Малдар мен құстарды бекіндіріп, қанын алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1 Малдар мен құстарды бекіндіріп, қанын алу

1 Тапсырма. Құстар мен жануарларды бекіндіру

Жұмыс барысы: Берілген тапсырманы орындау үшін мен ипподромға бардым. Мен барлық қауіпсіздік шараларға сүйеніп, жылқыны қорқытпауүркітпеу үшін қасына абайлап жақындадым, сонымен қатар жылқыларды бағып өсіретін адам қасымда болды. Жылқының өзі адамдарға үйренген. Басына керек жабдықтарды байлап, бекіндіріп, қабырғада тұрған жіппен байланыстырдым. Бекіндіру қиындықтар тудырмады, жылқы өте тыныш болды.
Қорытынды: Бекіту кезінде малмен абайлап жұмыс жасау керек. Егер мал адамға үйренсе, онда жұмыс қиындықтар тудырмайды. Бекіту әдісін жылқыда толық түсіндім.



2 Тапсырма: Құс пен ірі қара малда қан сынамаларын алу.

Жұмыс барысы:
Алдын ала қан алу тәртібін орындау мақсатында, мен керекті құрал-жабдықтарды дайындап қойдым, яғни гепарин құйылған екі стерильді пробирка, қан алу инелері, мақта, спирт, арқан. Бірінші қан алатын жердің жүнін қырқып, спиртпен тазалап, ине арқылы тамырдан қан алдым. Әр малда әр түрлі жерденбөліктен қан алдым.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Жылқы мен күйіс қайтаратын малдардан аз мөлшерде қанды құлақтың вена тамырларын арнаулы инемен тесу арқылы алдым. Ал көп мөлшерде алу үшін көп қанды ойыс венадан алдым. Бұны орындау үшін малды қатты байладым, қимылдамауы мақсатында. Сонан соң бас бармағыммен қан алатын жерді басып, яғни қан тамырларға тез жиналуы үшін, содан тамыр анық көрінеді. Бұл тамырды да арнаулы стерильденген инемен 45 градуста тестім.
Келесі қан алу тәртібін құста практика ретінде үйрендім. Тауықтан оның айдарын кесу арқылы, ал қазүйректің жұмсақ табанын тесу арқылы қан аламыз. Жалпы құстан көп мөлшерде қан алу үшін оның қанат асты венадан алдым. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы тұсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді. Құстың қаны тез ұйиды, сондықтан оны антикоагулянтпен сүрттім.
Қорытынды: шыққан қанды қан уйытпайтын сұйықтығы бар пробиркаға құйдым. Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10-15 мл, көгершіннен 1-1,5 мл қан алуға болады.


2 Қан физиологиясы

1.Тапсырма. Алынған қаннан фибринсіз қан дайындау.

Жұмыс барысы: Қан сарысуы құрамы жағынан плазмаға ұқсас, тек фибриногені жоқ. Яғни, қан сарысуын алу үшін фибриногенді бөлу керек. Фибринсізденген қанды келесі әдіс бойынша дайындауға болады. Жаңадан алынған қанды шыны колбаға құйып, оның ішіне 10-12 шыны түйіршіктерді салады. Қанды 10-15 мин бойы шайқап араластырады. Ұю процесі кезінде пайда болған фибрин талшықтары шыны түйіршіктерінің бетіне жабысады, колбаның түбінде ұйыма пайда болады. Енді бұл қанды сүзгенде, сүзгіде шыны түйіршіктер мен фибрин талшықтары қалады да, сүзілген қан фибринсіз болады.
Қорытынды: Нәтижесінде қан сарысуын алу үшін жазылған әдіс бойынша алуға болады.

2. Тапсырма. Қан тығыздығын анықтау.
Жұмыс барысы: Қанның тығыздығын анықтау үшін Филлипс методикасын қолданамыз. Яғни, қанның мыс сульфатының меншікті салмағы мен мыс купорасының меншікті салмағы теңдес, сондықтан бір тамшысын қанға тамызғанда ол батпайды немесе қалқымайды.
Қанның тығыздығы плазманың меншікті салмағы мен қан жасушаларының меншікті салмағынан есептеледі. Эритроциттердің меншікті салмағы -1,080-1,090, ал плазманыкі 1,025-1,034, яғни қан тығыздығы шамамен 1,050-1,060 болады.
Қорытынды: Әр малдың қан тығыздығы әр түрлі болып келеді. Ірі қара мал мен жылқыда - 1,055; шошқада - 1,048; итте - 1,056; тауықта - 1,054; қоянда - 1,051.

3.Тапсырма. Қанның плазмасымен қан сарысуының тұтқырлығын анықтау

Жұмыс барысы: Қанның тұтқырлығы эритроциттер мен плазма ақуыздарының концентрациясына, олардың құрамына, қан жасушаларының мөлшеріне, эритроцит мембраналарының серпімділігіне байланысты.
Қорытынды:

3. Қан айналымы жүрек, қан тамырлары

1.Тапсырма. Бақа жүрегі жиырылуына адреналин мен ацетилхолиннің әсері.
Жұмыс барысы: Бұл жұмысты орындау үшін бақаны алып қимылсыздандырдым. Кейін бақа дорсальды қалыпта операция үстеліне бекітіп, кеудесін қайшымен ашып, жүрегін сыртқа шығардым. Енді жүректі орнау үшін кимограф алып, оны сефилге бекіндірдім. Жүректің жиырылуы кимограф картасына кардиограмманы түсіретін тетікті қозғалысқа келтірдім. 1 минутта жүрек жиілігін кимограф санайды. Жүректі көп компонентті тұзды Рингер ерітіндісімен шайып, алғашқы жиырылуын күттім. Жүрекке 2 мл ацетилхолин ерітіндісін тамызып, жүректің жиырылуын 2 минут 30 секунд санап, жиырылу қисықтарын жазып отырдым.
Қорытынды: Бақа жүрегінің 2 минут 30 сек-та ацетилхолиннің әсерінен жиырылу жиілігін санадым. Нәтижесі

2.Тапсырма. Бақа жүрегіне К+, Са+2 ионы әсері.

Жұмыс барысы:
Бақаны қимылсыздандырып, тақтайға танып, жүрек тұсының бөлігіндегі кеудені алып, қайшымен жүректі абайлап кесіп алады да, оны сағаттық ойыс шыныға қойып, үстіне Рингер ерітіндісін құяды. 3 минуттан соң 1 мин жиырылу жиілігін санайды. Жүрекке 2-3 тамшы 1% -дық CaCl ерітіндісін құйып, 1мин жүрек ұрысын санап, оның күшіне назар аударады. Рингер ерітіндісімен жуып, жүрекке 1-2тамшы 1% -дық CaCl ерітіндісін тамызады. Тағыда 1 минут жүрек жұмысын бақылайды.
Бұл жұмыста да дәл солай бақаны қимылсыз қалдырдым, оны тақтаға арқасына жатқызып бекіндіріп, аяқ-қолдарына ине салдым. Кейін бақаның кеудесін ашып, жүректі жалаңаш қалдырып, оны сағаттық ойыс шыныға орнаттым. Ең алдымен жұмысты орындау мақсатында жүрекке бағанағы көп компанентті тұзды, яғни Рингер ерітіндісін құйдым. 3 минут күтіп, 1 минуттық жиырылу жиілігін санадым. Жүрекке тағы 2 тамшы 1%-дық кальций хлорид ертінідісін тамыздым. Жүрек жұмысын 1 минут бақыладым.
Қорытынды:

3.Тапсырма. Артериалды қан қысымын өлшеу.

Жұмыс барысы: Артериалды қан қысымын өлшеу үшін мен тонометрі бар дәріханаға бардым. Үстелге отырып, қолымды манжетке бекіндіріп, тонометірді қостым. Тонометр электронды болғандықтан, өзім бұл жұмысты атқаруға еш қиындық тудырмады. 15 секунд күте тұрып тонометр қан қысымымды көрсетті.
Қорытынды: Менің қан қысымым болып шықты. Бұл нормальді болып саналады, өйткені адамның қалыпты қан қысымы 12080.

4.Тыныс алу жүйесі

1.Тапсырма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
Малды сою
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Ұшадан теріні сыпыру
Пастереллез
Қанның құрамы және қасиеттері
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Пәндер