Банк ЦентрКредит АҚ-ның даму тарихы мен қызмет аясына сипаттама


1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның даму тарихы мен қызмет аясына сипаттама
1. 1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның даму тарихы және сипаттамасы
1988 жылы қыркүйек айында КСРО-ның алғашқы кооперативтік банктерінің бірі - Алматылық Орталық кооперативтік банк құрылды.
1991 жылдың тамызында Банк Қазақ Акционерлік ЦентрБанк ретінде қайта тіркелді.
1993 жылы қарашада Банк Қазақстан Қор Биржасының мүшелігіне кірді.
1994 жылы қыркүйек айында Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша агент ретінде - екі Қазақстандық банктің бірі болып арнайы өкілеттікке ие болды.
1995 жылы Қазақстандық Интернационалдық банк Chase Manhattan Bank-тен және Қазақстан Республикасы Үкіметінен 100 % акция пакетін сатып алды.
1996 жылы Банк Western Union ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша өкілі болды. Сонымен қатар Банк Ақтау қаласындағы теңіз портын қайта өңдеу үшін бөлінген 54 млн. USD мөлшеріндегі ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша өкіл ретінде таңдалды.
1996 жылы қараша Банк "Банк ЦентрКредит" ААҚ ретінде қайта тіркелді.
1997 жылы Австриялық «Raiffaisen Investment AG" және Ирландиялық "Bank of Ireland International Services Ltd" бірлесіп Twinning бағдарламасына қатысу басталды, банк екінші деңгейлі банктердің бірінші тобына енгізілді және жекешелендіру, "Жилстройбанк" ЖАҚ жекешелендіру бойынша тендерлерді ұтып алды. Осы жылы "Фронт-офис және Бэк-офис" қағидалары бойынша қызмет көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді.
1998 жылы шілдеде "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың "Жилстройбанк" ЖАҚ-пен қосылу арқылы қайта ұйымдасуы аяқталды.
1999 жыл кастодиандық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша лицензия алынды. Thomson Bank Watch агенттігі тарапынан халықаралық несиелік рейтингі расталды. Банктің акциялары Қазақстан Қор Биржасының «А» санатының ресми тізіміне енгізілді. Thomson Bank Watch агенттігі: ұзақ мерзімді қарыздар бойынша Қазақстанның деңгейіне сәйкес келетін В деңгейдегі; қысқа мерзімді қарыздар бойынша - борышқа қызмет көрсету және сыйақы төлеу қабілеттігін көрсететін инвестициялық класстың үшінші санаты - LC-3 деңгейдегі халықаралық несиелік рейтингін берді. Сомасы US$ 11 млн. құрайтын синдикатталған бірінші қарыз алынды.
2000 жылы Банк жеке тұлғалардың салымдарына міндетті түрде ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болды. №2 сертификат. Thomson Bank Watch агенттігі тарапынан халықаралық несиелік рейтингі расталды. Банк Visa International жүйесіне қатысушы мүше (Participant Member) ретінде қабылданды.
2002 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың «Жедел аударымдар» жүйесі«Қазақстан Республикасындағы ең үздік ақша аударымдары» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Moody’s Investors Serviceхалықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа келесі рейтингтерді белгіледі:
Ва2 - шет ел валютасындағы банктік депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг;
NP - шет ел валютасындағы банктік депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг;
D- қаржылық тұрақтылық рейтингі.
Барлық рейтингтердің болжамы - «тұрақты» болды.
2003 жылы FMO Голландиялық даму банкімен және DEG Неміс даму банкімен мерзімі 5 жылға жалпы сомасы 8 млн. долларды құрайтын несиелік келісімге қол қойылды. Нарықты зерттеу жөніндегі Еуропалық орталықтың құрметті кеңесі (EMRС) «Банк ЦентрКредит» ААҚ-на «Шағын және орта бизнес бойынша үздік банк» номинациясында «Еуромаркет-2003 жүлдесі» сыйлығымен марапаттады. Банктің құрамында Несиелік тәуекелдіктер департаменті, Шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті және Монетарлық операциялардың бэк-офисі басқарамасы құрылды. Шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға 10 млн. доллар көлемінде қарыз беру туралы ЕҚДБ-мен келісімге қол қойылды.
Осы жылы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерге кепілдік беру қоры» АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып, «Банк ЦентрКредит» АҚ агробизнесті несиелеу жобасын іске асыруға кірісті. Шетелдік банктер синдикатынан тағы бір жылдық опционы бар, мерзімі бір жылға 36 млн. доллар көлемінде жаңа қарыз ұсынылды. ЦентрКредит Банкі 2003 жылы ЕҚДБ шағын бизнесті несиелеу бағдарламасы (ШБНБ) бойынша Қазақстандағы ең қарқынды дамушы банк ретінде танылды.
Сонымен қатар мемлекеттік және қаржы институттарының өкілдері, ғалымдар мен бизнесмендер қатысқан «Кәсіпорындар қаржысының тазалығы шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі факторы ретінде» атты конференция ұйымдастырылды. Банктің құрылғанына 15 жыл толды. Мерейтойға арнап «Жылдар елегінен өткен сенімділік» атты естелік кітап шықты.
Банк 2003 жыл, тамыз айынан бастап Банк American Express төлем жүйесінің карточкаларын таратуға кірісті және ЦентрКредит Банкі өзінің Оқыту орталығын ашты.
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Күміс серіппе» жүлдесімен және «Жаңа есім - Жаңа тұлға» номинациясында грамотамен марапатталды. Fitch рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін - «В-»-тан «В+»-ке дейін көтерді.
2004 жылы 28 шетелдік банктерден құралған синдикатпен сомасы 70 млн. АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарыздың мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды. ЦентрКредит Банкі Қазақстан тарихында бірінші болып қазақстандық Валют-Транзит банкіне әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды ұйымдастырушы болды. Бұл қарыз қазақстандық нарықта ұйымдастырылды.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен ауыл шаруашылық жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруды қамсыздандыру үшін сомасы 6 млн. долларды құрайтын келісімге қол қойылды. ЦентрКредит Банкі қазақстандық астықтың ірі мемлекеттік экспортері Азық-түлік Келісімшарт Корпорациясы үшін бірегей клубтық мәміленің ұйымдастырушыларының бірі болды, сондай-ақ бұл мәміле бойынша несие берушілер cooperatieve centrale raiffeisen-boerenleenbank b. a., rabobank international және natexis banques populaires болды. ЦентрКредит Банкінің активтері 1 млрд. АҚШ долларынан асты, бұл Банктің құрылғанына 16 жыл толуына сәйкес келді. 2004 жыл, тамыз айында
ЦентрКредит Банкі Республикадағы жеті ірі коммерциялық банкпен бірге Қазақстанда құрылған бірінші Несиелік бюроның акционері болды. Fitch халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің ұзақ мерзімді рейтингін «В+» деңгейінде, қысқа мерзімді рейтингін «В» деңгейінде, қолдау рейтингін «4» деңгейінде растай отырып, жеке рейтингін "D" деңгейіне дейін жоғарылатты. Бұл Банктің өсіп келе жатқан пайдалылығын және шоғырлануын көрсетеді. Шетелдік валютадағы депозиттер бойынша рейтинг «Ва1» дейін жақсартылды. Сонымен қатар Голландиялық «Rabobank» қатысуымен 3 млн. доллардан 6 млн. долларға дейін несие желісін ұлғайту жөніндегі астық қолхаттарының бағдарламасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімге қол қойылды.
Қатысушы халықаралық коммерциялық банктердің саны (21) бойынша Банк тарихындағы ең ірі - 45 млн. долларды құрайтын сомадағы синдикатталған қарыз тартылды. Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Банктің шетелдік валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Ва1» дейін көтерді және қаржылық тұрақтылығы рейтингінің болжамын оң «D-» рейтингіне дейін жақсартты.
2004 жыл, сәуір айында Банктің атауы «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді. ЦентрКредит Банкі Қаржы саласында мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселелері бойынша конференция ұйымдастырып, өткізді. Конференцияны ұйымдастыруға Республикамыздың Ұлттық Банкі және ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы үлкен үлес қосты. Банктің корпоративтік клиенттерін қаржыландыру үшін 24 млн. доллар көлемінде екі синдикатталған қарыз тартылды.
Western Union компаниясы әлемнің бес аймағындағы 500 ең табысты пункттері арасында жүргізген «Клуб-500» атты сайысының аясында Банктің Тараз қаласындағы филиалы Western Union жүйесінің клиенттеріне қызмет көрсету сапасы бойынша бесінші орынды иеленді. «Эксклюзив» сараптамалық шолушы журналы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең үздік іскерлік беделі бар коммерциялық банктердің арасындағы рейтингте екінші орынды иеленді.
2005 жылы ЦентрКредит Банкі АҚШ үкіметінің OPIC мемлекеттік агенттігінің кепілдігімен 9 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада несие алу жөнінен Wachovia Bank National Association (АҚШ) банкімен келісім жасады. Қарыз шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Банктің жеке клиенттерін қаржыландыруға бағытталған. Банк өзінің бес жылдық реттелген облигацияларының бірінші эмиссиясын өтеуді жүзеге асырды.
Банк 200 млн. АҚШ долларын құрайтын әртүрлі қаражат көзінен алынған қарыз тартылды. Синдикатқа 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары қатысты.
Экспорттық-импорттық келісім шарттарды қаржыландыру үшін сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайтын әртүрлі қаражат көзінен алынған қарызды тарту жөнінде Raiffeisen Zentralbank Цsterreich Aktiengesellschaft-пен (Вена) және Citibank N. A. -мен (Лондон) келісімге қол қойылды. Синдикаттың құрамына 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктермен қаржы ұйымдары кірді. Синдикат қақатысушылардың үштен бірі - қазақстандық коммерциялық банктермен бұрын өзара қатынаста болмаған жаңа банктер.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен ЦентрКредитБанкіне Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру бойынша өкілеттікті толық тапсыру туралы меморандумға қол қойылды. Western Union компаниясы ЦентрКредит Банкін «Бизнесті дамыту үшін» номинациясында Еуропа және ТМД агенттері арасында жеңімпаз ретінде танып, «Алтын гүлдесте» сыйлығымен марапаттады.
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Банктің рейтингтерін: ұзақ мерзімді - «В+» деңгейінде, қысқа мерзімді - «В» деңгейінде, жеке - "D" деңгейінде, қолдау - «4» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».
Осы 2005 жыл, қыркүйек айында Microsoft корпорациясымен Корпоративтік лицензиялар туралы келісімге қол қойылды. Атырау қаласында Банктің құрылыстың және жабдықтаудың халықаралық стандарттарына сай жаңа офисі ашылды. Қарағанды қаласында Банктің халыққа бөлшекті қызмет көрсету орталығы ашылды.
Visa Inetrnational халықаралық төлем жүйесі ЦентрКредит Банкінің мәртебесін эмиссия және эквайринг жүргізетін, сондай-ақ осы төлем жүйесімен барлық есеп айырысуларды тікелей іске асыратын тұрақты мүшесіне (Principal Member) дейін көтерді. Банк банктің еурооблигацияларының бірінші шығарылымы бойынша купондық сыйақының бірінші төлемін жасады. [27]
2005 жыл, тамызында Банктің Мәскеу қаласында өкілдігі ашылды. ЦентрКредит Банкі өз облигацияларының алтыншы шығарылымы бойынша купондық сыйақының бірінші төлемін іске асырды. І-ші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Банк 2, 1 млрд. теңге сомасында таза табыс тапты, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 82, 8%-ға көп. Бұл кезде активтер бір жылда 86%-ға көбейіп, 224, 4 млрд. теңгені құрады, жеке капитал 16, 8 млрд. теңгені құрады, сәйкесінше өсімі 77% құрады. Несиелік портфельдің өсімі 97% немесе 150, 2 млрд. теңгені құрады.
Банк ішкі нарықтағы айналым мерзімі 10 жылды және сомасы 2 млрд. теңгені құрайтын облигациялардың жетінші шығарылымын орналастырды. Облигациялар KASE тізімінің «А» санатындағы ресми тізіміне енгізілді. [5]
Алматы қаласында № 10 және № 12 есеп айырысу-кассалық бөлімдердің негізінде Бөлшекті несиелеу орталықтары ашылды. ЦентрКредит Банкі мен Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы арасында инновациялық және инвестициялық жобаларға инвестицияларды дамыту және тарту аясында ынтымақтасу және бірлесіп іс-әрекет ету туралы келісімге қол қойды. Банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің желісі 100 бірлікті құрады.
Халықаралық Қаржы Корпорациясымен (IFC) лизингтік жобаларды қаржыландыру үшін мерзімі 7 жылға сомасы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылды[12] . Банктің бесінші эмиссиясының купондық облигациялары бойынша жеке ипотекалық облигацияларды ұстаушыларға алғаш рет купондық сыйақы төленді.
Банктің төртінші эмиссиясының реттелген облигациялары бойынша купондық сыйақының бірінші төлемі жасалды. Астана қаласында Банктің Бөлшекті бизнес орталығы ашылды.
Банк капиталдың халықаралық нарығында сомасы 200 млн. АҚШ долларын құрайтын үш жылдық еурооблигациялардың бастапқы шығарылымын орналастыруды іске асырды.
Банк клиенттерінің келісімшарттарына экспорт алдындағы қаржыландыруды іске асыру мақсатында шетелдік банктердің синдикатымен сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылды. Банктің құрылымында Халықаралық қатынастар департаменті құрылды.
2006 жылы «Клуб-500» сайысының нәтижесі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ Western Union төлемдеріне ең үздік қызмет көрсету сапасы үшін дипломмен марапатталды[19] .
Дәл осы жылы сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын еуробондтарды орналастыру аяқталды. Raiffeisen Zentralbank AG (Вена) және Citibank N. A. (Лондон) банктерімен әр түрлі қаражат көзінен алынған несиенің сомасын 200 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтып, мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды.
Банктің еншілес компаниясы - BCC Invest Қазақстанның қор биржасына шығарылған компаниялардың саны бойынша отандық бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді және бағалы қағаздар саудасының жалпы деңгейі бойынша нарықтағы жетекшілердің бірі болып танылды.
2006 жыл, қыркүйек айында банк 2, 5 млрд. теңге мөлшерінде еурооблигацияларды орналастырды. Қызметінің әділдігін арттыру мәселелері бойынша ҚР Қаржылық қадағалау жөніндегі агенттігімен ынтымақтасу және бірлесіп қызмет ету туралы меморандум жасалды.
2006 жылы ING Bank, Standard Bank Pic және Mitsui Banking Corporation Europe Limited ұйымдастыруымен 300 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада синдикатталған несиелік келісімге қол қойылды. Банк акционерлері ЦентрКредит Банкінің корпоративтік басқару кодексін қабылдады. Әр түрлі қаражат көзінен алынған сомасы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын Schuldscheindarlehen несиелік келісіміне қол қойылды.
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі CenterCredit International B. V. еурооблигацияларының болашақтағы шығарылымына "BВ-" ұзақ мерзімді рейтингін берді. Сонымен қатар Moody′s халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің жүз пайыздық еншілес құрылымы болып табылатын CenterCredit International B. V. компаниясының Нидерландыда тіркелген еуроноталардың болашақтағы шығарылымына "Ва1" ұзақ мерзімді рейтингін берді. 2007 жылы Халықаралық «Euromoney» журналы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия банктерінің ішінде «Менеджменті ең үздік банк» деп таныды.
2008 жылы ЕҚДБ наградасы - 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.
2009 жылы ЕҚДБ наградасы - 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.
2010 жыл, желтоқсан The Banker журналы (Financial Times баспасы) ЦентрКредит Банкін «Қазақстандағы 2010 жылы Жыл банкі» деп таныды [28] .
1. 2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 2018-2019 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтердің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Активті операциялар көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады. Оған келесілер жатады:
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қысқа, ортақ және ұзақ мерзімді несие беру;
- халыққа тұтыну несиесін беру;
- құнды қағаздар сатып алу үшін несие беру;
- лизингтік операциялар;
- факторингтік операцияларға несие беру;
Көрсетілген активті операциялардың ішінде ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операцияларын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы барлық табысының 80 пайызынан асып кетеді.
Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары болып табылады.
Банк активтерінің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілген сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қататынасын сипаттайды [12] .
1-кесте
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның активті операциялар құрылымы
1- кестеде біз банктің барлық активтерінің үлкен бөлігін клиенттерге және банктерге берілген несие алып тұрғанын көреміз. Оның үлес салмағы 2018 жылы 60, 1 пайызды құраса, 2019 жылы 62, 4 пайызды құрады.
Келесі кезекте ақша қаражаты мен оның эквивалентін қарастырсақ болсақ, оның үлес салмағы өткен жылы 18, 9 пайызды құраса, есепті жылы 14, 1 пайызды құрап отыр.
Қолдағы сатуға арналған инвестициялар 2018 жылы 106139 млн. теңгені, яғни барлық активтердің 7, 7 пайызын құрады. Есепті жылы оның үлес салмағы 11, 2 пайызға тең болды.
Ал ең төменгі үлесті пайдаға салынған ағымдағы салық бойынша талаптар құрап отыр, ол 2018 жылы 71 млн. теңгені құрап активтер үлесінен 0, 005 пайызды құраса, есепті жылы оның сомасы 712 млн теңгені құрап активтер үлесінен 0, 05 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш айтарлықтай көтерілгенін байқаймыз.
Активтер соммасының жоғарылауы банктің тиімді жұмыс жасап, қаражаттарын тиімді орналастыра алғандығын көрсетеді[18] .
Жоғарыдағы кестеде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 2018-2019 жж активтерінің ауытқуы мен өсу қарқыны көрсетіліп, есептелінген. Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы активтердің жалпы соммасы -31753 млн. теңгеге төмендеген, яғни 3, 4 %-ға . Бұл банктің 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы жұмысының сәл болса да нәтижелі болғандығын көрсетеді.
2-кесте
Банктің активті операцияларына талдау, млн. теңге
Пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржы активтері өткен жылымен салыстырғанда есепті жылы -20900млн. теңгеге азайып отыр.
Ақша қаражаты мен оның эквиваленті 2018 жылы 258787 млн тг құраса, 2019 жылы 188056 млн тг құрап, есепті жылы -70731 млн тг құрап төмендеген және төмендеу қарқыны 72, 6 пайызды құрап отыр.
Банктердегі қаражат 2018 жылы 6834 млн тг болса 2019 жылы 13140 млн тг құрап есепті жылы 6306 млн тг өскенін көріп отырмыз.
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар 2018 жылы 34191 млн. тг құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш мүлдем болмаған, сол себепті өсім де байқамаймыз.
Келесі суреттен көріп отырғанымыздай ақша қаражаты мен оның эквиваленті -70731 млн тг есепті жылы төмендеген. Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар есепті жылы көрсеткіші болмаған. Өзге де активтер 2018 жылы 44045 млн тг болса, 2019 жылы 72792 млн тг құрап 28747 млн тг көбейген.
1 сурет. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның активтерінің құрылымы, млн. теңге
Сонымен өзгері қарқынына қарайтын болсақ, пайдаға салынған ағымдағы салық бойынша талаптар 1002, 8 пайызға өскен, өзге активтер 165, 2 пайызға өскен, қолдағы сатуға арналған инвестициялар 141, 4 пайызға өсім қарқынын көрсетіп тұр және банктердегі қаражат 192, 2 пайызға өсім қарқынын көрсетіп тұр.
Ал төмендеу қарқынын пайда немесе шығын арқылы әділ құнымен көрсетілетін қаржы активтері 61, 6 пайызға және ақша қаражаты мен оның эквиваленті 72, 6 пайызға төментеу қарқынын есептеу жылы көрсетіп тұр.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялар негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы болып табылады [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz