Белсенді туризмнің теориялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

1 Белсенді туризмнің теориялық аспектілері

1. 1 Белсенді туризмнің түсінігі, мәні және түрлері

Туризм - әлемдегі талай елдің тасын өрге домалатып, өркенін өсіріп отырған сала. Елдің даму деңгейін осы саланың жетістіктерімен-ақ бағалап, белгілі бір ауқымда тұжырым жасауға болады. Көзін тапқанға көл-көсір табыс құятын сала елдің дәулетін асырып, әлем қауымдастығының алдындағы беделін өсіріп қана қоймай, сонымен қатар туризмнің адам денсаулығына, оның сауығып шынығуына үлкен оң әсерін тигізетіндігі бәріне де мәлім. Әсі­ресе белсенді туризм түрлерінің адам ағзасына көп пайда тигізетіндігі белгілі.

Қазіргі уақытта адамдардың демалуға қатысты талғамы өте әртүрлі - біреулеріне теңіз шуылына тоғайып жай ғана күн астында жату ұнаса, басқалары келесі жұмыс жылына күш жинап, денсаулығын түзетуге барады. Сонымен қатар қанға адреналин жіберу арқылы ләззат табатындар да бар. Олар қауіпті жартастарға өрмелеуден, теңіз иірімдеріне секіруден, әуе шарында, дельтаплан мен парапланда ұшудан шынайы ләззат алады. Олар жыл сайын көбейіп келеді. Туристердің қалауын қанағатандырумен шұғылданатын бұл туризм түрі осы заманғы туризмнің жіктелуінен өз орнын тапты. Оны белсенді туризм деп атауға болады [1, 87 б. ] .

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет. Себептік мотивациялық жіктелу негізінде демалу, сауығу, мәдени, қоғамдық, экономикалық, белсенді, спорттық сияқты туризмнің түрлерін анықтап береді. Соның ішінде белсенді туризмге тоқталсақ.

Белсенді туризм - бұл сау дене және реттелген ой, сонымен қатар көптеген қызықты қиындықтар мен көңілді қызықты саяхаттарға толы, әрі өзіне деген сенiмдiлiк жағдайын туғызатын, адамның физикалық күшiн жұмсау негізінде жүретін туризм түрі. Ал енді нақты ғылыми түрдегі анықтамасына келетін болсақ, белсенді туризм дегеніміз - маршрут бойынша белсенді түрде, яғни өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау негізінде өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады. Сонымен қатар белсендi демалыс кез-келген жас шамасындағы адамдарға, жастарға, тіпті балалары бар жанұяларға да арналған қызықты әрі тартымды туризм түрі [2, 45 б. ] .

Белсенді туризм бұл денеге түсірілетін физикалық жүктеме мен демалу әрі сауығуды біріктіру мүмкіндігі болып табылады. Шытырман оқиғалы саяхаттар мен түрлі оқиғалы әрі қауіп-қетерлі әрекеттерді ұнататындар үшін белсенді туризм таптырмайтын олжа болып табылады. Белсенді түрдегі демалыс турлары қазіргі таңда туризм саласындағыең қызықты, танымал әрі перспективті түрлерінің біріне айналып отыр. Сонымен қатар белсенді туризм бұл күнделікті тұрмыстық іс-әрекеттерден, қалалық стресстер мен жалығудан, өндірістегі және өндірістен тыс уақыттағы шаршаулардан қашып, ағзаңыздың тонусын жақсартып, физикалық әрі рухани дамуыңызға септігін тигізетін туризмнің кереметтей түрі [3, 44 б. ] .

Туристік іс-әрекеттерді қозғалыс деңгейі бойынша жіктеуге болады: пассивті және белсенді деп. Осыдан шыға отырып белсенді туризмге белсенді қимыл-қозғалысты қарастыратын демалу түрлерінің барлығын жатқызуға болады деген тұжырымдама шығады. Ол экстремалды туризмнің барлық түрлері, спорттық туризм түрлері мен тау шаңғы туризмі және тағы да басқа белсенді іс-қимылды қарастыратын, жаяу саяхат, вело, авто, мото туризм сияқты түрлері де енеді. Яғни, белсенді туризм бұл бірнеше түрлі мақсаттағы, бірақ физикалық күш түсіру негізінде жүретін туризм түрлерін топтастыратын топтама ретінде қарастырылады.

Белсенді туризмнің өзінің жіктелуі бұлай болмаса да, сонымен қатар оны өзара қызмет ортасына байланысты түрлерге бөліп көрсетуге болады, яғни: ауада, суда, таулы мекенде, жер бетінде іске асатын белсенді туризм деп, сонымен қатар белгілі бір жаңашылдық ерекшеліктеріне баланысты экзотикалық түрлерін де бөліп көрсетуге болады (сурет 1) .

Ескертпе - мәліметтер [3] негізінде автормен құрастырылды.

Сурет 1. Туристік іс-әрекеттердің жіктелуі

1-суретте көріп отырғанымыздай, белсенді туризм түрлері ұғымын өте кең мағынада қарастыруға болады. Белсенді туризмнің түрлері өзінің құрамына туристік қызметтің түрлі бағыттарын, қарапайым жаяу жорықтарынан бастап, спорттық-экстремалды туризм түрлеріне дейін қарастырады. Бұл нешетүрлі мақсаттағы жорықтар мен саяхаттар, тау шаңғы түсулері, рафтинг, альпинизм, треккинг пен автобусты турлар және де экстремалды туризм. (Сурет 2)

Ескертпе - мәліметтер [4] негізінде автормен құрастырылды.

Сурет 2. Туристік іс-әрекеттердің түрлері

Туризмнің белсендi түрлерi өзінің қозғағыш техникасының негізінде басқа туризм түрлерiнен айырмашылығы болады. Қазіргі таңда экономикалық тұрғыдан қарағанда белсенді демалыстардың тигізетін септігі мол, бұл коммерциялық тұрғыдағы қарастырылатын пайда түсіру ғана емес, сонымен қатар белсенді демалып, тынығып келген адамның өндірісте еңбек өнімділігі де жоғары болатындығында. Сондықтан да ішкі туризмді дамытудағы басты қарастырылатын пункттердің бірі белсенді туризм мен демалыс болуы қажет. Анығында тектiк бүтiндiктi сақтау үшін және адамның физикалық мүмкiндiктерi жақсы қалыптасып, қимыл аздығын жою үшін белсенді туризмнің ролі аса зор.

Туризмнің басты объектісі тау туризмі болып табылады, ол ертеден қалыптасып, адамдарды өте қатты қызықтырады. Туристік іс-әрекеттерді жайғастыру таулар пайда болу ерекшеліктеріне, табиғат жағдайларының қалыптастыру өте қолайлы. Туристерді қызықтыратын факторлар түріне жатады. Танымдық, спорттық және мәдени тәжірибелік жорықтарды таулар арқылы ұйымдастыруға болады. Бұрын тауда шанғы тебу елімізде қазіргідей қызығушылыққа ие болмас еді. Себебі, таулы аймақтағы туризм орталықтар нашар жабдықталған болатын. Ал қазір таулы туризм сұраныс пен қызығушылық артып келеді. Тауларға жорықтар жасап, түрлі спорттық іс-шаралар өткізетін адамдар - альпинистер. Олардың арқасында таудан шаңғымен сырғанау туримзі дамып келеді. [4, 61 б. ] .

Коммерциялық турларда турист міндетті түрде туристік компанияның немесе жеке кәсіпкердің қызметтерін пайдалануы керек. Әдетте туристік фирмалардың қызметін пайдаланатын туристер негізінен спорттан гөрі рекреациялық мақсаттарды көздейді. Туристердің бұл түріне ерекше көзқарас қажет, өйткені олар туризмнің белсенді түрлерінің мамандары емес. Турист таңдаған туризм түрін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы алдын-ала хабарлау керек және туристік саяхат, рафтинг және т. б. өткізілетін аймақтың географиялық ерекшеліктері туралы хабарлау қажет.

Ұйымдастырылған туризм оңайырақ. Сапардың барлық қатысушылары спорттық клубтар мен клубтарда, олар бұрыннан таныс. Оқу кезеңінде нұсқаушы олармен теориялық және практикалық сабақтар өткізеді.

Әуесқой туристер туристік агенттіктерге тіркелмейтіндігімен және спорт клубтарына жатпайтындығымен ерекшеленеді. Мұндай саяхаттарда турист төтенше жағдайда денсаулығына қауіп төндіреді.

Белсенді туризмнің ең танымал түрі - демалыс күндері серуендеу. Әдетте туристік агенттіктер де, таулы аймақтардағы ірі қалалардың жанында орналасқан ең танымал жерлерде де спорттық секциялар ұйымдастырады.

1. 2 Белсенді туризмнің қалыптасуы және классификациясы

Кең байтақ Қазақстан жерінде белсенді туризм мен белсенді демалыстың қай түрі болса да кез-келгенінде өзіңізді сынап көру мүмкіндігіне әбден ие бола аласыз. Керемет тамаша табиғат, өзендер, айбынды таулар, ормандар мен көлдер сізге ұмытылмайтын әсер сыйлай алады және де сіздің талғамыңызға сай демалыс түрін ұсына алады. Ал енді белсенді туризм мен демалыс түрлеріне тоқталсақ.

Белсенді туризмнің барлық түрлері маусымдыққа байланысты, сондықтан оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: жазғы және қысқы.

Қазіргі таңда көршілес мемлекеттерде, оның ішінде әсіресе Рессейде бірте-бірте үлкен танымалдылыққа ие болып келе жатқан белсенді демалыстың жаңашыл түрі, ол автобағдарлау. Автобағдарлау - бұл белгілі бір мекенде, ауданда, қалада, қала сыртындағы территорияда немесе республиканың басқа аймақтарында автокөлік көмегімен өтетін, адамның тапқырлығын, амал-айлаларды шешу қабілеттілігі мен әзілшілдігін оятатын, белсендііс-әрекеттер элементерінен тұратын демалыс түрі. Яғни әрқайсысы 4-5 адамнан тұратын бірнеше топқа бірдей тапсырмаларды береді, көлік көмегімен орын ауыстырып, белсенді іс-әрекеттер мен қимылдардан тұратын тапсырмаларды орындау негізінде жарыс ретінде өтетін белсенді демалыс түрі [5] .

Вейкбординг - қысқа әрі кең тақтайда тұрған адамды катер көмегімен сүйреу арқылы іске асатын белсенді демалыс түрі. Катер қалдырған толқындарды адам трамплин ретінде қабылдап, түрлі айла-әрекеттер жасайды. Ағылшын тілінің wake-толқын, board-тақтай деген сөздерінен құралған, вейкбординг - су шаңғысы, серфинг, сноуборд пен скейтборд қосындысының негізінде пайда болған десекте болады.

Виндсерфинг - ағылшын сөзі, wind-жел және surfing-серфинг немесе сырғанау деген мағына береді. Егер серфинг - бұл қарапайым тақтайда су бетімен сырғуды білдірсе, ал виндсерфинг - бұл парус орнатылған тақтай арқылы су бетімен сырғу [6, 84 б. ] .

Дайвинг - бұл арнайы су астында тыныс алуға қажетті және тағы басқа арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен іске астын су астындағы жүзулер. Diving - ағылшын тілінен аударғанда су астында жүзу деген мағынаны білдіреді. Дайвинг міндетті түрде арнайы дайындық пен жақсы физикалық дайындықты қажет етеді. Сондықтан да мұндай турлар тек арнайы спорттық квалификациясы бар жаттықтырушылардың басшылығымен өткізіледі. Дайвингтің көптеген түрлері бар: фри-дайвинг немесе скин-дайвинг - тыныс алмай су астында жүзу; профессионалды дайвинг; спорттық дайвинг; түнгі дайвинг; мұз асты дайвингі; спелео дайвинг; батып кеткен кемелерді қызықтау мақсатындағы дайвинг; қазына іздеу мақсатындағы дайвинг; су асты аңшылығы негізіндегі дайвинг; дрифт дайвинг - қатты су асты ағыстары негізінде жүзеге асады.

Рафтинг -өте тез және қауіпті ағысы бар, көбіне таулы өзендерде рафт (қаңқасы жоқ үрмелі кеме) деп аталатын қайық арқылы жүзу. Негізінен спорттық туризмнің бұл түрі адамға көп адреналин береді. Пайдаланылатын қайық түрлеріне байланысты, каякинг және слалом деген түрлері де танымал.

Каякинг - экстремалды су туризмнің бір түрі. Жалпы үш бағыты: ескекті слалом, родео, өзен бойымен жүзу (сплав) бар. Слалом трассасы табалдырықтан жоғары орнатылады. Спортсмен қадап қойған таяқтарға тимей кедергілерден жылдам өтуге тырысады. Слалом үшін арнайы 4 метрлік композиттен жасалған қайықтар қолданылады. Родео. Слалом спорттың өте күрделі түрі болса, родео ойын-сауыққа ұқсас. Әуелі қатысушылар өз денесіне өте кішкентай және ыңғайсыз «қайықтарды» киеді. Одан кейін ең жақын орналасқан бөшкеге дейін 20 метрдей жүзіп барып неше түрлі қимылдарды жасайды. Мақсаты - ең қысқа мерзімде бөшкеде акробатикалық элементтердің ең үлкен санын орындау болады. Өзен бойымен жүзу. Мұның үш түрі бар. Ойын: өзеннің қиын емес кесіндісінде кішкентай қайықта заттарын алмай жүзу. Экспедициялық жүзу - кәдімгі су туризм жорығы. Экстремалды жүзу - ең қиын кедергілерден, өте қауіпті жерлерден жүзіп өту [9, 49 б. ] .

Кайтинг (kite-әуе жыланы) -әуе жыланының артынан сырғу дегеннен пайда болған белсенді демалыс түрі. Әуе жаландары өз артынан адамды алып жүруі үшін үлкен көлемде жасалады. Қазіргі таңда кайтингтің судағы, жер бедеріндегі және қысқы сезонда қар үстімен сырғу түрлері бар. Су бетімен сырғу - кайтсерфинг, жермен - кайтбординг, ал қарда немесе мұзда сырғуды сноукайтинг деп атайды. Сырғушы адамдар арнайы сезондық түріне байланысты жасалған сноуборд тақтайы мүсіндес тақтайларда тұрып сырғиды.

Дельтапланеризм - дельтаплан деп аталатын моторсыз ұшу аппараты көмегімен іске асатын аспандағы қалықтау. Алдына-ала арнайы дайындықты қажет ететін демалыс түрі.

Парапланеризм - ең қызықты әрі адреналин сыйлайтын ауада қалықтау негізіндегі белсенді демалыс түрі. Параплан - параплан үшін арнайы шығарылған материалдардан жасалатын жоғары технологиялық бұйым (сурет 3) .

3-суретте көріп отырғанымыздай, осыған қарамастан параплан біз білетін ұшу апараттарының ішіндегі ең арзан түрі болып қала бермек. Әрине парапланда ұшу, арнайы дайындықты қажет етеді, бірақ жаңа келгендерге арнайы екі орынды тандемдер де қарастырылған, мұндай жағдайда арнайы дайындықтың керегі болмайды [10, 112 б. ] .

Парашютпен секіру - сырт көзге белгілі бір белсенді іс-әрекеттер қимылы қарастырылмаған деп көрінсе де, бұл демалыс түрі қазіргі заманға классификацияда белсенді демалыс түріне жатқызылып, қатысушыдан қажетті деңгейдегі физикалық күш-қуатты талап етеді. Қазіргі таңда парашютпен секіруді ұнатушылар үшін солтүстік полюста парашютпен секіру турлары кең түрде ұсынылуды, бірақ бұл турлардың бағасы 8 - 9 мың евроға дейін жетеді.

Әскери туризм - бұл әскери ұшақтармен ұшу, танк экипажы құрамында болу және де әскери полигондардағы жарыстар мен атыс іс-әрекеттерінен тұратын белсенді туризмнің өте жас түрі болып табылады. Бұл өзінің жастық шағын сағынып, әскердегі уақытын есіне алғысы келгендер үшін таптырмайтын қызықты демалыс түрі болады. Қазіргі таңда Рессейдің «Тур Лэнд», «Комбат-Тур», «Эден Тур» сынды көптеген турфирмаларымен ұсынылып, және де үлкен сұранысқа ие болып отырған белсенді демалыс мақсатындағы турлар [11, 52 б. ] .

Велотуризм - барлық туристік маршрут барысында велосипед басты немесе жалғыз жылжу құралының ролін атқаратын, физикалық күш жұмсау негізінде өтетін, белсенді туризмнің түрі.

Салт атты туризм - бұл салт атпен немесе өте сирек жағдайда экипажбен белгіленген маршрут бойынша қысқа немесе ұзақ уақытқа серуен құру. Атты туризм өзіндік спецификалақ ерекшеліктеріне (асулар, орман, өзен) сай таңдап алынған асулардан тұратын белсенді туризмнің түрі. Бүгінгі таңда салт атты туризм өте көп сұранысқа ие және белсенді демалыстың сәнді түрлерінің бірі, әлем бойынша салт атты туризмге тәнті туристер саны күннен күнге өсуде. Салт атты саяхат денсаулыққа оң әсерін тигізіп, көңіл күйді көтереді, тірішілік тынысын арттырады, бұл демалыс түрінің қарсы көрсеткіштері жоқ десе де болады. Көптеген бағдарламалар орман және тау соқпақтарымен, далалар және жарлар, өзендер мен көлдердің жағалары арқылы өтеді [12, 54 б. ] .

Сафари - бұл джиптарда немесе джип тәріздес автокөліктердің көмегімен табиғи зоналар мен әсем жерлерде іске асатын танымдық, экскурсиялық мақсатта өтетін демалыс түрі. Бұл демалыс кезінде қатысушылардың жаяу жүріп, белгілі аралықтарды белсенді іс-қимылмен өткізуі де қарастырылады [13, 107 б. ] .

Спелеотуризм - белсенді туризмнің жаңашыл экзотикалық, құпияға толы әрі қызықты түрі болып табылады, яғни көптеген арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен жер астындағы табиғи қуыстар мен үңгірлер бойынша саяхат. Спелеотуризм негізінен қатысушыдан жақсы физикалық дайындық, төзімділікті пен шыдамдылықты сияқты қасиеттерді талап етеді, сонымен қатар жер астында пайдаланылатын құралдар мен сақтандыру құралдарын қолдана алуды талап етеді. Мұндай үңгірлерге білікті, тәжірибесі мол, спорттық дәрежесі бар турист мамандар ғана жіберіледі [14, 69 б. ] .

Альпинизм - мақсаты тау шыңына шығу болып табылатын, қазiргі заманғы қысқы экстремалды демалыс пен спорттық туризм түрлерінің ең әйгiлi формаларының бiрі болып табылады. Спорттық жарыстар кезіндегі нәтижелер тау шыңының биіктігі, маршрут қиындығы мен ұзақтығы бойынша анықталады. Жартасқа өрмелеу - табиғи жартастарда немесе жасанды рельефті бедерде өрмелеп, жоғары шығу. Альпинизмнің бір түрі ретінде пайда болған, бұл белсенді демалыс түрі барлық бұлшық еттерді қимылға келтіріп, физикалық күш-қуатыңызды дамыта түседі. Бұл спорттық демалыс түрі күш-қуатты ғана емес, сонымен қатар жақсы ойлау қабілетін де талап етеді. Альпинизм мен жартасқа өрмелеу мақсатындағы турлар көбіне жартасқа өрмелеу бойынша алдын-ала қосымша оқу-жаттығу шараларын қарастырады.

Жылдан жылға біздің елде жазғы демалыс түрлерімен қатар, қысқы да туризм түрлері қарқынды дамуда. Қысқы демалыс түрлерінің ішінде үлкен танымалдылыққа ие болып отырған тау шаңғы туризмі. Тау шаңғы туризмі - орнықты қар жамылғысы түскен кезде, яғни қысты күнгі сезонда табиғи бөгеттерді жеңу үшін шаңғыларды қолданып өтетін белсенді әрі спорттық туризм түрі. Алайда кәсіпқой спортсмендермен салыстырғанда қарапайым турист демалушылардың көбісі қазіргі тау шаңғы спортының: ски-тур, ски-кросс, карвинг, фан-карвинг және фрирайд деп аталатын бірнеше майда стильдерге бөлшектенетінін біле бермейді [15, 62 б. ] .

Ски-кросс - шұғыл бұрылыстары мен әр түрлі құламалары бар трассаларда тау шаңғы тебу стилі. Ски-кросс трассаларының көбісі трамплиндермен жабдықталған болып келеді. Бұл стиль өзінің маневрлілігімен ерекшеленеді, және де бұл сырғанау типі үшін үлкен беріктікке ие болатын шаңғыларды қолданған жөн. Ски-кросс 2010 жылдан бастап спорттық-олимпияда ойындарының бір түрі ретінде фристайл құрамына енгізілді.

Карвинг - кесілген бұрылыстар қатарын жасауға негізделген, тау бөктерінің арнайы трассаларында іске асатын тау шаңғыда сырғанау стилі. Бұл стильдің ерекшелігі болып, трассадағы бұрылыстарға шаңғышылар шаңғы жиегі немесе бүйірі (кант) бойынша орналасқан терең ойықтар көмегімен кіреді. Карв - кирвинг стиліне қажетті шаңғы түрі. Көпшіліктің пікірі бойынша, карвтарды - өздігінен сырғанайтын шаңғы деп атап кеткен. Бұл шаңғы типі 1990-жылдары пайда болып, қазіргі кезде үлкен танымалдылыққа ие.

Карвингтың екі подстильдері бар: ұзын және қысқа карвинг. Бірінші стильде үлкен доға жасап қозғалу және бұл жағдайда үлкен жылдамдық туындайды, сондықтан да шаңғылар ұзынырақ әрі мыңты болуы керекКарвингке келгенде тау шаңғы тебу механизмі мен техникасы біршама құбылады, себебі карвта негізгі элементтерді орындау үшін басқа әдіс-тәсілдер қажет [16, 69 б. ] .

Фрирайд - арнайы трассалардан тыс жерде экстремалды жағдайда тау шаңғымен сырғанау стилі. Аталған стиль кезінде әр түрлі табиғи кедергілерді өту қажет болады. Фрирайд біздің елде жақында ғана пайда болғанына қарамастан, қарқынды түрде дамып келе жатыр, бұл бізде арнайы жабдықталмаған орындардың жеткілікті болуымен түсіндіріледі. Фрирайд стилінің түрлеріне тоқталатын болсақ.

Хели-ски - шаңғышылардың тау шыңына немесе баурайына тік ұшақтан секіріп барып сырғанауы. Бұл демалыс түрі салыстырмалы түрде өте қымбат болып келеді және өте қауіпті болып табылады, тіпті кейбір мемелекеттерде бұл стиль түріне тыйым салынып отыр.

Сноукэтскиинг - хели-ски стиліне ұқсайды, бірақ мұнда тік ұшақтың орны ратракпен алмастырылады, сондықтан да материалдық жағынан арзанырақ болып табылатын стиль түрі.

1. 3 Қазақстандағы белсенді туризмнің даму тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Ежелгі кездерден бастап адамдар жаңа жерлер мен мекендерді ашу мақсатында, жаңа орындарды көріп танымдық сапарлар жасау мақсатында көптеп туристік саяхаттарға шығып тұрған. Сол замандарда, ертеде жасалған саяхаттардың көбісін қазіргі таңдағы белсенді туризм категорияларына кіргізуге болады, себебі жорықтардың көбісі көліктердің жоқ болуынан жаяу жорық сипаты ретінде өткізілген болатын.

Белсенді туризмнің даму тарихы жайлы хронологиялық деректерге үңіле қарайтын болсақ, әсіресе оның ішінде су туризміне мән беретін болсақ, ресми түрді біз оның сонау 1772 жылдары Иматра қаласында бастау алғанын байқаймыз. Иматра табалдырықтары - қаланың ең ежелгі әрі көрікті жерлерінің бірі. Иматра - Финляндияның, Оңтүсті Финляндия губерниясы құрамындағы, Оңтүстік Карелия провинциясындағы орыс-фин шекарасының маңындағы қала статусындағы муниципалитет. Иматра туризмінің тарихы 1772 жылы, Ресей патшайымы Екатерина ІІ-нің Иматрадағы Вуокса табалдырықтарының әсемдігімен таң қалуынан басталады. Ал бұл мекендегі туризмнің белсендірек болуы, яғни жұртшылықтың көп қызығушылық артуы ХІХ ғасырдың соңына келеді. Әсіресе Санкт-Петербургтың ауқатты адамдары бұл мекенге көптеп келе бастады, себебі 1982 жылы ашылған темір жол желісі осы екі қала арасындағы жолды біршама қысқарта түсті.

1903 жылы өзен жағалауында жаңа қонақ үйдің салынуы І дүниежүзілік соғысқа дейін су туризмімен айналысатын туристердің ең көп санын жинауға септігін тигізді [17, 116 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау диплом жұмысы
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті әлемдік нарыққа шығару мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz