АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ӘЗІРЛЕУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

УДК 543. 808. 1

«АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ӘЗІРЛЕУ

Мактумкулова А. Ж., Әубәкірова Г. Б.

(М. Қозыбаев атындағы СҚУ)

Жалпы оқулықтың оқу материалы мазмұны психологтардың талаптарына сәйкес құру ұсынылады. Нақты бір материалды ұғыну екі сағаттан аспауы қажет. Студент бір материалды меңгеріп, түсінгеннен кейін міндетті түрде бақылаудан өтуі керек. Оқу материалының графикалық көрінісі қажетті ақпаратты тез қабылдауға, түсінуге септігін тигізеді. Сондықтан да электронды оқулықтың архитектурасы графиктік жабдықтаудан тұрады. Күрделі сызбалар мен фотографияларды құрастыру кезінде иллюстрацияларды қолданудың тиімділігі жоғары болып табылады. Бағдарламалық код пен бағдарламаның компиляциясын құру ретін орындайтын видеосюжеттерді де қою тиімді болып есептеледі. Әлемдік тәжірибеден белгілі, бағдарлама құру барысында үлкен компаниялар қосымша құжаттарға тек баспалық өнімдерді ғана емес, сонымен қоса дискілерді де қосып қояды [1] .

Әдістемелік нұсқаулықтарда студенттерді кредиттік технология бойынша оқыту бағдарламасына сәйкес аналитикалық химияның қысқаша теориялық негіздері, зертханалық жұмыстарды орындау әдістемелері, білім алушының өзін-өзі тексеру сұрақтары және тест түріндегі бақылау жұмыстары берілген. Электрондық оқу құралы «Аналитикалық химия» және «Сандық және сапалық талдау» пәндері бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын 6В01504 «Химия», 6В01511 «Химия-Биология», 6B07102 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6B05305 «Химиялық сараптама және өндірісті аналитикалық бақылау» мамандықтарының студенттеріне арналған [2] .

«Аналитикалық химия» пәні бойынша электрондық оқулықтың мазмұны:

  • аннотация;
  • пән туралы қысқаша мәлімет;
  • электрондық оқулықпен және оның бөліктерімен жұмыс жасау туралы әдістемелік нұсқаулар;
  • теориялық материалдар (дәріс конспектілері) ;
  • зертханалық жұмыстарға орындауға негізделген әдістемелік нұсқаулар;
  • зертханалық жұмыс пен бақылау жұмыстары тапсырмаларының тізімі;
  • бақылау тапсырмалары;
  • әдебиеттер тізімі.

Белгілі бір оқу пәнінен мемлекеттік тілде электрондық оқулық құрастыру - біздің бұл бағытта жүргізіліп отырған алғашқы қадамымыз. Оған бірнеше мамандықтардың оқу бағдарламасына кіретін «Аналитикалық химия» курсы таңдап алынды және оның теориялық мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды:

  1. Аналитикалық химия зертханасында жұмыс істеу тәртібі және қауіпсіздік техникасын сақтау ережесі.
  2. Аналитикалық химия пәніне кіріспе.
  3. Зат мөлшерінің өлшем бірліктері және концентрацияны өрнектеу жолдары.
  4. Сапалық талдау.
  5. Катиондардың сапалық реакциялары.
  6. Аниондардың сапалық реакциялары.
  7. Гравиметриялық талдау.
  8. Титриметриялық талдау.
  9. Бейтараптау әдісі.
  10. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері. Перманганатометрия.
  11. Иодметрия.
  12. Комплексонметрия. Трилонметрия.
  13. Тұндырып титрлеу әдісі.
  14. Физика-химиялық талдау әдістері.
  15. Фотометрия әдісі.
  16. Хроматография.

Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және видеоклиптер керекті элемент көзі болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді жылдам немесе ақырын көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар әрбір тақырыптан кейін сәйкесінше тапсырмалар мен өзін - өзі тексеру сұрақтары енгізіледі [3] .

Аналитикалық химиядан дайындалған электронды оқулық курсының мақсаты: білім алушыларға химиялық талдаудың теориялық білімді игеру мен тәжірибелік дағдыларын меңгерту.

Сол мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындап шығады: білім алушылар курс бойынша білу керек:

  • аналитикалық химия пәні және оның міндеттері;
  • аналитикалық химияның басқа химиялық, жаратылыстану-ғылыми пәндердің арасындағы орны және оның маңызы;
  • талдаудың негізгі дәстүрлі әдістері: гравиметриялық талдау, титриметриялық талдау;
  • талдаудың негізгі физика-химиялық әдістері: хроматог­рафия, фотометрия, потенциометрия;
  • химиялық талдау әдістері мен амалдарының теориялық негіздемесі.

Электрондық оқулықтағы студенттер меңгеретін іскерліктер мен дағдылар келесідей сипатталады:

  • қышқылдық-негіздік әдіс бойынша сапалық анализ жүргізу;
  • гравиметриялық талдауды орындау;
  • титриметриялық талдау (қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсызданулық, комплексометриялық және тұндырулық) жүргізу;
  • зерттеудің физикалық-химиялық әдістерін: (хроматографиялық, потенциометриялық және фотометриялық) орындау;
  • аналитикалық міндеттерді шешу үшін жалпы және бейорганикалық химияның теориялық негіздерін пайдалану;
  • табиғи нысандарға талдау жүргізу.

«Аналитикалық химия» пәніне арналған электрондық оқулықты пайдалану келесі нәтижелерге жетуге бағытталып отыр:

  • сабақта және зерттеу қызметтерінде ақпараттық құралдар және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың қарым- қатынасын арттыру;
  • білім алушылардың информатика саласындағы химия пәні бойынша базалық білім жүйесін кеңейту, оларды болашақта толықтыру және дамыту;
  • жұмысты жоспарлауда керекті жаңа білімнің қажеттілігін сезіну мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • білім алушылардың қызметінің, әсіресе зерттеу жұмыстарын орындауда қызығушылықтарын арттыру;
  • арнайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін шығармашылық қасиетін дамыту;
  • білім алушыларды жаңа білім алу мен оларды қолдану аймағында кеңінен пайдалануға тәрбиелеу.

Әдебиет:

  1. http://www. nci. kz/content/elektrondyk-okytu // Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО) .
  2. Аналитикалық химия: әдістемелік нұсқаулар // А. Ө. Бектемісова, Г. Б. Әубәкірова. - Петропавл: М. Қозыбаев атын. СҚМУ, 2015. - 208 б.
  3. Халықова Г. Электронды оқулықты дайындаудың талаптары // Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференциясының еңбектері. Шымкент. - 2004. - 469 б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Электронды оқулықтар және бағдарламалар
Демонстрациялық эксперименттің мәні
ХИМИЯ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ТАҢДАУҒА ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz