Жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайларды есепке алу, тергеп-тексеру және жою тәртібі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жазатайым оқиғалар есепке алынуға жатады, ал қандай жазатайым оқиғалар есепке алынбайды?

Жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және ретке келтіру және басқа да әрекеттер кезінде; жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүріп-тұрумен байланысты жұмыскер, жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың тапсырмасы бойынша бара жатқан жолда, іссапар уақытында; жұмыс берушінің, қабылдаушы тараптың мүддесі үшін өз бастамасы бойынша әрекеттер жасау кезінде; жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына бара жатқанда немесе жұмыстан келе жатқанда; жеке көлік құралын қызмет бабында пайдалану құқығына келісімі болса өзінің жеке көлік құралымен; вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап ұсынған көлік құралымен жұмысқа бара немесе келе жатқанда орын алған болса есепке алынады.

Қызметкердің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың мүддесімен байланысты емес жұмыстарды зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істегенде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде; өз денсаулығына әдейі зиян келтіру нәтижесінде, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде; зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның уытқұмарлық және есірткі заттарды пайдалану негізгі себеп болған жағдайда; медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны объективті түрде анықталса есепке алынбайды.

2. Аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның құрамы?

Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы, жергілікті атқарушы органның өкілі және кәсіби авариялық-құтқару қызметі бойынша өкілдері кіреді.

3. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі.

Аварияны тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу үшін техникалық жәрдемдесу қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымға жүктеледі. Материалдары аварияны тергеп-тексеру бойынша комиссияны тағайындаған органға жiберiледі.

4. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан азаматтық қорғау іс-шаралары.

Игеріліп жатқан кен орындары аумағында бұрынғы уақыттан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі, орнықтылығын арттыру; төтенше жағдайлардан келтірілуі мүмкін зардапты азайту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаса - қорғау іс-шараларының қажеттi кешенiн орындап, өндiрудi тоқтату және кен орындарын консервациялау кіреді.

5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу.

Егер авария, апат салдарынан төтенше жағдай аймағы объект аумағының шегінен шықпаса, ол объектілік жағдайға жатады. Егер авария, апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағынан тыс шығып кетсе және облыстың екі ауданынан тысқары шықпаса, жергілікті жағдайға жатады. Республикасының екі облысының аумағында болса өңірлік жағдайға жатады. Егер авария, апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан көп облыстарының аумағында орын алса немесе шектес мемлекеттердің аумағына өтсе, жаһандық жағдайға жатады.

6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде жүргізілетін іс-шаралар.

Қалыптасқан жағдайды талдауды, төтенше жағдайдың таралу ауқымын анықтау, адам шығыны мен материалдық нұқсанды алдын ала бағалау; халықты құлақтандыру; төтенше жағдайдың даму ықтималдығын бағалау, жағдай туралы деректерді қорыту, талдамалық материалдар дайындау; төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел жіберу; халықтың тіршілігін қатамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық ресурстардың запастарын пайдалану; авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару, төтенше жағдайды жою мәселелері бойынша қажетті шұғыл шаралар мен басқарушылық шешімдер қабылдау; азаматтық қорғау күштері мен құралдарының жай-күйін бақылау; азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру.

7. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шаралар өткізу.

Инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді қалпына келтіру, қоршаған ортаны сауықтыру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету бойынша іс-шаралар жүргізуді сол төтенше жағдайлардың сипаты және ауқымына қарай орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібі
Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері, талдауы және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алу
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру: куәгерлерден жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру комиссиясының құрылымы мен тәртібі
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының зақымдануларын тексеру және есепке алу ережелері
Өндірістік жарақаттарды талдау әдістері және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
Ақтөбе облысында еңбек заңдылықтарын бақылау: құқық бұзушылықтар, айыппұлдар және өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәжірибесі
Төтенше жағдайларды басқару: құқықтық негіздер, алдын-алу және жою шаралары
Төтенше жағдайларды алдын-алу және жою бойынша мемлекеттік жүйенің ұйымдастырушылық принциптері мен құрылымы
Қазақстандағы табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын-алу және жою
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz