Улануды клиникалық балау туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

КазНАУ

СРС

Тақырыбы: Улануды клиникалық балау

Орындаған: Бағдатқызы Сымбат

Топ: ВМ 306

Тексерген: Алиханов Қуантар

2021 жыл

Жоспар:

Кіріспе

  • Улар туралы жалпы түсінік
  • Улы заттардын жіктелуі
  • Улануды клиникалық балау

Қорытынды

Кіріспе

Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін киім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерін де зерттеумен шұғылданады.

Токсикология- гректің toxicon- жебе уы, logos- ілім деген сөзінен шыққан.

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып өркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті.

Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделене түсуде. Көптеген улы заттар ауыл шаруашылығында кең қолданылады, токсикологияның салалық бөлінуін қажет етеді. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну «өндірістік токсикологояны» құруға негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта өсімдіктің өсіп жетілуін тездететін, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өндіру, оларды мейлінше кең қолдану ерекше талап етіледі.

Токсикология пәні: жалпы токсикология, жеке және өсімдіктер токсикологиясы бөлімдерінен тұрады.

Жалпы токсикологияны улы заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары, улардың токсикодинамикасы, токсикокинетикасы мен әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері, улы заттардың организмге ену және бөлініп шығу жолдары, улануды емдеу жән балау принциптері, уланған мал өлексесін соттық ветеринариялық сараптау, тоскикологиялық талдаудың негізгі әдістері жайлы айтылады.

Жеке токсикологияда әрбір жеке улы затпен өсімдіктің жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, ботаникалық сипатымен жан- жақты егжей- тегжей сөз болады.

Өсімдіктер токсикологиясында негізінен Қазақстанда өсетін өсімдіктерді ботаникалық сипаттама, таралу аясы, уытты бастамасы және уланудың алдын алып, егер улана қалған жағдайда оларды балау және емдеу принциптері сөз етіледі. Өсімдіктің қазақша, латын және орыс тіліндегі атаулары беріледі.

Ветеринариялық токсикологияның негізгі міндеті - жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы ара қатынасты талдау. Оы себепті бұл ғылым ауыл малдарының патологиясы, ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдары мен ұштасып жатыр.

Улы заттар бөліп шығаратын тірі ағзаларды зерттейтін ботаника(улы өсімдіктер), микробиология(әртүрлі токсиндер шығаратын патогенді микроорганизмдер), паразитология(уытты заттар бөліп шығаратын паразиттік құрттар), зоология(улы шыбын шіркейлер мен құрт қоңыздар, бауырымен жорғалаушылар), микология(улы саңырауқұлақтар) сияқты ғылымдар саласына тән.


Улар туралы жалпы түсінік.

Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден - ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материал дык көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қол данғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол замандаулар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәти жесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдык заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін «Улар» де ген атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар «у» деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды.

Бұл ретте ұлы ғұлама ғалымдардың «у» туралы, улы заттардың табиғаты жайында, айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: «Өз табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығы да улар» (Әбу Әли Ибн Сина) ; «Улар - тіршіліктің құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік құралдар»(И. Павлов) ; «Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді заттар (С. В. Аничиков) ; (У дегеніміз ағзадағы биохимиялык кұбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялык қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар» (С. Н. Голиков) ;

Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С. В. Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжы рымдау жасау дәл сиякты: «У» дегеніміз - тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген хи миялык зат. Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, Мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.

Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у беп, улану- салдары.

Улы заттар ағзағаас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың ( ксенобиотик, хе поѕ - бөтен ) әсерінен болады.

Улы заттардын жіктелуі

Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қазіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер сту айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өтс ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін.

Жалпы барлык уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді:

1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т. б. ) .

2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар. Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдіктектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар.

Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жаткызамыз. Органикалық уытты заттарға: пестицидтер, органикалық қышқылдар т. б. жатады.

Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады.

Жануар тектес уытты заттарға: жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяктыларуы, бактерия. вирус және басқада микроорганизмдерлің токсиндері жатады.

Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана катысы бар. сондықтан, экзогенді улар негізгізерттеу нысандары болып табылады. Мұнан басқа мал дәрігерлігі саласында- токсикологияға тікелей қатысы жок ерекше улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады.

Сондай-ак, уытты заттар тегіне байланысты органикалык, органикалык емес, табиғи жоне жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғау үшін колданылатын химикаттардың, жасанды азықтық қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап стеді.

Әдетте, уларды колданылуына, уыттылық дәрежесіне, кауыптілігіне және т. б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн. Мысалы: өндірістік колданылуына байланысты пестицид тер (зиянкестерге карсы қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:

1. акарицидтер - кенелерге қарсы қолданылатын заттар.

2. арборицидтер - пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын заттар.

3. альгицидтер - су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар.

4. аттрактанттар - зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.

5. афицидтер - өсімдік битіне қарсы қолданатын заттар.

6. гербицидтер - арам шөптерді жоятын заттар.

7. дефолианттар - техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.

8. десиканттар - өсімдіктерді құрғататын заттар.

9. зооцидтер немесеродентицидтер - кеміргіштерге қарсы қолданатын заттар.

10. инсектицидтер - зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар.

11. моллюскоцидтер немеселимацидтер - ұлулар мен олардың шырыштарына қарсы қолданылатын заттар.

12. ларвицидтер - жәндіктер дернәсіл деріне (личинкаларына) өлтіре әсер ететіндер.

13. нематоцидтер - жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар.

14. овицидтер - шыбын шіркейдің жұмыртқаларын жоятын заттар.

15. ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар.

16. репеленттер - жәндіктерді үркітуге арналған заттар.

17. фунгицидтер-әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар.

18. ихпиоцидтер-зиянкес арам балық түрлерін жоюға арналған химиялық заттар.

19. хемостерилянттар - зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар.

20. Антитрактанттар - зиянды жәндіктерді өзінен алшақтататындар.

Химиялык кұрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:

- органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды пиретройдтар, нитрофенолдар. тио- және дитио- карбамин, триазин туындылары) ;

- бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас қосындылары) ;

- бактерия, вирус. саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер, антибиотиктер) .

Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойы на сіңіру арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фуми ганттар (тыныс алу жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер агзаға енгеннен кейінгі әсеріне бай ланысты :

1. таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге қарсы .

2. орташа таңдамалы Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен.

3. әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретро идтар (кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар.

4. әсер ету аясы өте кең препараттар ( Нитрафен) - (зиянкестерді, кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарды жою үшін) болып бөлінеді.

Улануды клиникалық балау

Жануарлардың улануының баска аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар.

Олардың негізгілері болып мыналар табылады:

-аурудың аяқ асты болуы, қаркынды өту кезі және ауырған жануарлар мен құстарлын жіті өлімі.

-аурулың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі)

-бірнеше жануарлардың бір уакытта улануы (ауруы) .

-контагиоздың болмауы (жұғымталдығы) .

-жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі.

Улануды балау айтарлыктай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалык белгілеріне карап, балау коя беру әркашан мүмкін бола бермейді.

Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет - шаруашыдықта жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру кажет. Өйткемі, жұкпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы. жұкпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға «уланған» деп балау қойсак, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды «жұқпалы аурумен ауырған» деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа да кателіктер шаруашылыкқа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалыкшығын немесе зардап әкеледі.

Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау коюла дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы. Улануды ғым көпшілігінде, жануарлардың денс температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте жоғары болады.

Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт беруі мүмкін:

1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу тимпания)

2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы талма, қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия), т. б.

Көптеген уланулар орталык жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшелінеді. Мырыш, нитрит-нитраттармен және фенол қосындыларымен уланғанда жануарларда қозу, кейде қысылу және күйзелуі секілді жүйкелік өзгерістер байқалады. Құрамында миметикалык заттары бар фосфорорганикалық заттармен уланғанда парасимпатикалық жүйке жүйесі зақымданып, көз қарашығынын тарылуы. саливация (сілекей ағу), тыныс

алудың және жүрек ритмінің бәсеңдеуі секілді белгілер байқалады.

Құрамында парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға жататын атропин алколонды бар өсімдіктерден немесе препараттардан уланғанда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, көз қарашығының кеңейюі және тамыр соғуының жиілеуі байқалады. Сонымен қатар, цианогенді гликозидтерден, нитрат-нитриттерден уланғанда, тыныс алу жүйесі зақымданып, тыныс алудың жиілеуі және киындауы, тиомочевинадан уланғанда - өкпе ісініп, малдың тұншығуы, зооцидтерден уланған малдарда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Азықтан улану кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Жануарлардың азықтардан улануы
Улануды клиникалық балау
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Ағзадан удың бөлінуі
Удың ағзаға ену жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz