ҚАЗАҚСТАН республикасындағы МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН республикасындағы МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ жүйесі

Әлеуметтік жұмыс мамандығы, 2 курс магистранты Байдаулет А. Б.

Ғылыми жетекші : әлеум. ғ. к., Мамытканов Д. К.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Аңдатпа : Мақалада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа формасы ретінде қарастырылады. Ғылыми мақаланың мақсаты - медициналық сақтандырудың қалыптасу кезеңдерін және бүгінгі күнге дейінгі жүзеге асырылу деңгейін зерттеу. Таңдалған тақырыптың өзектілігі денсаулық сақтау саласына бюджеттік қаржыландырудың жыл сайынғы өсуімен және заманауи медициналық технологиялардың дамуымен бірге медициналық қызметтерге шығындар мен сұраныстың артуымен байланысты. Бүгінгі таңда көптеген дамыған елдерде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі медициналық сақтандырудың енгізілуімен ғана мүмкін болатын әлеуметтік сақтандыру принципімен қамтамасыз етіледі. Халықтың денсаулығын қорғауға қатысты міндетті сақтандырудың енгізілуіндегі проблемаларды шешудің қағидаттары айқындалып, медициналық сақтандыру қорының қызмет жүйесі мен сақтандырудың Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы рөлі зерттеледі.

Кілт сөздер: медициналық сақтандыру, Медициналық сақтандыру қоры, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, халықты әлеуметтік қорғау, медициналық қызметтер.

Аннотация. В статье рассматривается обязательное социальное медицинское страхование как новая форма социальной защиты. Целью научной статьи является изучение этапов формирования и внедрения медицинского страхования на сегодняшний день. Актуальность выбранной темы обусловлена ежегодным ростом бюджетного финансирования здравоохранения и развитием современных медицинских технологий, ростом затрат и спроса на медицинские услуги. На сегодня во многих развитых стран эффективность системы здравохранения обеспечиваетсяя по принципу социальной солидарности, которая возможна только при введении медицинского страхования. . Определены принципы решения проблем введения обязательного страхования в отношении здоровья населения, изучена система деятельности фонда медицинского страхования и роль страхования в социальной сфере Республики Казахстан.

Ключевые слова: медицинское страхование, Фонд медицинского страхования, обязательное социальное медицинское страхования, социальная защита населения, медицинские услуги

Abstract. The article discusses compulsory social health insurance as a new form of social protection. The purpose of the scientific article is to study the stages of the formation and implementation of medical insurance today. The purpose of the scientific article is to study the stages of the formation and implementation of medical insurance today. Today, in many developed countries, the effectiveness of the healthcare system is ensured by the principle of social solidarity, which is possible only with the introduction of health insurance. The principles of solving the problems of introducing compulsory insurance in relation to public health are determined, the system of activities of the health insurance fund and the role of insurance in the social sphere of the Republic of Kazakhstan are studied.

Keywords: health insurance, health insurance fund, compulsory social health insurance, social protection of the population, medical services

Халық денсаулығы - бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің маңызды сипаттамасы және қоғамның еңбек әлеуетінің ажырамас элементтеріне жатады. Денсаулық сақтаудың көрсеткіштері тікелей ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетіне және қаржылық қамсыздандыру жүйесі әсер ететін қызмет үдерісіне тәуелді. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің біріне әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек көрсетумен қатар медициналық сақтандыру да айналуда. Қазақстанда медициналық сақтандырудың институционализациясы мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін елдің барлық азаматтарының денсаулығын жақсарту қажеттілігімен байланысты болды. Медициналық көмек көрсету мен халықтың денсаулық сақтау жүйесі құру негізінде, 2015 жылдың қараша айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы бекітілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. Әдебиеттерде міндетті сақтандырудың нақты анықтамасы жоқ. И. М. Назарчук келесі анықтаманы береді: «Медициналық сақтандыру - бұл кез-келген себептермен, оның ішінде аурумен және медициналық көмек көрсетумен байланысты денсаулығынан айрылу жағдайындағы сақтандыру». Е. Абылкасымова медициналық сақтандыруды міндетті және ерікті деп бөледі. «Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бөлігі болып табылады және барлық азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру есебінен көрсетілетін медициналық және емдік көмек алуға мүмкіндік береді. Ерікті медициналық сақтандыру ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады және азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бағдарламаларында белгіленгеннен тыс қосымша және басқа медициналық қызметтерді ұсынады» [1] .

Қазақстан Республикасының Заңы бойынша берілген анықтама: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы» [2] .

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мҥмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған. Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесі қаралған және ескерілген. Бүгінде бүкіл әлем үш ірі денсаулық сақтауды қаржыландыру моделін қолданылуда: бюджеттік, сақтандыру және аралас модельдер. Бюджеттік модель Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде бар. Қоғамдық әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропа елдерінде барлығы 30 елде жұмыс жасайды және жеке сақтандыру. Америка Қҧрама Штаттарында бар. Алайда, көптеген елдер «бюджеттік» және «сақтандыру» моделдері өз тиімділігін дәлелдегендіктен соларға жүгінеді. Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізген. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын; медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жоғары деңгейін; денсаулық сақтау пакетін қамтамасыз етеді [3] .

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, бірінші кезекте, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің екі бағдарламасы әзірленген: Біріншісі - базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көпектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екінші - бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек, мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек. [4] .

Медициналық сақтандыру проблемаларының бірі пациенттерді сақтандыру қорлары арасындағы бәсекелестік болды. Мұндай жағдайларда созылмалы аурулары бар қарт адамдар, балалар мен жүкті әйелдер сақтандыру жағдайының жоғары қаупіне байланысты қауіпсіз клиенттер болып табылады және сақтандыруды ұсынудан бас тарту немесе оның қымбаттығы себебінен медициналық көмекке қол жетімділігін жоғалтуы мүмкін. Осы теңсіздікті жою үшін ДДСҰ бірегей жинақ тәсілін ұсынады, мысалы Корей, Жапония, Венгрия елдеріндегідей тек бір қор ашу немесе Эстониядағыдай кезеңмен қорларды біріктіру, сондай-ақ, Германия, Франция, Бельгия мемлекеттеріндегідей теңестіру механизмінің көмегін пайдалану. Соған сәйкес, 1996 жылдың қаңтар айында Қазақстанда «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» құрылды [5] .

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) - бұл медициналық қызметтерді сатып алу келісім шартында көзделген көлем мен шарттарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің аударымдар мен жарналарды жинауын, қызметті сатып алуы мен төлеуін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасындағы МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әр адамның төлейтін жарналарының мөлшері:

  • мемлекет экономикалық тұрғыда белсенді емес тұрғындар үшін жарна енгізетін болады: ЖОК-тан 4% (01. 07. 2017 ж. бастап) - 2 жыл, 5% (2018ж. бастап), 6% (2023ж. бастап), 7% (2024ж. бастап) .
  • жұмыс берушілер - жалдамалы жұмыскерлер үшін (2%-дан (2017ж. бастап) кірістен 5%-ға дейін (2020ж. ) .
  • жұмыскерлер кірістен (1% (2019ж. ), 2% (2020ж. ) .
  • салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өзі үшін (кірісінен 2% (2017ж. бастап), 3% (2018ж. бастап), 5% (2019ж. бастап), 7% (2020ж. бастап) [6] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдау
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Сақтандыру нарығының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz