Қазақ прозасында көкпен таласқан Алтайдың сырға бергісіз адам жандүниесімен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 821.512.122.09-3
А.М. Картаева 1, Г.А. Толымханова 2

филология ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор,
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті,
Өскемен қаласы 1

7М01701 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру
бағдарламасының магистранты,
С.Аманжолов атындағы Шығыс ҚазақстанУниверситеті
Өскемен қаласы 2

E-mail: kartaeva2011@mail.ru 1 E-mail:tolymkhanova01@mail.ru 2

Қазақ прозасында көкпен таласқан Алтайдың сырға бергісіз адам жандүниесімен байланысы

Аннотация. Бүкіл түркі әлемінің түп төркіні мекен еткен қасиетті Алтайдың сұлулығына табынбаған, өз шығармасына арқау етпеген қазақ аз шығар.Өр Алтай - аймүйіз ақындар мен қара сөзді қайысты илеген жазушылардың, аңыздар мен абыздардың, ғашықтар мен асықтардың киелі мекені. Ocындaй өлкеде туған Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Оралхан Бөкейде өз шығармаларын туған жеріне арқау етуі зaңды.Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы Алтайдың табиғи келбеті мен адам болмысының байланысы қарастырылады. Зерттеу барысында Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Асқар Алтайдың қaзipгi қaзaқ әдeбиeтiнe қocқaн үлeciн capaлaп, шығapмaлapындағы Алтай мен адам болмысының байланысын aйқындay өзeктi мәceлeлepдiң бipi eкeнiн ceзiнyгe бaйлaныcты жaзылды.
Түйіндеме сөздер:әдебиет, жазушы, әңгіме,пейзаж, қоғам, тарих, проза.

Взаимодействие Алтая с природой человека в прозаических произведениях

Аннотация.Сложно представить казаха который бы не поклонялся и не прословлял красоту священного Алтая, населявшего весь тюркский мир, в своих произведениях.Алтай - священное место поэтов и писателей, сказителей и жрецов, влюбленных и мудрецов. В этом же крае и родные Калихан Ыскак, Алибек Аскаров, Оралхан Бокей посвящали свои произведения на родной земле. В статье рассматривается связь естественного облика Алтая и человеческого бытия в современной казахской прозе. В ходе исследования Оралхан Бокей, Калихан Ыскак, Алибек Аскаров, Аскар Алтай проанализировали вклад в современную казахскую литературу, почувствовали, что одной из актуальных проблем является выявление связей Алтая и человеческого бытия в своих произведениях.
Ключевые слова: писатель, литература, общество, история, проза, пейзаж.

Interaction of Altai with human nature in prose works

Annotation.There are few Kazakhs who did not worship the beauty of the sacred Altai, which is the birthplace of the entire Turkic world. Or Altai is a sacred place for poets and writers, legends and priests, lovers and ascetics. Kalikhan Iskak, Alibek Askarov, Oralkhan Bokei, who was born in this region, are also able to give their works to their native land. The article examines the relationship between the natural appearance of Altai and human reality in modern Kazakh prose. In the course of the study, the contribution of Oralkhan Bokei, Kalikhan Iskak, Alibek Askarov, Askar Altay to modern Kazakh literature was analyzed and written in connection with the feeling that one of the most pressing problems is to determine the relationship between Altai and human existence in his works.
Keywords:literature, writer, story, society, history, prose.

Өткен ғасырдың аяғы қоғамдық сананың тұтастай бастапқы арнасынан ауытқып, өзге арнаға қарай бет бұрып өзгеруімен ерекшеленеді. Сол тұста өзіндік қолтаңбасы бар қаламгерлер қазақ прозасына жаңа екпін мен серпіліс алып келді. Қалам мен қағазды жанына серік еткен жазушы өзінің төл туындыларында өзіндік дүниетанымын суреттеу арқылы өмірге деген көзқарасымен қоса оны қалай қабылдайтынын көрсетеді. Прозаның маңызды бір бөлігі табиғатты сипаттау, яғни, пейзаж болып табылады. Жазушылар өз шығармаларының басым бөлігінде адамның іс-әрекеті мен сезімін табиғат болмысымен алмастыра суреттейді. Сол арқылы прозадағы кейіпкер ақиқатпен ашық байланысқа түсіп, табиғатпен өзара біртұтастықты ұғынып жатады. Прозадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, жандүниесі, ішкі толғаныстары, сыртқы бейнесі, таным-түсінігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы сияқты тәсілдерді әр қаламгер өзіне тән өзгешелікте қолданады. Табиғат прозаның маңызды бөлігі десек, табиғат пен адам болмысының байланысын көркем шығармада суреттеп оқырманға жеткізе алу бұл үлкен бір шеберлік. Осыған қарап адамның жандүниесі, болмысы көркем жаратылыстың бірі болған табиғатпен тікелей байланыста, үндестікте екендігін аңғара аламыз.
Киелі мекеннің төрі Алтай болса, қолат-қолат қойнауын қытықтай, қуалай аққан Бұқтырма бойын жағалай орналасқан ауылдар шоғыры тұтас Қатонқарағай деген ауданды құрайды. Гүрілдеп аққан өзеннің шулы дауысы, жыл мезгілдерінде түрлі-түске боялатын нулы орманы, дәмі бал татитын кәусар бұлағы, жанға шипа болған саф ауасымен еркін тыныстап, сол жерді өзіне мекен еткен жергілікті халық сырт көзге сырын ішіне бүккен сымбатты бейнеде көрінетін таулы өлкенің өзіне ғана тән желмен соққан ызғарын өмір бойы сезініп өтеді. Дегенмен, тәніңді қарып өтетіні ызғарлы суығына қарамастан, ол мекенің бауырына тығылған халқы айналайын атамекенінен бір сәтке болсын суынып, жыраққа ұмтылып көрген емес. Ал, пешенеге жазылған тағдырдың себебінен жырақтап кетсе, Алтайға қимастықпен қарап, мөлдір жанарына жас толғае кейіпте аһ ұрып өтері ақиқат. Бұл, әрине, әр адамның бойында көрініс беретін, туған жерге деген туа бітті өзгеше махаббатынан болар. Өр Алтай - аймүйіз ақындар мен қара сөзді қайысты илеген жазушылардың, аңыздар мен абыздардың, ғашықтар мен асықтардың киелі мекені. Көкпен таласқан келбетті Алтайдың ыстық құшағында өмірге келген Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Оралхан Бөкей де қаламынан тамған өз шығармаларында туған жерін арқау етуі зaңды дa.
Алтайдың көрікті келбетін, әсем табиғатын, қойнауында жатқан тасымен онда өзге мекеннен ерекеше болатын қыс мезгілінде апталап жауатын қарына дейін керемет суреттеп, оқырманды шығармасына бірден елітіп, жанын баурай білетін Оралхан Бөкейдің тундыларында ортақ бір тақырып, бір желі бар. Ол шығармаларында адам мен табиғат, олардың туыстығын, тұтастығын тап басып тани біледі де, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. Көптің көкейінде сайраған ойын үнсіз ғана ұғынып, елінің сүйіспеншілігіне бөленуі, есімінің күллі қазақ жұртына танылуы да осынау туа біткен таланты мен шығармашылық шеберлігінің нәтижесі болса керек. Жазушының қай шығармасын алсақ та, онда Алланың шеберлігін танытатын сана иесі адам мен көркем етіп жаратқан табиғатын бір уақ үндестіре отырып, адамның мінез-құлқы мен сезімін сол табиғат арақылы аша біледі [2].
Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан есте кем емес. Бірақ оны жырға қосатын, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Менде мақсатыма жетемін деп сенемін [3],-дейді мектеп қабырғасында жүрген Оралхан. Міне, осыдан-ақ, ересек адамның өткенге қайырылып, қайта есігін қаққысы келетін, алаңсыз дәурені саналатын балалық шағынан қаламгер өзінің кіндігі кесіліп, қаны тамған жерінің сұлу табиғатын күллі әлемге жар салып, паш етуді өзіне бек мақсат, арман етіп қойғанын түсінеміз.
Адамзат баласы өмір сүру заңдылығына байланысты кей жағдайда тек өзіне ғана емес, өзгеге де зиянын тигізіп жатады. Ол өзіне дейінгі қалыптасқан шартты дүниені өзгертуге тырысады, бірақ ол оңай шаруа емес екендігін де аңғарады. Адам өзін дүниеге бағынып отырғандай сезініп, сол себепті осы қиындықты айналып өтетін жол іздей бастайды. Бірақ сол жолды табып және жүріп өту оңайға соқпайтыны ақиқат. Оралхан Бөкей табиғатты ақылды, әділетті, бірақ адаммен қарама-қайшылықта дамыған деп бейнелейді. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес екендігін негіздейді.Жазушы адамды тәубеге келтірер бірден бір нәрсе табиғат қаталдығы деп түсінеді. Табиғат қаталдығы Оралхан Бөкей шығармаларында сюжеттік маңызға ие. Табиғат оқиға желісіне үнемі кездесіп отырады. Жазушының Сайтан көпір, Қар қызы повестерінде кейіпкерлерді жетелеп, оқиғадан оқиғаға қуып отыратын күш − табиғат қаталдығы, адам баласына көрсетпек назы, табиғаттың алай-дүлей мінезімен бетпе-бет келуі. Мәселен, Қар қызы повесінде шөп әкелуге шығып, жолдан адасқан, суыққа тоңған үшеуінің де адамгершілік бет-бейнесі осы сипатта айқындала түседі. Бақытжанның жолдастарынан тығылып құрт жеуі, ал Аманжанның еліре бастауы осыған нақты дәлел. Жазушы ойынша, табиғат қаталдығы − қажет нәрсе. Сондықтан да ол Алтай жайлауына барар жолға бетоннан құйылып жасалатын көпірге қарсы. Себебі, ол енді Сайтан көпір бола алмайды, адамдар қорықпай, қарқ-қарқ күліп өте шығады да, Алтай жайлауынан қадір-қасиет кете бастайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау
Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Қазақ прозасының зерттелуі
Мектеп үлкен мектеп
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
Оралхан Бөкейдің монологтары
Пәндер