Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Танымал американдық профессорлар Дэвид Бринкерхоф, Сюзанна Ортега және Роза Вейцтің Әлеуметтану негіздері оқу құралын Оксфорд және Кембридж оқу орындарының білім беру үрдісінде пайдалану үшін ұсынылады. Бұл оқулық 9 рет қайта басылып шығарылған.
Әлеуметтану негіздері - бұл оқулықтардың жаңа буыны, кітапта қажетті тәжірибе-бағдарлық қорытындылар мен негіздеулер түсінікті форматта қолжетімді мәтін негізінде құрылымданған. Бұл түсінікті, ыңғайлы, тартымды және өте нақты.
Әлеуметтану негіздері (Essentials of Sociology) оқулығында әлеуметтанудың теориялық аспектілері қысқаша және дәйекті түрде берілген, әлеуметтанудың ғылым ретінде дамуының тарихи кезеңдері туралы бастапқы жағдайлары ұсынылған.
Әлеуметтанулық білімнің қолданбалы салаларының негіздері ана мен бала, отбасы және неке секілді күнделікті өмірдегі маңызды әлеуметтік институттарға талдау жасау айналасында шоғырланған.
Оқулықта əлеуметтік маңызы бар мəселелерді шешу практикасында əртүрлі жағдайлар берілген.
Оксфорд және Кембридж студенттері көптеген жылдар бойы білім алып келе жатқан Әлеуметтану негіздері американдық оқулығы енді Қазақстандағы әлеуметтану бойынша оқулықтардың жаңа буыны арасында басым орынды иемденеді.
Кітаптың ақпараттық мазмұны студенттер мен сарапшылар үшін басқа да әлеуметтік тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырып, қолданыстағы әлеуметтік саясатты іске асыру үшін оқу тәсілдерін әзірлеу және толықтыруға мүмкіндік береді.
Оқу құралы социологиялық құзыреттіліктердің маңызы бар барлық мамандықтар үшін пайдалы. Әрине, авторлары танымал әлеуметтанушылар - Дэвид Бринкерхоф, Сюзанна Ортега және Роза Вейцтің Әлеуметтану негіздері оқу құралының еліміздің кітапханаларына түсуі отандық әлеуметтану ғылымының дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы. Әлеуметтану (франц., sociologie - қоғам туралы ілім) - бұл біртұтас жүйе ретіндегі қоғам мен олардың тұтас қоғаммен байланысын қарастыратын жекелеген әлеуметтік тәртіптер, үдерістер мен топтар туралы ғылым.
0Әлеуметтанушылық танымның қажетті алғышарты қоғамға индивидтер мен әлеуметтік элементтердің (топтардың) жай ғана қосындысы ретінде емес, объективті өзара байланысты біртұтастық туралы көзқарас болып табылады.
Әлеуметтану дербес ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты. Оның негізін салушы француз философ-позитившілі Огюст Конт (1799-1857) болып есептеледі. Өзінің 1830 жылдан бастап 1842 жылға дейінгі кезеңде жарияланған, әйгілі бес томдық Позитивті философиясында Конт бес ғылымды: астрономияны, физиканы, химияны, физиолгоияны (биологияны) және әлеуметтік физиканы немесе әлеуметтануды қарастырды.
Бұл кезектілік ғылыми танымның тарихи қалыптасу кезеңі болатын. Конт құбылыс өз табиғаты бойынша неғұрлым қарапайым және адамзат істері мен проблемаларынан неғұрлым қашығырақ болса, адамзатқа соғұрлым позитивті, яғни ғылыми пайымдауға тезірек түседі деген ұйғарым жасайды. Міне, сондықтан діни догмалар мен метафизикалық алыпсатарлықтан азат болған бірінші ғылым, яғни бірінші білім астрономия болды. Өйткені ол салыстырмалы түрде қарапайым және адамнан шалғай проблемалармен істес болды. Керісінше, адамзат қоғамымен, оның ақылға сыйымсыз күрделілігі мен адамның өзі ұстанатын көзқарасына тәуелді әлеуметтану ғылымы позитивті білім пәндерінің қатарында соңғысы болып шықты.
Сондай-ақ Конт атап көрсеткендей, неғұрлым күрделі феномендерді зерделеу үшін неғұрлым күрделінің негізін құрайтын неғұрлым қарапайымдау білімді негізге алу қажет. Танымның осы екі ерекшелігінің үйлесімімен конттық ғылымдар иерархиясы туады, оның негізінде астрономия, ал шыңында - әлеуметтану жатыр.
Конт позитивті білім тек позитивті әдісті қолдану жолымен ғана алынуы мүмкін деген тұжырым жасады. Бұл әдістің негізі - бақылау, эксперимент және салыстыру. Алайда, замандастары әзірлей бастаған қоғамдық өмірді зерделеудің эмпирикалық әдістері Контты қызықтырған жоқ. Сондай-ақ ол жаратылыстану ғылымдарының нақты әдістерімен де айналысқан жоқ. Оны неғұрлым жалпы мәселе, атап айтқанда: позитивті әдістің бірлігі, оның әртүрлі ғылымдарда қалай қолданатыны толғандырды.
Бұл мағынада Конт ғылым бірлігі ұстанымын бастаушы болып шықты. Оның түсіндіруінше, ғылым бірлігі жаратылыстану, сондай-ақ қоғамдық ғылымдарда да қолданылатын әдістің бірлігі болып табылады. Конт тұғырнамасныдағы бірқатар дәйексіздікке қарамастан, оған оны эмпирикалық ғылыми әдіспен байланыстыра отырып, ғылымдар бірлігі туралы тезисті айтарлықтай қарама-қайшылықсыз формада қалыптастырудың сәті түсті.
Әлеуметтану дербес ғылым ретінде дәстүрлі әлеуметтік философия мәселелер мен қоғамдық ғылымдарды нақтылау және эмпирикалық әлеуметтік зерттеулердің даму нәтижесінде қалыптасты.
Француздың әйгілі ойшылы, утопияшыл әлеуметшісі Сен Симон (1760-1825) осы уақытқа дейін адам туралы ғылым - бар-жоғы бал ашушы ғылым болды, сондықтан да басты міндет оны бақылауға негізделген ғылымдар дәрежесіне дейін көтеруде деп жазды.
Әлеуметтануды фактілерге негізделген, позитивті ғылым ретінде жасай отырып, Конт жаңа ғылымның қақтығыстарды шеше алатындығына қарай ұмтылды. Әлеуметтанудың пәндік саласы тұтастай алғанда қоғам мен оның құрылымдары, онда өтетін үдерістер болды. Бұл ретте қоғам ретінде Конт бастапқыда ұйғарғандай, бүкіл адамзат қоғамы емес, ұлттық мемлекеттер формасында ұсынылған жекелеген қоғамдар түсіндірілді. Бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының дамуы
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама
Әлеуметтану, әлеуметтану гуманистік әлеуметтік ғылымдар жүйесі. әлеуметтану пәнінің негізгі бағыттары. xx ғасыр әлеуметтану. қоғам әлеуметтік жүйе. әлеуметтік институттардың әлеуметтік процестер
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі ХІХ ғасырдың 40-жылдары
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат
Әлеуметтану ғылымының тарихы
Пәндер