Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Жауапкершілік орталықтары құрылымының сипаттамасы
  2. Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп беру
  3. Басқару деңгейлері бойынша есеп беру.
  4. Реттелетін және реттелмейтін шығыстар мен табыстар
  5. Инвестиция рентабельділігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Басқару есебінің жүйесі кәсіпорын және олардың жеке құрылымдық бөлімшелері арасындағы шығыстар және олардың нәтижелері туралы ақпараттар негізінде ішкі басқарушылық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етеді. Бұндай ақпараттарды қарқынды пайдалануда негізгі механизм қолданылады. Бұндай механизм - жауапкершілік орталықтары арқылы басқару механизмі.

Компания құрылымының ұйымдастырылуы компанияның өз ішіндегі жауапкершілік сатыларының жиынтығы бойынша анықталуы мүмкін. Бұнда төменгі деңгейдегі менеджерлер жоғарғы деңгейдегі менеджерге тәуелді болады.

Ақырғы кезеңдерде ірі кәсіпорындардың құрылымы дәстүрлі қызмет көрсету принципі бойынша емес (маркетинг, қаржы, өндіріс) өнім сызықтары арқылы ұйымдастырылады.

Басқаруды орталықтандыру кәсіпорын құрылымын ұйымдастыруда неғұрлым үлгілік тәсілде болуы керек. Ол барлық құрылымдық бірліктерді қамтуы керек. Бұл “жауапкершілік орталықтары” арқылы түсіндіріледі.

Жауапкершілік орталықтары - бұл кәсіпорын бөлімшелерінің құрылымы. Бұның негізінде менеджер немесе басшы қаржылық нәтижелер үшін жауапкершілік артады. Бұл орталықтардың әрқайсысы үшін арнайы мақсаттар мен міндеттер белгеуі керек.

Кәсіпорындағы негізгі жағдайдың бірі бөлімшелер деңгейінде олардың қызметін бағалау болып табылады. Бөлімшеде құрылған есеп берулер жұмыстарды орындау мен мақсаттарға жету бағалуға бағытталған. Сегмент түрлеріне, аймақ, жеке дүкендерді, сервис орталықтарын, сату бөлімшелерін, географиялық аумақтарды және сатып алушылар тобын жатқызуға болады.

Жауапкершілік орталығы - бұл менеджер жұмысын бақылап бағалайтын компания сегменті болып табылады. Бақыланатын параметрлерге мыналар жатады: табыс, шығыс, пайда, инвестиция көлемі.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп беру жүйесі жауапкершілік орталықтары негізінде табыстар мен шығыстар туралы есеп беру жүйесін көрсетеді. Жүйенің негізгі қызметі, менеджер өз жауапкершілік орталығындағы барлық қызмет түріне жауапты болады. Бұл жүйе жоспарлау құралы ретінде, бақылау құралы ретінде де қолданылады. Жауапкершілік орталықтарының жүйесі менеджерлерге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • шешім қабылдау бойынша өкілеттілікті қамтамасыз етеді. мақсаттарды басқару бойынша қонцепцияны қолдайды.

1. Жауапкершілік орталықтары құрылымының сипаттамасы.

Компания құрылымының ұйымдастырылуы компанияның өз ішіндегі жауапкершілік сатыларының жиынтығы бойынша анықталуы мүмкін. Бұнда төменгі деңгейдегі менеджерлер жоғарғы деңгейдегі менеджерге тәуелді болады.

Ақырғы кезеңдерде ірі кәсіпорындардың құрылымы дәстүрлі қызмет көрсету принципі бойынша емес (маркетинг, қаржы, өндіріс) өнім сызықтары арқылы ұйымдастырылады.

Басқаруды орталықтандыру кәсіпорын құрылымын ұйымдастыруда неғұрлым үлгілік тәсілде болуы керек. Ол барлық құрылымдық бірліктерді қамтуы керек. Бұл “жауапкершілік орталықтары” арқылы түсіндіріледі. Нәтижесінде кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын әр түрлі жауапкершілік орталықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Ұйым ішіндегі жауапкершілік орталықтары.

Компанияның бас кеңсесі

Бөлімше немесе топтар Инвестициялау орта

⇓ лығы

Компания немесе фирманың компаниясы Табыс орталығы

Заводтар

Бөлімше ⇒

⇓ Шығын орталығы

Цехтар ⇒

Шығын орталығы - менеджерлердің өз бақылауындағы шығындарына жауап беретін жауапкершілік орталықтары. Бұл топты екі категорияға бөлуге болады:

  • нормативтік шығындар орталығы; дискрециондық шығындар орталығы;

Нормативті шығындар орталығы - бұл қызмет нәтижесі өлшеулі болатын және әр өнім бірлігін өндіруге кеткен бастапқы шығындарды анықтауға болатын орталықтар. Нақты және нормативті шығындар арасындағы айырма ауытқу деп аталады.

Дискреционды шығындар орталығы - бұл жағдайда қызмет нәтижесі қаржылық негізде өлшенбейді және бастапқы (пайдаланатын) ресурстар мен алынған нәтижелер арасында тәуелділік болмайды. Дискрециондық орталықтарға жарнама, ғылыми-зерттеу бөлімдері жатады.

Мысалы, зерттеулерге жұмсалған шығындардың аздығы қызмет түріне қаражаттардың жетіспеушілігін байқатады. Дискрециондық орталықтардың негізгі мәселелерінің бірі - бөлінген ақшалай қаражат пен шығындар қарқынын өлшеу болып табылады.

Түсу орталықтары - бұл өнімді өткізуден түскен табыс ретіндегі қаржылық нәтижелерге менеджерлердің жауап беретін жауапкершілік орталықтары. Бұндай орталықтарға өткізу бөлімшелері жатады. Кіріс орталықтарының менеджерлері өткізу шығындарына жауап береді. Мысалы, сатушылардың еңбекақысының көлеміне, комиссиондық шығыстарға.

Пайда (кіріс) орталықтары - бұл менеджерлердің түсім мен шығыстарына жауап беретін оталықтар. Түсім мен шығыс орталықтарының менеджерлерінің қабылдайтын шешімдеріне шектеу қойылады.

Инвестиция орталықтары - бұл өткізуден түскен түсім мен шығыстар, сондай-ақ, айналым капиталы мен капитал салымы туралы жауапкершілік орталықтары. Инвестиция орталықтарының функционалдық көрсеткіштеріне табыс бойынша түсім мен қосылған құн жатады. Бұл көрсеткіштерге түсім, шығыстар және қолданылатын активтер саны әсер етеді.

Инвестиция орталықтары - бұл менеджерлердің автономды іс-әрекетінің жоғарғы деңгейі. Бұндай орталықтарға: компанияның өзі, оның еншілес құрылымдары, топтар мен жеке бөлімшелер жатады.

2. Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп беру

Жауапкершілік орталықтарының есебі ірі кәсіпорындарда ұйымдастырылады. Ол бухгалтерлік есеп жүйесінің дәстүрлі жүйесімен қатар жүргізіледі.

Жауапкершілік орталықтарының есебі келесі қызметтерді атқарады:

  • ішкі басқарудың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру; ұйымдардың әр деңгейінде шығындарды активті бақылау; алғашқы талдау нәтижелері бойынша менеджерлер мен бөлімшелердің қызметтерін бағалауға мүмкіндік береді; ақпараттық тепе-теңдікті сақтайды.

Жауапкершілік есебінің негізінде бақылау принципі жатыр. Бақылау принципі бақыланбайтын баптарды есептен шығарумен қамтамасыз етеді. Экономист Мерчент бақыланбайтын факторлардың 3 типін атап шықты.

  1. Экономикалық және бәсекелестік;
  2. Табиғат жағдайы;
  3. Өзара байланыс.

Өнімді өткізуден түскен табысқа келесі факторлар әсер етеді:бәсекелестер қызметі, бизнес циклы, айырбас курсының мөлшері. Ал шығындарға шикізаттың бағасы, пайыздық ставка, нормативтік құжаттар, салық көлемі және т. б. факторлар әсер етеді.

Табиғат жағдайы факторы - бұл менеджерлердің алдын ала болжай алмайтын, бірақ компанияға әсер ететін жағдайлар. Бұндай факторларға өрт, су тасқыны, төтенше жағдайлар жатады.

Жауапкершілік орталықтары есебінің жүйесі келесі негізгі принциптер арқылы ұйымдастырылады:

  • бақыланатын шығындар баптарын анықтау; есеп құжаттарын дайындау; жауапкершілік орталықтары менеджерлерінің анықталған кезеңге бюджет және нақты шығындар бойынша есеп беруі;

Жауапкершілік орталығының менеджері басқару шешімдерін қабылдау үшін өзінің қызметін орындауда өзіне тиесілі орталықтардың қызметтері бойынша есеп беруі тиіс. Жауапкершілік орталықтары бойынша ішкі есеп беру келесі талаптарға сай келу керек:

  • негұрлым оперативті болуы керек; жоспардан ауытқулар бойынша ақпараттар жинау және оларға талдау жасау; есеп беру мазмұны менеджердің шешім қабылдауына сәйкес келуі керек.

3. Басқару деңгейлері бойынша есеп беру.

Шығындар орталығымен сметаның орындалуының есебі.

Бақылау жүйесі өз дамуында негізгі үш кезеңді қамтиды:

  1. Әкімшілік бақылау - менеджердің кәсіпорынның өндірістік процесінің ұйымдастырылуы мен бөлімшелер жұмысына бақылау жүргізу.
  2. Бухгалтерлік бақылау - құжаттарды екі жақты жазу негізінде тіркеу;
  3. Сметалық бақылау - сметаларды шығындарды жоспарлау мен бақылау үшін қолдану.

Смета - бұл шығындар орталығының жұмысын бақылауға мүмкіндік беретін басқару есебінің негізгі құралы. Ол басқару жоспарлары мен шығындарды басқару концепциясына негізделген күтілетін шығындар туралы ақпараттарды қамтиды. Шығын орталығының басшысы тауарлар мен қызметтердің саны мен сапасына, жұмсалған шығындарға жауапты болады. Мысалы, кадрлар бөлімінің менеджері шығындарды есептеп, көрсетілген қызмет сапасына бақылау жасауы тиіс.

Өндіріс менеджері күтілетін шығындарды нақты жұмсалған шығындармен салыстыра отырып, өндіріс көлеміне бақылау жүргізеді.

Өндірістік компанияда шығындар орталығына әдетте механикалық цех пен құрал-жабдықтарды пайдалану бөлімшелері жатады. Менеджер жұмысын бағалаған кезде, бақыланатын шығындар ретінде менеджердің өзі жауап беретін қосымша шығыстар жатады. Шығындар орталығы өзара байланысты болған кезде трансферттік бағалар нақты, нормативті бақыланатын шығындарға негізделеді.

Трансферттік (ішкі) бағалар бір фирманың бөлімшелері арасындағы өнім мен қызмет көрсету есебі кезінде пайда болады.

Әкімшілік қызметті орындау кезінде құндық көрсеткіштерге талдау есебі жасалады. Оларға орындаушылардың еңбекақысы және қызмет көрсету бөлімшелерінің шығындар жатады.

Оқиға 1 .

Көмекші персонал санының негізгі жұмыс күші санына қатынасы орта шамамен 45 % құрайды. Персонал жұмысының қарқындылығын бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштер жиынын қарастырамыз:

  • негізгі жұмысшыларға сату көлемі; жұмыспен қамтылғандардың жалпы санына сату көлемі; еңбекақының жалпы қорына сату көлемі.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің мәні неғұрлым жоғары болса, сату көлемі бойынша жұмыс күші персоналы да жақсы жұмыс атқарады. Қысқа мерзімді жоспарда шығындарды азайту үшін келесі шаралар қолданылуы мүмкін:

  • сатушылардың еңбегін комиссиондық негізде төлеу; жұмыскерлерді уақыттық төлем негізінде жұмысқа қабылдау; шикізаттар мен материалдарды оларды жасап шығарудың орнына сатып алу;

Төменде шығын орталығы бойынша сметаның орындалуы көрсетілген.

Өндіріс бойынша айлық есеп беру.
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Бақыланатын шығындар
Смета бойынша
Нақты
Ауытқу
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: 1
2
3
4
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.:

Негізгі өндіріс бойынша:

жоспарлау мен есеп беру шығындары

92 400
96 600
4 200 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Кеңсені ұстап тұру шығындары
108 400
111 400
3 000 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Басқа да шығыстар
12 300
11 900
(400) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.:

Цехтар:

А цехы

280 600
285 500
4 400 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Б цехы
389 400
382 650
(6 790) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Барлығы:
883 140
887 550
(4 410) Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Б цехы өндірістік менеджерінің айлық есеп беруі.
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Цех шығындары:
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Басқару цехы аппаратының еңбекақысы
21 340
19 680
(1 660) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Коммуналдық шығыстар
63 200
64 300
1 100 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Сақтандыру
10 700
8 100
(2 600) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Бөлімшелер:
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.:
110 000
13 070
3 070 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.:
48 200
45 800
(2 400) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.:
136 000
131 700
(4 300) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Барлығы:
389 400
382 650
(6 790) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Механикалық цех шеберінің айлық есеп беруі.
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Материалдар
44 200
45 300
1 100 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы
25 600
25 900
300 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Құралдар
3 850
2 750
(1 100) Ж
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Қызмет көрсету персоналының еңбекақысы
12 340
12 880
450 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Көмекші материалдар
20 100
20 800
700 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Басқа да шығыстар
3 820
5 440
1 620 Е
Өндіріс бойынша айлық есеп беру.: Барлығы:
110 000
113 070
3 070 Е

Ж - жағымды ауытқу;

Е - жағымсыз ауытқу;

Кіріс (пайда) орталығының есебі.

Пайда орталықтарының менеджері үлкен жауапкершілікке ие болғандықтан, олардың есеп берулері табыс бойынша есеп беру формасында жасалады. Бұндай есеп берулер бөлімшелердің шығыстары мен түсімдерін көрсетеді.

Пайда орталығының таза кірісі келесі формула бойынша анықталады:

Таза кіріс = сатудан түскен таза табыс - өткізілген өнімнің өзіндік құны.

Сатудан түске таза табыс = бір жаққа сатудан түскен табыс+өз өнімін (жұмысын, қызметін) трансферттік баға бойынша сатудан түскен табыс - көрсетілген жеңілдіктер мен қайтарып алулар.

Өндірісітк өзіндік құнның құрамына еңбекті төлеу бойынша тікелей шығындар+тікелей материалдар+үстеме шығыстар кіреді.

Көрсеткіштер
А орталығы
В орталығы
. . .
Көрсеткіштер: 1
А орталығы: 2
В орталығы: 3
. . .: 4
Көрсеткіштер: 1. Өнімді өткізуден түскен табыс
А орталығы: Х
В орталығы: Х
. . .: Х
Көрсеткіштер: 2. Өндірістік өзіндік құн
А орталығы: Х
В орталығы: Х
. . .: Х
Көрсеткіштер: 3. Таза табыс
А орталығы: Х
В орталығы: Х
. . .: Х
Көрсеткіштер: 4. Операциялық шығыстар:өткізу шығыстары
А орталығы:
В орталығы:
. . .: Х
Көрсеткіштер: Жалпы әкімшілік шығыстар
А орталығы: -
В орталығы: -
. . .: Х
Көрсеткіштер: 5. Негізгі қызметтен түскен табыс (операциялық табыс)
А орталығы: -
В орталығы: -
. . .: Х
Көрсеткіштер:

6. Басқа да шығыстар:

төлем бойынша шығыстар, %

А орталығы: -
В орталығы: -
. . .: Х
Көрсеткіштер: 7. Салық салуға дейінгі табыс
А орталығы: -
В орталығы: -
. . .: Х
Көрсеткіштер: 8. Салық салынатын табыс
А орталығы: -
В орталығы: -
. . .: Х
Көрсеткіштер: 9. Таза табыс
А орталығы:
В орталығы:
. . .: х

Операциялық шығыстарды бөліп тарату.

Операциялық шығыстар баптары
Бөліп тарату базасы
Операциялық шығыстар баптары: Жарнама шығыстары
Бөліп тарату базасы: Сату көлемі немесе әр бөлімшенің жарнамасына кеткен шығыстарға сай болады
Операциялық шығыстар баптары: Орталық офисті ұстап тұру шығыстары, есептеу орталығының шығындары
Бөліп тарату базасы: Әр бөлімшеге бөлінген жұмыс уақыты көлемінің негізінде
Операциялық шығыстар баптары: Жер үшін төлемдер, жарық пен жылу шығындары
Бөліп тарату базасы: Алатын ауданына байланысты
Операциялық шығыстар баптары: Мүлік салығы және сақтандыру бойынша шығыстар
Бөліп тарату базасы: Активтер мен қорлар құнының негізінде
Операциялық шығыстар баптары: Коммерциялық және жалпы шығыстар
Бөліп тарату базасы: Әр бөліменң сату көлеміне байланысты

Табыс бойынша есеп берудің келесі түрі - маржиналды табыс бойынша есеп беру. Бұған келесі көрсеткіштер кіреді:

  1. Өнімді өткізуден түскен табыс.
  2. Ауыспалы шығындар.
  3. Маржиналды табыс.
  4. Тікелей тұрақты шығындар.
  5. Жанама тұрақты шығындар.
  6. Пайда орталығының операциялық түсімі.

Оқиға 2.

Тауарды шалафабрикат ретінде 170$ А бөлімшесі бойынша немесе дайын өнім ретінде 260$ В бөлімшесі бойынша сатуға болады. А бөлімінің шығыстары 120$, В бөлімінің шығындары 110$ құрайды.

Бөлімше жұмыстары кестеде көрсетілген.

А бөлімшесі
В бөлімшесі
: Сату бағасы, $
А бөлімшесі: 170
В бөлімшесі: 260
: А бөлімінің шығындары
А бөлімшесі: (120)
В бөлімшесі: (120)
: В бөлімінің шығындары
А бөлімшесі: -
В бөлімшесі: (110)
: Табыс
А бөлімшесі: 50$
В бөлімшесі: 30$

Тауарды шалафабрикат түрінде сатқан қолайлы, өйткені нәтижесінде көп пайда түседі.

Коммерциялық емес ұйымдар бөлімін бағалауда келесі шаралар қолданылуы мүмкін:

  • нәтижелікті бағалау үшін (есеп көрсеткіштері) активтер мен шығындар элементі арасындағы қатынас; еңбек өнімділігінің есебі; кадрлармен жұмыс; нарықты бағалау немесе маркетингтік талдау (нарық бөлігін анықтау, тауарды өңдеу, өнім коэффициентін есептеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету)

Инвестиция орталықтарының есебі.

Инвестиция орталықтарын шығындар мен табыстар орталығының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Кәсіпорын өз бөлімшесінің салыстырмалы қарқындылығын өлшеу үшін активтердің рентабельділігі немесе “активтерге қайта оралу” (ROA) арнайы көрсеткіші қолданылады. Оның формуласы төменде көрсетілген:

ROA=Пайда/Актив.

Бөлімшелердің қызметін бағалап, олардың нәтижесін салыстыру үшін келесі активтер базасы қолданылады:

  1. Бөлімшелермен байланысты сомалық активтер;
  2. Қолданатын активтер;
  3. Айналым капиталы (ағымдағы активтер - ағымдағы міндеттеме) +басқа да активтер (негізгі құралдар) .

Барлық жағдайда әр кезең бойынша активтердің орташа шамасы қолданылады. Активтердің амортизациясын екі нұсқамен есептеуге болады:

1-нұсқа - баланстық құны бойынша;

2-нұсқа - амортизацияланатын активтердің бастапқы құны бойынша;

ROA көрсеткішін есептеудің кеңейтілген түрі:

ROA =Таза табыс/Өнімді өткізуден түскен табыс * Өнімді өткізуден түскен табыс/Активтердің орташа шамасы.

Бірінші қатынас - сату рентабельділігі, екінші қатынас активтердің айналымдылығы. Жауапкершілік орталықтарының барлығы құрылымдық бөлімшелерден тұрады. Олардың басшылары ұйым дамуының параметрлеріне жауапкершілік артады. Мысалы, шығындар орталығы бюджетте көрсетілетін қаражаттардың жұмсалуын бақылайды; Пайда орталығы өнімді өткізуден түскен табыстар мен өнімді дайындауға жұмсалған шығындар көлемін анықтайды. Инвестиция орталығы инвестициялық капиталға кеткен табыс деңгейін бақылайды.

Басқаруды қамтамасыз ету жүйесін жауапкершілік орталықтары арқылы құру көптеген факторларға байланысты: кәсіпорын қызметінің көлеміне, персонал санына, өндірістің ұйымдастырушылық құрылымына және т. б.

Жауапкершілік орталықтары негізінде табыспен басқаруды ұйымдастырушылық жүйенің құрылуы кезең бойынша алгоритмдермен іске асады:

1 - кезең

Жеке құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін зерттеу

2 - кезең

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі негізгі жауапкершілік орталықтарын анықтау

3 - кезең

Кәсіпорын құрылымы басшыларының мақсаттары, міндеттері, құқықтарын анықтау

4 - кезең

Жауапкершілік орталықтарымен бюджеттік (нормативтік) тапсырмалардың орындалуы

5 - кезең

Орындалған тапсырмаларға талдау жасау, ауытқу себептерін анықтау

Қызметі ұйымның тікелей негізгі мақсаттарына жетуге арналған жауапкершілік орталықтары - сызықтық жауапкершілік орталықтары деп аталады. Бұл бөлімшелердің менеджерлері тікелей басшы алдында есеп береді. Сызықтық жауапкершілік орталықтарындағы өкілеттілік деңгей бойынша жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.

Басқа бөлімшелер мен басшыларға қосымша қызмет көрсететін жауапкершілік орталықтары - штабтық деп аталады. Кәсіпорында басқарушылық бақылауды сызықтық жауапкершілік жүзеге асырады.

Жауапкершілік орталықтарының әрбіреуін “кіріс және шығу” нүктелері бар жеке құрылым ретінде көрсетуге болады.

Өз бөлімшелері

КІРУ ⇒ Жауапкершілік ⇒ ШЫҒУ ⇒

орталықтары Сыртқы тұтынушылар

Жауапкершілік орталықтарының кірісі шикізаттар мен материалдардың физикалық түрінде, еңбек сағаты және қызмет түрлерімен көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілік орталықтары бұл ресурстармен жұмыс жүргізеді және нәтижесінде шығынға тауар мен қызметтерді өндіреді. Жауапкершілік орталықтарындағы ресурстардың ақшалай өлшенуі, олардың құнын көрсетеді. Сондай-ақ құндық ақпаратқа бухгалтерлік емес ақпараттар, мысалы, қолданылған материалдар саны, олардың сапасы және жұмыс күшінің кәсіби деңгейі қолданылады. Егер жауапкершілік орталықтарының шығаратын өнімі сыртқы тұтынушыларға сатылса, ондай жағдайда бухгалтерлік есеп оны табыс ретінде бағалайды. Егер тауарлар мен қызметтер осы кәсіпорыннан басқа жауапкершілік орталықтарына аударылатын болса, олар ақшалай формада - өнім көлемі түрінде өлшенеді.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп берудің мақсаты - кірістер мен шығыстар туралы берілгендерді әр жауапкершілік орталықтары бойынша жинақтау. Олардың сметадан ауытқуы жауапты тұлғаға аударылады.

Көп жағдайда шығындар бабына жауапкершілік бөлінуі мүмкін. Мысалы, қолданылатын шикізаттар көлеміне жауапкершілікті өндіріс цехының бастығы алады, бірақ та сатып алу бөлімінің жұмыскері осы шикізаттың бағасына жауап береді.

Сметаның орындалуы туралы директорға есеп беру.

Смета
Ауытқу
Ағымдағы ай
Алдағы кезең
Ағымдағы ай
Алдағы кезең
: А кәсіпорны
Смета: 453900
Ауытқу: 6386640
(8)
(98000)
: В кәсіпорны
Смета: Х
Ауытқу: Х
Х
Х
: С кәсіпорны
Смета: Х
Ауытқу: Х
Х
Х
: Әкімшілік шығыстар
Смета: Х
Ауытқу: Х
Х
Х
: Өткізу шығыстары
Смета: Х
Ауытқу: Х
Х
Х
: Айналым ұсталымдары
Смета: Х
Ауытқу: Х
Х
Х
:
Смета: 25
Ауытқу: 3
(4)
(6)

А кәсіпорнының өндірістік басшысына сметаның орындалуы туралы есеп беру

Басшы кеңсесі
Х
Х
Х
Х
Басшы кеңсесі: Компьют. технология цехы №1
Х: 156600
Х: 717600
Х: (32760)
Х: (89180)
Басшы кеңсесі: Компьют. технология цехы №2
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Басшы кеңсесі: Жинақтау цехы
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Басшы кеңсесі: Құрастыру цехы
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Басшы кеңсесі:
Х: 453900
Х: 6386640
Х: (8)
Х: (98000)

№1 компьютерлік технология цехының бастығына сметаның орындалуы туралы есеп беру.

Негізгі материалдар
Х
Х
Х
Х
Негізгі материалдар: Негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбегі
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Негізгі материалдар: Көмекші материалдар
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Негізгі материалдар: Энергия
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Негізгі материалдар: Техникалық көмек көрсету
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Негізгі материалдар: Басқа да шығыстар
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Х: Х
Негізгі материалдар:
Х: 165600
Х: 717600
Х: (32760)
Х: (98180)

4. Реттелетін және реттелмейтін табыстар мен шығыстар.

Жауапкершілік орталықтарында тіркелетін табыстар мен шығыстар ретелетін және реттелмейтін болып бөлінеді. Барлық шығындар анықталған басқару деңгейінде реттеледі. Мысалы, ұйымның жоғарғы басшылығы ұйымның барлық өндірісінің қаражаттарына билік ете алады, менеджерлердің санын көбейтіп немесе қысқартуға жібереді. Бірақ та барлық шығындар төменгі басқару деңгейінде реттелмейді. Сондықтан бухгалтер жауапкершілік орталықтары бойынша сметаның орындалуын есепке алу үшін шығындарды реттелетін және ретелмейтін деп бөледі.

Жауапкершілік орталықтары сметаларының орындалуы туралы есеп беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Басқадай өндіріс шығындары
Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Басқару есебі туралы
Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Педагогикалық практиканың есебі
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz