ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫРМАНДЫҚ МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫРМАНДЫҚ МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУ

Қайсабек Айдана

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс магистранты

Ф. ғ. к. аға оқытушы

Ф. ғ. к. аға оқытушы

Абиыр. Қ. Е.

Аңдатпа: Мақалада оқып-үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі ұсынылады. Біріншісі - хрестоматиялық мәнге ие болған шығармалар. Екінші түрі - сыныптан тыс оқу тізімі ретінде берілетін шығармалар. Бірақ, оқушыларды онымен ғана шектеп қоймай, тәрбиелік, білімдік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына оқытушының еркі бар. Демек, пән мұғалімі - мектеп оқушыларының көркемдік талғамы мен оқырмандық қабілетін дамыту үшін күнделікті сабақ барысында да сыныптан тыс оқуға бағыт беруі, үздіксіз басшылық жасауы, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін қарастыруы, оған кең өрісті жоспар жасауы тиіс. Мақалада оқушылардың кітап оқуын бірте-бірте ұлғайта беру, жүйелі дамыта оқу, қарапайымнан күрделіге қарай сатылап көшу ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың бағдарлама бойынша алатын әдеби-мәдени білімдерін бір жүйеге түсіріп, әрі қарай тереңдетуді, оқырмандық қабілетті дамыту көзделеді.

Аннотация. В статье предлагается два вида произведений, необходимых для изучения. Первая-произведения, которые имели хрестоматийное значение. Второй тип-произведения, которые передаются в виде списка внеклассного чтения. Но есть воля преподавателя не ограничивать учеников в этом, а сортировать новые произведения, имеющие большое воспитательное, образовательное значение. Следовательно, учитель-предметник для развития художественного вкуса и читательских способностей школьников должен направлять, непрерывно руководить внеклассным чтением и в ходе ежедневных занятий, рассматривать методы и приемы его реализации, составлять для него широкополосный план. В статье предусматривается постепенное увеличение чтения книг учащимися, системное развитие, поэтапный переход от простого к сложному, систематизация и дальнейшее углубление литературно-культурных знаний, получаемых учащимися по программе, развитие читательских способностей.

Abstract. The article offers two types of works that are necessary for studying. The first is the works that had a textbook meaning. The second type is works that are transmitted as a list of extracurricular reading. But there is a will of the teacher not to restrict students in this, but to sort out new works that have a great educational value. Therefore, the subject teacher for the development of artistic taste and reading abilities of students should direct, continuously direct extracurricular reading and during daily classes, consider methods and techniques of its implementation, make a broadband plan for it. The article provides for a gradual increase in the reading of books by students, systematic development, a gradual transition from simple to complex, systematization and further deepening of the literary and cultural knowledge obtained by students under the program, the development of reading abilities.

Әдебиетті өн бойына сіңіру арқылы оқушылар әлеуметтік өмірге бейімделіп, өз қоршаған ортасы, заманының бейнесін тануға қажетті таныммен толысады. Әдебиеттiң теориялық негiздерiнің тiлдiк дүниетаныммен арналас құбылыс екендiгi де оқытуда өзiндiк үлесiн алуы тиiс, өйткені тiл де, әдебиет те қоғаммен бiрге дамып, жетiлiп отыратын табиғи құбылыс болып саналады. Сонымен қоса әдебиеттің өскелең ұрпақтың өресін кеңейтіп, олардың санасында ұлттық құндылықтар мен адами болмыстың негізделуіне ықпал ететін міндетін де тағылымдық тәрбие деп есептеген жөн. Орта мектеп оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту оқушылардың жас ерекшелігіне, әдебиеттегі көркем шығарманың түпкі табиғатына, бойына жинақтаған оқырмандық және өмірлік тәжірибесіне сай талмай оқып-білу және соған машықтану арқылы ғана жүзеге асыруға болатын күрделі де қызықты үдеріс. Оқушы әдебиеттегі шығармалармен неғұрлым жас кезінде танысса, оның оқырмандық қабілеті де, шығарманы тұшынып, қабылдауы да соғұрлым ерте қалыптаспақ. Сол үшін баланың әдебиетке басар қадамын неғұрлым ерте, бастауыш сыныбынан бастап оқушының кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, оның оқырмандық қабілетінің дамуына жағдай жасалуы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болатындықтан балалардың жас және жеке-даралық ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан алуан тәсілдері қолданылады. Балаларда көркем бейнелі ойлауға қарағанда нақты ойлау жүйесі жақсы дамиды, сол себепті шығарманы түсіну үшін олар түсініп оқуға көбірек дағдыланады, бастауыш сынып оқушысының шығарманы қабылдау психологиясындағы ерекшелік те осында. Көркем шығарманы шынайы қабылдау үшін бастауыш сынып оқушыларының бойында кітап оқуға деген қажеттілікті дамыту керек. Бұл өз кезегінде мотивация арқылы жүзеге асады. Оқуға деген мотивацияны арттыру - ол оқуға деген қажеттілікпен бірге мектеп оқушыларының идеалдарын, біздің қоғамымызда қалыптасып қабылданған өмірге деген көзқарас құндылықтарын тәрбиелеу. Яғни, бұл - оқушының белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Ғалым А. П. Кашкаров қазіргі балалардың көркем әдебиет оқуға деген мотивациясының пайда болу мәселесін зерттей келе «жеке тұлғаға бағытталған оқу» деген түсінікті ұсынады. Автор жеке тұлғаға бағытталған оқу әдістемесінде мынандай принциптерді ерекше атап көрсетеді:

1. Әуелі әрбір оқырманның бірегейлігін тану. Бұл орайда оқырманның жасы мен өмірлік тәжрибесіне және басқа себептерге байланысты оның оқуға деген бейімділігі әртүрлі екендігін ескеру қажет. Бірегейлік кітапқа жеке көзқарас формасы және осы әрекеттің кейінгі нәтижесі арқылы іске асырылады.

2. Әр оқырман басқа адамның, кітап авторын қосқанда, бірегей екендігін түсінеді. Адамның бірегейлік құндылығын сезіну - тек кітап оқудың ғана емес, жеке тұлғаға-бағытталған оқудың да кепілі.

3. Кітап арқылы, кітап беттеріндегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін саралау арқылы оқырман басқа көзқарасты немесе басқа адамның мотивтерін түсінуге, тіпті өзіне шақтап көруге ұмтылады, осылайша ол әлеуметтік рөлін жүзеге асырады.

4. Оқырманның жалпы адамзаттық жетістіктермен танысуы және қатынас орнатуы ол зерделенетін көріністің, үдерістің және заттың мәнін түсініп, сезінгеннен кейін жүзеге асады. Жеке тұлғаға бағытталған кітап оқудың нәтижесі оқырманның мәдениетке, толеранттылыққа, мінез-құлықтың сыртқы стандарттарына оңтайлануына алып келуге тиіс.

5. Кітап оқудың жеке тұлғаға бағытталған мәні кез келген жаста бастау алуы мүмкін. Мәселен, бала кездегі, дамытатын, шығармашылық немесе танымдық оқудың негізінде жеке тұлғалық бағдарлама жатыр. Онсыз баланың жеке тұлғасын толыққанды қалыптастыру мүмкін емес; әдебиет бойынша мектеп бағдарламасы аясында ерікті-мәжбүрлі үй тапсырмаларын күштеп орындау нәтиже бермейді, өйткені олар кітап оқуға деген жеке мотивациямен үйлеспейді [49, 40 б. ] .

Кітап оқуға деген мотивацияның жоғары деңгейінің негізгі көрсеткіші деп - оқырмандардың авторлық бағалауды түсінуіне және мәтінге тұрақты, оң көзқарасын санауға болады.

Кітап оқуға деген мотивация - оқушының оқырмандық іс-әрекетке белсенді бағытталуы. Мысалы, егер оқушының белсенділігі зерделенетін нысанның өзімен жұмыс істеуге бағытталатын болса, онда танымдық мотивтер туралы айтуға болады (оқу үдерісі барысында өзінің дамуы, басқалармен бірге және басқалар үшін жасалған іс-әрекет, жаңа, бұрын белгісіз болып келген нәрселерді тануы) . Егер оқушы белсенділігі оқу барысында басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға бағытталса, онда әңгіме, әдетте, әр түрлі әлеуметтік мотивтер туралы болмақ.

Оқырман мотивациясының тұрақтылығы - ұзақ уақыт бойы белсенді оқырмандық қызметті қамтамасыз ететін динамикалық сипаттама. Тұрақтылық туралы жүйелі ұғымды негізге ала отырып, зерттеушілер оны төмендегі сипаттамалармен кешенді түрде бірге қарастырады: күш, меңгерушілік, іс-әрекеттілік, үдеріске бағыттанушылық және т. б.

Оқуға деген тұрақсыз мотивация деп үнемі сыртқы факторлардың ықпалын қажет ететін мотивацияны айтады (мәжбүрлеу, қорқыту, марапаттау және т. б. ) .

Сонымен оқуға деген мотивация:

- оңды және теріс,

- сыртқы және ішкі,

- тұрақты және тұрақсыз болады.

Бұдан шығатын қорытынды - оқушылардың кітап оқуға деген мотивациясының жоғарғы деңгейінің көрсеткіштері болып:

- оқырмандық іс-әрекетке деген оңды көзқарас («оқығанды жақсы көремін») ;

- белгілі бір кітаптарға қызығу («осы кітаптарды оқығым келеді») ;

- оқу үдерісінің өзіне қызығу («кітаптан бас көтере алмаймын») ;

- кітаптан алған қуанышын басқалармен бөлісуге ұмтылу («бұл кітап туралы басқалардың білгенін қалаймын») сияқты оқырмандық іс-әрекеттер жатады.

Жоғары сынып оқушыларының көркемдік қабылдау қабілетінің ішіндегі ең күрделілерінің бірі - оқырмандық қабілеттің дамуы. Қазақ руханиятында да бұл мәселеге ежелден назар аударылған. Айталық, қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай «Он бесінші қара сөзінде»: «Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойыңда қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өмірдің өкініші де жоқ болады екен . . . » - деп, «орынды іске қызығу», «құмарланып іздеу» адамның өмірдегі өзінің мақсатына жетуіне себепші болатындығына ерекше назар аударады [57] .

Ал халқымыздың тұңғыш ағартушы педагог-ғалымы Ы. Алтынсарин Н. И. Ильминскийге жазған хатында өзі құрастырған оқулықтарының ең алдымен жас шәкірттердің оқырмандық қабілетін дамытатындай, қызығушылығына жауап бере алатындай, кітапқа, көркем туындыға құмартатындай деңгейде болуына айрықша мән беретіндігін атайды: «Қазақ балаларына мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының көбелектерінің өзгерулері сияқты, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен, мүмкін болғанынша, қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарихи және теориялық ғылыми әңгімелер келтірмекпін», - дейді [58] .

Мектеп жасындағы жас жеткіншектердің оқу-білімге деген талабы олардың қызығушылығын оятып, оқырмандық қабілетін тиісті дәрежеде тәрбиелеген жағдайда ғана белгілі бір нәтиже беретіндігіне халқымыздың ағартушылары кезінде аса көңіл бөліп, ағартушылық бағыт-бағдар берген еді. Кітап оқуға құмарлық, оқырмандық қабілет пен оған қызығушылықтың оқу-білімді меңгеруде маңызды рөл атқаратындығы, әсіресе, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерінде арнайы қарастырылады.

Көркем шығармаларды оқыту арқылы жоғары сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытудың әдістемесі қарастырылатындықтан мұғалім мен оқушының өзара субъектілік іс-әрекеттері басшылыққа алынады. Оқырмандық қабілетті шыңдай түсу және шәкірттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі қазақ әдебиеті бағдарламаларындағы туған әдебиетіміздің дәуір тынысын бейнелеген ең таңдаулы шығармаларды оқу бағдарламасында сұрыптап енгізген дұрыс деп есептеймін. Ол сұрыптауда оқып-үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі ұсынылуы тиіс. Біріншісі - хрестоматиялық /эталондық/ мәнге ие болған шығармалар. Екінші түрі - сыныптан тыс оқу тізімі ретінде берілетін шығармалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Кәсіби бағдарлаудың сипаты
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz