Жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің жетілдіруі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің жетілдіруі

Бүгінде ғылымның дамуында антропоцентристік парадигма басымдық танытуы -- ғылымның қолданбалық сипатының күшейе түскенінің айқын дəлелі. Адам жетістіктің иесі жəне тұтынушысы ретінде алдыңға орынға шығу арқылы ғылым жетістіктерін күнделікті қажетіне жаратуға мүдделі. Əдебиеттану ғылымының да игілікті ізденістері мен іргелі зерттеулері əдеби қауымға, əдебиеттану саласының ертеңгі тізгінін ұстар жас буынға, жоғары мектепте əдебиет пəні маманы ретінде даярланушы шəкірттердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталатыны мəлім.

Əдебиетті оқыту əдістемесінде əлі де түрен салынбай келе жатқан тың сала -- жоғары мектепте əдебиетті оқыту əдістемесі. Жасыратыны жоқ, жоғары оқу орындарында əдебиет арнаулы пəн ретінде оқылғанына бір ғасырға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде қазақ əдебиетін пəн ретінде жоғары мектепте оқыту əдістемесінен қорғалған ғылыми еңбек жарық көрмеді десек, қателеспейміз. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, əдебиет пəн ретінде оқытылатын оқу орындары орта мектепке əдебиет пəнін оқытушы маман даярлау мақсатын көздейді. Ал ондай оқу орындарының негізгі нысаны орта мектеп болғандықтан, оқу-əдістелемік ізденістер мұғалім мамандығын алушылардың кəсібін шыңдауға бағытталады. Сондықтан орта мектепте əдебиетті оқыту əдістемесіне көбірек ден қойылды. Екіншіден, тəуелсіздік алған кезеңнен бері (кеңес кезеңінде де) 13.00.02 -- Оқыту теориясы мен əдістемесі (бастауыш, орта, жоғары білім жүйесіндегі қазақ əдебиеті) диссертациялық кеңесін құру ісі осы саладағы ғылыми əлеуеттің жетімсіздігіне байланысты кешеуілдеумен болды. Аталмыш салада азды-көпті ғылыми дəреже қорғағандар бір мəрте жұмыс бағытындағы ғылыми кеңеске жүгінді.

Дегенмен жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі сүрлеусіз тың жолға түрен салғандай қарға адымдап болсын қалыптаса бастады. Қазақстандағы ең бірінші ашылған оқу орнының (1928 ашылған, қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті) лингвистика- педагогикалық факультетінде (кейінірек филололгия факультеті болған) қазақтың зиялы əдебиетші- ғалымдары еңбек етті. Кейін ашылған басқа жоғары оқу орындарында да осы үрдіс қалыптасты. Қазақ зиялылары ақын, жазушылар, оқытушылар, білім беру саласының алғашқы қайраткерлері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Т.Шонаұлы, М.Жұмабаев, Ғ.Болғанбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Қ.Тоқтыбаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ө.Тұрманжанов, М.Əуезов, Т.Нұртазин, М.Ғабдуллин, М.Мағауин, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Н.Келімбетов, тағы басқа тұлғалар білім саласында еңбек ете жүріп, Қазақстанда ашылған бастауыш, орта мектептерге оқулықтар, оқу құралары, əдебиет-хрестоматияларын жазды.

Оның айқын дəлелі ретінде М.Əуезовтің Əдебиет тарихы оқулығы, І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ə.Мəметкелінінің Əдебиет құралы оқулығы (1932), С.Сейфоллаұлы, Ө.Тұрманжанұлының Көркем əдебиет (1934), М.Жолдыбайұлы, Ə.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының төрт жылдық мектепке арналған Əдебиет хрестоматиясы, Е.Исмайылов пен Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937 - 1938 жылдары М.Əуезовтің 6-сынып үшін, Д.Əбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайылов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа арналған əдебиет хрестоматиялары, тағы басқа авторлардың осыған жалғасты оқулықтарының кейін де жарық көруін айтсақ болады.

Қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен оның орта жəне жоғары мектепте арнайы пəн ретінде оқылуына ықпал еткен əдебиеттанушы-ғалымдарымыз өздері де жоғары оқу орнында дəріс оқыды. Жоғары мектепте əдебиет пəнінен дəріс сабақтарын өткізе жүріп, əдебиетті жоғары мектепте оқытудың міндетін пайымынша шешіп жүрді.

Қазақ əдебиетін мектепте оқыту əдістемесінің қарқынды дамуы 60-жж. бастау алады. Ендігі жерде арнайы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімін даярлайтын оқу орындарында қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі дербес пəн ретінде оқытылып, оқулық жазу ісі қолға алынды. Ə.Қоңыратбаевтың Əдебиетті оқыту методикасының очерктері, Қазақ əдебиетінің методикасы, А.Көшімбаевтың Қазақ əдебиетінің методикасы, Орта мектептің қазақ əдебиетін оқыту методикасының мəселелері деген еңбектерінің жарық көруі əдебиетті оқыту əдістемесінің дербес ғылым саласы ретінде дамуының айқын дəлелі еді. Осыған дейін орыс əдіскерлерінің еңбектерін қуаттап, центристік бағыт ұстанып отырған қазақ əдебиеті əдістемесінің ендігі бағыты қазақ əдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін тыныта оқытудың өзіндік əдіс-тəсілдер жүйесін жасау болды. Сондықтан аталған еңбектер қазақ əдебиеті əдістемесінің іргелі мəселесін көтергендігі жағынан бағалы деп білуге болады.

Осы бір кезеңдерде жеке ақын-жазушылар шығармаларын дербес талдау да көбірек қолға алынды. Ə.Дербісалиннің С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін көмекші құрал, Ə.Дайырованың Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту, С.Қалиевтің Ғ.Мүсірепов шығармаларын қазақ орта мектебінде оқыту, Қ.Тасболатовтың М.О.Əуезовтің творчествосын орта мектепте оқыту мəселелерін талдаған Əдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары деген мұғалімдерге арналған көмекші құралдар жарық көрді.

Жоғары мектепте əдебиеттің тарихи курсы, əдебиет теориясы, сыны -- тұтас алғанда əдебиеттану салаларынан толық білім қалыптастыру көзделетіні мəлім. Əдебиеттану саласында ғалымдардың қол жеткізген табыстары: монографиялар, ғылыми зерттеулер, əдебиет тарихы, теориясы, сынынан жазылған оқулықтар əдебиеттану саласын дамытумен қатар, филология мамандығында оқитын болашақ мамандардың оқу құралы ретінде де қызмет атқарып келеді. Əдебиеттану саласының зерттеу арналары кеңейе түсуде. Əдебиеттің тарихы, теориясы, сыны жаңа ізденістермен толығу үстінде. Кейінгі жылдары жоғары оқу орындарында қазақ əдебиетінің теориясы, тарихы мен сынынан арнаулы курстар бойынша оқу құралдары мен оқулықтар жазу үрдісі қалыптасып келеді. Бұл қатарда біраз авторларды атауға болады. Ж.Дəдебаевтың Қазақ тарихи романы, дəстүр мен жаңашылдық атты оқу құралын (1988); Қазақ əдебиеті (1960 - 1990) атты лекциялар курсын (Н.Сағындықовпен бірігіп жазған, 2002); Т.Есембековтің Көркем мəтін поэтикасы оқу құралы (2012); А.Ісмақованың Қазақ көркем прозасы еңбегін (1998); Г.Пірəлиеваның ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеттануы (1920 - 2005 жж.) атты оқу құралын (2010), С.Ержанованың Қазақ поэзиясы тəуелсіздік тұсында атты оқу құралы (2010) т.б. əдебиетші- ғалымдардың жоғары оқу орындарына арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарын атауға болады.

Дегенмен жоғары оқу орындарында əдебиетті оқытудың əдістемесі бойынша іргелі зерттеу еңбегі, жоғары мектепте əдебиетті оқыту əдістемесін жүйелеген оқулық, оқу құралын жазу ісі, əдебиетті жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін саралау қолға алынбай келе жатқанын айтқан орынды.

Ал əдебиет теориясының жоғары мектепте оқытылу жайына тоқталар болсақ, байқауымызша, бұл салада қазақ тілінде жазылған оқулықтар санаулы. Көш басына А.Байтұрсынұлының Əдебиет танытқыш еңбегін сала отырып, З.Қабдоловтың Сөз өнері, Р.Нұрғалиевтің Əдебиет теориясы (2003), С.Мақпырұлының Адамтану өнері (2009), М.Шабжанқызының Əдебиет теориясы (2002), К.Ахметовтың Əдебиеттану əліппесі (2000), Əдебиеттануға кіріспе (2004) т.б. оқу құралдарын айтуға болады.

Ал осы пəндерді, яғни, əдебиет тануға кіріспе, əдебиет теориясын жоғары мектепте оқыту əдістемесінен де ғылыми еңбек қолға алынбай келеді. Əдебиетті жоғары мектепте оқыту əдістемесі тың сала екендігін мойындай отырып, əдебиет теориясын оқытудың мақсат, міндеті мен жауапкершілігін түсінуге болады.

Əдебиетті оқытуға тікелей қатысы болмаса да, жоғары мектеп оқу үдерісінің азды-көпті нысанға алынуы, оқу-əдістемелік еңбектердің жарияланымы жаңа оқыту технологияларының білім жүйесіне жол тартуына байланысты болды. Қазақстандағы инновациялық экономиканың құрылуынан туындаған жоғары оқу орындарына қойылып отырған жаңа талаптар жоғары мектепте ғылыми- инновациялық ортаны кеңейте түсті. А.Əлімовтің Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану (2011), Е.Жұматаеваның Жоғары мектепте əдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту (2012), А.А.Вербицкийдің Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: методическое пособие (1991), С.И.Архангельскийдің Лекции по теории обучения в высшей школе (1995), А.Г.Тряпицынаның Компетентностный подход в высшем профессиональном образовании (2005), Д.В.Чернилевскийдің Дидактические технологии в высшей школе (2001), Ж.А.Кулекееваның редакциялық басқаруымен Основы кредитной системы обучения в Казахстане (2004) т.б. оқулық, оқу құралдарының жазылуы білім саласында жоғары мектептегі оқу үдерісін жаңа технологиялар көшіне ілестіру мақсатының басымдығын танытады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бастамасымен Назарбаев университеті мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп əзірлеген деңгейлі бағдарламасы негізінде республиканың педагог-қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы əзерленуі, жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне осы бағдарламаның негізінде қосымша кəсіби білім беру əдіснамасы мен технологиясының қолға алынуы да игілікті шараның міндеттерін жүзеге асыру жолдары ретінде қарауға болады.

Жоғары мектеп дидактикасының дамуында ресей ғалымдарының үлесі зор. Осы саладағы дидактика мен инновациялық технологиялардың дамуының қозғаушы күші ретінде танылған ресей ғалымдары өткен ғасырдың 60-жылдарының өзінде жоғары мектептің оқыту əдістемесіне жаңа технологияларды енгізе бастады. А.В.Коржуевтың Вузовский учебный процесс: состояние, проблемы, решения (2001), С.И.Архангельскийдің Учебный процесс в высшей школе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Дамыта оқытудың қажеттілігі
Дамыта оқыту арқылы тіл дамыту
Тірек сигналдары - оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Шығармаларының тәрбиелік мәні
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Пәндер