Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Рефлексиялық эссе

7 модульдің маңызды рөлі қандай?

«Сабақ беру - жай үйреншікті нәрсе емес,

ол - жаңадан жаңаны табатын нәрсе»
Ж. Аймауытов

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың

өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты

өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге

болады.

Функционалдық сауаттылық, яғни «адамның өмірдің және ісәрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік

міндеттерін шешу қабілеті» - осы процестің өзегі болып саналады.

XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті -қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарламының құрылымына тоқталсақ. Бағдарлама 7 модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

1-модуль:

  • Оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік.
  • Оқушыларға қалай оқуды үйрету, сабақта берген білімді сабақтан тыс уақытта да қолдана білуіне жағдай жасау.

2-модуль:

Есту, ауызша айту, оқыту, көру, жазу, салыстыру, жинақтау арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үдерісінде оқушы бірте-бірте шыңдала түседі.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі басқа модульдермен тығыз байланыста іске асады.

Алайда оқушы бойында осы қасиеттерді, ептіліктерді дамытуда біз мынаны естен шығармауымыз керек:

- оқушылардың ойланып, толғануына уақыт беру;

- ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- әр үрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

- үйрену барысында оқушылардың іс-әрекеттерін қолдау;

- сыни тұрғысынан ойлауды бағалау ;

- оқушылардың бір-біріне жасаған сындарының дәйекті болуын талап ету;

- өз іс-әрекеттерін бағалай білу.

3-модуль. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  • Бағалаудың түрлері туралы теориялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылған.
  • Сумматтивтік-қорытынды бағалар
  • Сумматтивтік-қорытынды бағалар

4-модуль. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

  • Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар, компьютер, интернет т. б. Жұмыс жасауға баулу.
  • АКТ мұғалімі ауыстырушы емес, мұғалім құралы болуы керек.
  • Бұл модуль бойынша АКТ тек мұғалім ғана емес оқушы да пайдалануы тиіс.

5- модуль: Талантты және дарынды балаларды оқыту

  • Талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың т. б. қамтылуы, сабақтарда қолданылуының маңыздылығы.
  • Белгілі бір ғылымға бейім
  • Көшбасшылық қабілеті бар
  • Физикалық дамуы жақсы

Талантты оқушыларды анықтаудың тиімді жолдары:

  • Есте сақтау және білім
  • Күрделілікке деген сүйіспеншілік
  • Өз білімін жетілдіру
  • Ерте символдық белсенділік
  • Икемділік
  • Ойлау қабілетінің жылдамдығы

6-модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту

  • Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы.
  • Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы.

7-модуль. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

  • Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, баланың көшбасшылығын көре білу, көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы.

Әрбір күні жаңалыққа толы әлемде жалпы мектептер үшін ең басты, маңыздысы «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындау керек?» екендігі үлкен мәселе болып отыр. Осы орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында педагогтардың сапасы мен біліктілігін көтеру мәселесінің маңызы зор екендігін атап өтті.

7-модульдің тиімділігі:

Біріншіден, жаңа тәсілдер арқылы оқушыға әсер ететін факторлардың алдын алады.

Екіншіден, оқушының АКТ технологияларына деген сауаттылығын жоғарылытады.

Үшіншіден, ортамен қоғаммен байланысын күшейтіп, қарым қатынасын нығайтады.

Төртіншіден, сыни ойлау бағытын қалыптастырып, өз ойын еркін жеткізуге ықпал етеді.

Бесіншіден, топтық жұмыс арқылы оқушыларды диалогқа түсіру үшін мұғалім ашық және жабық сұрақтар ретін оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін ескеріледі.

Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады. Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге, өмірде қолдана білуге бағытталған пәндік шешім . Балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілетін жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.

Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес химия сұрақтарын күрделендіру әдістемесі
Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру
Жас ерекшеліктеріне қарай топтастыра оқытуды қадағалау
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жас ерекшеліктерін ескеру
Жаңа білімді меңгеру типті сабақтың ерекшелігі және оны өткізу
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математика пәні мұғалімі ретінде менің дидактикалық дайындығым қандай болу керек ( Блум таксономиясы негiзiнде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz