Сайлау ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
I. Сайлау және сайлау жүйелері тақырыбындағы семинарда (практикалық сабақта) қарастыратын сұрақтар (кем дегенде бір сұраққа жауап жазу керек):

1. Сайлау ұғымы. Сайлау құқығы.
Сайлау жүйелері ұғымы
Сайлау жүйесі -- заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.

Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
1) абсолютті көпшілік:
-- егер дауыс беруге таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысқан болса, сайлауды өтті деп жариялаған жағдайда;
-- дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналатын жағдайда.

2) салыстырмалы көпшілік:
-- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналған жағдайда.

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінде абсолютті көпшілік әдісі те, салыстырмалы көпшілік әдісі де қолданылады (Сайлау туралы Крнституциялық заңның 9-бабы). Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаған кезде 1-турда абсолютті көпшілік принципі, 2-турда салыстырмалы көпшілік принципі қолданылады:

-- 1-турда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу пайыздан астамының дауысын алған;

-- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған;

-- қайтадан дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.

Мәжіліс депутаттарының бір бөлігін сайлау кезінде пропорционалды сайлау жүйесін қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 Конституциялық заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңымен сайлау заңына өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 50-бабының 3-тармағы Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады деген ережемен толықтырылды. Сөйтіп, бұл Парламентте саяси партиялардың бүкіл спектрінің өкілдігі болуына және сайлаушыға өзінің саяси көзқарасын дәлірек айқындауға мүмкіндік береді. Саяси партиялар сайлау процесінде маңызды орынға ие бола бастады. Пропорционалды сайлау жүйесіне сәйкес сайлауға тек саяси партиялар қатысады. Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімдер жасайды. Тізімге адамдарды орналастыру тәртібін партиялардың өздері анықтайды. Саяси партиялардың сайлауға қатысуы ол туралы Республиканың Орталық сайлау комиссиясы шешім шығарғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Дауыс беру кезінде сайлаушылар өз дауыстарын нақты депутаттыққа кандидатқа емес, белгілі бір партияға береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылар санының жеті және одан да көп пайызын жинаған партия жеңімпаз болып саналады. Жеті пайыздық кедергіден өткен саяси партияларды жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға -- біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлаудын, жеке саны (квота) болып табылады.

Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған түтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

Сайлау құқығы
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу -- азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сайлау тарихы
Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т.б. ценз -- шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы -- мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңына негізделінген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сайлау әділеттілігі
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:
* Бәсекелестік -- сайлауға оппозициялардың сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.
* Оппозиция дегеніміз -- көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.
* Сайлаудың мерзімділігі -- белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.
* Өкілеттілігі -- мемлекеттік органдардың құрамына ұлттық, діни, нәсілдік белгілері әр түрлі халықтың азшылығының енгізілуі.
* Нәтижелілігі -- сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен адамдардын Конституцияға негізделген нақты билігін жүзеге асыра алу мүмкіндігі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі
Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сайлау еркіндігінің кепілдіктері
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекетеріне сотқа шағымдануға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау жүйесінің ұғымы
Сайлау құқығы жайлы
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Конституциялық құқықты интернационализациялау
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Сайлау жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
Сайлау құқығы және оның негізгі қағидалары
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қоғамдағы саяси жүйе
Пәндер