Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік тілді дамыту институты .

Практикалық тапсырма

«Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары» тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау.

Орындаған:Абдикарим Назым

304-топ студенті

Алматы, 2021 жыл.

Абай Құнанбайұлы

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Даналықты көздесең

Жат, тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңіне арқау еткендей, қазақ әдебиетінің атасы, қара өлеңінің патшасы, ғасырда бір туар алты алаштың ардақтысы, қазақ әдебиетінің өлмес жарық жұлдызы Абай Құнанбаев. Абай Құнанбаев жайында зерттеулер әлі күнге дейін жүргізіліп келе жатыр. Қазақ әдебиетінің патшасы бүгінде 175 жылдық мерей тойы тәуелсіз Қазақстанда тойланып жатыр. Ақын туралы алғашқылардың бірі болып Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласын ел назарына ұсынып, жариялаған болатын. Содан бері, ел назарына іліккен Абайды оқымаған қазақ, тыңдамаған ұлт жоқ, зерттемеген әдебиеттанушы жоқтың қасы.

Абай Құнанбаев шын аты «Ибраһим Құнанбаев». Қазақтың бас ақыны жылан жылының 1845 жылында дүние есігін қазыргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында ашқан. Деректерге сүйенсек, «Абай» есімін шешесі қойған. Анасының еркелетіп қойған аты, ел арасында азан шақырып қойған есіменен көбірек айтылып, назарда болды. Әкесі Құнанбай өз руының аға сұлтаны болған. Абай Тобықты руынан шыққан. Абай жастайынан мұсылманша сауат ашып, 13 жасында Семей қаласындағы Ахмед Риза медресесінде оқыған. Медресе табалдырығында оқып жүрген кезде 3 ай орысша сауатын ашқан. Кішкентайынан ертегі, жыр термелерді құлағына құйып өскен зерек Абай 15 жасында оқуды койып, үлкен қариялар мен кісілер жиналған жерге кіріп бірге отыратын болған деседі. Ал 20 жасында ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, төрелік айтатын болған. Абай бұрынғы замандағы шешендер мен көсемдердің сөздерін, билердің төрелігін, қазақ даналығы болып есептелетін мақал-мәтел, нақыл сөздер және мысалдарды көптеп білген.

Абай Құнанбаев көптің бірі болмады, ол бойында болған жеке дара қасиеттерін аша алды. Абай 35 жастан аса өзінін ақын ретінде таныта бастады. Ақын Абай өлеңдерінде аз сөз, терең мағына ұштасып жатты. Бір оқыған адамға түсініксіз болып көрінетін, Абай өлеңдері идеясы зор, мағынасы терең бола білді. Абай өлеңдерін тез біреуге оқып берсең, естіген адам оның мағынасын түсіне алмайды. Ақын өлеңдері кез-келген адамға өмірлік мақсаты болуға, өмірді түсінуге, өз жолын табуға көмектесіп жатады. Қанша жылдар өтседе құнын жоймаған асыл сөздер, бүгінде жастардың көкірегінде тұрса бір ғанибет емес пе? Бірақ, ақын өлеңдеріндегі сөздері терең мағынадағы, ауыр болатын жасырмаймыз. Ол ақынның өз ойын анық жеткізе алмағандығынан туған кемшілік емес, керісінше адамдардың Абайды түсінуге жете алмағандығынан. Бұл сөздерімізге дәлел ретінде Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласын тілге тиек етсек болады. Сондықтан, қазіргі кездің өзінде жастардың көпшілігі әдебиетті түсіне алмайды, Абайды ұға алмады. Бұл көңілге қаяу түсіретіні рас. Осы тұста Ахмет Байтұрсыновтың «Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны сынайды» деген сөзі еріксіз ойға оралады. Бірақ, Абайды түсінден жандарда аз емес. Абайды түсініп, өлеңдері мен қара сөздерінің ішінен ақын жанын ішкі жан дүниесін, ішкі сезімін көре білгендер өмір жайында біраз зат ұғынды.

Абай өзі өмір сүрген қоғамның ащы шындыған өлең- жырларымен көрсетті. Ақын болашақ жастар үшіп, келер ұрпақ пен өз дәуірін жақсарту үшін жан аямай қызмет жасады. Абай өлеңдері өз дәуірінің шын сырын ашқан болатын. Ақын шығармашылығы негізінен реалистік, гуманистік мазмұнда, терең ой мен ізгі ниеттерге толы болды, орақ тілді, от ауызды көркем туындыларды дүниеге алып келді. Өз дәуірінде ақынның бір-екі өлеңдерінен артық атақты бола қойған жоқ, көзі кеткеннен кейін асыл мұрасы зор бағаланып, алты алашқа құлашын кең жайды. Ақын өлеңдерін алғашқылардың бірі болып Кәкітай Ысқақов 1909 жылы шағын жинақ етіп баспадан шығарды. Ары қарай ақын туындылары назарға іліге бастап, зор мәнге ие болды. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері ақын шығармашылығына жоғары баға беріп, «Қазақтың бас ақыны» деп атап кетті. Осы өзгерістер ақын мұраларына жаңа дем берілгендей болып, кең көлемде зерттеле бастады.

Тәуелсіздік алған кейінгі жылдары Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге аса қатты көңіл бөлінді. Мақалалар, монографиялар сондай-ақ ғылыми-зерттеу орындары ашылып жаңа қадамдар жасалды.

Қазіргі таңда, Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасып үлгерді. Бұл ғылымның негізін қалаушы деп Мұхтар Әуезовті атауымызға болады. Мұхтар Әуезов Абайды зерттеумен қатар, ақын жайында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жазушы ақын Абайды жан-жақты зерттеп тұңғыш толық шығармалар жинағын жарыққа шығарды, Абай өмірі жайында шынайы, дәйекті монография жариялады және ақынның толық өмірі жайында «Абай жолы» атты 4 томдық роман-эпопиясын жазып шықты. Бұл шығарма қазіргі кезде, қазақ әдебиетінің алдынғы қатардағы шығармасы және әлем әдебиетіненде ойып тұрып өз орынын алды.

Абай қазақ әбедиетіне ауыз толтырып айтарлықтай көп мұра қалдырды. Нақыл сөздер, өлеңдер, поэмалар сонымен бірге қара сөздер. Абайдың шығармашылығын зерттеуде тек ғана Абайтанушылар ғана емес, әдебиетшілер, философтар, тарихшылар, тілшілер сонымен бірге, экономистер мен заң қызметкерлеріде белсене ат салысуда. Тіпті алыс -жақын шетелдік ғалымдарда өз қызуғушылық танытып зерттеуге белсене атсалысып кетті.

Абай шығармашылығының ерекше бір түрі, қазақ әдебиетіне жаңалық әкелген бір туындысы ол - қара сөздері. Әдебиеттің жаңа жанры немесе қазақтың алғашқы проза үлгісі десекте болатын секілді. Ақын жанының ішкі сыры, шынайы оқиғаға негізделген, ащы шындық бейнелеген көркем туындысы осы қара сөздері. Ақынның 45 қара сөзі бар. Қара сөздердің өмірге келуін зерттеушілер, сол замандағы айшықты мәселелердің, тарихи әлеуметтік жағдайынан туған деседі. Және бұл пікір шындыққа жанасады деп ойлаймын. Ақын өлеңдерінен де, қара сөздерінен де бір өмір шындығын бүкпесін баяндады. Оның арманы сауатты ел, болашақ қамы болды.

Көңіліндегі көрікті ойларын, жіпке тізіп, мағынасын өзгертпей ойды барынша кең көлемде халыққа жеткізу, тәрбие мен өнеге қалдыру, тура жолға бастар ақыл айту, шабыт сыйлау мақсаты болды. Халық жанына жақындау үшін, олардың жан сырын түсіну үшін өледі прозамен жалғастырып, қара сөздің көп мүмкіндік сыйлайтынына Абай сенген секілді.

Ақын Абайдан, жазушы Абайға ауысып өздігінше образ жасады. Ол ертегі, хикая немесе шежіре, аңызға ұқсастырып жазған жоқ. Ол өзінше жазды, өзінше жырлады. Абай прозасы яғни қара сөздері құлаққа жеңіл естілгенімен, мағынасы терең болды. Міне, осылайша қазақ әдебиетіндегі проза жанр түрі кең тара бастап, алғашқылардың бірі болып Абай сынап көрді. Абай көп сөзің орнына, аз сөз жазып мағынасын терең етті, тәлім мен тәрбие алуға, адам түйсігіне ой салуға мүмкіндіктері көп қара сөз деп аталатын түрін тапты, өздігінше жазды.

Ақын қара сөздері шағын прозаны еске түсіреді және оларды төмендегідей топқа бөліп қарастыруға әбден болады деп есептеймін:

  1. Адамгершілік, мінез-құлық және діни бағытта жазылған және өсиет, насихан тақырыптарына жататын қара сөздерін. Оларға: Он үшінші, Жиырмасыншы, Жиырма сегізінші, Отыз сегізінші қара сөздерін жатқызуға болады.
  2. Бұл топқа философиялық ой туралы айтқан қара сөздерін жатқызуға болды. Философиялық трактат және диалог кеңес сөз үлгісіндегі қара сөздеріне: Жетінші, Он жетінші, Қырық үшінші, Қырық бесінші, Жиырма жетінші және Отыз сегізінші сөздерін айтуға болады.
  3. Нақыл сөздер жайында. Абай қара сөздерінде афоризм яғни нақыл сөздер, тауып айтылған сөздер, дұрыс тұжырымдар, кесіп айтқын тура сөздер кездеседі. Олар: Отыз жетінші қара сөзін алып қарасақ болады.
  4. Абай қара сөздерін тағыда монолог түріндегі, әңгіме, кеңес ретіндегі топқа бөліп қарастыруға болады. Себебі қара сөздердің арасында адам дене мүшелерін сөйлейтін, немесе өз - өзімен кеңесетін немесе тыңдаушысы бар қара сөздері кездеседі. Олардың қатарына: Төртінші, Бесінші, Сегізінші, Тоғызыншы, Оныншы сонымен бірге Он екінші, Он алтыншы, Он тоғызыншы және Жиырма бесінші, Жиырма жетінші, Отыз бірінші, Отыз екінші және Қырқыншы қара сөздері жатады.
  5. Публицистикалары. Олардың қатарына біз: Бірінші, Екінші және Үшінші қара сөздерімен қатар Он төртінші мен Жиырма төртінші, Жиырма алтыншы мен Жиырма тоғызыншы сондай-ақ Отыз үшінші мен Отыз тоғызыншы қара сөздерін тізімге қоса аламыз.

Сонымен бірге Абай қара сөздерімен елді қанаға болыстар мен төрелігін ақшаға сатқан билердің, халық ақысын жеген бай-шонжарлардың пасық әрекеттерін сынға алып, келеке етеді. Халық арасындағы жалғаулар мен пасықтардың, сотқарлар мен надандардың жағымсыз істерін сынай жазып, суреттейді.

Абай қара сөздерімен қазақ әдебиетіне публицистикалық проза мен қазақ публициятика сынын бастаушысы болды. Абай қара сөздерінде көтерілген мәселелері мынайдай болды:

  1. Қазақ даласындағы тозығы жеткен салт пен дәстүр
  2. Көрші мемлекеттерден өнеге мен мәдениетін үлгі етіп көрсетті
  3. Надандықты сынға алды
  4. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі қателіктер туралы айтып, сынға алды
  5. Хақ Алланың барына, мұсылманшылық жолдан таймауға насихат еттті
  6. Адам бойындағы мінез - құлықтығ, адамгершілік пен парасаттылық туралы ашып көрсетті

Абай прозасы қиялдан туған проз емес, өмірден алынған өмір шындығы болды. Бұл жағынан Абайды Орыстың ұлы ақыны, алтын ғасыр ақыны А. С. Пушкинге ұқсатты. Абай қара сөздерінде мағына мен идея, түр мен сипат, образ мен көркемділік өздігімен үйлесім тауып жоғары талғаммен жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы туралы
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі психологиялық көзқарастарын талдау және ұлттық психологияның дамуында алатын орнын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz