Автокөлік құралын басқару


Автокөлік құралын басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспауы тиіс. Ол кез келген аптаның ішінде 10 сағатқа дейін екі рет көбейтілуі мүмкін (1-қосымша) . Автокөлік құралын басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген екі аптаның ішінде 90 сағаттан аспауы тиіс. Автокөлік құралын үздіксіз төрт жарым сағат басқарғаннан кейін, егер демалыс уақыты келмесе, кемінде 45 минут үзіліс жасауы тиіс. Бұл үзіліс қосындысы 45 минуттан кем болмайтындай етіп басқару кезеңі ішінде үлестірілетін, әрқайсысы ұзақтығы кемінде 15 минут үзілістермен ауыстырылуы мүмкін. Осы үзілістердің кезінде жүргізуші басқа ешқандай жұмыс орындамайды. Үзілістердің күнделікті демалыс кезеңдері ретінде қаралуы мүмкін емес. Әрбір 24 сағат ішінде жүргізушінің ұзақтығы кемінде 12 сағат күнделікті демалысы болады. Егер әрбір 30 сағат ішінде автокөлік құралын кем дегенде екі жүргізуші басқарса, онда әрбір жүргізушінің қатарынан ұзақтығы кемінде 8 сағат демалысы болады. Егер автокөлік құралында жататын орын болса және автокөлік құралы тұрақта тұрса, онда күнделікті демалыс кезеңі пайдаланылуы мүмкін. Жүргізуші бағыт учаскесінде паромда немесе темір жолмен тасымалданатын автокөлік құралын алып жүрген жағдайларда, оның жататын орны болуы тиіс және күнделікті демалысы бір реттен артық үзілуі мүмкін. Бұл үзіліс тиеуге дейін және түсіруден кейін 1 сағаттан аспауы тиіс. Бұл ретте кедендік ресімдеу жөніндегі операциялар тиеу және түсіру бойынша операцияларға кіреді, ал үзілетін демалыстың күнделікті кезеңі екі сағатқа ұлғайтылады. Әрбір жұмыс аптасының ішінде жүргізушінің ұзақтығы 45 жүйелі сағатты құрайтын апталық демалысы болуы тиіс. Егер демалыс автокөлік құралының не жүргізушінің тіркелген жерінде қолданылса, ол 36 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін, егер ол басқа жерде қолданылса, 24 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін. Демалыс ұзақтығының кез келген қысқартылуы үш аптаның ішінде тиісті демалыс уақытын беру арқылы өтелуі тиіс. Апталық демалыс, автокөлік құралын басқарудың алты күнделікті кезеңдерінен кейін, егер осы күндер ішінде басқарудың жалпы ұзақтығы басқарудың алты күнделікті кезеңдеріне сәйкес келетін ең ұзақ уақыттан аспайтын болса, алтыншы күннің соңына дейін кейінге қалдырылуы мүмкін. Жол жүру қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу және қолайлы тұрақ орнына қол жеткізу үшін жүргізуші автокөлік құралында бар тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде осы Ереженің талаптарынан ауытқуы мүмкін. Жүргізуші ережелерден ауытқудың сипаты мен себептерін тіркеу парағы мен диаграммалық дискіде көрсетуі тиіс.
2 Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент - бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады. Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі - қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу. Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni, Cr, Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді. Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу. Өнеркәсіптік токсикологияда әр түрдің уларға сезімталдығы айырмашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан, эксперимент жүзінде алынған нәтижелерді адамдарға бейімдеу, яғни экстраполяцияның ғылыми негіздерін әзірлеу аса маңызды мәселе болып табылады. Адам организмінің әртүрлі химиялық агенттер әсеріне реакциясы, жануарларға жасалған эксперименттерден алынған көрсеткіштерден сапалық, күш жағынан айырмашылықта болуы мүмкін. Заттардың уыттылық көрсеткіштері тек қана удың қасиетіне байланысты емес. Сонымен қатар адамдардың жыныстық ерекшеліктеріне және жеке бас сезімталдығына байланысты. Сонымен қатар уға сезімталдықтың түрлік ерешеліктерінің маңызы өте зор. Химиялық заттардың эмбриотроптық, мутагендік және концерагендік әсерлерін адамдарға экстраполяциялау ең аз зерттелген сұрақ болып қалуда. Сондықтан ШРЕК жануарларға жасалған эксперименталды зерттеулер негізінде бекітілген. ШРЕК екі кезеңде анықталып бекітіледі. Бірінші кезең лабораторияда жануарларға эксперимент өткізу - клиникалық - гигиеналық кезең. Екінші кезең өндірістегі жұмысшылар мен олардың ұрпақтарының денсаулық көрсеткіштерін еңбек жағдайымен, демек жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрацияларынын әсерімен байланыстылығын анықтау. Өнеркәсіптік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz