйткені, екеуінің стилі қарапайым, халықтық сөз саптау үлгісінде жасалса, Бальзак туындылары күрделі, терең философиялық астары бар. Сондықтан тәржіман белгілі бір тақырыптық жүйеге қалыптасуы қажет. Белгілі аудармашы Ә.Жұмабаев бірыңғай тарихи шығармалар аударумен бірге, детективті жанрларды басқада тақырыптағы прозаны аударуға араласқан. Яғни осы тақырыпқа төселіп, тәжірибе жинақтаған. Ал Б.Баймаханов болса американ, ағылшын әдебиетіндегі детективті жанр туындыларын аударуда үлкен шеберлік танытқан. Зерттеуші Ю.Оклянский: Көркемдік қабылдау дегеніміз - мұның өзі бір мезгілде әртүрлі рухани күштер; дүниетаным, түйсік, зерде, ес, қиял және т.б. қатысатын шығармашылық деген анықтама береді.
Аудармашы жаңа тілдік мәтін негізінде шығарманың эстетикалық және композициялық түрінің дербес нұсқасын жасау мүмкіндігіне ие болады. Аудармашылық жұмыс арқылы шығарманың композициялық құрылымы, ырғақ, интонациясы, мазмұн-мағынасы, тілдік-стильдік ерекшеліктері сақталынады немесе соған сәйкес көркемдік үлгіде беріледі. Кейде түпнұсқамен пара-пар келетін, онымен көркемділік құндылық жағынан деңгейлесетін аударманы айпағанда, одан асып түсетін аудармалар кездеседі. Бірақ, бұл - сирек құбылыс. Аудармашы көркемдік қабылдау барысында түрлі қиындықтармен бетпе-бет келеді. Бір мәтінді бір мәдениеттен, бір әдеби жүйеден басқа контекстке көшіру сюжеттік байланыстардың әралуандығы кейіпкерлер жүйесінің жасалу ерекшелігі басқада көркемдік элементтерін өз ұлтының сөздік қорымен жеткізу оңай емес. Яғни аудармашы бір жағынан интерпретатор болып саналады.
Аудармашы шығарманың ұзын-ырғасын түсіріп бере салмайды, ол жазушының шығармасын, идеялық мазмұнын бұлжытпай сақтай отырып, соны екінші тілде шығармашылық жолмен қайта тудыратын жазушы, суретші, көркем тіл шебері. Аудармашы мәтінді оқығанда, ондан авторды көре білуі керек, яғни шығарманы өз өнімімен мәтінді сырқы тұлғасы мен ішкі диалогиялық түрімен ұғына білуі керек. Аударма екі бірдей қызмет атқарады: қабылдау және сыртқа шығару.
Аударма - аудару ісінің нітижесі. Оның түрі сан алуан. Мысалы, еркін, дәл, сөзбе-сөз, пара-пар, балама аударма болып бөлінеді. Түпнұсқасына, түрімен мәніне қарай аударма принципі де құбылып отырады.
Көркем аудармада сөзбе-сөздік, дәл аударма, балама сөз әрқашан да өзекті. Сөзбе-сөздік (буквализм) - аудармашының ең көп жіберетін қателерінің түрі. Түпнұсқаны сол күйінде көшіріп алу, оның мағынасын, әсерлілігін бұзып қана қоймай тілдік нормаға кері әсер етеді. Дәл аударма (адекватный) - түпнұсқаның мағынасын барлық семантикалық-стилистикалық функционалдық жағдайына сай беру болып табылады. Аударма кезінде, түпнұсқаны өзгертпей-ақ дәлме-дәл келіп тұратын жерлері, кейде өзгертпесе болмайтын жерлері де бар.
Аударма мәселесінің қазіргі теориясында баламалылықтың алатын орны ерекше Балама термині туыстас, жақын мағынаны беретін сөздер.
Балама тәсілімен жасалған аудармалар түпнұсқаның стилін жетік меңгерумен қатар тілдік ерекшеліктерін, екі тілдің психологиялық ойлау қабілетін жете ескергендігімен ерекшеленеді. Онымен қоса автордың шығармашылығы аудармашы сүреткердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джонатан Свифт
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ұлыбритания корольдігі
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Шет тілі сабағында әзіл-сықақ жанрды қолдану ерекшеліктері
Ағылшын әдебиеті
XVIII ғасырдағы Француз материализмі
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Европа көлеміндегі буржуазиялық революция
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Пәндер