Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ
Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: «5В050900 -Қаржы»
Алматы, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. к., доцент Усенов С. А.
«»2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту.
Мамандығы: 5В050900 - «Қаржы»
Орындаған Есенғали Ш. Е.
(қолы) Қ-18- КОБ
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Нұрымбетова Б. И.
Норма бақылаушы
аға оқытушы Нұрымбетова Б. И.
Алматы, 2021
Д. А. Конаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
Мамандық 5В050900 «Қаржы»
«Экономикалық және жалпы білім беру пәндер» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. к., доцент Усенов С. А.
«»2021 ж.
ТАПСЫРМА
Дипломдық жобаны орындау үшін
Дипломдық жоба тақырыбы: « Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту»
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, Нұрымбетова Б. И.
Академия ректорының бұйрығымен бекітілген № «»20___ ж
Аяқталған жұмысты кафедраға тапсыру уақыты «»20___ ж.
Жұмыстың мазмұны мен көлемі
Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту бойынша ғылыми - теориялық және практикалық ұсыныстарды әзірлеу сияқты өзекті мәселенің шешімі ұсынылған.
Диплом жұмыстың мақсаты Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту бойынша ғылыми қағидаларды, әдістемелік және практикалық ұсыныстарды зерттеу және жинақтау болып табылады.
Ұсынылған негізгі қайнар көздер (әдебиет)
1. Теор ия и пр актика мен еджмен та: Учебн ик / Под р ед. К. Е. Кубаева. -Алматы: Қазақ Ун ивер ситеті, 2005. -216 б.
2. Б. С. Сапар ова. Фин ан совый мен еджмен т:Учебн ое пособие/Под общей р ед. Академика Н АН Р К, д. э. н . пр офессор а У. Баймур атова. - Алматы: Экон омика, -2018. -372 б.
- Камышан ская Л. А., «Есеп жән е есептілік қар жы мен еджмен тін ің н егізі», //Қар жы мен еджмен ті. -№ 10(10) қазан . - 2018. -23 б.
4. Тур гулова А. «Упр авлен ие фин ан совым р иском и фор мир ован ие капитала», //Экон омика н егіздер і. -2020. -№4-5. 24 б.
Кескіндеме материалдар тізбесі (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т. б)
Кәсіпорын өн дір іс фактор лар дың бір ігу ор талығы р етін де
Кәсіпорын қаржыларын басқару әдісі
Кәсіпорында қаржын ы басқару жүйесінің жұмыс істеу құрылымы
Фирма жүйе ретінде
Тапсырма берілген күн « » 20___ ж.
Ғылыми жетекші аға оқытушы, Нұрымбетова Б. И.
Д. А. Конаев атындағы Еуразиялық заң академиясы
Мамандық: 5В050900 «Қаржы»
«Экономикалық және жалпы білім беру пәндер» кафедрасы
Күнтізбелік кесте
«Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесін дамыту» тақырыбына дипломдық жұмысты рәсімделу кестесі
Ғылыми жетекші / аға оқытушы, Нұрымбетова Б. И.
Тапсырманы орындауға алған студент/ Есенғали Ш. Е.
МАЗМҰНЫ :
КІРІСПЕ6
1. ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ9
1. 1 Кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесін қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері9
1. 2 Қаржы ресурстарын басқарудың мәні, құрамы және құрылымы14
1. 3 Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі28
2. КӘСІПОРЫН ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ41
2. 1 Айналымдық активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару41
2. 2 Кәсіпорынның жарғылық капиталын арттырудағы тәуекелдерді басқару49
3 ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ШЕШУШІ ЖОЛДАРЫ57
3. 1 Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары57
3. 2 Қаржы ресурсын басқаруда қаржылық дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдану64
ҚОРЫТЫНДЫ72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ78
КІРІСПЕНарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпорын деңгейінде қаржыны басқару барған сайын маңызды бола түсуде. Мұнда айналым қаражатының жеткіліктілігі, оларды жоспарлау және толықтыру тетіктері, ақылды пайдалану проблемалары маңызды орын алады.
Соңғы алты жыл ішінде өндіріс саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады: айналым капиталы іс жүзінде жойылды, инвестициялардың бес есе қысқаруы өндірістің екі есе төмендеуімен қатар жүрді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымының мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шарауашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Дипломдық тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».
Кәсіпорын басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі . Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.
Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А. М., Жуйриков К, Ильясов К. К., Касенов М. Р., Купешов Ш. К., Мельников В. Д., Мырзалиев Б. С., Сатыбалдин А. С, Сабден О. С., Отаров Э. К., Тажибаев С. Д. және т. б.
Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға арналған: Большаков С. В, Балабанов И. Т, Докучаев М. В, Кочеткова А. И, Моляков Д. С, Родионова В. М., Сенчагов В. К, Стоянова Е. С, Уткин Э. А, Федотова М. А және т. б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың басты мақсаты - қаржыларды басқару мен ұйымдастырудың мақсаттары мен негізгі этаптарын анықтау, қаржыларды әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуде қолданудың қажеттілігін анықтау, нарықтық шаруашылықтың қаржылық құралдарын анықтау. Қаржылық бақылауды жүргізудің мәні мен қағидаларын қарастыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:
- Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі элементтеріне тоқталу;
- Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру жағдайын;
- Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;
- Кәсіпорын деңгейінде қаржыны басқаруды қарастыру болып табылады.
Зерттеу нысаны: «Caspian contractors trust» ЖШС кәсіпорнының қаржы ресурстары»
Зерттеу пәні: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану процесі.
Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т. б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды. Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер пайданылды.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру.
Ғылыми зерттеу жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше:
- кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың қалыптастырудың теориялық негіздері дамытылды;
- нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді;
- кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды;
Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. Қаржыны басқару және оның ұйымдастырылуы 1. 1 Қаржыны басқару түсінігі, қағидалары мен негізгі элементтеріҚаржыларды басқару - қаржылық және аралас экономикалық үрдістерге оларды дамыту мақсатында әсер ету үрдісі. Осы мақсатта қажетті нәтижеге жету үшін арнайы әдістер мен тәсілдер қолданылады.
Қаржыны басқару - бұл қаржыны әлеуметтік шектеушісі эканомикалық және әлеуметтік жүйелерге, олардың жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржылық қатынастың барлық жиынтығының тиімді жұмыс істеуге жетуді және қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөнәндегі мемлекет шаруашылық жиынтығын, оны басқару бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты. Қаржы механизмі бұл жетілдірудің құралы, саясатты қаржыны басқарудың тиісті процесінің тиімділікті қалыптастырады.
Қаржылық басқару жүйесі қаржылық механизмнің әдістері, санкциялары және тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Қаржыларды басқару келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
- Басқаруда тәуелсіздік пен еркіндік;
- Қаржылық сұрақтарға саяси көзқарастарды ұстану;
- Басқаруды әкімшілдік және экономикалық әдістерге сәйкестендіру;
- Басқару ғылымның қолданылуы;
- Басқарудың аймақтық, орталықтандырылған және аймақтық келісімділік негізде жүзеге асырылуы;
- Басқаруда жауапкершіліктің болуы;
- Шаруашылық шешімдердің тиімділігі.
Қаржыларды басқарудың екі аспектісін атап көрсетуге болады: біріншіден, мемлекет қаржыны қоғамдық өндіріс үрдісіне, экономикалық және әлеуметтік аяны басқару құралы ретінде пайдаланылады;
Екіншіден, қаржылардың өзі- басқару объектісі болып табылады себебі, қаржы қатынастары, ақшалай қаражаттардың қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелері толығымен басқарылады.
Қаржыларды басқаруда келесі элементтер өзара байланыста болады: ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және басқару .
Қаржылық ақпараттардың барлық қаржы процесін оперативті басқаруда зор маңызы бар. Қаржылық ақпарат - берілген стстистиклық және оперативті есепке беруді негіздейді.
Қаржылық ақпарат барлық қаржы үрдісін тиімді бсқару мен жоспарлау үшін қолданылатын шешім қабылдауда үлкен рол атқарады. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және жедел ақпарат түрінде жүзеге асырылады. Қаржылық басқаруда басқару орталығына жоспарлау жатады. Ол материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының теңгерімділігін, өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара байланысын және халық шаруашылығының барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлардың кірістері мен шығыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы ақпараты - осы элементтер арқылы қаржыны басқарудағы қаржы ақпараты барлық қаржылық процестерді шешім қабылдауда үлкен мағыасы бар ғылыми түрде жоспарланған болады. Дәлме- дәл ақпарат арқылы оқиғалар барысын, олардың бет алысын таңдауға болады.
Қаржы ақпаратын жүзеге асыратын құжаттар:
- бухгалтерлік есеп;
- Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операциялардың жазбаша дәлелдемесі; бухгалтерлік шоттарда көрсетілуге тиіс ақпарат.
- статистикалық есеп;
- Сапасы жағынан біртекті бұқаралық әлеуметтік - экономикалық құбылыстарды тіркеу, қорытындылау және зерделеу жүйесі.
оперативтік есеп;
- Белгілі бір шаруашылық операцияларын тікелей жүзеге асырылып жақтан жерде және сәтте болып табылатын шаруашылық есебінің түрі;
- тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету барысында басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдау үшін фирма басшылығын кірісу ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген өндірістің, шығындардың, ақшалай, несиелік ресурстардың т. б. есебі.
Жоспарлау - қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаржылық мөлшерін және оның көздерің анықтау. Сонымен қатар ресурстарды пайдаланумен нақты бағыттарын аныөтау.
Ұйымдастыру қаржылық басқару аппаратының барлық деңгейіндегі нәтижелікті, жауапкершілікті сипаттайды.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарың жеке салынғандарын айқындау, қаржы ақпаратын жоғары нәтежесін басқару қызметінің жауапкершілігімен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу - жоспарлы тапсырманы орындауда қаржы ресурстарының бөлістірілуіне бақылау жасайды. Реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді шебер жұмсау және белгіленген нәтежеден теріс ауытқуларын барлық түрін алдын-алуға және жоюға бағытталған.
Қаржылық реттеу деп - экономикалық жүйе шеңберінде қаржы ресурстарын ше-бер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету шараларының кешенін айтады.
Қаржылық реттеудің түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік - несиелік, кедендік- тарифтік, валюталық- қаржылық, ішкі шаруашылық.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны тиісті фискалдық саясатты мемлекеттің шығындары мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады.
Бақылау- басқарудың элементі ретінде жоспарлау рпоцесінде де сонымен бірге оперативтік басқару стадияда жүзеге асырады. Ол қоғамда барлық процестерін жүргізуді дұрыстылығын заңдылығымен тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқық нормаларын басшалыққа алып қаржы опаратын қызметін қамтиды.
Бақылау шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша ресурстарының қалыптасуы мен дамуына толығымен бақылау жүргізеді.
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне -оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады.
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады :
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру
4. Өндірістің ішкі резервтерінің - еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау.
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс - қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:
- жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік) ;
- қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т. б. )
Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау -тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.
Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы - аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі. Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылқ міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады. Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырмашылық - кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында. Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.
Меншік қаржылық ресурстар мыналарға байланысты қалыптасады:
- Жарғылық капитал иесімен ұсынылатын капитал;
- Кәсіпорын жинаған резервтер - ағымдағы кезеңнің үлестірілмеген табыстары, резервтік қорлардың әртүрлі жолдармен қалыптасқан және өткен кезеңнен жиналған үлестірілмеген табыс.
- Басқа да заңды және жеке тұлғалардың салымдары(қаржыландыру, қайырымдылық салымдар және т. б. )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz