Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті
Р. Айдарбаева
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Оқу құралы
Өскемен
2017
ӘӨЖ: 94(574) (075. 8)
Пікір білдірушілер:
Айдарбаева Р.
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы: Оқу құралы. - Өскемен: ШҚМТУ, 2017. - 104 бет.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарында жаңадан енгізілген «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің маңызды бір бөлігі - ХХ ғасыр тарихын қамтиды. Оқу құралында осы кезеңде орын алған маңызды тарихи оқиғаларға жаңаша тұрғыдан баға берілген.
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттердің Қазақстан тарихы пәні бойынша білімдерін тереңдетуге, семинар сабақтарына дайындалуға көмекші құрал болады
© ШҚМТУ,
1 ҚАЗАҚСТАН 1917 ЖЫЛҒЫ ЕКІ РЕВОЛЮЦИЯ АРАЛЫҒЫНДА
1. 1 Қазақстандағы қосөкіметтілік және оның ерекшеліктері
Міндеттері:
- самодержавиені құлатып, республика орнату;
- демократиялық өзгертулерді жүзеге асырып, өзекті мәселелерді (аграрлық, ұлт, соғыс пен бітім туралы) шешу
Алғышарттары:
- Экономикалық күйзеліс;
- Майдандағы орыс әскерінің жеңілістері;
- Жұмысшы қозғалысының күшеюі;
- Ұлт аймақтарындағы көтерілістер
1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН БУРЖУАЗИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯСЫ
Кемшіліктері:
- Ұлттық - аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды
- Отаршылдық басқару органдарын жоймады
- Шаруаларға жер бермеді
- Империалистік соғысты жалғастырды
Тарихи маңызы :
- Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді
- Ұлт саясатында халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді
- Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті
ҚОСӨКІМЕТТІҢ ОРНАУЫ
(1917 ж. ақпан-наурызы)
БУРЖУАЗИЯЛЫҚ УАҚЫТША ҮКІМЕТ
ЖҰМЫСШЫ, ШАРУА ЖӘНЕ СОЛДАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕҢЕСТЕРІ
Қосөкіметтің мәні:
- Уақытша үкіметтің қолында нақты билік болды, алайда мықты әлеуметтік негізі болмады;
- Кеңестер кең әлеуметтік күшке ие болды, алайда нақты биліктері болмады
«Ресейдегі барша халыққа Ағайындық, Теңдік, Бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел болу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір болу керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек . . . Енді араздық, өштік, дау-жанжал, талас партиялық сыйыспаларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарын - бірлік, әділдік болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика.
Құдайдан басқа ешкімнен құрықпаңдар. Түзулікпен іс етіңдер, жаңа үкіметті сүйеңдер, . . . өзіміздің майдандағы жұмысшыларымызға болысыңдар».
Ә. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ және басқалар.
«Қазақ» газеті, 24 наурыз 1917 жыл
1917 жыл 14 наурыз - «Бұратаналарды» тыл жұмыстарына алу тоқтатылды
1917 жыл 20 наурыз - «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы
1917 жыл 18 наурыз - «1916 жылғы көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы
1917 жыл 5 мамыр - «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы» қаулы
1917жыл 8 қыркүйек - «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 15 сом бөлу туралы» қаулы (5 млн. сомы - жергілікті халыққа, 6 млн. 15 сомы - орыс халқына)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА БИЛІК ОРГАНДАРЫ
(1917 ж. наурыз-маусым )
1917 ж. наурыз-мамыр айларында жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды (Омбы, Ташкент, Семей, Верный, Перовск, Қазалы, Ақтөбе)
1917 ж. наурызында Уақытша үкімет органдары - атқару комитеттері құрылды (Петропавл, Семей, Зайсан, Павлодар, Көкпекті)
1917 ж. наурыз-сәуірінің басында Қазақ және мұсылман комитеттері құрылды (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулие-Ата)
Ә. Бөкейханов -Торғай облысы комиссары;
М. Тынышпаев -Жетісу облысы комиссары;
М. Шоқай- Түркістан комитетінің мүшесі;
Х. Досмухамедов, Ж. Акпаев, А. Кенжин, А. Кенесарин -Уақытша үкіметтің Қазақстан мен Түркістандағы өкілдері
Төрағалары:
Р. Мәрсеков (Семей),
А. Тұрлыбаев (Ақмола), Ы. Жайнақов (Жетісу), Е. Итбаев (Омбы)
Басшылары:
А. Н. Морозов (Шымкент),
А. М. Поволоцкий (Петропавл) - большевиктер;
Л. С. Юдин (Семей), Домашев (Верный), Н. Эйдельман (Қазалы) - эсерлер
1. 2 Қазақ өлкесінде 1917 жылы құрылған саяси партиялар мен ағымдар және Алаш қозғалысы
М. Карры,
У. Ходжаев, М. Бехбуди, М. Шоқай т. б.
1917 ж.
көктемі
«Қазақ жастарының революцияшыл одағы»
(Әулиеата, Мерке)
1917 ж.
көктемі
1917 ж.
шілде
1917 ж.
қыркүйек
1917 ж.
наурыз
А. Н. Морозов (Шымкент),
А. М. Поволоц-кий (Петропавл) - большевиктер
Кадеттер*
(конституция-шыл демократтар)
1917 ж.
көктем
Эсерлер*
(социалист-революционер-лер)
1917 ж.
көктем
«Үш жүз»
(«Қырғыз социалистік партиясы»)
1917 ж.
күзі
* Ресей саяси партияларының жергілікті ұйымдары ретінде құрылды
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ (жоба)
( 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған )
бағдарлама
Жергілікті бостандық
Қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемл-ке бірігіп, автон. негізде Ресей Федерациясының құрамына енбек
Мемлекет қалпы
Ресей демократиялық федеративті республика болады.
Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Думаға қалауынша келісімді жылға сайланған президент болады
Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болады
Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырылады. Діндер тең құқылы. Дін таратуға еріктілік
Жер мәселесі
Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алғанша, ішкі Ресейден қоныс аудару тоқтатылады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенін әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді
Салық
Салық мал - ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге - кедейше әділ жолмен белгіленеді
Ғылым-білім үйрету
Оқу ордаларының кімге болса да ашық және ақысыз. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқиту; қазақ тілінде
2 ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстан
1917 ж. РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Бірінші дүние жүзілік соғысқа байланысты туындаған қарама-қайшылықтар
Патша үкіметінің солқылдақ саясатына байланысты қарама-қайшылықтар
Объективті сипаттағы қарама-қайшылықтар
- Қала мен ауыл арасында
- Орталық пен шет аймақтар арасында
- Орыстар мен басқа ұлт өкілдері арасында
- Мемлекет пен жеке адам арасында
- Помещиктік жер иеленудің сақталып қалуы
- Өнеркәсіптік қайта құрулардың аяқталмауы
- Ұлттық элитаның қалыптасуы
- Буржуазия-ның саяси биліктен шеттетілуі
- Жаңа жағдайға халықты әлеуметтік бейімдеу шараларының жүзеге асырылмауы
- Дамыған либералдық және парламенттік дәстүрлердің болмауы
- Майдандағы жеңілістер
- Соғыс шығындарының өсуі
- Әлеуметтік құлдырау (аштық, күйзеліс, көптеген солдаттардың опат болуы)
- Экономика дамуында үйлеспеушіліктің күшеюі
- Көлік жұмысының бұзылуы
- Либералдар тарапынан патша үкіметі саясатына сынның күшеюі
- Биліктің дәрменсіздігінің күшеюі
- Қоғам мен әскерде революциялық күштердің бел алуы
Деревняларда қарулы көтерілістердің өсуі
Меньшевиектер мен эсерлер қатарындағы жікке бөлінушілік
Соғысқа қарсы әрекеттердің күшеюі
Жергілікті және орталықтағы Кеңестерде большевиктер ықпалының күшеюі
Жергілікті билік органдарында большевиктер санының артуы
Әскери гарнизондарда солшыл радикал партиялар ықпалының артуы
1917 ж. РЕСЕЙДЕГІ САЯСИ ПАРТИЯЛАР САНЫ
1917 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕГІ
БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
- Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдің шаруашылық қирауына алып келді. 1917 ж. жазына қарай өнеркәсіптік сектордың өнімі 1916 ж. салыстырғанда36, 5пайызға азайды
- 1917 ж. наурызынан қазан айына дейін800жуық кәсіпорын жабылып, бұрын-соңды болмаған жұмыссыздыққа алып келді
- Қаржы жүйесі толықтай істен шықты. Уақытша үкімет өзі басқарған8айдың ішінде9 млрд. сомның несиелік билеттерін басып шығарды, ал Николай II үкіметі соғыс болған32 айішінде8, 3 млрд. сомның қағаз ақшасын шығарған болатын
- «Керенка» деп аталған қағаз ақшаның орасан зор көлемде Ресей экономикасына енгізілуі бұрын-соңды болмаған ауыр инфляция тудырды. 1917 ж. қазанына қарайрубльдің сатып алу мүмкіншілігібар-жоғы6-7 тиындықұрады, ал жалақы50пайызға қысқарды
- Уақытша өкімет солқылдақтық танытып, бірде-бір маңызды мәселені шеше алмады
- Елде қалыптасқан жағдай халықтың наразылығын күшейтті. Уақытша үкіметтен үміттерін үзген халық неғұрлым радикалды бағыттағы саяси күштерге қолдау көрсете бастады
2. 2 Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы
(1917 ж. қазанынан 1918 ж. наурызына дейін)
Кеңестер билігі
Сырдарияда
«Бітім туралы Декретте » кеңес үкіметі «барлық соғысушы жақтарға аннекциясыз және контрибуциясыз демократиялық бітім жасау үшін тез арада келіссөздер бастауды ұсынды
25 қазанда таңертең В. И. Ленин әзірлеген « Ресей азаматтарына» деген үндеу жарияланды
25 қазанның кешінде Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі ашылды. Съезд «Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға» үндеуінде бүкіл өкімет билігінің Кеңестерге өткенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етті
«Жер туралы декретте » жерге жеке меншік жойылып, ол мемлекет меншігіне өтетіндігі жарияланды
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРАЛАРЫ
1917 ж. 20 қарашасында Кењес өкіметінің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Үндеуі жарияланып, онда мұсылмандардың діни сенімдері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық және мәдени мекемелеріне еркіндік беріледі, қорғалады делінді
1917 ж. 3 қарашасында «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» жарияланды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Ресей халықтарының теңдігі мен егеменділігі, олардыњ өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу құқығы жарияланды.
Ұлттық және этникалық азшылық пен топтардың еркін дамуы, ұлттық және діни артықшылықтарды жою - Кеңес өкіметінің ұлт саясатының бағдарламасы осындай болды
ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Соның ішінде қазақ халқын жер-суымен бір құрылымға біріктіру мақсатымен 1917 жылы желтоқсанда Алаш үкіметі құрылды. Алайда Алаш автономиясын Кеңес үкіметі мойындағысы келмеді. 1918 жылы ақпанда құрамына оңтүстіктегі қазақ аймақтары кіретін Түркістан автономиясы (Қоқан) да большевиктердің қарулы күштерінің нәтижесінде құлатылды
1918 жылы 1 мамырда РКСФР құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы дүниеге келді. Қазақ халқын Кеңес өкіметі жағына шығару мақсатында, В. И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде “Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет туралы уақытша ережеге” қол қойды. Комитет мүшелігіне алғашында А. Байтұрсынов, Ә. Жангелдин, Б. Қаратаев, т. б. еніп, әкімшілік орталығы Орынборда орналасты
1919 жылы 27 тамызда Сібір өлкесін басқару үшін Сібір революциялық комитеті (Сибревком) құрылып, әкімшілік орталығы болып Омбы қаласы белгіленді. Орта жүз қазақтары қоныстанған бұрынғы Қостанай уезі түгелдей Челябі губерниясына қосылып, ал Ақмола облысы Омбы губерниясы атанып, оның құрамына осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уездері де енді. Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен уъездері Сибревкомның құзырына көшті
Осы мәселеге байланысты басталған екі жақты талас-тартысты шешу үшін 1920 жылы тамызда Ленин бұрынғы Дала өлкесінің батысы мен шығысындағы даулы аймақты бөлшектемей, жаңадан құрылатын Қазақ автономиясы Республикасына тұтас қалпында қосуға нұсқау берді
1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет қабылданды. 4 - 12 қазанда Қазақстан Кеңестерінің бірінші құрылтай съезі болып өтті. Орынбор қаласы - Қазақстанның алғашқы астанасы болды.
1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО
ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар
мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы
бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45, 7%-ы , яғни 797, 9
мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды
Өндіріс пен бөлуге жұмысшы бақылауын енгізу :
- 1918 ж. ақпанында Семей тері илеу, кеме жөндеу зауыттарында;
- Наурызда Ақмола «Зингер» акционерлік қоғамында;
- Доссор мұнай кәсіпшілігінде, Қарағанды шахталарында, Успен, Сарысу кеніштерінде енгізілуі
Банктерді национализациялау:
- 1918 ж. көктемінде Орыс-Азия банкісінің бөлімшелері;
- Өскемен қалалық банкі мен казначейлігі;
- Ақмола облысындағы ірі банктің бөлімшелері мемлекет қарамағына өтуі
Өнеркәсіп пен көлікті национализациялау:
- 1918 ж. сәуірде Жетісу темір жолы;
- Арал, Сырдария, Ертіс теңіз және өзен пароходтықтары;
- 1918 ж. жазы, тау-кен өндірісінің 180 кәсіпорн мемлекет меншігіне өтуі
Жер мәселесі:
- «Жер туралы Декретке» сәйкес жерге жеке меншік жойылып, шаруаларға таратылып берілуі;
- қазақ халықына патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТАПТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ
экономикалық
салада
әлеуметтік
салада
Азық-түлік мәселесі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz