Арал экологиясы туралы


Арал экологиясы
Арал теңізі-Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын жатқан ірі көл. Шөл белдемінде орналасқан қазақтың інжу -маржаны Арал апатқа ұшырамас бұрын әлемде көлемі жөнінен 4-орында болатын. Алабындағы ауқымды антропогендік әркеттерге дейін Арал теңіз деңгейінен 53 м биіктікте жатса, айдынының ауданы 66, 1 км 2 , көлемі 1066 км 3 , ұзындығы 428 км, ені 235 км, орташа тереңдігі 16, 1 м болған. Аралдың 1960 жылы 68 000 км 2 құраса, қазіргі ауданы болса 8 303 км 2 . 1998 жылы теңіздің су деңгейі 18 метрге дейін төмендеді. Осының нәтижесінде теңіз Үлкен Арал және Кіші Арал болып 2-ге бөлінді. Аралға Орта Азияның ең ірі 2 өзені яғни Сырдария мен Әмудария құяды. Бұл екі өзен Орта Азия су қорының 90% құрайды. Ал оның көлемі 122 км 3 .
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарынан бастап Аралға келіп құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің бойындағы халық саны 2, 2 артуына байланысты суға деген қажеттілік өсті, оған қоса ауыл шаруашылығына суды өте тиімсіз пайдаланды. Екі өзеннің суын бел ортадан бөгеп мақта, күріштік аймақтарға бұрды. Мұндай антопогендік факторлардың теңізге 1960-1965 жылдары 44 мың текше метр су құйылса, 1974-1978 жылдары 13 мың текше метрге азайды. Тіпті, 1990 жылдары судың мөлшері екі есеге кеміді. Осылайша Аралаға келіп құятын судың 90% жуығы азайып теңіздің су айдыны 200 шақырымға дейін құрғады. Тұздылық 40 процентке жетті. Ауа ылғалдылығы 9% азайып жазы құрғақта ыстық, қысы суық ауа-райы қалыптасты. Қос өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды пайдалану ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Өзен жағалауларындағы егістіктер мен өнеркәсіптер Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділер әкелді. Бірнеше рет пайдаланған сулар Әмудария және Сырдария өзендерінің төменгі құйылысында түрлі зиянды заттар(Кызылорда обл. 52 %) сортаңға айналды. Ғарыштан байқалған құбылыс теңіздің жиегі 400 км дейін «тұзды бұлт» өсімдіктер мен жануарлардың азаюына кейбір түрлердің(итала қаз, арал шағаласы, ондатр т. б. ) құрып кетуіне әкеліп соқтырды. Арал тартылмас бұрын теңіздң аумағы 2235 км 2 құрайтын 1100 аралдар тобы болған. Теңіз тартылған соң көбісі түбекке айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение. Бүкіл Арал өңіріндегі жер асты және кейбір жерлерде терең қысымды су деңгейі төмендеп барады. Бұрын теңіз әсерінен қыстың аязды күндері 158-170 күнге қысқарып жаз айларында, теңіз жақтан жанға жайлы самал жел соғатын. Қазір бұл құбылыс мүлде байқалмайды. Теңіз жағасындағы аймақта бриздер мүлде жойылған. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылса, күзгі суықтар 10-12 күн ерте түседі. Есесіне өңір шөлді аймаққа айналу процесі қарқынды жүруде. Зерттеулерге қарағанда Аралдың зиянды заттары Гималайдың тіпті Тынық және Атлант мұхиттарынан табылған. Аралдың тұздылығы үш есе көбейді . 1л суда 30 г жетті. Екі өзен бойында 1950 жылдан 1988 жылға дейін 3, 5 млн гектарға жетті. Өзбекстан мен Түркменстанда мақта өсіріліп судың 97% осы салаға жұмсалды. Ал ең сорақысы Аралға бар болғаны 4км 3 . Құрғақшылық жылдары Аралға бір тамшы суда тимеді. 1986 жылы Әмудария мен Сырдария өзендері 1986 жылы теңізге жетпей қалған. Арал теңізі табиғи реттеуші ауа-райына әсер етіп отырды. Қазір ауа-райының континенталдылығы байқалады. Ең салқын айдың көрсеткіші - 2 0 -ға дейін артқан. Бұл көрсеткіш әлдеде арта түсуі мүмкін. Ал өзен суы минералдылығы 0, 3-0, 5 г/л ден 2, 5 г/л -ге жеткен. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тонна тұзды шаңдар желмен ұшып, айналаға қарқынды түрде тарай бастайды. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда-60%, Қазақстанда-60-70%- ға артып отыр. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. баланысын 2 есеге азайды. Арал 30 жылдың ішінде 640км 3 судан айырылып отыр.
Теңіздің апатқа ұшырауына әсер еткен факторлар:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу.
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, су қорын есепке алмау.
-Суды көп қажет ететін дақылдарды көбейту.
-Жер игерудің агротехникалық шараларын сақтамау, суды үнемді пайдаланбау.
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Тұрғындар пестицидтерден т. б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасыз суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик ауытқулар, сүзек, сары ауру және қан тамыр аурулары көбеюде. Осы аймақта 60 мыңдай адамның денсаулығына зиянын тигізді. 1998 жылы Амстердамда өткен дүниежүзілік балалар дәрігерлерінің 22-халықаралық конгресінде Арал аймағындағы балалар денсаулығының мәселелері қаралды.
Тәуелсіздік алғашқы жылдарынан бастап-ақ Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен Аралды қалпына келтіру үшін алғашқы алғышарттары қолға алынды. 1993 жылы наурыздың 26-шы жұлдызында Қызылорда қаласында Орта Азия мемлекеттері басшыларымен Арал мәселесі жөніндегі конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға сол кездегі Қырғызстан президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысып, Арал аймағы экономикалық-экологиялық дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер туралы келісімге келді. Осы жиын бойынша нақты іс-әрекеттер жасалынды. БҰҰ-ның бастамасымен Аралды құтқару үшін ұлттық қор құрылды. Қордың төрағалығына Н. Ә. Назарбаев сайланды. Қазіргі таңда қордың құрылғанына 26 жыл толды. Кейіннен БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік банк, Азия Даму банкі, сонымен қатар Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Швецария елдерімен бірлесе отырып іс-шаралар жүргізілді.
Арал үшін жасалған ауқымды жобалар қолға алынды. Атап айтқанда
- 1994 жылы Орталық Азия мемлекет басшылары «Арал теңізі алабының бағдарламасын» қабылдады.
- 1997 жылдың бірінші жартысында бағдарламаны қаржыландыратын Орталық Азияның бес елі және негізгі халықаралық ұйымдармен оның ұйымдастырушылық
- басқарушылық құрылымы анықталды.
- Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және басқа да шаруалар жүйеленді. . Мәселен, құны 65 млн АҚШ доллары тұратын «Сырдария өзенінің ағысын және Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін реттеу»(1-кезең) жобасын сәйкестендіру және бағалау бойынша жұмыстар 19998 жылы басталды. Оған Бүкіләлемдік банк, Германия үкіметі және Кувейт қоры қаржы салды.
- 2002 жылдың 6 қазанында Душанбе қаласында Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттерінің басшылары бағдарламаның бірінші кезеңін талқылап, екінші кезеңін бастауға уағдаласты. Осылайша, 2003-2009 жылдары-екінші кезеңінде солтүстік Аралды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
- 2003-2009 жылдары -екінші кезеңінде солтүстік Аралды қайта қалпына
- келтіру жұмыстары жүргізілді. 2009 жылдың 28 сәуіріндегі Мемлекет басшыларының шешіміне сәйкес Аралды құтқару халықаралық қоры Атқарушы комитеті бағдарламаның 3-кезеңін бастады.
Осылайша, «Ғасыр жобасына», Дүниенің сегізінші кереметіне»баланып жүрген
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу жәнеАрал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы дүниеге келді. Адамзат тарихында теңізді екіге бөліп, сақтап қалу тәжірибесі болған емес тұғын. Жобаның маңыздылығы осында.
НәжмәдинМұсабаев : «2005 жылдың 27 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арал ауданына сапармен келді. Президент «Көкарал» көкарал бөгетін көзімен көріп, ғалымдармен жобалаушылардан:»САРАТС жобасы іске асқанда Арал қаласына теңіз суы келе ме?-деп сұрады.
Бұл сауалға мамандар теңіз жиегінің 25-30 шақырым ғана жетпей қалатынын айтты.
«Енднше, Кіші Аралды теңізден бөліп алып, жағалауды қалаға дейін жеткізуіміз керек. ол үшін САРАТС жобасының екінші кезеңін бастап кетуіміз қажет»деп кесіп айтты».
Қазіргі таңда Арал мәселесін шешуде ғалымдар тарапынан ауқымды жобалар ұсынылуда:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
3. Сырдария және Әмудария өзендерінің суын реттеу арқылы теңіз суын молайту.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Бұл тәуекелді көп қажет ететін, әрі қаржыны да талап ететін ауқымды жобалар . Бұл болашақтың ісі болғанымен қазірден қолға алу керек шара.
Аралдың суын сақтап қалу үшін инженер-гидротехник Әбдрасулла Жұбанбаевтың жобасын қолдай отырып, ұсынсам:
«Сырдария өзенінің Аманөткел елді мекені тұсындағы бұрыннан бері темір бетон плотинасын қайта жөндеуден өткізіп, өзен суының деңгейін өткізіп, өзен суының
деңгейін 5-58 метрлік деңгейге жеткізу қажет . Сол кезде өзеннің оң жақ беткейіндегі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz