Мархабат Байғұттың әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Мархабат Байғұттың әңгіме кейіпкерін жасаудағы өзіндік ерекшелігіҚазақ қаламгерлерінің творчествасынан орын алған әңгімелер аз емес. Әңгіме жайын сөз еткенде Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ. Мүсірепов сияқты жазушылрдың өнегелі ұлы ісін ұстаған жөн. Бірақ оның бәрін тәптіштеп жату біздің тақырыбымыз емес.Мархабат Байғұтов әңгімелерінен авторлық артық баяндау, геройлардың өзара сөйлесуіндегі шексіздік, кейіпкердің портретін жандандырамын деп жаңсақ нәрселерге теңеу сияқты шұбалып жүрген артық сөздерді кездестіре бермейміз. Осындай басы артықойлардан аулақ болуды тұтқан автор, әңгімелеріндегі кейіпкерлеріне өз тарапынан портрет жасай беруге мырзалық танытпайды. Жазушы оқушысына геройын терең танытуға, кейіпкерінің өз сөзін, кейіпкерлердің өзара сөйлесуін жиі пайдаланады.Әңгіме мазмұнынан осылай танылған кейіпкер, оқушының көз алдын жақын келіп, тіпті ол ауылыңдағы ескі танысыңа ұқсап кетеді. Сондықтан, Мархабат жасаған кейіпкерлердің бірінің қимылына өзіңнен-өзің күлесің, бірінің мінезінен түңілесің, бірін аяйсың, біріне сүйсіне қарайсың.Доланай шахтасы әңгімесіндегі қалтасында ақшасы бола тұрып, қасындағы Ермектен ақша қарыз сұраған Қасаттың сараңдығын Тілеміске теңейді. Тілеміс деген арқалының шық бермес Шығайбайы болған екен. - Сен сол Тілеміссің, оны аз десең, көмусіз қалдырған туысын Көбдікті де білеміз - депті Ермек ашуланып. Жазушы осы кездегі Қасат бейнесін:Қасат қалшылдай жөнелді!. Басы тым үлкен еді. Қара есектің шылбырын долананың бұтағынан шеше алмады. Қолдары дірілдеп, шынтақтары шошаңдады. Ақырында шешті-ау шылбырды. Иегі де шошаңдап кетер ме еді, басының салмағымен омырауына тіреліп, сақалы қойтасқа жаншылған киік отындай болып көрінді - деп суреттейді [5: 142].- Өз басындағы қатыгездік пен сараңдық бетіне басылған кездегі Қасаттың портреті қоспасыз, қысқа тұжырымды, дәл берілген. Қасат бойындағы ашу-ыза психологиялық өзгеру, оның барлық физиологиялық құрылысымен қоса құбылған сияқты. Жазушылық үйлесімділік, жазушылық шеберлік деп, осыны айтсақ керек.Жазушының Айып әңгімесін оқып отырып, қайта-қайта еріксіз езу тартасың. Арысбайдың жанұясындағы кемшіліктер біздің ауылдағы бірнеше жанұяға ортақ екенін ұғындым. Мархабаттың Айыбында Арысбай, ал біздің ауылда аттары басқа - басқа. Аттары басқа - басқа болғанмен балаларындағы жігерсіздік, тәртіпсіздік, намысы жоқтық бір-бірінен аумайды.Мархабат атай жасаған кейіпкердің дара болмай, әр оқушының аулынан топ-топ болып табылуы - шығарма тақырыбының шыншылдығы, басты кейіпкерінің типтілігі. Арысбайдың сөзіне кұлақ салайық.Аспандарын - Арысбай, бастауыш кластан аса алмады. Жерлерің - Жүзімкүл байғұс жетіншіні өліп-талып бітірген, - деп күбірледі, баласының аттестатын ұстап отырған күйі. - Бірақ біз соғыстың кесірінен оқи алмап едік. Мыналарға не жоқ енді?!.Автор Арысбай өз сөзі бойынша жанұясындағы білімсіздікті, балаларының да өздерінен аса алмағанына өкіндіреді.Өз баласын өзі сабап, учаскелік милицияның сұрауынан директордың көмегімен құтылып, заң қызметкерлеріне айып төлеп, ауылда келіп түскен Арысбайға көзі түскен ауыл адамдары:- Арысбай зауытқа ауысқан ба?- Сырттай оқуға түскен шығар?- Кешкі оқуға кірген шығар? - десіп мырс-мырс күліскен.- Қамап қойыпты деп жүр еді.- Кеше ақша сұрап жүрген. Бірдеңе беріп құтылған екен десіп, болжам жасағандар да болған. Автор осы бір азғана диалог арқылы ауыл адамдарының болмыс тіршілігін алдына жайып салғандай [5: 249].Көрпесайдың кітапханасы әңгімесінде білімділікке қарсы білімсіздіктің, ізгілікке қарсы көрнекіліктің, салауаттылыққа қарсы маскүнемділіктің зардабын тартып жүрген кітапханашы Сейсенкүлдің жан-дүниесін тербеткен қайғысын өзіне баяндатады.Жапырақ кешіп жүргенді мен де ұнатамын. Жалғызсырап, жабырқаған шақтарында алыста болса да сені ойлайтын адамның жер бетінде бар екендігіне сену де бір бақыт білем. Бірақ ондай жұбаныш та менің маңдайыма жазылмаған шығар. Менің бақытыма кітап деген нәрсе ойлап шығарылыпты. Кітаптарға рахмет. Жалғызсыраған кездерімде маған кітаптарым көмекке келеді. Ал күйеуім кіт апты жек көреді. Кітап атаулыны көргісі келмейді. Мені кітаптың кейіпкерлерінен қызғанып өле жаздайды. Үйімізде бірде-бір кітап жоқ. Кітап көрсе, өртейді. Сен кітапхананы қашан тастайсың, мен арақты сонда тастаймын, -дейді. Ал, кітапсыз, кітапханасыз мен қалай ғұмыр кешпекпін?Сейсенкүл тағдыры, Сейсенкүл суреті көз алдымнан кетпейді. Оқып отырғанында әңгімедегі кейіпкер екенін ұмытып, көмектесудің жолына сапар шегетіндей қиялға кетесің, күйеуін бұл өмірден қош айтыстыратын амал іздегің келеді. Сейсенкүл тағдырының аяныштылығын, жолдасының қатігездігін жай ғана түсінікті сөздермен дәл берген [5: 229].Ақ орамалды қыз әңгімесінде оқу жылы аяқталған соң, мектеп оқушыларының жазғы демалыста істейтін жұмыстарын белгілейтін жиын өтеді. Осы жиында сөйлеп тұрған оқушылардың сүйікті ұстазының сол мезгілдегі бейнесін былай жасапты.Ақ шәйі жейдесінің жеңінен кірген жел ағайдың арқа тұсын ақ желкендей керіп жіберді. Кестелі жағасын қайта-қайта тартқылап, қос қолдап ұстаса да, болатын емес. Ағай сол ыңғайсызданғанымен, керемет келісіп тұрды. Ақ желкеннің әсерімен ағайымыз теңіз бетімен жүзіп жөнелетіндей көрінді.Жазғы жұмысқа кіріскенше асығып, тағат таппай су таситын бөшкелі арбаны иеленгісі келетін, еңбекқор шәкірттің баяндауында берілген ұстаз портреті сәтті суреттелген. Шәкірттің ұстазға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі
Қазақ прозасындағы Мархабат Байғұттың қазақ әдебиетіндегі шығармашылық орнын анықтау
М. Байғұттың шығармашылығы
Киікот өсімдігі жайлы
Қазақ әдебиетінде проза жанры
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
Пәндер