Арифметикалық амалдармен есептер шығару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін Келісілді
Мектеп директоры Аудандық білім бөлімінің
-------------------------- ---------------------:
Ж.Рыспембетова ------------
08. 2021 ж 08. 2021 ж

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Курс атауы:
Арифметикалық амалдармен есептер шығару
Элективті курс бағдарламасы

Сынып:
4
Сағат саны:
34

Бағдарлама авторы:
Алшынбай Айнұр Сәрсенбекқызы

Шиелі ауданы
2021 жы
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Арифметикалық амалдармен есептер шығару

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

4 сынып

Шиелі ауданы , 2021 жыл

ҚҰРМЕТТІ ДОС!

Бүгін біз сенімен ғажайып математика әлеміне
саяхаттауға аттанамыз. Ол жерде арифметикалық
амалдармен және көп таңбалы сандармен есеп шығару
жолдарын үйренесің. Математикадан алған білімің күнделікті
өмірде қалай қажетіңе білу сен үшін қызықты да пайдалы
болмақ. Ынталы, еңбексүйгіш және мақсатыңа жету жолында
табанды бол! Білім жолындағы табысыңа сәттілік тілеймін!

1 2
Негізгі ұғымдар:
Математиканың даму тарихы сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер
Кіріспе

1.1.Математика ғылымының шығу тарихы

Математика - тарихы ұзақ ғылым. Математика деген атау гректің mathematikeдеген сөзінен туындаған, оның мағынасы бізше Білім,ғылым деген сөз. Математика-ұзақ тарихқа ие ғылым, оның тарихы қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты болып, ол төрт кезеңге бөлінеді.
Математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туылу, қалыптасу кезеңі. Осы дәуірде арифметика, алгебра, геометрия, тригонометриялар айрым теориялық пән болып қалыптасқан.
Осы заманғы математика дәуірі, яғни , жиын теориясының жарыққа шыққан кезеңі. Бұл кезең 19 ғасырдың орта тұсынан басталған. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап математика және математикалық логика ғылымының көмегінде компьютер жасалды. Бұл математикадағы ең зор өзгеріс болып, математиканы бір түрлі техникаға, яғни математикалық техникаға айналдырды.
Математиканың туу, даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бірітіндеп қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ертеде, тарихқа дейінгі заманда,санау қажеттілігі туған кезде пайда болған. Геометрияның бастапқы қарапайым ұғымдары табиғатты бақылау, тікелей практикалық өлшеу тәжірибелерінен алынған. Математиканың бастапқы мағұлматтары барлық халықтарда болған. Ғылымның дамуына, әіресе Египетте (Мысыр), Вавилонда жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл елдерде 5-4 мыңжылдықтарда өзіндік мәдениет өркендеп, ғылым білім жинақталған. Күнтізбе жасау құрылыс салу, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан-жақты байланыс жасау ісі математикалық білім дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы оның қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса басталды.

Мұны да білген жөн: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады

Сен білесің бе?
Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс(Қытай, Үнді, Бабилон, Мысыр).
.

2
1.2. Арифметикалық амалдардың алгоритмдері

Негізгі ұғымдар:
Арифметикалық амалдар

370
948
1.
709
400
205

Әр сандағы жүздіктерді, ондықтарды және бірліктерді ата.
Әр санда барлығы неше ондық бар?
Берілген сандарды өсу ретімен жаз. Ең үлкен саннан кіші санды азайт.Оны қосумен тексер.
Ең үлкен санды 2-ге бөл. Оны көбейтумен тексер.

2. Есепті әртүрлі тәсілмен шығар және түсіндір.
Сыр Ұланы жазғы демалыс Тау Самалы жазғы лагеріндегі
лагерінде 120 ұл және 180 қыз 140 ұл және 210 қыз әр топқа 70
келді. Олар әр бөлмеге 6 баладан баладан бөлініп, саяхатқа шықты.
орналастырды. Балалар неше бөлмеге Балалар саяхатқа неше топ болып
орналасты ? шықты ?

3.Амалдарды орында:
(845 - 487) * 2 (583 + 225) : 4 (716 - 312) : 4
(235 + 704) : 3 (747 - 593) * 3 (618 - 312) : 3
(750 - 250) : 5 (286 + 443) : 3 (365 + 230) : 5

4. Әр өрнек үшін тимді әдісін қарастырып, өрнектердің мәнін ауызша есепте.
242+212+88 109+391+109
119+336+264 237+137+163
512+198+202 145+255+55

3
1.3. Натурал сандар
Негізгі ұғымдар:
Көп таңбалы натурал сандардың оқылуы
Заттарды санауда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. Өсу ретімен жазсақ: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,... натурал сандар қатары шығады. Ол 1 санынан басталады. Натурал сандарға амалдар қолдануға болады.


1.Есепте.
58 * 11 - 13 19 * 25 - 344
35 * 28 - 821 46 * 13 + 27
16 * 45 - 613 96 * 14 - 1341
136 * 7 + 48 18 * 24 + 514

2.Сызба бойынша есепте.

75
87
21

93
82
15

3. Есепті шығар.
а) Бауырмақ пісіру үшін 800 г ұн жұмсалды. Ал құймақ пісіру үшін бауырсақ
дайындауға жұмсалған ұнның төрттен бір бөлігі ғана жұмсалды. Барлығы
қанша ұн жұмсалды?
б) 7 кг сәбіздің құны 210 тг. Бір кмлограмм сәбіздің бағасы неше теңге ?

4. Марафон ойыны.
Тез есептеп үйрен:
(400*2+200-1000) +(50*2:20:5) - (50*2:20:5) - (900:9:100-300*2:600)
МӘРЕ

5.Логикалық тапсырма.
Ауладағы қаздар мен қояндардың
бастарының саны -24, ал аяқтары 66.
Аулада неше қаз, неше қоян бар ?

4

1.2. Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу
Негізгі ұғымдар:
Көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдері
Сен көп таңбалы сандарды көбейту және бөлуге байланысты есептер шығарасың.

1.Өрнектің мәнін ең ыңғайлы тәсілмен тап.

58 * 3 + 42 * 3
96 * 4 - 86 * 4
2 * 5 * 7 * 9
2.Өрнек түрінде жаз. математикалық диктант
а)1486 және 8 сандарының көбейтіндісін 2 есе кеміт
ә) 2574 және 9 сандарының бөліндісін 3 есе арттыр
б)250124 және 25036 сандарының қосындысын 4597-ге кеміт
В) 5489 және 987 сандарының айырмасын 2 есе арттыр
3. Логикалық тапсырма.

Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр, қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?
Ширек - бүтін санды немесе затты төртке бөлгендегі бір үлесі

4. Сен зерттеушісің
Тапсырманы орында.
Мектеп кітапханасындағы бірінші сөреде 5 кітап, ал екіншісінде 10 кітап тұр. Оқырмандар бірнеше кітапқа тапсырыс берді. Егер сөреде 9 кітап қалса, онда қанша кітапқа тапсырыс берілді? Бірінші сөредегі барлық кітаптар орнында қалуы мүмкін бе? Екінші сөреде барлық кітаптар орнында қалуы мүмкін бе? Бірінші сөреден неше кітапқа тапсырыс беруге болады? Екінші сөреден неше кітапқа тапсырыс беруге болады? Барлық мүмкін жағдайларды қарастыр.

5

1.5 Көп таңбалы сандарды қалдықпен бөлу

Негізгі ұғымдар:
Қалдықпен бөлу формуласы

a = b * c + r r b

бөлінгіш бөлгіш бөлінді қалдық
Сонымен , қалдықпен бөлуде бөлінгіш бөлгіш пен бөліндінің көбейтіндісі қосу қалдыққа тең ( қалдық бөлгіштен кем)



1.Қалдықпен бөлу формуласын жаз. Осы формуланы пайдаланып,
а бөлінгішті тап, егер:
а) b = 7, c = 4, r =1

ә) b = 12, c =6, r =3

2. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
945625 : 40 456132 : 5 855694 : 6

3.Қалдықпен бөлуді орындап, тексер.
а) 1662 - ні 7 - ге
3458 - ді 4 - ке
63570 - ті 7 - ге
б) 564 : 5 467 : 2
178 : 7 569 : 6
478 : 4 638 : 3

4. Ең ыңғайлы тәсілмен ауызша есептеп, жауабын жаз:

а)2608 + 529 + 392 + 271

ә) 1016 + 704 + 250 + 884 + 296

5. Қалдықпен бөлуді орында:
56034 : 10
56034 : 100
56034 : 1000
56034 : 10000
6



Негізгі ұғымдар:
Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шығарылатын мәтін есептер

1.6. Мәтін есептер


1.Есепті шығар.
Жолды жөндеу жұмысына 96 т топырақ жеткізу үшін жүк машинасымен 12 рет немесе қуатты үлкен машинамен 6 рет қатынау керек. Осы топырақты тасып бітіру үшін бұл машиналардың екеуі бірге неше рет қатынаса жеткілікті?

2.Есепті шығар.
Дүкенге әрқайсысында 10кг-нан 50 жәшік қызанақ және 450кг қияр әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?

3.Есепті шығар.
Құс фермасында 51 123 балапан өсірілді, бұл үйректің балапандарына қарағанда 1459-ы артық.Құс фермасында барлығы неше балапан өсірілді?

4. Геометриялық тапсырма.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 2есе кем болса, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі қанша болады?

5.Логикалық тапсырма.
9,0,1,0,5,2,(5,7;3,6,9) цифрларын пайдаланып,ең үлкен және ең кіші алты таңбалы сандарды жаз.Олардың айырмасын тап. Айырманың мәнінен ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Тағы да айырмасын тап. Жоғарыдағы әрекеттерді ретін сақтай отырып, 3рет қайтала.Өрнектерді дәптерге баған түрінде жаз.

7
Негізгі ұғымдар:
Амалдардың компоненттері мен нәтижелері

1.7.Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері

1.Есептеп дұрыстығын тексер.

38996 + 45887 19712 : 64
789250 - 498195 29380 : 452
1000 000 - 985234 265106 : 227

8016 : 24 7153 * 210
7695 * 152 6143 * 201
95098 : 34 98211 * 111

2.Кесте бойынша өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап.
а)
Көбейткіш
987-214
10 000-9845
1258-698
Көбейткіш
6542-6245
200+150
524

ә)
Бөлінгіш
1681+694
120 000-92 000
Бөлгіш
225:45
987-967
3. Амалдарды орында.
(987 - 214) :: (6542 - 6245)

(10000 - 9845) :: (200 + 150)
(1258 - 698) :: 524
(1681 + 694 ) : (225: 45)
(120000 - 92000) : (987 - 967)

4. Есепті шығар.
32 ағашты кесуден сақтап қалу үшін, 640кг қағаз қалдығын жинау керек .100 ағашты сақтап қалу үшін, неше килограмм қағаз қалдығын жинау керек?

5.Логикалық тапсырма.
Немере атасынан: "Жасыңыз нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

8

Негізгі ұғымдар:
Жай бөлшектер, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі, сан сәулесін қолдану және пайызды % символ.
1.8. Пайыздар

Есіңе сақта!
Бөлшектің көмегімен екі натурал санды бөлу нәтижесін көрсетуге болады. Бөлшектің бөлімі (n) бүтіннің теңдей қанша бөлікке бөлінгенін, ал бөлшектің алымы (m) осындай неше бөлік алынғанын көрсетеді. Алымы мен бөлімін бөліп тұратын сызық бөлшек сызығы деп аталады.

Өмірде осы бөлшек түрінде табуға берілген мәселелерді шешуге ыңғайлы тәсіл ойлап табылған. Ол - ПАЙЫЗ ұғымы. Пайыз - нағыз өмірге пайдалы есептеу құралы. Әлемде бұл сөз procentum деп жазылып, процент деп айтылып кеткен.Пайыз % белгісімен көрсетіледі.

1 тапсырма.
А) Фигураның боялған бөліктерін бөлшек түрінде жаз

Еске сақта!
1100 үлес өзінің айрықша , арнайы пайыз атауына ие болды. Пайыз-бұл бөлімі 100 болатын бөлшекпен өрнектелетін шаманың (санның) бөлігі.

2.Тапсырманы орында.
а) Гүлзарда 300 гүл өсіп тұр, Оның 65 %-ы раушан гүлдері.Гүлзарда неше раушан гүлі өсіп тұр?

ә) Емханаға барлығы 400 қорап дәрумен әкелінді, оның 40% мектепке берілді. Дәрумендердің қанша қорабы мектепке бірілген.

3.Процентін тап.
1) 30 санының 10%
2) 400 санының 50%
3) 68 манының 25 %

4. Заттың бағасы 760 тг:
1)егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?
2)егер заттың бағасы 30 %-ға арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

5. Тапсырманы орында.
а) Мектепте барлығы 130 адам жұмыс істейді. Оның 70%-і мұғалімдер. Мұғалімдер саны қанша?

ә) Әкімшіліктен мектепті көгалдандыруға көшеттің 25%- ы бөлінді. 600 көшеттің қаншасы мектепке берілді.

б) Мектепте барлығы 700 оқушы бар. Оның 70 %-ы қазақ ұлт өкілдері.Мектептегі қазақ ұлт өкілдерінің саны қанша?

6. Тапсырманы орында.
а) Тігін фабрикасы 1500 костюм тігіп шығарды. Олардың 40%-ын жаңа үлгідегі костюмдер құрайды. Тігін фабрикасы жаңа үлгідегі неше костюм тігіп шығарған?

ә) Кітаптын бағасы 22%-ға арзандатылды. Егер бастапқы бағасы 500 теңге болса, арзандатылған бағасы неше тенге болады?

9

Негізгі ұғымдар:
Есептеудің қолайлы тәсілі.
1.9. Тиімді тәсілмен есептер шығару

1 есеп.
а) Шаруашылық бағында бірнеше түп алма және 48 түп өрік ағашы бар. Олардың барлығы 148 түп. Бақтағы алма ағашы неше түп?

ә) 600 балапанды тең бөліп торға орналастырды. Егер әр торда 120 балапан болса, неше тор қажет болды?

2.Тиімді тәсілмен есептеп, өрнектің мәнін тап.

1) (33-30)+(29-25)+(25-20)+(21-15)+(17 -10)+(13-5)
2) (50-38)+(43-32)+(36-26)+(29-20)+(22 -14)+(15-8)+(8-2)

3 есеп.
а) Шаруашылық 340 га жерге бидай, ал одан 2 есе артық жерге тары септі. Шаруашылық неше жерге тары септі?

ә) Демалыс орнына келген 375 бала тең бөлініп, 25 бөлмеге орналасты. Әр бөлмеге неше баладан орналасты? (15)

4 есеп. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6есе артық домбыра және домбыра мен қобыздан 7есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы қанша аспап алынды ?

5.Есепте.
34 :: 8 + 66 :: 8
142 :: 6 - 42 :: 6
(750 + 250) :: 8
14147 : 47 + 2691

6.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? 3. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
100

Негізгі ұғымдар:
Есептеудің қолайлы тәсілі.

1.10.Арифметикалық лабиринт

1.Математикалық лабиринттер
Лабиринт бізге не үшін керек?
Сендер саябақта орналасқан ойын алаңдарында, компьютерлік ойындар барысында түрлі өткелдерден өтіп, таңғажайып оқиғаларға кездесіп жүрсіңдер. Мұндай өткелдерден өту сендерге қаншалықты қиын болса да, жол тауып шығу - дұрыс мақсатқа жетудің дәлелі. Ол үшін дұрыс алгоритм құра білу керек. Бұндай түрлі жолдар мен өткелдерді лабиринт деп атауға болады. Лабиринт - түрлі өткелдермен жолдар арқылы берілген шатасқан күрделі құрылым. Лабиринт әртүрлі болып ұсынылуы мүмкін. Мысалы, өткелдер, үлкен залдар, алаңдар, кедергілері бар қабырғалар және тағы басқа түрлері бар. Лабиринттен шығудың бір ғана жолы боллады ма? Лабиринттің күрделілігіне байланысты шығудың бір немесе бірнеше жолы болуы мүмкін. Бірнеше жолы болған жағдайда ең тиімді тәсілді таңдаған жөн.

Таблицаға 1 - 20 дейінгі сандар жазылу керек. Мұндағы торкөздер саны - 16. Таблицаға қандай сандар жазылмаған? Оларды жаз.

8
4
14
2

1
13
4
9
13
18
10
16

8
18
2
16
19
1
5
20

19
5
14
17
6
11
17
9

3
15
10
7

2.Сызба бойынша өрнектер құрастырыр және амалдар ретін анықта.

4860
+
860

3000
+
?
:
4
::28

3. Жақшаларды теңдіктер тура шығатындай етіп орналастыр.
а) 9 * 8 + 12 : 4 + 2 = 74
ә) 9 * 8 + 12 : 4 + 2 = 23
б) 9 * 8 + 12 : 4 + 2 = 47

4.Кері бағытты тез есепте:

110

1.11.Судоку шешу

Судоку-жапон ойыны.
Ойында цифрлар пайдаланылады. Бір қарағанда қиын болып көрінгенмен қарапайым ережені біліп алған кейін оп-оңай. Судоку ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, мидың жұмыс істеуіндегі кедергілерді жойып, миға байланысты аурулары емдейді. Ғылымдардың ұсынысы бойынша СУДОКУ шешуді күнделікті әдетке айналдырған дұрыс.
Ойын жеңілдетілген ,орташа ,қиын және өте қиын деңгейлерден тұрады.
Ойын ережелері:
Ойын 9*9 торкөзді шаршыда жүргізіледі.Бұл шаршы 3*3 торкөзді шаршыларға бөлінген.9*9 шаршы үлкен,ал 3*3 шаршылар кіші шаршылар деп аталады.
Ойынның мақсаты:
Бос тор көздерді 1-ден 9-ға дейінгі цифрлармен мынадай 3шарт орындалатындай етіп толтыру керек.
Кіші 3*3 шаршы цифрлар қайталанбайды.
Көлденен орналасқан цифрлар қайталанбайды және тігінен орналасқан цифрлар қайталанбайды.

Судоку тапсырмаларын үлгіге қарап орындауды үйрен.
2.Судоку тапсырмаларын орында.
а) ә)

3 тапсырама.
а) ә )

4.Кестені толтыр.

а
101
110
1001
1010
1100
10010
а* 7

5.Ең тиімді тәсілмен есепте.

10021+ 10022+ 10023+ 10024+ 10025+ 10026+ 10027+ 10028+ 10029+ 10020 =?

120
Математикалық викториналар

1. Кім жылдам ?
1) Бір айда 5 жексенбі бола ма?
2) Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
3) 2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
4) Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
5) Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
6) Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

2.Ай арқылы өрнекте:

1 жыл 1 ай= 1 жыл 10 ай= 1 жыл 7 ай= ?

3.Күрделі теңдеуді шешу.

860-у=210+230

4. Көбейтуді орында .
627 * 408
539 * 306
758 * 204
945 *1 09

5. Суретте қанша шеңбер, тіктөртбұрыш, үш бұрыш бар ?

6.Есепті шығар.
Дүкенге 80 килограмдық қаптармен 45 ц 60 кг сазан және 60 килограмдық қаптармен34 ц 80 кг табан балықтар әкелінді. Қай балық және қанша қап артық әкелінді?

Сазан - 80 кг - дық қаппен 45 ц 60 кг
Қай балық және қанша қап артық ?
Табан - 60 кг - дық қаппен 34 ц 80 кг
1) 4560:80=57 (қап) - сазан
2) 3480:60=58 (қап) - табан
3) 58 - 57=1 (қап)

130

Негізгі ұғымдар:
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару.
1.13.Ұлттық ойындарға қатысты есептер
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

1. Асық саны
Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады. Үшеумізде де он-оннан асық бар еді. Енді кімде неше асық қалды? - деп сұрайды бірінші бала.
-Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты - дейді екінші бала.
-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді асықтарын түгендеп қалтасына салған үшінші бала.
-Ең көп ұтылған мен болдым, - дейді бірінші бала.
Ойыннан кейін бірінші және үшінші балада қанша асық болды?
2.Жаяу жарыс

Жаяу жарысқа 200 оқушы қатысты, жарысқа бірінші сыныптан30, ал екінші сыныптан 80 оқушы қатысса, үшінші сыныптан неше оқушы қатысқан?

3.Қыз қуу

Қыз қуу ойынына 12 жұп қатысты. Ат құлағында ойнайтын қыздар мен жігіттер ойынды бастады. Ойын аяқталғанда жеңілген қыздардың саны, жеңген қыздардың санынан 3 есе аз екендігі белгілі болды. Ойында неше қыз бала, неше ер бала жеңіске жеткен?

4.Қыз ұзату

Қыз ұзату тойында қазақтың көне ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Жамбы атуға 35 мерген, теңге атуға жамбы атудан 12адам артық қатысады. Ал қазақша күреске алғашқы екі ойынға жастардан 15 адам кем қатысқан. Үш ойынға барлығы қанша жастар қатысқан?

5.Теңге алу

Теңге алу ойынына көп жігіттер қатысты. Жеңгені жеңілгенінен төрт есе көп болды. Ал бес жігіт қанша ұмтылғанымен теңгені жерден ала алмады. Ойынға қанша жігіт қатысқан?

6.Сырмақ сыру

Сырмақ сыру қол өнерінен жазғы демалыс кезінде бірнеше қыздар жарысып, бірінші қыз 8 күнде, ал екінші қыз бірінші қыздан 6 күн кейін бітірді. Бірінші мен екінші қыздың жұмыс істеген күндерін екі есе кемітсек, үшінші қыздың сырмақты неше күнде бітіргенін табамыз. Екінші және үшінші қыздар жұмыстарын әрқайсысы қанша күнде бітірген?

7.Айгөлек

Айгөлек ойынын ойнауға келген бір топ бастауыш сынып оқушылары теңдей бөлініп, қарама-қарсы қол ұстасып тұра қалды. Ойын соңында оң жақта 9 бала қалды, ал сол жақта оң жақтағыдан 12 оқушы артық болды. Әрбір топта неше оқушы болған?

8.Қарқылдаған қарға
Әрбір бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып, бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша, қарға қанша?

9.Қазақша күрес

Қазақша күрестен болған жарысқа бірінші күні 12 жұп палуан, екінші күні бірінші күнгіден 5 жұп артық, ал үшінші күні алғашқы екі күнгіден екі есе аз палуандар кілемге шықты. Үш күнге барлығы неше палуан күреске қатысты?

10.Өрістегі жылқы

Барлық жылқының үштен бірін және екеуін бөліп алды. Бұдан соң қалған жылқының жартысын айдап кетті. Сонда қрісте 9 жылқы қалды. Алғашқыда неше жылқы болды?

2-сабақ

Бөлім:
Күні:
Сынып: 4
Мектеп № 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Алшынбай Айнұр
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық амалдардың алгоритмдері
Сабақтың мақсаты

Арифметикалық амалдардың алгоритмдері туралы есептерді өз бетінше шығару іскерліктерін қалыптастыру.
Тілдік мақсаттар
Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні,бөлгіш, бөлінгіш,бөліндінің мәні.
Құндылықтарға баулу
Еңбек пен шығармашылық.
Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында еңбек пен шығармашылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс
Еңбекке баулу,жаратылыстану
Алдыңғы білім
Көптаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Жоспар
Сабақты жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
I . Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ой қозғау.
Күнделікті емле жаттығулары
Шығармашылық тапсырма:
Математикалық диктант өткізуге болады. Өрнектеп жазып, мағынасын табуға тапсырылады.
37 санын 5 пен 3- тің көбейтіндісін қос;
71 санынан 3 пен 5- тің көбейтіндісін азайт;
8 бен 2 сандарының көбейтіндісіне 83-ті қос;
4 пен 3-тің көбейтіндісінен 12санын азайт;

Жаңа сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық амалдардың алгоритмдері
Топтастыру.
Сыныпты арифметикалық төрт амалмен топтастыру.
Түрлі тапсырмалар
жазылған
карточкалар.

Ортасы

Белсенді оқу ортасы.
№1.Топтық жұмыс. Кім жылдам? әдісі арқылы.
370
948

709
400
205

Әр сандағы жүздіктерді, ондықтарды және бірліктерді ата.
Әр санда барлығы неше ондық бар?
Берілген сандарды өсу ретімен жаз. Ең үлкен саннан кіші санды азайт.Оны қосумен тексер.
Ең үлкен санды 2-ге бөл. Оны көбейтумен тексер.
Қ.Б. От шашу топтар бірін бірі бағалайды.
Жұптық жұмыс
2. Есепті әртүрлі тәсілмен шығар және түсіндір.

Сыр Ұланы жазғы демалыс
лагерінде 120 ұл және 180 қыз
келді. Олар әр бөлмеге 6 баладан
орналастырды. Балалар неше бөлмеге
орналасты ?

Тау Самалы жазғы лагеріндегі 140 ұл және 210 қыз әр топқа 70
баладан бөлініп, саяхатқа шықты.
Балалар саяхатқа неше топ болып
шықты ?

Қ.Б. Екі жұлдыз, бір ұсыныс топтар бірін бірі бағалайды.

3.Амалдарды орында: Жеке жұмыс

(845 - 487) * 2(583 + 225) : 4 (716 - 312) : 4
(235 + 704) : 3(747 - 593) * 3 (618 - 312) : 3
(750 - 250) : 5(286 + 443) : 3 (365 + 230) : 5

4. Әр өрнек үшін тимді әдісін қарастырып, өрнектердің мәнін ауызша есепте.
242+212+88 109+391+109
119+336+264 237+137+163
512+198+202 145+255+55

Қ.Б. Бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.

Оқулықпен жұмыс,
дәптерлер, электронды оқулық.
Сабақтың соңы

Кері байланыс.
Математикалық диктант әісі арқылы кері байланыс орнату.

Рефлексия:

Үйге тапсырма:

3- сабақ

Бөлім:
Күні:
Сынып: 4
Мектеп: №149 Ә. Монтаев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: А.Алшынбай
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы:
Натурал сандар
Сабақ мақсаттары
Миллиондар мен миллиардтар класымен және олардың разрядтарымен таныстыру;жаңа есептеу бірліктері мен есептеудің ондық жүйесіндегі жаңа кластардың пайда болу принципін тиянақтау.
Тілдік мақсаттар
Разряд, класс, миллион, миллиард
Құндылықтарды дарыту
Рухани жаңғыру мақсатында елінің,жерінің, мәдинетін мен салт дәстүрлерін болашақ жас ұрпаққа насихаттау. Топтық жұмыстар арқылы балаларды тату болуға, адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Математика, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары
ноутбук
Бастапқы білім
Арифметикалық амалдардың алгоритмдері

Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Дереккөздер,
ресурстар
Сабақтың басы

Сабақтың ортасы
20 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық
Ой қозғау Кім жылдам?
Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
1.Үлестірмедегі сандарды оқытып, кластар мен разрядтарға жіктету.
125454
502350
8021
300241
Топтастыру.
Толық ондықтардан құралған сандармен 4 топқа бөлемін.
Тақырып.
Натурал сандар
Көп таңбалы сандарды класс және разряд бойынша кестемен түсіндіру.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 сандар қатары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 натурал сандар
0 натурал санға жатпайды. Бұл сандар араб цифрлары деп аталады.
Заттарды санауда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. Өсу ретімен жазсақ: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,... натурал сандар қатары шығады. Ол 1 санынан басталады. Натурал сандарға амалдар қолдануға болады.
Ұ.Ж Белсенді оқу ортасы.
Аквариум әдісі
1.Есепте.
58 * 11 - 13 19 * 25 - 344
35 * 28 - 821 46 * 13 + 27
16 * 45 - 613 96 * 14 - 1341
136 * 7 + 48 18 * 24 + 514

Қ.Б: Бағдаршам арқылы бағаланады.

Жұптық жұмыс.
2.Сызба бойынша есепте.

75
87
21

93
82
15

Қ.Б.Өзара бағалау.

3. Есепті шығар. Жеке жұмыс.
а) Бауырмақ пісіру үшін 800 г ұн жұмсалды. Ал құймақ пісіру үшін бауырсақ
дайындауға жұмсалған ұнның төрттен бір бөлігі ғана жұмсалды. Барлығы
қанша ұн жұмсалды?
б) 7 кг сәбіздің құны 210 тг. Бір кмлограмм сәбіздің бағасы неше теңге ?
Қ.Б. Стикер арқылы бағалау.

4. Марафон ойыны.
Тез есептеп үйрен:
МӘРЕ
(400*2+200-1000) +(50*2:20:5) - (50*2:20:5) - (900:9:100-300*2:600)

5.Логикалық тапсырма.

Ауладағы қаздар мен қояндардың
бастарының саны
-24, ал аяқтары 66.
Аулада неше қаз, неше қоян бар ?

Сабақтың соңы

1.Кері байланыс: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

2.Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не білдік?
3.Үйге тапсырма

4-сабақ
Мектеп
№ 149 Ә.Монтаев атындағы орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Алшынбай Айнұр
Сынып: 4-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Көптаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру. Көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау.
Тілдік мақсаттар
Пәндік мақсат:
Көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін түсіндіруді;
көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді түсіндіруді біледі.
Пәндік лексика және терминология.
көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттері;
көптаңбалы сандарды бір таңбалы сандарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мектептегі математиканы оқыту бағдарламасы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды арифметикалық амалдарды шешуге үйрету
Математиканы оқыту міндеттері
Бастауыш мектепте арифметикалық амалдарды
Дайындық тобына арналған бағдарламалық материал
Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйрету
Есептің шешуін тексерудің тәсілдері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың міндеттері.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
Пәндер