Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Секция: Үздік практика оқыту қашықтықтан білім беру технологиясы
Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу
Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу -
бүгінгі күннің негізгі міндеті
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Аннотация: бұл мақалада қашықтықтан оқыту ақпараттық кеңістікті де, оқытудың ақпараттық саласын да едәуір кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы жазылған. Пандемия кезінде қашықтықтан оқыту білім беруді жаңғыртуда үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері туралы жазылған. Қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту немесе онлайн оқыту кезінде балаларды оқытуда дұрыс білім мен бағыт-бағдар беруді қолға алып, тиімді жолдарын қарастыру. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға дұрыс бағытта білім беру жолдарын қарастыру; деңгейлік тапсырмаларды үйлестіру, тиімді нәтижеге жетіп, қорытынды шығару.
Кілт сөздер: қазақ тілі, қашықтықтан оқыту, пандемия, ақпараттық технология,заманауи әдіс-тәсілдер.

Аннотация: в данной статье так и инфармационного пространства, дистанционного обучения, значительно расширяя сферу инфармационного обучения об открытии новых возможностей. Во время пандемии дицтанционное обучение играет большую роль в модернизации образования. Кроме того, были изложены особенности применения различных информационно инновационных технологий при дистанционном обучении. В ностоящее время в соответствиии с сложившейся ситуацией, в период дистанционного обучения или онлайн обучения необходимо выработать правильные знания и орентации в обучении детей. При дицтанционным обучении необходимо рассмотреть пути обучения учащихся в правилбном направлении :координировать уровневые задания,достигать эффективных результатов и подводить итоги.
Ключевые слова: история,пандемия,дицтанционное обучение, информационные технологии,современные медиоты и премы

Abstrakt: in this аrticle,it is written that distance learning opens up new opportunities significantly expanding both the information space and the information sphere of training. During the pandemic distance learning plays a huge role in the modernization of Edication. In addition, it is qritten about the peculiarities of using various information and innovative texnologies in distance liearning. Currently, due to the current situation it is necessary to take into account the correct khnowledg and guidans in teaching children in distance learning or online learning and consider effective ways. Consideration of ways to teach students in the right direction in distance learning coordination of level tasks achieving effective rtsults and summing up results.
Keywords: hirtory, distance learning, pandemic, information texnology, modern approaches.

Білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру - әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов айтқандай, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.
Қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын тауып келген оқытудың бір түрі екендігі бәрімізге мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты бұл оқыту түрінің маңыздылығы арта түсті. Себебі еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне байланысты өз жұмыстарын тоқтатып, оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісті. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді. Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың бір-бірімен жеке байланысы аз, кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік, сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес. Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын оnline, offline режимінде өткізуге негізделген. Оnline режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). Оnline режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
Қашықтықтан оқыту - білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі. Онлайн оқыту интернет, білім, компьютерге немесе интернетке қосылған басқа гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру.
Онлайн-білім беру оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді: дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу,кері байланыс жасау.
Онлайн оқуға көшкелі бері көптеген әдіс тәсілдерді және платформалармен жұмыс жасауды меңгеріп келеміз. Солардың бірі өз сабағымда қолданып жүрген КЕЙС технологиясына тоқталғым келеді. Осы әдісті сабағымда пайдаланбас бұрын әдістің тиімді және тиімсіз жақтарын көп зерделедім, зерделей келе оқушылардың сабақта белсенділін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға қашықтан оқуда таптырмас әдіс екеніне көзім жеттті.
Қазіргі заманғы тез өзгеретін орта бізден сыртқы өзгерістерге үздіксіз бейімделуді және уақыт шақыруларына үнемі жауап іздеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі ұстаздардың үздіксіз өзін-өзі дамыту және өзгерістерге бейімделу дағдыларын дарытуға баса назар аударады.
Бүгінгі таңда әлемде өз білімінің деңгейіне қанағаттанған, өз білім беру жүйесіне риза бірде-бір мемлекет жоқ деп айтуға болады. Себебі барлығы жаңа мазмұнды, жаңа формалар мен оқыту әдістемелерін іздеу үстінде.
Білім беру қызметінің инновациялық әдістері эксперименттер мен инновациялық жобалары арқылы іске асырылады да, заманауи білім беруді дамытудың трендтері қалыптасады. Біз болсақ біліктілігімізді арттырып, тиімділігін айқын түсініп, өз жұмысымызда ескеруіміз керек.
Жаңартылған білім берудің негізгі міндеті - оқушыларға өзінің бірегейлігін сезінуге, қиындықтарды жеңуге және өз әлеуетін іске асыруға көмектесу. Білім беру барысы сыни ойлау мен креативтілікті дамытуы тиіс, қазіргі әлемде табысқа жетуге мүмкіндік беретін дағдылар мен білім беруге тиіс.
Мақаланы жазу барысындағы келесі міндеттерді орындауға назар аудардым:
Заманауи білім беру үдерісін талдап білім сапасы мәселесін шешудің табысты жолдарын анықтау;
Білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Қашықтық оқыту технологиялары
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізі
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Дәстүрлі және инновациялық оқытудың салыстырмалы ерекшеліктері
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Пәндер