Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
46.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары.
Жалпы, экологиялық дағдарыс дегеніміз қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтардың күрт кернеуі.
Арал қасіреті. Арал теңізі экологиялық апатқа дейін құрылық ішіндегі айдын су еді. Тереңдігі 53м дейін барады. Теңіз бетінің аумағы 64,5 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.
Аралдың өзіне тән ерекшеліктері өте көп. Академик Л.С. Берг осы ғасырдың басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны Керіағысты теңіз деп атаған болатын. Оның мәнісі: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытымен оңға қарай қозғалуы. Гольфстрим ағысы да солай қозғалады. Ал, Арал бұл заңға бағынбайды, себебі ол солға қарай ағады.
Экологиялық апатқа дейін Арал суының тұздануы әлдеқайда аз болған. Сырдария мен Әмудария жылына 33 миллион тонна тұз әкеледі. Бірақ, теңіздің тұз мөлшері 11 млрд тоннадан асқан жоқ. Ол өзендердің бірнеше мың жылдар бойы құйғанын санасақ, олар әкелген басқа тұздардың қайда кеткені ешкімге әлі күнге дейін белгісіз.
Арал мен Каспий егіздер болғанмен, мінездері бір-біріне қарама қарсы. Каспийде су көбейсе, Аралда азаяды. Аралда су көбейсе, Каспий суы азайып қалады. Бұл екі теңіз өзара тұтасып жатырма, әлде жоқ па деген сұрық әлі де туындайды.
Казіргі таңда калыптасқан қиын мәселені жеңу үшін Аралды 10 жыл ішінде калпына келтіру тек ТМД мүшелері мен шет елдердің бірлескен қимылы арқылы мұндай іс жүзеге асуы мүмкін. Сол сияқты Азиядағы бес республика басшылары Кіші Арал құрылысын қажет деп есептеп , сол үшін ұзындығы 13 шақырым платина салдырған болатын. Осы жағдайда Кіші Арал өз деңгейіне келді тұрғындардың әлеуметтік жағдайы күрт өзгере бастады:
Арал мен Қазалы қалаларында ауыз су құбырлары тартылды
Аналар мен балалар денсаулығын жақсарту мәселесі жоғары деңгейде қаралуда
Теңізшілер балық аулау кәсібін қолға ала бастады.
Болашақта Арал теңізінің өз деңгейіне келуіне үлкен сенімдер артамыз.
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында Семей полигонында жер асты, жер үсті және ауадағы күрделі 450-ден астам атом және термоядролық қарулар сыналған болатын . Осы жарылыстар жоғары радиациялық күші бар зардаптар әкелген.
Семей сынақ полигонында жүргізілген сынақтар әскери технология мен қаруды сынақтан өткізуден өзге мақсаттарда жүргізілді. Атом қаруын сынақтан өткізуді келесідей топтарға бөлуге болады:
- ядролық қаруды құрастыру және оны дамыту;
- апатты жағдайларды және режимдерді зерттеу;
- ядролық жарылыстардың әсер ететін факторларын зерттеу;
- бейбіт мақсаттағы өндірістік зарядтарды өңдеу.
Алғашқы ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызында жасалды. Айта кеткен жөн, бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей ауыр тигізген сынақтар ашық аспанда, жер бетінде жасалған. Тек халықаралық келісімге қол қойылғаннан кейін, ядролық сынақтарды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары өте ауыр болды. Семей полигоны маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңнан астам адам осы сынақтан қиындыққа туындаған. Әсіресе, халыққа, жан-жануарға және табиғатқа ең ауыры 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы қатты болғаны бізге белгілі.

47. "Қайта құру "мен" жариялылықтың "ел экономикасына әсері. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы.
Қайта құру жылдары деген тарихи атауды иеленген 1980 жылдардың ортасы мен 1990 жылдардың басындағы уақыт қазақ ұлтының өміріне де зор ықпалын тигізген болатын. 1970-1980 жылдары Кеңестік саяси-экономикалық жүйе тоқырауға ұшырады. Нәтижесінде, саяси-экономикалық реформалар жүргізу қажеттілігі туындады. М.С. Горбачев КОКП ОК 1985 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Балқаш проблемасы
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан(1970-1985)
Семей таңы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Семей полигонының инфрақұрылымы
Ядролық сынақтар хронологиясы
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
Пәндер