ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ: ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1-тарау. АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУДІҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Архив ісін ақпараттандыру

1. 2 Архив құжаттарын сандық жүйеге енгізудің ерекшеліктері

2-тарау. ҚАҒАЗ ТАСЫМАЛДАУШЫДАҒЫ ЖӘНЕ АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОЦЕСІ

2. 1 Қағаз тасымалдаушыдағы құжаттарды сканерлеуге беру және қабылдау тәртібі

2. 2 Магнитті-таспалы негіздегі аудиоқұжаттарды сандық жүйеге өткізу

3-тарау. ҚҰЖАТТАРДЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУДЕГІ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

3. 1 АҚШ және Кореяның құжаттарды сандық жүйеге көшіру тәжірибесі

3. 2 Архив құжаттарын сандық жүйеге енгізудің проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда сандық жүйеге көшу Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құжаттарды сандық жүйеге көшіру қызметі мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болып отыр. Бұл бағыттағы маңызды қадам 2013 жылы "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болды, осыған байланысты қызметтің басқа салаларымен қатар ақпараттық қоғам мен архив саласына көшу тетіктері де қозғалды. Бұл құжат негізінде мемлекеттік архив мекемелерін компьютерлендіруді дамыту, архив ісіне ақпараттық технологияларды қарқынды енгізуге көзделген. Осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2014 жылы мекемені ақпараттандыру Тұжырымдамасын қабылдап, оны кезең-кезеңмен іске асыру үшін 2014-2016 жж., содан кейін 2017-2019 жж. арналған мұрағатты ақпараттандыру бағдарламасы бекітілді. Қойылған талаптарға қол жеткізу мақсатында 2014 жылдан бастап ҚР Президентінің Архиві құжаттарды цифрландыру арқылы электрондық архивті қалыптастыруға жүйелі түрде ауқымды жұмыстар атқарды.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуында ішкі және сыртқы, дәстүрлі және заманауи факторлар өз сабақтастығын тауып жатыр. Сабақтаса отырып дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен еліміз үшін бүгінгі таңдағы басты міндет - келешек ұрпаққа өшкенін қайта жандыртып, ұмытылғанын қайта еске салдыру. Осы айтылған ойды жүзеге асырудың ең алғашқы және басты этапы - қазақ мемлекеттігінің шынайы тарихын жазу болып табылады. Тарихтың небір қырлы да сырлы құпияларын ашу жолдарында сол замандарға қатысты құжаттардың алатын орны өте зор.

Әр заманның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құжаттар да өзіндік сипатқа ие болуда. 20 - шы ғасырдың басында дәстүрлі жазба құжаттармен қатар өмірге электронды құжаттар ұғымы келді. Көзбен көріп, құлақпен естіп білетін жаңа сарындағы құжаттар елдің саяси және мәдени өмірінің айнасына айналды. Ғасыр басында өмірге келген құжаттардың шоғырын іздеп тауып, жүйелеп сақтау сол заманда мұрағаттар алдында тұрған басты міндет еді. Көп жылдар бойына осы жұмыс атқарылып келе жатыр.

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері төл тарихымызға деген қызығушылығымыз бұрыннан бетер арта түсті. Қоғамның бұл сұранысын қанағаттандыру үшін республика мұрағаттары талмай жұмыс істеу үстінде.

Қазіргі заман ақпарат заманы болғандықтан ақпарат, соның ішінде ретроспективті құжаттар ақпарат қоғамның рухани, мәдени дамуындағы басты ресурсқа айналды. Электронды құжаттарды саяси, құқықтық, әлеуметтік және мәдени - ағартушылық салаларда пайдалану оларға деген сұранысты ұлғайта түсті. Дәлірек айтсақ, кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын, өткеннен өнеге алуға уағыздайтын құжаттың соның ішінде электронды құжаттардың құны артты.

1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңында «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи - мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды» делінген. Аталмыш заңның 2 - бабында көрсетілген осы тұжырымдар арқылы біз фото құжаттардың мемлекет, ел үшін маңыздылығы қандай деңгейде екенін көреміз. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту Қазақстан мұрағаттарының басты міндеті болып отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аудиовизуалды құжаттарды қайта өңдеу шараларына байланысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда цифрлеу әдісі арқылы ескірген құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар шет елден Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды (Мысалы Мұстафа Шоқай қоры) еліміздегі мұрағаттарға қайтарып алу бүгіндегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады.

Мұрағат шежіреміз осынша болғанда, бүгінгі мұрағат саласы қандай күйде? Ендеше, мұрағат ісі саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңінен дамытпай болмайтыны басы ашық нәрсе. Ал біздің ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, іздестіру мен пайдалануымыздың дәрежесін көрсетеді. Бұл үшін, яғни біздегі мемлекеттік мұрағаттың құрылымы халықаралық стандартқа сай болуы және мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың ақпараттық қолжетімділігін арттыру үшін еліміз мұрағаттары материалдық-техникалық базасын түбегейлі жаңартып, соңғы үлгідегі электронды техника және автоматтандырылған технологиямен қамтамасыз етілуі керек. Сонда ғана бірте-бірте шаң басқан архивтерден құтылып, оның орнына Электронды мұрағатқа көшіп, бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қол жеткізетін боламыз. Ал қазіргідей бірыңғай мәліметтер базасының және мемлекеттік мұрағаттардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің болмауынан бұл саладан өзіңізге қажетті сұранысыңызға оң жауап алуыңыз қиын. Осылайша мемлекеттің де, сол мемлекеттің бір бөлшегі болып табылатын азаматтардың да өздеріне қажетті мұрағаттық ақпаратты алудағы заңды құқықтары мен мүдделері аяқасты болып жатыр деуге болады. Мұны ары қарай қазсаңыз, құжатпен жұмыс істейтін шенеуніктердің түрлі заңсыздығы, белден басатыны, құжаттарды қолдан жоғалтып жіберуі, «бармақ басты, көз қыстылық» секілді түрлі жағдайлардың басы қылтияды.

Бүгінгі таңда құжаттарды сандық жүйеге көшіру мемлекет дамуының стратегиялық приоритеті болып табылады. Құжаттарды сандық жүйеге көшіру қызметі мемлекеттік деңгейде қолдау тапты. Бұл бағыттағы маңызды қадамның бірі 2013 жылы "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болды, онда қызметтің басқа салаларымен қатар ақпараттық қоғамға көшу және архив саласын цифрландыру мәселесі қозғалды. Бұл бағдарлама мемлекеттік мұрағат мекемелерін сандық форматқа өтуін дамытуға, мұрағат ісіне ақпараттық технологияларды қарқынды енгізуге бағытталған. Осы шеңберде

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2014 жылы мемлекеттік бағдарламаны ақпараттандыру Тұжырымдамасын қабылдады, мұрағатты ақпараттандыру бойынша 2014-2016 жж., содан кейін 2017-2019 жж оны кезең-кезеңмен іске асыру үшін бағдарлама бекітілді.

Архив саласындағы IT-технологияларды дамытудағы жаңа қадам

2017 жылы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы да болды. Қойылған басты міндеттердің біріархивтер алдында архивтік құжаттарды цифрландыру болып табылады. Бұл жаһандық ауқымды іс - шараның мақсаты-мұрағаттық құжаттарды пайдаланушыларға таныстыру, ұсыну және ашу. Осыған байланысты, мұрағаттық құжаттарды сандық форматқа көшіру ақпаратты сақтау және пайдалану үшін неғұрлым ыңғайлы құрал болып табылады. Цифрландыру мұрағаттық құжаттарға қауіпсіз және үнемді, ыңғайлы сақтау, қажетті ақпаратты іздеу, сондай-ақ жедел қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Мұрағат құжаттарын цифрландыру бір уақытта бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді:

  • қор есебінде тәртіп орнату туралы ақпарат;
  • пайдалану айналымынан біртіндеп шығару жолымен түпнұсқалардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • мұрағат қорының құжаттарына қолжетімділікті кеңейту және оңайлату;
  • электрондық қорға қол жеткізуді ұсыну;
  • мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін жеделдету;
  • архивтің ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде ҚР Президентінің мұрағаты пайдаланушыларға электрондық форматта ұсыну мақсатында мұрағаттық құжаттарды цифрлауға белсенді қатысады. Мұрағаттық құжаттардың көп бөлігі-бұл қағаз негізіндегі құжаттар, соңғы уақытта мемлекеттік сақтауға арналған құжаттар және электрондық форматтағы құжаттар (негізінен, бұл аудиовизуалды құжаттар) . ҚР Президентінің Мұрағатында "Электрондық мұрағат" жұмыс істейді, Қазіргі уақытта 140 мыңнан астам іс электрондық форматқа көшірілді және 2021 жылға қарай мұрағатта қағаз құжаттармен қатар аудиовизуалды құжаттарды да цифрлау жүргізіледі. Құжаттарды цифрландыру, яғни мұрағаттық құжаттарды сканерлеу оларды пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету, мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, оларды Интернет желісінде тарату үшін жүргізіледі. Сондықтан бірыңғай жүйені әзірлеу қажет архивтік құжаттарды электрондық көшіру бойынша стандарттар, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу арқылы Қазақстанның мемлекеттік архивтерінің архивтік құжаттарын цифрлауға көзқарас құжаттар мен басқармалар, алынған ақпараттық бұқаралық ақпарат құралдары. Архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасауға, пайдалануға және сақтауға байланысты проблемалар мен ар құжаттарын цифрлау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, табысты шешім қабылдау үшін қажет болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Мәселенің тарихнамасына тоқталмас бұрын Қазақстанның мұрағат ісі КСРО кезіндегі мұрағат ісімен тығыз байланысты екенін еске сала кеткен жөн. Сол себептен де осы тақырыпқа байланысты онсыз да онша көп емес зерттеулер мен арнайы оқу құралдары көбіне Ресей авторларының еңбектерінде кездеседі. Алайда Қазақстан мұрағаттары мен Ресей және Европа тәжіриьелерінен енгендігіне күмән жоқ. Алайда қазіргі таңда, еліміздің мұрағаттары сол тәжірибелерді жинақтап, өз алдарында дербес мұрағаттарға айналғанын байқаймыз. Оған себеп болған сол кездегі саясат еді. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында осы мәселе төңірегінде жазылған еңбектердің саны көп емес. Қайта керісінше, Отандық тарихнаманы жаңа белеске көтерер еді. Тақырыптың аса зерттелмегеніне байланысты, біз электронды мұрағаттардың шетелерде дамығанын байқадық. Сонымен көп мәнді, Европа, АҚШ, Ресей Федерациясы және ТМД елдері арасында электронды мұрағатты алғаш қолдана білген Беларусь Республикасының тәжірибелеріне сүйендік.

Қазақстан Республикасында аталмыш тақырыпқа тек қана, қазіргі таңда электронды мұрағатты қолданысқа енгізген Қазақстан Республикасының Президенттік мұрағаты (бұдан былай ҚР ПМ) және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ) тәжіриблеріне қарап, қорытынды жасай аламыз.

Қазақстан зертеушілерінен бұл тақырыпты зерттегендер қатарына ҚР ПМ мұрағатының директоры Шепель В. Н. мен қызметкерлері Слободанюк А. А., Чернова С. И., мақалалры. ҚР ПМ «Электронды құжаттар» атты тақырыбына семинарларды ұйымдастырған Сариева Р., еңбектері аса зор. Дипломдық жұмысымды жазу барысында Ресейдің «Отечественные архивы» мерзімді басылымының беттеріне, Юшин И. Ф., Михайлов О. А., «Вестник Архивиста» журналындағы Калачева А. Д. Залаев Г. З. мақалаларын атап өтуге болады. Сондай-ақ интернет материалдарына жүгендім [9] .

Зерттеулер қатарына, тек қана Ресейде басылып шыққан Михайлов О. А. «Электронные документы в архивах: проблемы приема, обеспечения сохранности и использование» және Карапетянец И. П. «Бизнес архивы» атты еңбектерді атап айтуға болады [10] .

Алдымен электронды құжаттарды, одан кейін де мұрағаттарды зерттеу тек 90-шы жылдарда ғана түрлі мерзімді басылымдыр беттеріне алғашқы мақалалар шыға бастады. Оған мысал ретінде, О. А. Михайлов өзінің мақалалары мен еңбегінде электронды құжаттардың маңызын ашып көрсекен, оларды пайдаланудың тиімділіктерін ұсынады. Чернова С. И. ҚР ПМ «Ақпараттық бюллетені» мен «Қазақстанда іс жүргізу» мерзімді басылымдарында Мәскеу мұрағатың тәжірибе негізінде электронды тасымалдаушыларға арнаған мақаласын жақсы ашып көрсеткен.

Осылайша сол кездері көп авторлардың негізгі назары Электронды құжаттардың және мұрағаттарды пайда болу тарихына және қолданысқа енгізілуге аударылды.

1996 жылы жарық көрген Крайская А. А., Челинний В. О. «Архивоведение» еңбегінде және өзге де мақалаларында электронды мұрағаттардың сол кездегі жағдайы және оның ерекшелктері талданған. Ресей мұрағатшы мамандары мен ғалымдары аталған мәселені конференциялар мен халақаралық конгрестерде мұрағат саласының сан алуан проблемаларына тоқталып, олардың шешілу жолдарын қарастырған. Кейін де бұндай конферециялар елімізде де ұйымдастырла бастады және осымен шектелмей, өз дамуын одан да әрі табады деген ойдамын. Әсіресе, Шепель В. Н., Чернова С. И. көтерген мәселелері күні бүгінге дейін өзекті болып табылуда. Л. Н. Кривошеин «Вопросы архивоведения» журналында жарық көрген «Способы использовании электронных документов» мақаласында электронды құжаттарды пайдаланудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынады. Осы жұмыстармен қатар Ресей журналдарында шығып отырған Гарскова Л. М., Фроловтың В. Г., Корсаков Н. С., Долгорукова В. А., Петров Ф. И., Надеждин В. К, Воронован А. Б. мақалаларында аз болғанымен, бұл мәселені аз-көп жан-жақты қарастырылған.

Қазіргі күндері электронды құжаттарға байланысты маңызды мәліметтер 1989 жылы Мәскеуде басып шығарылған «Государственные архивы СССР» кітабында да мәліметтер кездеседі. Министрлер кеңесінің басқарылуымен шыққан бұл кітап 3 бөлімнен тұрады. .

Мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру және олардың теориялық, тәжірибелік аспектілерін жүйелеу «Основные правила работы государственных архивов» кітабында жақсы баяндалған. Кітап 1980 жылы Мәскеуде шығады. Бұл еңбекте пленкалы тасығыштағы құжаттармен жұмыстың тәжірибелік функциялары көрсетіледі.

Мұрағаттардың құрылуы және жүйеленуі туралы маңызды ақпарат Козлитиннің И. А. «Государственные архивы республик Средней Азии и Казахстана» [12] еңбегінде жинақталған. Берілген жұмыста Қазақстанның ірі мұрағаттары сипатталады және олардағы электронды құжатқа байланысты жүргізілген жұмыстары туралы сөз айтылады. .

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері бұл мәселемен айналысып жүрген зерттеушілеріміз қолмен санап аларлық. Дегенмен де Қазақстан тарихнамасында аталмыш мәселеге байланысты бірнеше мақалалар, зерттеу жұмыстары өмірге келуде. Қазіргі таңда Қазақстанда мұрағат ісі саласының ішінде бұл мәселемен арнайы айналысып жүрген зерттеушісі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының директорының орынбасары Адильгужин А. А. Ол кісімен сұхбат барысында. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты электронды құжаттармен жұмыстың басталғанын айтты. Оған дәлел ҚР ОММ-ға Франциядан №2300 қорлы Мұстафа Шоқай, Ресей көне актілер құжаттарының мемлекеттік мұрағаты (РГАДА), Ресей әскери-тарихи мемлекеттік мұрағаты (РГВИА) біздің мұрағатқа қайтарылуы болып табылады. Адильгужин А. А. бұған байланысты «Қазақстанда іс-жүргізу» журналында жарық көрген мақалалары мен баяндамаларына жазылған. Сондай-ақ ол, «электронды құжаттарға» байланысты ережелер жасаумен айналысады [13] .

Сонымен, жалпы құжаттарға, соның ішінде электронды құжататарға байланысты кеңес кезінде шыққан еңбектер баршылық. Алайда, тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында бұл мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің саны артуда. Оны жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінен көре аламыз.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Электронды құжаттар мен мұрағаттарға байланысты деректік базаның негізгі шоғыры Қазақстан Республикасының «электронды құжат», «электронды қолтаңба», «электронды сайлау», ұғымдарымен байланысы бар.

Интернет желісінің ішінде электронды құжат және мұрағат жайында мәліметтер жұмысымның деректік негізін толықтырады.

Тәуелзіз Қазақстанның рухани дамуында өзіндік үлкен септігін тигізіп отырған «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту» тұжырымдамасы, «Асыл мұра» бағдарламасы және Қазақстан Республикасның Орталық Мемлекеттік мұрағатында жасалған бірнеше жобалар жұмыстың жазылуына біршама өз үлесін тигізді [14] .

Сонымен бірге соңғы жылдары шыққан мұрағаттық ережелер мен заңдар деректік негіз ретінде пайдаланылды.

Зерттеу тақырыбының мақсат-міндеттері . Диплом жұмысымның негізгі мақсаты - әрине жаһандану заманының негізігі талабын ашып көрсету, оны нақты айтатын болсақ өміріміздің барлық қажеттіліктері компьютермен байланысты. Олай болса, ол мұрағат ісіне де қатысты.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ең алдыменLOTUS NOTESжүйесі арқылы іс жүзіне асқан электронды құжат айналымымен танысу;
  • Архив құжаттарын сандық жүйеге көшірудің мемлекет үшін маңыздылық деңгейін ашып көрсету және оларды пайдаланудың жаңа үрдісін зерттеу;

Қазақстандағы архив ісінің қазіргі таңдағы жағдайын талдап, шет ел мұрағаттарымен салыстыра келіп, одан кейін құжаттарды сандық жүйеге көшірудің тиімділігін ашып көрсету болып табылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Тәуелсіз Қазақстан алдыңғы сатыдағы елу елдің қатарына кіру үшін бүгіннен басталып өте үлкен көлемде қоғамдық маңызы зор жұмыстар атқарылуы тиіс. Елдің рухани, мәдени жағынан дамуында аудиовизалды құжаттардың маңыздылығы қандай деңгейде екендігі айқын нәрсе. Алайда, осы құнды деректерді жинақтау, сақтау, пайдалану және ғылыми айналымға енгізу шаралары ақсақтық танытып отыр.

Жұмысты жазу барысында көптеген қоғамдық, тарихи, саяси, әлеуметтік көзқарастарға ғылыми талдау жасалып төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді.

- Архив құжаттарын есепке алу және сақтау принциптеріне шолу жасала отырып, оларды пайдаланудың жаңа заманға сай даму тенденциялары ұсынылды. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына байланысты фотоқұжаттардың көшірмелерін цифрлеу әдісі арқылы алу мәселесі жұмыс барысында кең талқыға түсті. Мұрағаттардың заманауи талаптарға сай дамуына жаңа ұсыныстар жасалды.

- Құжаттар ішіндегі маңызды топқа жататын электронды құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін ұйымдастыру мәселесіне тоқтала отырып берілген жүйенің тармақтық салаларына шолу жасалында және оларды заманға сай қайта құру ұсынастары жасалды. Жалпы дәстүрлі құжаттарға және дәстүрлі құжаттарға жасалатын ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесіне жасалатын ерекшеліктері мен айырмашылықтары жұмыс барысында ашып көрсетілді.

- Соңғы және маңызды сатыларының бірі, мұрағатта сақтауда болған электронды құжаттарды жинақтап, бір ізгілін ұйымдастыру. Мұрағат ісінде атқырылатын маңызды салалрының бірі азаматтарға электрондық құжаттармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау.

Жоғарыдағыдай айтылған шараларды іс жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Президенттік архивінің көмегімен өткізілетін конференциялар диплом жұмысында айтылған барлық кемшіліктерді ашуға көмектесті.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеуге обьективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді ғылыми таным принциптері баршылыққа алынды. Зерттеу жұмысында сондай-ақ зерттеушілер көзқарастарын салыстыру, талдау әдістері кеңінен қолданылады. Тақырыпты зертеу барысында Тәуелсіз Қазақстан зерттеушілері мен Ресей зерттеушілерінің еңбектері мен пікірлеріне мән берілді.

Жұмыстың қолданбалық маңызды. Ғылыми жұмыс мұрағат ісі саласындағы тың мәселелерге арналғандықтан оның қолдану аясының кең болуы заңдылық. Зерттеу жұмысында жасалған жаңа тың қорытындылар мен тұжырымдар тәуелсіз Қазақстанның жаңа ұстанымдар негізінде жазылған архивтану саласының зерттеулер қатарын толықтырады. Жұмысты архивтану саласы бойынша мамандар даярлауда, электронды құжаттар жүйесін одан әрі дамытуға байланысты шаралар аясында, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени реформаларды жүзеге асыру барысында пайдалануға болады.

Сонымен қатар берілген жұмыс тарих ғылымы мен құжаттану саласымен айналысатын студент жастарға және көпшілік қауымға арналады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жазылып отырған ғылыми зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау, соның ішінде әр тарауда екі тармақша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

  1. АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУДІҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІАрхив ісін ақпараттандыру

Мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысына, «Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына және «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысына сәйкес әзірленген [16] .

Кез-келген архив қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Ведомстволық архив құрамында электрондық құжаттар архивы пайда болады. Архив оның міндеттерін, функцияларын, толықтыру көздерін және қабылданатын құжаттар құрамын айқындайтын Ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні дәрістер кешені
ЖШС «НҰР» жеке кәсiпорынының автоматтандырылған құжат алмасу жүйесiн жасау
«Үш биік» ЖШС-ң менеджерінің АЖО жасау
Шағын кәсіпорынның шығыны мен кірісін есептейтін ажо жасау атты дипломдық жұмысқа патенттік ізденіс
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Мұрағаттарда құжаттарды сақтау
Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Тауарларды қажетті орнына жеткізіп беруші шағын фирма үшін автоматтандырылған есептік жүйе құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz