Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
С. Ә.Әшімов
әдістемелік нұсқау
Жануарлар физиологиясы пәнінен оқу-машықтану сабақтарын өткізуге 5В120100 - Ветеринариялық медицина; 5В120200 - Ветеринариялық санитария және МШӨӨТ мандықтары бойынша оқитын 2 курс студентеріне арналған
Астана 2015
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Бекітемін
агротехникалық университетінің С.Сейфуллин атындағы
оқу-әдістемелік кеңесінің Қазақ агротехникалық
мәжілісіндеқаралып,мақұлданды университеті төрағасының
бірінші орынбасары,
№___хаттама _______2015ж. ________________А.М.Әбдіров
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша жазғы машықтану жұмыстарына арналған әдістемелік нұскау, оқу жоспары мен пәннің бағдарламасына сәйкес құрастырылып, 5В120100-Ветеринариялық медицина және 5В120200-Ветеринариялық санитария және МШӨӨТ мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне арналған.
Авторы: Морфология және физиология кафедрасының доценті в.ғ.к.,.
С.Ә. Әшімов
Пікір жазған: Морфология және физиология кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Ибраева
Морфология және физиология кафедрасы мәжілісінде (2015ж 25 қырқүйек № 2 хаттама) қаралып ұсынылды.
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясының мәжілісінде (2015ж 10 қырқүйек № 1 хаттама) қаралып ұсынылды.
(C) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
МАЗМҰНЫ
Мазмұны
3
Кіріспе
4
1. Оқу-тәжірибесінің бағдарламасы
1) Оқу-машықтану тәжірибесінің мақсаты мен міндеті
2) Оқу үрдісіндегі еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
3) Оқу машықтану тәжірибесін жүргізудің әдістемелік реті
4) Жануарлар физиологиясы пәні бойынша өтетін оқу- машықтану тәжірибесінің құрылымы мен мазмұны.
2. Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
1) Оқу- машықтанудың тапсырмалары
3. Есеп үлгісі
4. Әдебиеттер тізімі
4-8
4-5
5-6
6
7-8
8
23
24
Кіріспе
Жануарлар физиологиясы - эксперименталды ғылым болғандықтан, негізгі тану әдістері өлшемдермен эксперимент болып табылады (тәжірибе). Осыған орай физиологиялық экспериментте, физика, химия және электро - ника мен автоматикалардың соңғы жетістіктеріне сай жасалған алуан түрлі, аспаптар қолданылады.
Эксперименталды тәсіл үш түрде қолданылады: жіті, созылмалы және жеке мүшелердің қызметін моделдеу түрлерінде өтетін тәжірибе.
Жіті тәжірибе (вивисекция) кезінде жануарларды наркоздайды бұл емдеу, ота жасау - ішкі мүшелерге кол жеткізіп әсер ету үшін.
Созылмалы тәжірибе ұсақ лабораториялық жануарлармен жасалады. Жануарларды оқшалап, вивариумде ұстап, визуалды түрде бақылайды. Бақылау мерзімі, бірнеше күн аралығынан бірнеше айларға созылады, ал, өлшемдерін алуды (тыныс алу жиілігін, мінез қылықтарын) сыртай не болмаса алынған сынамалар көрсеткіші арқылы қадағалап отырады.
Жануарлар физиологиясы пәні көптеген мамандық танытатын - клиникалық пәндер патологиялық анатомия, патологиялық физиология, клиникалық диагностика мен ветеринариялық акушерство, генетика пәндердің негізгі болып саналады.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда, типтік оқу бағдарламасына сай, тіжірибе міндеттері мен мақсаты, жұмыстарды жасау барысы, техника қауыпсыздығының талаптары және есепті жазу үлгілері айқындалып берілген.
1 Оқу-тәжірибесінің бағдарламасы

Жануарлар физиологиясы пәнінен оқу - машықтанудың көздеген мақсаты - құстармен жануарлардан алынатын құнды және арзан тағамның бірі - мал құс еттерін және т.б., өнімін артыру жолдарын игеріп, оны адамзатына қажетті бағытқа өзгертіп отыру амалдарының теориялық тұрғыда алынған білімді машықтану арқылы бекіндіру.
Қойылған мақсат бойынша, жануарлар физиологиясының келесі негізгі міндеттеріде айқындалды:
- Жануарлармен құстардың даму сатысында өтетін тіршілік процесстері - тыныс алу, зат алмасуын, қоректену, қозғалуларының механизмдерін зерттеу;
- Жануарлармен құстар организмінің жеке мүшелерімен жүйелерінің сыртқы мекен ортасымен қатынастарын зерттеу;
- Орта жағыдайына байланысты жануарлар мен құстар организмінің жеке сатыларында өтетін физиологиялық қызметтің санды да сапалы өзгеруін анықтап, оны оңтайлы өзгертудің қолдану амалдарын айқындау.
Биология саласындағы барлық берілген дәйектерді физиология пәні біріктіріп шоғырлап, организм тіршілігін ортамен күрделі, біртұтас динамикалы жүйе ретіндегі көзқарасты қалыптастырады.
Осы аталған ерекшеліктерді танып білу үшін, студент жұмыстарын, оқу - машықтануға жауапты оқытушының жетекшілік етуімен өткізеді:
- Тәжірибе жұмыстарын өткізер алдында студент, өндіріс лабораториясында жұмыс атқарған кезде қойылған техника қауыпсыздығы ереже талаптарымен танысу керек;
- Теориялық біліміне жүгіне отырып, барлық жануарлар мен құстардың түрлерін бекіндіру амалдарын білу керек;
- Жануарлар мен құстардың барлық түрлерін наркоздау (есеңгіретіп жансыздандыру) түрлерімен формаларын білуге міндетті;
- Әр түрлі зерттеулерге, су, қан, ұлпалар сынамаларын алып кажет жағыдайда консервілеуді игеру керек;
- Жасалған жұмыстарды тұжырымдамалап, қорытынды шығарып арнайы дәптерге жазып алу.
5В120100 - Ветеринариялық медицина; 5В120200 - Ветеринариялық санитария және МШӨӨТ мамандығында оқитын 2-ші курс студенттеріне, Жануарлар физиологиясы пәнінен оқу - машықтануы, оқу бағдарламасының теориялық бөлімін аяқтаған соң, яғни 4- семестрдің соңында өткізіледі
Оқу - машықтанудың өту мерзімі - 1 апта. Топқа жоспарланған сағат көлемі 36 сағатты құрайды.

Әрбір зертханалық жұмысты жасар алдында студент техника қауыпсіздігі- күю, жараланып қалудан сақтандыратын жағдайлар бойынша нұскау алган соң инструктаж барып кіріседі. Машықтану сабақтардағы студенттің қауіпсіздігін оқытушы өз мойнына алады.
Құралдарды қолданудан бұрын оны сыртынан тұтастығын бақылап, оның электр тогымен жұмысының мәнін, оның бойындағы қуатты біліп алу қажет.Оның тоқ жүретін бөлігі мықты әрі бүлінбеген, тұтас, ал аспаптың өзі пайдалануға жарамды шартына сәйкес болып, тоқ жүретін бөлігі қоршап жату керек.
Лабораториядағы білуге тиісті негізгі қауіпсіздік ережелері:
- Әрбір зертханалық-тәжірибелік жұмыс оқытушының рұқсатымен жасалуы тиіс. Жұмыс жасамастан бұрын жасалынатын тәжірибенің негізін және қауіпсіздік ережелерін орындауға міндетті.
- Киімді және қол терісін түрлі реактивтермен зақымдап алмау үшін зертханалық тәжірибе жасаған кезде арнайы киім халат, резенке қолғап міндетті түрде болуы керек.
-Жұмыс орны таза және артық заттар болмауы тиіс.
-Тәжірибені тиімді орындау үшін қолданатын ыдыстар таза, құрғақ, стерилді және әр бір реактивтерге жеке өлшенетін ыдыстыры болуы тиіс.
-Егерде жұмыс жасау барысында химиялық коспаларды қыздыру кажет болса, оны ашық жалынды отқа қыздыруға болмайды, тек су моншасы не болмаса электр плиткаларды қолданады.
-Столға, еденге төгілген химиялық заттарды тек зертханашы не оқытушының қатысуымен ережелерге сай жиналады да залалсыздандырады.
-Тәжірибе барысында барлық өзгерістерді мұқият бақылау, жасап біткен соң жұмыс орнын жуып - жинап,залалсыздандырып,электр аспаптарын тоқтан ажыратып,электр шамдарды сөндіріп, су крандарын жауып тәртіпке келтіріп жұмыс орнынан шығады.
Сілті және қышқылдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері. Қышқылдар мен сілтілер күрделі химиялық қоспа ретінде, адам организміне өте қауыпты, улану мен күйікке әкеліп соғатын заттар. Сондықтан олармен жұмыс жасаған кезде киімге, немесе ашық теріге тимеуін қатаң қадағалау қажет.
Концентрацияланған азотт пен тұз қышқылдарын сақтауы, ыдыстарға құйюы тек желдеткіш қосылған арнайы шкафтарда сақталады және аталған қышқылдар мен сілтілерді пипеткамен ауызбен соруға тиым салынады. Қышқылдарды қолмен ұстап немесе пипеткаларды ауызбен үрлеуге қатаң тиым салынады. Қышқылдарды сумен араластыру үшін, бірден тек қышқылдарды абайлап, үнемі араластыра отырып бір бірімен қосады. Суды қышқылға құюға қатан тиым салынады
Ірі, қатты сілтілерді пинцет арқылы алып суға үнемі шайқап отырып аздап аздап косу керек.
Қышқыл теріге немесе киімге тиген жағдайда қатты ағынды сумен жуып, сосын 3-5% ас содасы ерітіндісімен немесе аммиак ерітіндісімен жуу керек. Қоқыс заттар, қағаздар жұмыс аяқталған соң арнайы шелекке тасталуы тиіс, ал ерітінділем мен қышқылдар арнай ыдыстардың көмегімен тазартылады.
3) Оқу- машықтану тәжірибесін жүргізудің негізгі әдістеме реті
Машықтану сабақтарын өткізуге тағайындалған оқытушы, әрбір студентті практиканы өткен кездегі техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, арнайы журналға қолдарын қойғызып тіркеуге міндетті.
- оқытушы практиканы өз деңгейінде жүргізіліп, тақырыптық бағдарламамен толық таныстыруға міндетті.
- Тәжірибе өтетін орын практика тақырыбының талабына сай болуы тиіс.
- Сабақ басталмас бұрын студенттерді практиканың маңызымен мақсатымен, әдісімен, өту тәртібімен таныстыруы тиіс.
- Әрбір студент күнделікті жасалынған жұмыстың орындалу ретін, алынған нәтижесін арнайы дәптерге жазып отыруы керек.
- Студент, машықтану жұмыстары аяқталған соң қысқаша нәтижесін есеп ретінде жазып тапсырады.
4) Жануарлар физиологиясы пәні бойынша өтетін оқу машықтану тәжірибесінің құрылымы мен мазмұны.
1 Кесте
№ рр
Машықтану
кезеңдері
Атқарылатын жұмыс атаулары
Бақылау түрі
1.
Дайындық кезең: (2с.)
Малдармен жұмыс жасау- бекіндіру ережесі мен техника қауіпсіздігінен инструктаж.
Ауызша сұрау
2.
Эксперименталды кезең:
(28с.)
1.Әртүрлі малдардан қан алу, құрамын зерттеу
Қорытын-
дылау
2.Жануарлардың сумен азық қабылдауларын бақылау. Күйіс қайтару процесінің ұзақтығы мен санын есепке алу. Сілекей құрамын зерттеу
Қорытын-
дылау
3. Жүрек дүрсілі мен қан тамырының соғуын- пульсті зерттеу.
Қорытын
-дылау
4. Сыртқы тыныс алу белгілері мен кезеңдерін зерттеу (аускультация).
Қорытын
-дылау
5. Сүттің альвеолярлы, цистеральды, қалдық түрлерін алып зерттеу.
қорытындылау
6. Шәуетті алу және зерттеу амалдары.
қорытындылау
7. Дене температурасын-қызуын өлшеу әдістері.
қорытындылау
8. Рефлекстерді зерттеу
3.
Аяқтау кезеңі:
(6ч.)
Зерттеу деректерін пысықтап, талдап есеп тапсыруға дайындық.
Тәріжибе бойынша есеп.
Оқу машықтану тәжірибесінің жалпы көлемі 36 сағатты құрайды.
2 Малдар мен құстарды бекіндіріп, қанын алу
Сабақтың мақсаты: Жазғы машықтану сабақтарында қолданылатын аспаптармен құрал саймандарымен танысу және құс пен қоянды, ірі қара малды бекіндіру амалдарымен танысып игеру. Наркоз. Техника қауыпсыздығымен танысу.
Қажетті құралдар: хирургиялық жиынтық, жануарларды бекіндіретін столдар, эфир, хлороформ, гетін және қан алатын инелер, пробиркалар, мақта, дәке, йод, спірт, техника қауыпсыздығы бойынша ереже.
1 Тапсырма. Құстармен жануарларды бекіндіру және қан алу. 1) Құспен ірі қара малдары бекіндіру амалдарымен танысып, ветеринариялық клиникада жасау.
2 Тапсырма: Құспен ірі қара малда қан сынамаларын алу.
3 Құстарды бекіндіріп қан алу. Құстарды бекіндіру 3 кезеңнен тұрады: 1. Аулап ұстау: 2. Құсты бекіндіріп ұстау: 3. Құсты босатып жіберу.
Құсты аулап ұстау. Құсты қарңғы жерде аулап ұстаған жеңіл болады, ол үшін, қол шамының жарығын құстың көзіне бағыттап, жақындап келіп үстіне орамал не мата кесіндісін жауып ұстаймыз.
Құсты бекіндіріп ұстау. Құсты ұстар алдында қолғап киіу керек. Құсты бекіндірудің бір амалы басы мен аяғын мықтап, тырпындамайтындай қылып ұстау. Сонымен қатар құстардың денесін орамалмен орап тастауға болады, не болмаса үй құстарын екі қанаттарын қайырып, аяқтарын қолмен қысып, қажет болса байлап матап ұстайды.
Құстардан қан алу:Жас құстардан қанды аяқ саусақтарынан алған жөн. Ортаңғы ұзын саусақты шам сәулесіне қарап,қан атмырларын тауып алып, ұстараның не скальмельдің ұшымен терісін алдан артқа қарай тіліп 0,5 мл мөлшерінде қанды аламызда, қанды тоқтату үшін тамырды саусақпен қатты қысып жібереміз.
Құстан қанды көп мөлшерде күре тамырынан ,қанатасты не сирақ тамырларынын алады. Жалпы құс өз салмағының 10% дай береалады, мысалы, дене салмағы 500 гр. Болса одан 50мл қан алааламыз
2 сурет. Құс сирағынан қан алу
2.4 Жануарларды матап-байлау әдістері
Жануарларды матап-байлау үшін әр түрлі айла-әдістерді қолданады. Жылқыларды арнайы станокта ұстап, немесе арнайы столға жығып, матап байлайды. Олардың қорғаныш рефлекстерін алдыңғы аяқтарының біреуін көтеріп ұстап немесе үстіңгі ерніне немесе құлағына бұрау салу арқылы тежейді. Сиырларды көбінесе өздері тұратын орнында екі мүйізінен, басын бір жаққа бұра ұстайды. Сонымен қатар, танау аралығындағы кеңсірікті мұрындық қысқышпен қыса ұстауға болады. Бұқаларды танау кеңсірігіне өткізілген мұрындық арқылы ұстайды. Олар үшін әр түрлі станоктар қолданылады немесе мал жығылып, маталынады. Шошқаларды көбінесе тұрған жерінде темірден жасалған бұғау немесе ұзын қысқышпен матайды. Бұғау- ішіне арнаулы сымнан тұзақ өткізілген қуыс түтікшеден тұрады. Тұзақты шошқаның үстіңгі жақ сүйегіне салады да, сымды түтікше арқылы қыса тартады. Қысқыштың көмегімен мойынды құлаққа жақын жерден қысып, баса ұстайды. Операция кезінде шошқалар қозғалмас үшін астау тәрізді арнаулы орындық қолданылады.
Иттерді станоққа жіппен байлап, тұмылдырық кигізіп қояды.
Қояндарды, теңіз доңыздарын ағаштан немесе темірден арнайы жасалған орындықтарға байлап ұстайды. Операция жасау үшін оларды орындықтарға арқасымен немесе құрсақ жағымен жатқызады.
Құсты пішіні тікбұрышты арнаулы станокта ұстайды. Станоктың мөлшері құстың денесіне қарай бейімделіп, оның жоғарғы жағына берік матаны кере тігіп, онда аяққа және канюлаға арналған тесіктер қалдырады. Құстың қанаттарын және аяқтарын жіппен станоққабайлайды.
Тышқандарды қолмен немесе пинцеттің көмегімен ұстайды, ал егеуқұйрықты арнайы қораптарда ұстаған жөн. Қажет жағдайда оларға наркоз беріп, шыны қалпақтың астында ұстайды.
Бақаларды қимылсыздандырғаннан кейін, түйреуіштердің көмегімен арнаулы тығындар орнатылған пластинкаға аяқтарынан шаншып қояды немесе жіппен байлап тастайды.
3 Сурет. Жануарларды бекіндіру
2.5. Малдан қан алу
Қан алу алдында, біреуіне гепарин ерітіндісі құйылған екі стерильді пробиркалар мен диаметрлері әртүрлі қан алатын инелер, арқан, мақта, спирт не болмаса иод ерітінділерін, алдын ала дайындайды.
Малдап қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртепен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседеі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсақтай ұстанған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп бйлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырған жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап - автоматтар пайдаланылады.
Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан ұзақ уақыт қан алу үшін қатетерлеу әдісі қолданылады.
Шошқадан қан алу. Шошқаның үлкен құлақ венасын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбінен саусақпен қысып тұрады.
Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скальпелмен құйрықпен ұшынан 1-1,5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекциялап, құйрықтын ұшын 1-2 тәулік бойына бинтпен таңып тастайды.
Торайлардан 5-30 мл мөлшерінде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі.
Иттен қан алу. Иттен (мысықтан) қанды аз мөлшерде құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тірсектен төмен орналасқан сирақ венасынан алады. Иттің бір бүйіріне жатқызып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап, тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан сон венаның қабырғасын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.
Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде құлақтың ұшын тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұратын арнаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты алдын ала жылы суға салған, немесе ксилолмен сүрткен жөн.
Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ төмпешігінен үшінші қабырғаға дейін) дайындап болған сон, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу енгізеді.
Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қояннан 15-20 мл-ге дейін қан алуға болады.
Теңіз донызынан қан алу. Теніз донызынан қанды аз мөлшерде құлағының ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөлшерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшаулағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы инемен алады . Инені 1,5 -2 см терендікте енгізу керек. Бір алғанда 5-10 мл қан алуға болады.
Егеуқұйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқұйрық пен тышқаннан қанды құлағынын ұшын тіліп, немесе құйрығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды құрық венасынан да алуға болады. Ол үшін құйрықты алдын ала жылы суға салады да , дәкемен құрғатып сүртеді. Содан сон құйрық түбін саусақпен қыса ұстап, венаға жінішке ине кіргізеді де қанды шприцпен сорады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, қанаттарының астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы тұсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.
Құстың қаны өте тез ұйитын болғандықтан, қан алатын жерді алдың ала қан ұйытпайтын сұйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен ішінде антикоагулянты бар пробиркаға құяды.
Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10-15 мл, көгершіннен 1-1,5 мл қан алуға болады.
Бақадан қан алу. Бақаның бірнеше тамшы қанын саусақтарының ұшын қайшымен кесіп тастап, алуға болады. Қанды кейде құрсағының ортасында орналасқан тері венасын тесіп алады (алдын ала теріні кеседі). Көп жағдайда қанды бақаның кеудесін ашып, тікелей жүрегінен алады.
3 Қан физиологиясы
3.1 Қанның физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу
Қанды сұйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар. Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, беттік керіліс, химиялық қасиеттерге - қанның әрекетшіл ортасы (Рн), буферлік қасиеттері, т.с.с. жатады.
Жұмыстың мақсаты. Қанның физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz