Крит - микен өркениеті бойынша деректер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Крит-микен өркениеті бойынша деректер
Ежелгі Греция тарихы, ежелгі әлем тарихының құрамдас бөлегі ретінде танылады. Ежелгі Греция тарихы бойынаша деректерді зертеу арқылы ежелгі әлем тарихының бөлігі ретінде, оның даму заңдылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, грек өркениетінің ерекшеліктерін көрсетіп, грек өркениетін қайталанбайтын тарихи шындық ретінде көруге болады.
Крит және Ахей тарихы бойынша деректер б.з.д. II мыңжылдықты қамтиды. Бұл кезеңнің көптеген деректері үш негізгі категорияларға бөлінеді: жазбаша ескерткіштер, (Б сызықты жазумен жазылған), қала және қоныстардың археологиялық қазба жұмыстарының мәліметтері, грек авторларының шығармалары. Б сызықты жазылған хат тақталары Крит аралында А.Эванс 1901 жылы тапқан. Бірақ ол жазуларды тапқаннан кейін 50 жыл өткен соң, яғни 1953 жылы М. Вентрис жазулардың тіліне талдау жасаған. Қазіргі кезеңде Б сызықты жазумен жазылған хаттардың мыңдаған тақтайшалары белгілі. Олар Фивы, Тиринф, Пилос, Криттегі Кносс жерінде қазба жүргізу барысында табылған. Жазілар қысқа және шаруашылық есеп түрінде жазылған. Онда жерді жалға беру туралы, мал санының басы, жұмысшыларға қызмет етуші қызметкерлерге азық-түлік беру, күн және құл тізімі, қолөнершілер тізімі, шикізаттық материалдар тізімі, матрос және жауынгерлердің мобилизациялауларға жататындарының тізімдері, сонымен бірге, кәмпелескен мүліктердің тізімдері берілген. Осы жазбалардың басым бөлігі XIY-XII ғасырларға жатады.
Ал енді археологиялық қазбаларға келетін болсақ, ол материалдық мідениет туралы әр түрлі мәліметтер береді. Қазба жұмыстарын жүргізгендегі ең маңыздысы олар: Крит аралындағы Кносста, Фестада, Микеньде, Пелопоннестегі Пилоста. Көптеген бөлмелер, сарайдың күрделі жоспары, сонымен бірге, үлкен апартаменттер, қабылдау залдары, храмдық бөлмелер, қолөнерлік шеберханалар, шаруашылықтық қоймалар, тұрмыстық заттардың көптігі, сан алуан қару түрлері б.з. II мыңжылдықтағы ірі монархиялардың орталықтарының күрделі де ғажайып өмірі туралы түсінік береді.
Ахей халқының негізгі бұқарасы мекендеген қоныстардың мысалы ретінде Кораку (Коринф жанында), Зигуриес (Микен жанында) табылған қоныстар және Спартадағы, Аттикадағы қоныстардың некрополі болып табылады. Бұл жерде қарапайым үйлердің қалдықтары, жоспары бойынша күрделі мекемелер, мегаронды типті бөлмелер қалдықтары табылған. Жеке мекемелердің мөлшерлерінің асқақтығы, керамиканың санының көптігі, сонымен бірге қола және алтын бұйымдар б.з.д. II мыңжылдықтағы село халқының арасындағы мүліктік теңсіздік процесі жүргізілгендігі туралы мәлімет береді.

Жазба деректері
Ахей және крит патшаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Ежелгі дәуір мәдениеті. Ежелгі Грекия мәдениеті
Ежелгі грек мәдениетінің тарихы
Ежелгі Грек мәдениеті. Гомер кезеңі
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Жалпы тарихтан дәрістер
Ежелгі дәуір мәдениеті
Архаикалық кезеңдегі Греция
Крит, Микен аралдарының өнері
Пәндер