Пациентті клиникалық тексеру әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Пациентті клиникалық тексеру әдістері

Пациентті тексеру әдістері. Пациентті зерттеуде қолданылатын тәсілдер,
негізгі және қосымша болып екі топқа бөлінеді.
Негізгі тәсілдер:
Субъективті зерттеу
Объективті зерттеу инспекция
Сипау пальпация
Қағу, тақылдату перкуссия
Тыңдау аускультация
Қосымша тәсілдер:
Зертханалықлық тәсілдер
Аспаптармен инструментальды зерттеу
Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.

Пациентті субъективті зерттеу әдістері.

Субъективті зерттеу - ауру адамды немесе оның жақындарын сурастыру әдісі. Оны белгілі жоспармен өткізеді: науқас туралы жалпы мәлімет, пациенттің шағымдары, ауру анамнезі (тарихі), пациенттің өмірінің анамнезі.
Анамнез - (грек тілінен анамнезис- еске түсіру, еске алу) - сұрау барысында науқастың өзі немесе жақындары, таныстары науқас жайында және оның ауруы жайында берген мәліметтері.
Төлқужаттық бөлім. Науқас туралы жалпы мәлімет, бөлімшеде пациент туралы мәлімет жинау: аты, жөні, тегі, жасы, (туған күні және толық жасы), жынысы, ұлты, мекен жәйі, білімі, мамандығы, жұмыс орны және атқаратын қызметі. Пациент өз жасынан үлкен көрінсе, онда атеросклероз немесе гипертониялық ауру деп ойлауға болады.
Пациенттің шағымдары. Пациент стационарға түскен кезде немесе қаралған кезде шағымдарын жинайды. Алдымен негізгі шағымдары мұқият анықтап дәлелденеді. Мысалы: пациент жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданса, ауырсынудың күштілігін, орналасуын, иррадиациясын пайда болған жағдайын, немен басылатынын аңықтайды. Осылай басқада шағымдары да дәлелденеді.
Шағымдар қосымшада болады, олар ағзаның патологиялық процеске жалпы реакциясын көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болады. Мысалы: әлсіздік, терлеу, ұйқы қашу, бас ауру, тәбетінің төмендеуі. Бұлардыда толық дәлелдеу керек. Осыдан кейін жүйелер бойынша шағымдарды, әр жүйеге тән белгілерді біліп, оларды анықтайды. Мысалы : ас қорыту жүйесіне тән, тәбетінің өзгеруі, жүрек айну, құсу, іш өту, кебу, қату және т.б.
Аурудың анамнезі (тарихі). Бұл сұрастырудың негізгі бөлігі, өйткені аурудың дамуындағы барлық этаптары туралы мәлімет жинаймыз. Біріншіден, науқастан қашан ол алғашқы рет ауырғанын сұраймыз (өзін аурумын деп санайды). Қалай ауырғанын анықтау: аурудың басталуын немен байланыстырады, қалай басталғанын, қандай белгілер болды, не қолданады, келесі сұрақ: ауру қалай дамыды?: бұл жерде аурудың ағымын, емделуін, оның нәтижесін, қайталануын, стационарда, санаторийда, диетасын, дәрігердің ұсынысын сақтауын, алдын алу, емін қабылдауын, қандай зерттеулер өткізілгенін және олардың нәтижесін анықтайды.
Соңғы бөлімінде ауру созылмалы болса, жағдайының соңғы нашарлауын немен байланыстыруын оның уақытын, не қолданды, қаралу себебін анықтау керек.
Өмір тарихі. Ауырған адамның өмір баянын зерттегенде алдымен оның туылған жерін анықтаймыз - бұл аурудың даму себебіне үлкен үлес қосады. Мысалы : эндемиялық жемсау, радиация, суық ылғалды климат.
Науқастың бала кезінен өсіп дамуын, денсаулығын анықтайды.
Міндетті түрде өмірінде басқа қандай аурулармен ауырғаны, жақын тума туыстарының денсаулықтары анықталады. Бұл мәліметтер маңызді болып табылады, өйткені кейбір аурулар тұқым қулайды. Мысалы: қант диабеті, гипертониялық ауру, бронх демікпесі, психикалық аурулар және т.б.
Бұрын сырқаттанған аурулары болса хронологиялық ретпен анықтайды, яғни туберкулез, ревматизм, вирусты гепатит венерологиялық психикалық аурулармен ауырғанын және операциялар жасалғанын дәлелдейміз.
Кәсіптік және тұрмыстық жағдайы туралы мәлімет жинау керек. Адам денсаулығына оларда әсер етеді, жұмысыздық, өндірістік зиянды әсерлер, панасыздық. Сырқаттың дамуына тамақтануда әсер береді, яғни зиянды әдеттер: алкоголь, шылым шегу, нашақорлық, насыбай ату. Осы нәрселерге әуес болса онда қанша уақыт құмар болғанын және қай мөлшерде қолданылатын анықтау керек.
Жанұялық анамнез: жанұядағы адамдардың саны, қаражат мәселесі, жанұядағы психологиялық микроклимат, интимды қарым қатынас.
Эпидемиологиялық анамнез: Жөтелген және қалтыраған науқастармен қарым - қатынаста болды ма, соңғы айда қаладан (ауылдан) тыс шықты ма және шетелге барды ма.
Аллергологиялық анамнез: дәрілерге, тағамдарға, иістерге, шаң-тозаңдарға, шөптің иістеріне реакциясын сурастыру қажет. Оларға қандай белгілердің пайда болуы жас ағу, түшкіру, қышыну. Бала кезінде экссудативті диатезбен ауырған - ауырмағанын анықтау.
Экспертті анамнез: Осы жылда науқастың ауырған уақытын анықтау керек, егерде науқас 4 айдай ауырған болса, онда медико - экспертті комиссияға жіберу керек. Олар еңбекке жарамсыз қағазының уақытын ұзартады немесе мүгедек тобын береді.
Гинекологиялық анамнез: Әйелдерде етеккірінің келген уақытын, мөлшерін, ұзақтығын және жүктілігін, босану, аборт, тұсік болғанын, гинекологиялық операциялар, менопауза болса оның уақытын анықтау керек.
Урологиялық анамнез: Еркектерден несеп бөлуінің бұзылуын, уретрадан бөліністерін және потенциясын анықтау керек.
Пациентке ауруы және өзі туралы дұрыс мәлімет беру қиынға түседі, сондықтан әңгімесін бақылап отырып, қажетті сұрақтарды ғана қою керек.
Сұрастыру тәсілдің диагностикалық маңызы өте зор. Тәжірибелік медицинада дұрыс жиналған анамнез- жарым диагноз деген ертеден қалыптасқан пікір бар. Онын куәсі- кейбір аурудың диагнозын тек сұрастыру арқылы ғана қоюға болады.

Пациентті объективті тексеру әдістері

Науқасты объективті тексеру - ағзаның жалпы жағдайы және жеке ішкі мүшелермен жүйелердің жағдайы туралы көрініс алу. Бұл әдіс негізгі клиникалық тексеріс әдісіне жатады. Осы әдісті қолданғаннан кейін қосымша қандай тексеру әдісін қолдануға болатынын шешеді.
Жалпы қарау . Науқасты жалпы қарау, диагноз қоюға өте зор диагностикалық маңыз береді. Жалпы қараудың көмегімен тек қана жалпы көріністі ғана емес, сонымен қатар бір қарағаннан диагноз қоюға болады акромегалия, гидроцефалия және т.б. Арнайы ережелерді сақтап яғни біртіндеп рет-ретімен қарау керек. Қарауды күндізгі жарықпен немесе лампа жарығымен, тікелей немесе бүйіренен отырып жүргізіді.
Қарау техникасы. Науқастың денесін жалаңаштай отырып кеудені вертикальді күйде тексереді, ал ішті горизонтальді және вертикальды жағдайда қарауға болады. Қарауды ретімен жүйелер бойынша жүргізу керек. Жалпы мағына беретін симптомды шығару үшін, алдымен жалпы қарау керек, одан кейін аймақ бойынша дене мүшелерін, басы, беті, мойны, денесі, қол-аяғы, терісі, сүйегі, буыны, шырышты қабаттары, түкті қабаттары қаралады.
Жалпы қарау кезінде:
Науқастың жалпы жағдайын бағалау керек: қанағаттанарлық, орташа ауыр, ауыр және өте ауыр болады.
Есінің күйін анықтау керек. Науқастың есі анық, анық емес: ступор, сопор, кома болып бір неше дәрежеге бөлінеді.
Ступорлық жағдай - есеңгіреген жағдай. Қоршаған ортаға қызықпайды, сұраққа кешігіп жауап береді, бірақ жауабы дұрыс.
Сопорлық жағдай кезінде пациент қатты айқайға немесе жұлқылауға ғана реакция береді. Рефлекстері сақталған, кейбір инфекциялық ауруларда кездеседі.
Комалық жағдай - пациент толық естүссіз. Қоршаған ортаның қоздырғыштарына ешқандай жауап және реакциясы жоқ. Рефлекстері жойылған өмір тіршілігіне қажетті функциялары бұзылған.
Науқастың отырысы белсенді, енжарлы және мәжбүрлі болып бөлінеді.
Белсенді отырыс - бұл жеңіл дәрежелі ауруларда немесе аурудың бастапқы кезеңінде болады. Науқас жағдайын тез өзгерте алады.
Еңжарлы қалыптағы пациент қимылсыз болады. Баспен аяқ қолдары ауырлық күшіне байланысты, салбырап жатады, денесі төсектің аяғына сырғып кетеді. Өз - өзін күтуге жарамсыз.
Мәжбүрлі қалыпты пациент өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту немесе тоқтату үшін қабылдайды.
Мысалы: бір бүйіріне жату, ауырған немесе сау бүйіріне, ішіне бүрісіп, аяқтарын бүгіп жату, қалшиып қатып қалу, шалқасында жату, ішпен етбетінен еріксіз жату.
Құрғақ плевритте ауырған бүйірін қысып жатады.
Қабырға сынғанда сау жағында жатады.
Ортопноэ - қатты ентіккен кезде төсекте амалсыз тік отыру қалпы, ентігуді азайтады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге сүйену қалпы экссудативті перикардитте болады.
Дене бітімі. Бұған науқастың салмағы, бойы, конституциясы жатады.
Конституция- ағзаның морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы, 3 типте болады.
Астениялық түрі- дененің тік өлшемдері көлденең өлшемдерден ұзын болуы. Аяқ - қолдары денеден ұзын. Май-шел қабаты 1 см кем.
Гиперстениялық түрі - дененің көлденең өлшемдері тік өлшемге қарағанда басым болуы. Аяқ-қолдары қысқа. Май-шел қабаты 1 см артық.
Нормастениялық түрі - астениялық типпен гиперстениялық типтің арасындағы орташа тип.
Теріні қарау. Терінің түсіне, эластикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Пациентті тексеру әдістері
Ойылудың негізгі қауіп факторлары
Өңештің қатерлі ісігі
ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
Қартаю дамудың бір кезеңі
Отадан кейінгі болатын асқынулар
Жедел жүрек жетіпеушілігі ауруын емдеу және күту
Созылмалы аурулар туралы сипаттамасы
Сүт безі қатерлі ісігі әйелдердің онкологиялық ауруларының құрылымында
Пәндер