АНТРОПОЦЕНТРИКАЛЫҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ


ҒТАМП 17. 01. 09 https://orcid. org/-0001-6224-4770
*Алиева Салима Апбазовна
«Логистика және көлік академиясы» АҚ,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
АНТРОПОЦЕНТРИКАЛЫҚ МАҚАЛ -МӘТЕЛДЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
(орыс - қазақ мақал-мәтелдері негізінде )
Аннотация . Мақал-мәтел халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. . Қазіргі жаһандану заманында өскелең ұрпақты сана-сезімі, ақыл-ойы қазақи ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын, бар асылды бойына сіңірген саналы ұрпақ етіп тәрбиелеуде мақал-мәтелдің алар орны ерекше. Әр бір мақалды оқи отырып оның мағынасын түсініп, өмір жолына бағыт алып, кез келген әрекетке қорытынды жасап, саралай білуде даналардан шыққан асыл сөздің пайдасы тиері сөзсіз. Мақалада қазақ және орыс тілдеріндегі мақалдардағы әйелдің сыртқы және ішкі қасиетін, сапасын көрсететін құрылымдарды зерттеу негізге алынған. Әр ұлттағы әйелдерге тән әр түрлі ұлттық ерекшеліктер мен құндылықтарды қарауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктердің семантикасын талдауға жүгінеміз. Әйел паремиясы жүйесін қалыптастыруда антропоцентрикалық бастаудың тығыз байланысы көрсетілді.
Кілтті сөздер: тілдік бірліктер, нақыл сөздер, антропоцентрикалық, паремия, әйел қасиеті, адами құндылықтар, бейнелеу құралдары.
*Алиева Салима Апбазовна
АО «Академия логистики и транспорта»,
Республика Казахстан, г. Алматы
ОБРАЗ ЖЕНЩИНЫ В АНТРОПОЦЕНТРИЧЕСКИХ ПОСЛОВИЦАХ
(на основе материала русско-казахских пословиц и поговорок)
Аннотация . Пословицы и поговорки - совокупность драгоценной художественной мысли, пришедшее с давних пор устное народное творчество, познанное своими особенностями.
Драгоценное наследство делающее выводы одним словом, прибавляющее в светлое будущее, познающее жизнь. В нем сохранились нравственные заповеды жизни населения в процессе практики, сохраняя народную мудрость.
В современном обществе пословицы и поговорки играют высокую и особую роль в воспитании интелектуальных ценностей, самосознания подрастающего поколения.
Читая каждую статью, вчитываешься и углубляешься в значение, делаешь выводы каждому действию, узнаешь пользу драгоценных слов.
Предметом нашего исследования являются антропоцентрические подходы к изучению структуры, отражающие внешние и внутренние качества женщины в казахском и русском сознании. Мы обращаемся к анализу семантики языковых единиц, позволяющей рассматривать различные национальные особенности и ценности, присущие женщинам в прошлые времена. Показана тесная связь антропоцентрического начала в формировании системы женского паремии.
Ключевые слова: антропоцентрический, когнитивный, паремии, языковая единица, языковое сознание.
*Aliyeva Salimа Abbasovna
Academy of Logistics and Transport,
Almaty, Republic of Kazakhstan
THE IMAGE OF A WOMAN IN ANTHROPOCENTRIC PROVERBS
(based on the material of russian-kazakh proverbs and sayings)
Кіріспе
Тіл- қай халықтың болсын ең ұлы байлығы. Ғасырлар барысында тілде адам ойларының, тәжірибесінің баға жетпес қазына байлығы жиналады. Адамның ақыл-ойы, оның сипаты, тарихы, дүниетанымы, мақал-мәтелдер сияқты айқын емес. "Тіл-бұл адамның жұмысы толық мағынада, және шебердің кез келген шығармасында оның жеке тұлғасына әсер еткен. » [1, 167 б] .
Орыс және қазақ тілдерінде жиналған мақал- мәтелдер өте көп. Оның санына жету мүмкін емес. Олар ғасырдан ғасырға өтіп, бір ұрпақтан екіншісіне беріледі. Біз бүгінгі күнге дейін жеткен мақал-мәтелдерді зерттей отырып әр түрлі дәуірдегі адамдардың өмірінде не болғанын, олардың қуанышын, көз жасы мен махаббатын және ренішін, өкпесін, ашуын не тудырғанын, өтірікке, алдауға қалай қарайтынын, олар үшін ең басты адамгершілік құндылықтар не болып табылғанын білеміз. Оның барлығын біз халық ауыз әдебиетінің бізге дейін жеткен мақалдарынан, ертегілерінен, жұмбақтарынан, жаңылтпаштарынан т. б. оқып біліп отырамыз.
Паремия бейнелеу, суреттеу құралы ретінде адамдарға өткен әлемнен хабар береді. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың қалай жалғасып келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Паремияда халықтың тіршілігі, арманы, өмірі, оның уайымдары, үміті, менталитеті, қорқынышы ашылады. Біз адамның әр түрлі оқиғаларды, іс-қимылдар мен іс-әрекеттерді қалай бағалағанын, немен өмір сүргенін және неге сенгенін түсінеміз. Мақал - мәтелдер халықтың жан-дүниесін түсінуге көмектеседі. Ұзақ уақыт бойы адам даналық пен тәжірибе жинақтап, осы әлемді игерген. Адам алған барлық білімдер өткен адамға тән әдет-ғұрыптарды, адамгершілік және рухани қасиеттерді, түрлі ұлттық ерекшеліктер мен құндылықтарды егжей-тегжейлі қарауға көмектесетін мақал-мәтелдерде көрініс тапты.
Антропоцентризмді қазіргі лингвистикадағы басты параметрлердің бірі екендігін көрсете отырып, Е. С. Кубрякова оны "зерттеудің ерекше принципі, ол ғылыми нысандар ең алдымен адам үшін олардың рөлі, өмірлік қызметі, адам тұлғасын дамыту және оны жетілдіру үшін зерттеледі. Ол адам қандай да бір құбылыстарды талдау да есептеу нүктесіне айналғанын, оның болашағы мен соңғы мақсаттарын анықтай отырып, осы талдауға тартылған екенін көрсетеді . . . Лингвистикада антропоцентрикалық принцип "Тіл және дене - ғасыр" бірлігінде тілдік құбылыстарды қарастыру талпынысымен байланысты”». [2, 212 б] .
Материалдар және әдістер
Мақалада зерттеу жұмыстарында көп қолданылатын - қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерді фразеологиялық және лексико-грамматикалық тұрғыдан салыстырмалы әдісті, уақыт бойынша жүйелейтін - мерзімдік әдісті және жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін логикалық және жүйелілік әдістерді қолданамыз. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі шыққан еңбектерге сараптама жасай отырып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Тілдік бірліктерді зерттеудің антропоцентрикалық әдіс-тәсілі "тіл - адам - мен" деген үш бірлестікті қосып зерттейміз.
Халық даналығының заңды көрінісі болып табылатын екі тілдегі мақал-мәтелдерді салыстыра отырып олардың тілдік құралдармен өрнектелген қатынастарын салыстыра зерттеу біздің мақаламыздың негізгі мақсаты болып табылады.
Антропоцентрикалық тәсіл қазіргі уақытта лингвистикалық зерттеулерде ойып тұрып өз орнын алған және осы кезеңде қалыптасатын жаңа ғылыми (лингвистикалық) парадигманың негізгі сипаттамаларының бірі ретінде ұғынылады. Тілдің барлық құбылыстары адам феноменімен тығыз байланыста қарастырылады.
Орыс-қазақ мақал-мәтелдерінде әйел тақырыбы ешқандай ассоциативті байланыстарсыз-ақ қазақ - орыс тілдерінің ментальдік, рухани мәдениет, социум проблемаларын қозғайды.
Тілдік бірліктерді зерттеуде антропоцентрикалық тәсіл қазақ-орыс тілінің лексикалық жүйесін феномен ретінде айқындайтын принципті анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, антропоцентрикалық көзқарас адам болмысының мағыналық құрылымын анықтауға және олардың қазақ-орыс халқының мәдениетін қалыптастырудағы рөлін анықтауға мүмкіндік береді. ең айқын антропоцентризм бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынаста болатын белгілі бір уақытқа жататын адамдардың отбасылық әдет-ғұрпын сипаттайтын паремияларда көрінеді.
Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында "Тәңірдей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін Истемін қаған" деген жазу осының дәлелі. Құранда "Еркектерді биік қылып жараттық. Әйел еркектермен таласпасын. Олар несібесіне қанағат қылсын" дейді. Оны жоғары қылып жаратуының себебі табыс табушы еркек табысын отбасымен бөліп жеу керек. Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңірден алып отырған. Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Өйткені әйел мен еркек ешқашан теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптылығын сақтаған. Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек. Ата- бабаларымыздың отбасылық өмірінде ер адам үйдің жалғыз иесі, отбасы басшысы болған көріністер үстем болды. Барлық үй ішіндегілер оны бұлжытпай мойынсұнуға тиіс болды. В. И. Даль жинаған орыс халқының мақал-мәтелдерінде де әйелдің қоғамның әлеуметтік мүшесі ретіндегі мәртебесі ер адамның әлеуметтік мәртебесінен айтарлықтай төмен болды. Қазақ мақалдарындағы жүргізілген зерттеу жұмыстары да отбасындағы әйел адамның еркектен біршама төмен тұрғандығын көрсетеді. Яғни мұндай құбылыстар бір ғана халыққа тән емес, көрші жатқан халықтардың өмір сүру салтының бір - бірінен алшақ кетпегендігінің көрінісінен хабар береді. Ер азамат үйдің асыраушысы екендігін, сондықтан оның үйдегі орнының барлық уақытта жоғары болатындығын дәлелдейді.
Нәтижелер және талдаулар :
Соңғы уақыттарда қазақ тіл білімінде гендерлік тұрақты тіркестердегі әйел лексемасын қарастырған А. Смайловтың зерттеу еңбегінде [9, 25 б], қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытын айқындап, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнының аялық білім деңгейі тұрғысынан түсіндірген А. Байғұтованың кандидаттық диссертациясында [10, 143б], әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты мен ономасиологиялық негіздерін жан-жақты зерттеп, әйел қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын тілдік және тілдік емес факторлар арқылы анықтап, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастырған А. Әлімжанова [11, 24 б] еңбектерінде қарастырылғандығын атап өткен жөн.
«Әйелдің еркектен төмен тұруы » моделі: " . . . Ер адам рудың негізін қалаушы және жалғастырушысы ретінде қаралды. "Күйеу әйелдің басшысы". Христиандар апостол Павелдің осы сөздеріне бар наным сенімдерімен сен отырып соған сәйкес уағыз жүргізді. Бұл жанама түрде лексема адамның тек ер адамға қатысты екенін көрсетеді . . . " [1, 37 б] .
Ер адам, ең алдымен, әйелге әлсіз жан деп қарады, барлық жаман істердің бастауы деп санады, ақылы мен білімі жоқ деп есептеді.
Орыс тілінде: «Без мужа - что без забора, без жены - что без крыши»; «Курица не птица, а баба не человек»; «Без мужа - как без рук, без жены - что без ума»; «Кобыла не лошадь, баба не человек»; «Мать у корзины накормит, отец у сусека заморит»; «Я думал, идут двое, ан мужик с бабой»; «Дал муж жене волю - не быть добру».
Қазақ тілінде: «Еркек - бас, әйел - мойын»; «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық»; «Қатын бастаған көш оңбас»; «Әйел - жануар мен адам арасындағы өтпелі мақұлық-жаратылыс»; «Әйел - ер адам асырап, қолға үйреткен ең ақырғы жануар»; «Әйел кұны бес байтал»; «Байтал жүйрік, парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ»-деген мақал-мәтелдер екі тілдегі мағыналық ұқсастықты дәлелдейді.
«Ақымақ әйел» моделі: Орыс тілінде: «Без мужа - что без головы, без жены - что без ума»; «Собака умнее бабы: на хозяина не лает»; «Волос долог, да ум короток»; «У бабы семьдесят две увертки в день»; «С бабой не сговоришь»; «Бабу не переговоришь»; «Жена льстит - лихо мыслит»; «И дура жена мужу правды не скажет»; «Пока баба с печи летит, семьдесят семь дум передумает»; «Женский обычай - слезами беде помогать».
Қазақ тілінде: «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа»; «Әйел - шашы ұзын, ақылы қысқа болмыс»; «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық»; «Әйел ақылсыз, бақа көріксіз».
«Жақсы әйел» моделі: Жақсы әйел күйеуінің нұсқауларын басшылыққа алып, оның рұқсатын сұрау керек. Әйел өз ақылымен өмір сүруге тиіс емес. Орыс тілінде: «Женский ум - днем в делах, а ночью - в детях, а мужской и днем в чужих дворах, и ночью - в кабаках»; «Знай, баба, свое кривое веретено»; «Женская разумность не горда, а тиха, но защитит от всякого лиха»; «Толки пестом, а язык за щеку».
Қазақ тілінде: «Жаксы әйел жаман еркекті түзетеді, жаман әйел жаксы еркекті жүдетеді»; «Жақсы әйел - зейнет, жаман әйел - бейнет»; «Ерін баққан әйел елін де бағады»; «Болдыратын да, толтыратын да қатын»; «Батырды екі долы қатынның бірі туады, би мен көсемді әйелдің ілуде біреуі туады»; «Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды, жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын»; «Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын».
«Жаман әйел» моделі: Ғаламның тілдік бейнесінде «Жаман әйел» стереотиптік үлгісін беретін мақал-мәтелдер «Әйелі жаман болса еркектің қадірі кетіп, ел алдындағы абыройы түседі» деген ой тұжырымдайды. Орыс тілінде: «Ангел - ласковая жена, злая - сатана»; «Бери жену добрую, ищи друга честного: жена добрая от зла отведет, друг честный карман не оберет . . . »; «Добрая жена - веселье, а плохая - злое зелье»; «Добрая жена дом сбережет, а плохая - рукавом разнесет»; «Добрая жена дом сбережет, а худая рукавом растрясет»; «Железо уваришь, а злой жены не уговоришь».
Қазақ тілінде: «Жаман катын алғанның жауы үйінде»; «Қатыны жаман - ер азар, қарашасы жаман - хан азар»; «Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа»; «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыларсың»; «Ер жігітті қартайтатын үш нәрсе бар: шабан ат, жаман қатын, өтпес пышақ»; «Қатының жаман болса, арманың кетер, қапа-қасіретпенен заманың кетер».
«Әйел - ана» моделі. Кез-келген адам анасын бағалайды. Мыңдаған жыл бұрын да, қазір де осылай болды. "Ана" сөзімен әрбір бала ұйықтайды және оянады. Және ересек болған сайын біз өзімізге өмір сыйлаған адам туралы ешқашан ұмытпаймыз. Ана туралы мақал көп. Мақал-мәтелдердің тілі көркем суреттерге бай, әртүрлі. Орыс тілінде: «Мать кормит детей, как земля - людей»; «Родную мать никем не заменишь»; «Сердце матери лучше солнца греет»; «Птица радуется весне, а мать деткам»; «Ребенок без матери - что стол без скатерти»; «Куда мать, туда и дитя»; «Материнская ласка конца не знает»; «Никто так детям не верит, как мать родная»; «Мать всякому делу голова»; «Нет друга нежнее матери»; «Кто матери не послушает, в беду попадет»; «Для матери ребенок до ста лет детенок».
Қазақ тілінде: «Ана болған дана болады»; «Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс»; «Мылқаудың тілін анасы біледі»; «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді»; «Ана жақсылығын ауырсаң білерсің»; «Ақ жаулығы ананың - ақ көрпесі баланың»; «Ананың басқан жерінде пейіш бар»; «Ана баласын арыстанның аузынан алады»; «Анасыз үй - панасыз»; «Ағайынның алтын сарайынан, анаңның жыртық лашығы артық»; «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан да құтыла алмайсың»; «Алты жеңге бірігіп ана болмас»; «Ағайын - алтау, ана - біреу»; «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды»; «Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа» т. б. мақал-мәтелдер енеді және зерттеу жұмысының барысында осы тақырыптағы мақалдардың ұшан-теңіз екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан да «ана» тақырыбы кез келген халықта «әйел» деген сөзден биік тұратынын көруге болады.
«Күйеу мен әйел » моделі. Қазақ халқының түсінігіндегі әйел адамның орны ұлт болып қалыптасқанымыздан бері өте жоғары бағаланған. Оның жұмсақтығы, мейірімділігі және жанашырлығы ер адамдардан ерекше етіп тұратын басты факторлар болып табылады. Әйел адамның ерлерге қарағанда физикалық және эмоциялдық (стресске шыдамдылық) тұрғыда әлсіздеу келетіні, алайда, сол кемшіліктері басқа көптеген артықшылықтарымен толықтыратыны ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Бірақ, әйелдің әлеуметтік ортада алар орны төмен болғанына қарамастан, бұл мақал-мәтелдерде күйеуі мен әйелін бір- біріне құдай қосқанын көрсетеді, әйел үйде жайлылық жасап, отбасылық бақытқа жетуге ықпал етті. Орыс тілінде: «У милостивого мужа и жена досужа»; «От жены ждешь ласки - будь с нею ласков»; «Муж да жена - одно тело, одно дело, себя не бьешь и на нее руки не подымай»; «Как ты зол ни бываешь, свою голову в сердцах не разбиваешь, а жена мужу и душа и разум»; «Кто жену бьет, себя в ад ведет»; «В колодец не плюй, дом подновляй, детей учи, а бабу не обижай»; «Не люби, кто нравом крут, у него пойдешь под кнут, а с добрым, ласковым, будет жизнь сказкою»; «Яблоко собирай не тряскою, к жене руку простирай только с ласкою»; «Красна пава пером, а жена нравом»; «С доброю женою и муж честен»; «Жена без вины век слезы льет, а муж и винен ей ответа не дает»; «Каков бы ни был муж - от жены ждет добра и ласки, то же наперво и ей должен».
Қазақ тілінде: «Әйел - үйдің қазығы»; «Әйел - үйдің көркі, еркек - түздің көркі»; «Байдың атын қатын шығарады, қатынның атын жетім шығарады»; «Еркек - түздің аңы, әйел - үйдің қамы»; «Еркек - үйдің егесі, әйел - үйдің шегесі»; «Үйді қырық еркек толтыра алмайды».
«Әйел денсаулығы» моделі: Мақалдарда әйелдердің сыртқы дене бітімі көп байқалады. Әйел дене бітімінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі денсаулық болды, себебі ол отбасына, балаларға қамқорлық жасайды. Орыс тілінде: «Больная жена мужу не мила»; «Кругла, бела, как мытая репка, видно, она с серебра умывается»; «Здоровье - первое богатство, а второе - счастливое супружество».
Қазақ тілінде: «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық -ақ жаулық, үшінші байлық- он саулық»; «Денсаулық - зор байлық»; «Жарлының байлығы - денінің саулығы»; «Ауру - астан, дау - қарындастан»; «Аурудың алдын ал»; «Ауруын жасырған өледі». Орыс тіліндегі мақалдардан бір айырмашылығы қазақ тілінде нақты әйелдің денсаулығы деп көрсетілмейді. Жалпылама түрде денсаулықтың маңызды екендігі туралы айтылады. Яғни өмір бойы түзде өткен қазақ әйелдерінің өзінің денсаулығына қарауға да мүмкіндіктері болмағандығын көрсетеді.
«Сұлу әйел» моделі: Сұлулық қыздардың, қыздың өмір сүру салтының символы болды, ол үй ошағының, күйеудің, оның ар-намысы мен төзімділігінің символы болып табылады Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады. Орыс тілінде: «Женская красота мужа прельщает, а женский ум - спасает»; «Как ни велик мужской ум, а без женского он останется половинчатым»; «Красота приглядится, а ум пригодится»; «Красота хороша, а ум лучше»; «Красота без ума, что дом без угла, недолго радовать будет»; «Коса - девичья краса»; «Красная девка в хороводе, что маков цвет в огороде»; «Девка красна до замужества».
Қазақ тілінде: «Әсіре сұлу тез оңар»; «Сұлулық- қасиет, еркек қырыққа келгенше ес кірмесе қасірет»; «Әдемілік ақылдыны сындырады, ақылсызды жынды қылады»; «Сұлулық - жүрек кілті»; «Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу»; «Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке, адамдық - ақылда, сұлулық - жүректе».
«Махаббат» моделі: Махаббат әрқашан адамның тұрмыстағы мінез-құлқының адамгершілік нормаларының идеалы болды. Махаббат адамның әлеуметтенуі, оның қоғамға кіруі процесінде де маңызды рөл атқарды. В. И. Дальдің "орыс халқының мақал- мәтелдері " жинағындағы мақалдар туралы мәліметтері, махаббат сезімі- өз махаббатының нысанына көңіл бөлу және қамқорлық көрсету екенін көрсетеді; махаббат тек адамгершілік санат ретінде ғана емес, сонымен қатар іс- әрекеттік, белсенді сипат алады. Махаббат әрбір адамға деген қарым-қатынасты көрсетеді. Кез-келген әйел баласы өзінің шынайы махаббатын табуға тырысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz