Жастар саясатының маңызы және жастардың қоғамдағы орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

жастар саясатының маңызы және жастардың қоғамдағы орны

Жастардың ауқымды реформалардағы қоғамдық-саяси рөлін күшейту барлық халықтарға ортақ. Бұл жастардың жаңа жағдайларға бейімделу деңгейінің жоғары болуымен немесе жаңашылдыққа деген ұмтылысымен байланысты, сондықтан олар қоғамдағы өзгерістерден тыс қала алмайды. Жалпы қоғамның дамуы, болашаққадеген айқын және сенімді көзқарасының орнығуы - осы қоғамдағы, яғни қоршаған ортададағы жастардың әлеуметтік және мәдени тұжырымдамалық сипатымен байланысты.

«Жастар» термині саясаттануда, мәдениеттануда, философияда, әлеуметтану мен басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданады. Сонымен қатар осы бір ғылым төңірегінде "жастар" концепциясы, олардың жас ерекшелігіне байланысты қарастырылып, жас шегін анықтауға тырысады. БҰҰ-ның пікірі бойынша «жастар» терминінің мағынасы әлем елдерінің арасындағы айырмашылықтармен анықталады. Яғни, осы тұжырымдаманың немесе оның төменгі және жоғарғы жасының анықтамасы елдердегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларға, этникалық ерекшеліктерге, ұлттық дәстүрлерге байланысты өзгеруі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан «жастар» ұғымы өзгермелі категориялардың қатарына жатады. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік тарихтың әр кезеңінде өзгеріп отыратын тарихи-әлеуметтік ұғым. Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметтеріне сүйенсек, "жастар" концептциясының қазіргі жасмөлшері 13 пен 14 жастан бастап, 20 мен 30 жасқа дейін. Дүниежүзілік зерттеулерге сәйкес төменгі жас шегі жыныстық жетілумен, жалпы білім берудің аяқталуымен, кәсіптік білім берудің басталуымен, ал жоғарғы шегі экономикалық тәуелсіздік, жеке тәуелсіздік, қаржылық меншік және отбасын құру мүмкіндігімен байланысты.

Мінекей, адамзат өркениетінің бүгіні мен болашағы көп жағдайда осы бір «жастар» терминінің тікелей иеленушілері, яғни жастардың әлеуметтік белсенділігіне байланысты екені сөзсіз. Жастардың дамуының сапалы деңгейі де, жастарға деген жаңа көзқарастың қалыптасуы да үш фактормен байланысты - жастар қызметінің әлеуметтік-мәдени негіздері және жастар саясаты, оның мәдени бетбұрыс жиынтығы мен қазіргі өмірдің әлеуметтік-мәдени табиғаты. Жастар белсенділігі әлеуметтік жүйенің деңгейіне, елдегі саяси және әлеуметтік реформаларға, демократиялық өзгерістерге, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрлерге, яғни мәдени құндылықтардың негізін анықтау үшін барлық уақытта жастардың іс-әрекетінің заңдылығына байланысты. Сонымен қатар, жастардың белсенділігі қоғам мен мемлекет арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылудан, өзгеріп отырған әлеуметтік-мәдени ортада өз құқықтарын қорғауға шешім қабылдаудан, жаңа қоғамдастықта өз орны мен рөлін алуға ұмтылудан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдармен байланысты жастардың тұжырымдамасында жастардың белсенділігі мен оған деген көзқарастарды әр түрлі қабылдау мен таратудың қалыптасуы заңдылық.

Осы орайда мемлекетіміз еліміздің болашағы үшін жастар саясатын басқаруда нетүрлі әдіс-тәсілдер қолданып келеді. Мәселен, Тәуелсіздік алған жылы "Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт" комитеті, ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті болып іргетасын қайта қалады. Кіл облыстар мен аудандарда, шаһарларда жастар комитеттері құрылды. Кейбір елді мекендерде олар басқа да мемлекеттік ұйымдар мен әкімшіліктердің құрамына енді. "Жастар ісі жөніндегі комитет пен Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі 1993 жылы таратылып, оның орнына ҚР Жастар ісі, туризмжәне спорт министрлігі келді.

1996 жылы тұңғыш Президенттік бұйрығымен үкімет жастар хаққында заң дайындады, аталмыш заң 1997 жылы парламент депутаттарының қарауына шығарылды. Сонымен қатар, орта және шағын бизнесті, жастар шығармашылығын қолдау, әлеуметтік -мәдени тұрғыдан маңызыд бастамаларды, жасөспірімдер мен балалардың БАҚ-ын кеңейту бойынща шаралар дайындау керектігі туындады.

«Жаңа ұрпақ» газетінде, 1998 жылы, «Қазақстанның болашағы үшін» республикалық жастарқозғалысының кеңесі мен Ақпарат министрлігінің жастар саясаты бөлімі дайындаған ҚР Жастар саясаты концепциясының жобасы жарық көрді.

2001 жылы Жастар саясаты бойынша партаменттік тыңдаулар өткізіліп, заң қабылдау қажеттілігі талқыланды. Әрине, отырысқа дейін үлкен дайындықтар орын алды. Депутаттар облыста болып, жастар өкілдерімен жолықты. Комитет тіпті "дала" жиналыстарын да өткізді. «ҚР мемлекеттік Жастар саясаты турады" заң жобасы республикалық баспасөзде 2002 жылы мамырда жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арнайы қаулысымен Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне заң жобасын қарап, оған қорытынды әзірлеуді тапсырды.

2003 жылдың қаңтарында Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасының үкіметтік нұсқасына депутаттар ұсынған түзетулерді қарады. Жас қазақстандықтарды оқытуға, жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ тұрғын үй несиелеріне қатысты стандарттар әзірлеушілер мен депутаттар арасында көптеген пікірталастар туғызды. Дәл сол жылдың 29 мамырында заң жобасы әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қаралды. Талқылауға Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Келесі жылы болса, яғни 2004-тің 7 шілдесінде «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Атазаңына еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойды.

2013 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын бекітті. Мемлекеттік жастар саясатының басты басымдығы - бұл олардың қызығушылықтарына, бейімділіктеріне, дене мүмкіндіктеріне сәйкес және қоғамның мүдделерін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуына, шығармашылық бастамасына құқықты жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан жастардың жаһандық даму индексі бойынша 170 елдің ішінде 27-орынға ие болды.

2015 жылдың ақпанында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң қабылданды. Нәтижесінде жастарды білім беру жүйесіндегі, еңбек ұжымдарындағы жастар ұйымдарының, консультативтік-кеңесші органдардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне тарту заңмен бекітілді. Жаңа заңның тағы бір маңызды ерекшелігі - жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қозғайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту.

Соңғы бес жылда, яғни 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі "Қазақстан-2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жастар саясаты
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Жастар — ел ертеңі
Жастар саясаты туралы
Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Жастардың құқықтық мәдениеті
Жастар саясаты
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz