Географияны оқытудағы критериалды бағалау жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:Географияны оқытудағы критериалды бағалау жүйесі.

Мазмұны

Кіріспе

  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерді бағалаудың теориялық негіздеріКритериалды бағалау жүйесінің әдістемелік негіздеріКритериалды бағалаудың түрлері мен әдістеріКритериалды бағалауды ұйымдастыру мен жоспарлау
  2. Географияны оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану технологиялары

2. 1 География сабақтарында критериалды бағалау жүйесін практикалық қолдану

2. 2 География сабағында карталарды қолданып тапсырмалар орындаудағы критериалды бағалау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Критериалды бағалау жүйесінің әдістемелік негіздері.

Қазіргі кезеңде мектепті ішкі басқарудың теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері байқалады.

Бақылаудың түрлері: тақырыптық, фронтальды-шолу, салыстырмалық, персоналдық, жалпы-сыныптық, жалпы-пәндік, жалпы-кешендік, жұмыс барысында, қалыптастырушы, қорытынды(суммативтік) болып келеді.

Тақырыптық- оқу бағдарламасының маңызды тақьірыптары бойынша (өтілетін такырыптың шеңберінде мүғалімнің жұмыс жасау жүйесін зерітеу) .

Фронтальды-шолу - жалпы сұрақтар бойынша окушылардың ұжымының (немесе мүғалімдердің бір тобының жұмысының табысты екендігін) білімін және біліктерін тәжірибеде тексеріп көру, зерттеу;

Салыстырмалық- оқушылардың, сыныптың, жекеленген педатогтардың жеке басындағы қасиеттерді қатар зерттеу;

Персоналдық- нақты баланың жеке басындағы қасиеттерді, жекеленген педагогтың кәсіби педагогикапык қызметін жан-жақты зертгеу;

Жалпы-сыныптық- нақты сыныптағы оқушьлардың білімінің және біліктерінің (білім берудің) сапасын зерттеу;

Жалпы-пәндік- жекеленген оқу пәндері бойынша оқушьшардың білімінің және біліктерінің (білім берудің) сапасын зерттеу;

Жалпы-кешендік- бастапқы, негізгі орта немесе жалпы орта мектептің нақты сыныптағы окушыпардың білімінің және біліктерінің (білім берудің) сапасын жан-жақты зерттеу;

Жұмыс барысында- білім беру үрдісіндегі кездейсоқ туындаған мәселелерді зерттеу; Қалыптастырушы- бағалау окушыдан мүғалімге қарай бағытында оқудың барлық уақытында іске асырылады;

Қорытынды (суммативтік) - бағалау білім берудің соңғы нәтижелерін қорытындылауға бағытталған.

Бақылаудың барлық түрлері бағалаудың жасалған критерийлерінің негізінде іске асырылады. В. П. Бесгіальконың критериалды-бағытталған оқыту технологиясы критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі болып табылады.

4

Оның теориясының негізгі қағидаларын сипаттап кетейік. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытудың шарттарының көрсеткіштері әр кезде белгіленген (оқу уақыты, ақпаратгы беру тәсілдері барлығына бірдей және т. с. с. ) . Тек қана, оқытудың нәтижелері ғана белгіленбеген, олар шашырыңқы түрде сипатталады. Американдық психологтар Дж. Керолл жэне Б. Блум тұрақты, белгіленген параметрлер ретінде оқыту нәтижелерін ұсынған. Мұндай жағдайда оқьпудың басқа параметрлері оқушының берілген жетістіктерге - критерийлерге жету үшін өзгереді. Американдық психологтардың және орыстың ғалымы В. П. Беспальконың зерттеулерінің нәтижесінде критериалдық бағьпталған оқытудың технологиясы жасалды. Бүл технологияны басқаша толық игеру технологиясы деп те атайды. Себебі, оның басты шарты - барлық оқушылар қажет оқу материалын игеруге қабілетгі болуы керек. Ол үшін білімді игеру критерийлері немесе білім стандарттары алдын-ала белгіленуі керек. Бүл жерде білім беру кең ұғым, ал білімділік тек оның бөлігі екеніне біз тоқталғандығымызды айта кетуіміз керек.

Критериалды-бағыгталған оқыту (КБО) технологиясының адами ұстаным-дары барлық оқушылардың міндетті критерийлердің белгіленген деңгейлері-не қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол тапсырмаларды түрлендіру, олардың бірнеше үлгілерде болуы арқылы жасалады. Оқушыға мүғалім бұл деңгейлердің осы замандағы мәдениетке сай жеке түлға ретінде дамуы барысында ары қарай жетістіктерге жетуі үшін қажет екендігін түсіндіреді. КБО моделіне сәйкес (немесе бойынша) оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықтар білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына жалпы жағдайлардан, яғни жалпы білім минимумынан бөлек болғанда орын алуы мүмкін орын алуы мүмкін. Осы минимумның негізінде келесі дифферен-циалды оқытудың деңгейінің нәтижелері құрылады. КБО моделі келесі элементтерден (сатылардан) құралады:

1. Тақырыптың (сабақтың) игерілуі бойынша эталондар (критерийлер) нақты анықталады; бұл оқытудың нақты нәтежиелерінің (бағдарлама бойынша талап етілетін) тізімінде көрсетіледі;

2. Тексеру жұмыстары - тесттер дайындалады;

З. Оқу материалдары жекеленген фрагменттерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді. Әр бір фрагмент оқу материалының тұтас бөлімі ретінде беріледі. Осы бөлімдерді жасағанда мазмұндық тұтастықпен бірге оқу материалының ұзақтығы да (2-3 сабақ, 2-3 атпа) ескерілуі керек. Оқу бірліктері бөлінген соң оларды оқу барысында қол жеткізілетін нәтижелер (критерийлер) анықталады және ағымдағы бақылау жұмыстары құрастырылады.

5

Бақылау бір оқу бірлігінің мақсатының орынадалғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ағымдағы тесттердің негізгі қызметі - оқу барысындағы кейбір кемшіліктерді айқындау және түзету.

4. Материалды оқу әдістері таңдалады, оқу тапсырмалары құрастырылады;

5. Тест сұрақтарының әр бір үлгісі бойынша басқа түзетуші және толықтырушы материалдары жасалады.

КБО технологиясының басты мақсаты-(бағдарламаның және жалпы стандарттың талаптарына сәйкес) толық игерудің эталонын (критерийін) анықгау және жасау. Оның негізі - ғылыми негізделген оқу мақсаттары. Оқытудағы оқу мақсаттарының анағұрлым маңызды функңияларын бөліп қарастыруға болады: Құрылымдыц функциясы, оқу үрдісін болжау және жоспарлау; жоспарлау барысында жалпы мақсат бірнеше жеке құрылымдық компоненттерге бөлінеді;

Оңтайлы мазмұнды іріктеу функциясы, ол мақсаттың белгіленген бағыт-тарына сай болуы керек;

Технологиялық функция, яғни мақсатқа сай оқу үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықгау;

Болашағы бар дамыту функциясы, мақсаттар жүйесін алдын ала көру оқушыларға алдағы жүмысында бағдар жасауына, оны мазмұндық элементтерін құрылымдық байланыста және сатылы, жүйелі көруге мүмкіндік береді;

Оқушылармен қабылданған және түсінген, ғылыми негізделген мақсатгар мүғалімнің және оқушылардың қызметінің мағынасын жақындатады, білімнің жеке тұлғаға бағытталуын қамтамасыздайды.

Отандық мектептің тәжірибесінде, атап көрсетілгендей, оқытудың тәрбиелеу, дамыту және білім беру мақсаттарын бөліп қарайды. Осы орайда айтып кеткен абзал. Американдық мектептерде де осы мақсаттарға ұқсас дәрежеде мақсаттар қойылады:

Когнитивтік (интеллектгің дамуы) ;

Әлеуметгік (біздің түсініктемелерде - тәрбиелік) ;

Аффективтік (бізде - дамушы) .

Тәрбиелеуші жэне дамытушы мақсаттар бір сабақтың барысында іске асырыла алмайды. Оларды қалыптасқан қалпында бірден бақылау әзірге қиын (іс-тәжірибеде) .

6

Білімді критериалды бағалауда мақсаттарды қою технологиясы оқушылардың байқалатын, түсінген және анықталатын іс әрекеттерімен байланысты. Бұл тәсіл өте күрделі үрдіс болып табылады, Іс-әрекетгердегі оқу мақсаттарын нақтылау үшін оқушыдан күтілетін анықгалған іс-әрекеттерді белгілеу керек. Мысалы, «күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін анықтай білу» деген мақсат бірнеше түрде беріле алады. A) Күкірт қышқылын басқа қышқылдардан қалай ажыратуға болады? Ә) Күкірт қышқылының химиялық өндірісте қолданылуы; Б) Күкірт қышқылының оксидтерге, металдарға әсері қандай ? B) Күкірт қышқылын қалай алады ? Мақсатгы бұлай нақтылау оқу нәтижелері туралы жалпы түсініктерді нақты эталондарға, оқушының қолы жете алатын критерийлерге ауыстыруға (немесе көшіруге) ықпал етеді, және де оны анағұрлым құрьлымды етеді. Сабақгың мақсатын қою технологиясын суреттеу кезінде оқушының білім, білік және дағдьларды, шығармашылық қызметтің тәжірибесін дамытуды игеру деңгейлерін байланыстыру керек.

Критерий - бағалаудың өлшемі, белгі, оның негізінде бағалау жүргізіледі, бір затты анықтау немесе жіктеу жүргізіледі. Критериалдық бағалау - бұл керитерийлер бойынша бағалау, яғни, құрамалардан (критерийлерден) жасалатын бағалау. Критерийлер оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерінің әр түрлі даму бағыттары бойынша жетістіктерін көрсетеді. Критериалдық бағалау - бұл бағалаудың және өзіндік бағалаудың әр түрлі формалары және әдістері пайдаланылатын тәсіл. Педагогикада критериалдық бағалаудың жағымды жақтары көрсетіледі: білім алушы шын мәнінде білім берудің субъектісі болып табылады; оның мектептегі алаңдаушылығы төмендейді; мұғалім кеңес беруші, маман, тьютор ретінде жұмыс істейді. Сонымен, критериалдық бағалау оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтаудың кепілі бола алады. Критериалдық бағалау барысында мұғалімдер үшін берілетін нұсқаулар да өзгереді:

- белгілу немесе таңба арқьшы бағалау тек оқушының жұмысына қатысты жүргізіледі, ал оның жеке басына қатысы жоқ;

- оқушының жұмысы оған алдын-ала белгілі болған эталон бойынша салыстырылады, жұмыс басқа өте жақсы оқитын баланың жұмысымен салыстырылмайды; - нақты тапсырмалардың әр түрлері пайдаланылады және мұғалімде және оқушыда толық түрде дұрыс орындалған тапсырмалардың үлгілері болады;

- бағаларды қорытудың нақты алгоритмі жасалады және оқушы осы бағалау алгоритмі бойынша өзінің жетістік деңгейін және оған сәйкес бағасын анықтай алады;

7

- оқушылар бағалау үрдісіне кірісіп, соңынан өзіндік бағалауға өтуге тырысады;

- бағалау барысында тек оқыту - оку мақсатгарының нақты мазмұны бойынша жүргізіледі;

- пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жекеленген жұмыстарында анықталған нәтижелерді жалпылауға мүмкіндік береді.

Бағалаудың критериалды жүйесі формативтік бағалаудан (ағымдағы бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша бағалау, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалау) тұрады. Формативтік бағалау оқушының білімді, білікті және дағдыны сыныпта немесе үйде күнделікті жұмыстың барысында игерілу деңгейін анықтау үшін арналған.

Ол әр түрлі формада іске асырылады және мұғалімге және оқушыға өздерінің жұмыстарын сәйкесінше түзетіп алуға және қорытынды бағалауға дейін мүмкін болар кемшіліктердің алдын алуға мумкіндік береді.

Пән мұғалімі бағалаудың критерийлерін алдын-ала дайындауы керек. Ал оқушылардың функңионалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін критерилерді олармен бірге құрастыруы керек. Ол үшін мүғалім жасалған критерийлерді топта және сыныпта талдауды ұсынады. Соңынан ең маңызды критерийлер таңдалады және алдын-ала тапсырма берілген кезде тақтада немесе плакатта жазылып, көрнекі түрде түсіндіріледі. Критерийлердің мазмұны түсінікті болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Алгоритмдік ойлау дағдысы
Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану
Пәнаралық байланыстар
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оқушылардың өзара бағалауы
Бағалау әдістеріне қысқаша шолу
Таным мен ойлау деңгейі - жоғарғы деңгей
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz