ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- Қазақстан өзендерінің таралу ершелігіҚазақстан трансшекаралық өзендерінің қазіргі мәселелеріҚазақстан өзендерінің режимі мен қоректенуі және оны реттеу жолдары.
II. Қазақстан өзендерінің практикалық маңызы
- Қазақстан өзендерінің шаруашылық маңызы
- Қазақстан өзендерінің экалогиялық жағдайын зерттеу деңгейі
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Өзен өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларыан нәр алады. Негізінен өзен жүйесі қыраттар мен таулардан басталады. Өзен жүйесі төмен қарай ағып келе жатқанда оған жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады.
Өзеннің негізгі бөліктері бастауы басталар жері және атырауы көлге, теңізге құяр жері . Өзен дегеніміз арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағатын су. Өзен суы қар суларымен, жаңбыр, мұздық, және жер асты суларымен толып отырады.
Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ұзындығы 1000 км
Ұзындығы 500 км
Қазақстан өзендерінің барлығы Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.
Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алапқа жататын өзендер Ертіс, Есіл және Тобыл салалары.
Еліміздің өзендерінің көп бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Осы алап ірі көлдеріне құятын өзендер жүйесімен кіші алапқа бөлінеді. Көлдердің ірілері Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстанның өзендерін қамтиды. Олар Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен, Қара өзен және т. б жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады.
Бұл өзендердің көбісі шөл зонасында орналасқан және сирек. Бастысы Сырдария, Арыс, саласы Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері . Сырдариядан басқа өзен жүйелері құмға сіңіп ктеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік шығысындағы өзендер кіреді. Оларға Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т. б жатады.
Қазақстанның өзендері
Балқаш-Алакөл алабының өзендері
Арал теңізі алабының өзендері
Каспий теңізі алабының өзендері
Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері
Іле, Қаратал Аягөз, Тентек,
Ақсу, Сарқан
Сырдария Шу
Сарысу Торғай
Жайық
Жем
Ертіс
Есіл
Тобыл
Өзен жүйесінің ерекшелігі.
Қазақстан өздерінің негізгі бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі болып келеді. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуның бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі-оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде, өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км 2 -ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0, 5 км -ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км 2 -де 4-6 км-ге, таудың орта биіктігінде 140-12 км-ге, биік тауларда 16-18/ км-ге дейін жетеді.
3. Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.
Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секундына ағып өтетін текше метр (м 3/ сек) есебімен өлшенеді.
Қазақстанның ең мол сулы өзені- Ертістің көп жылдық орташа су шығыны 880м 3/ сек, Сырдария-703м 3 /сек .
Өзеннің жыл бойына ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.
Мысалы, Ертістің жылдық ағыны -28млрд м 3 . Су шығыны жер беті суларының қорларын анықтайды. Ағын республика аумағы бойынша өте әркелкі тараған, беткі ағынның мөлшері -59 км 3
Қазақстан бойынша орташа ағынның әрбір км 2 -ге келетін мөлшері 20 000м 3 .
Республика өзен ағынының мөлшері жағынан Түркменстаннан ғана алда. Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтағы жылдық ағынның 1%-ын береді.
4. Өзендердің қоректенуі мен режимі.
Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді.
Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері -Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген қардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суңының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді. Негізінен қар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді. Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері - Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі.
Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтар мен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері кіреді(Ертіс) көктемнің 2жартысы мене жазда тасиды. . Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзеннінің су тасуы ұзаққа созылады.
Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%) , ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.
Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды қарашының аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде-190см, оңтүстігінде өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады.
Биік тау өзендерініңі мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен қоректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалып таспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байлады.
Қазақсанның жазық бөлігіндегі өзендерінің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлығы 50-100г/м 3 , ал төменгі ағысында 200г/м 3 . Борпылдақ жыныстары көп ағызып әкелетін батыс Қазақстанның өзендерінің лайлығы тым жоғары(500-700г/м 3 ) келеді. Тау өзендерінің лайлығы ағыс бойымен төмен қарай артады. . Оның мөлшері-Іледе 650г/м 3 , Шудың төменгі ағысында -900 г/м 3 , Сырдарияда -1200г/м 3.
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕР СИПАТТАМАСЫ
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары.
Қазақстанда шамамен 39 мың өзен және уақытша иірімдер кездеседі, олардың 8 мың өзен ұзын арнасымен, олардың ұзындығы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге Орал, Ертіс, Сырдария, Есіл, Ойыл, Тобыл, Есіл, Сағыз, Жем, Үлкен және кіші Өзен, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Ақсу, Лепсі және т. б. өзендерді жатқызуға болады. Үлкен және кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендері бастауын таулардан алады, оларда сел тасқындары жиі қайталанады. Көптеген өзендердің суы таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56, 5 км ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған көлемі - 44, 0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.
Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда - 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған - Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы - 0, 36 мыңға дейін м3/км2.
Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасының барынша созылып жатқан ішкі-жер үсті өзендері - Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Ембі, Ырғыз, Сағыз, Үлкен Өзен (1000 км-ге дейін) болып табылады.
Қазақстанның ішкі-жер үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.
2002 жылы республикада үстіңгі сулардың улы заттармен (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш, бор және т. б. ) жоғары 396 жағдайы тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды негізгі ластаушылар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кешендері болып табылады.
Қазақстан Республикасының негізгі ірі трансшекаралық су объектілері Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу мен Талас болып табылады.
Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар.
Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК) .
Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер бойынша өзендердің қазіргі заманғы жағдайын талдауды жүргізу қажет.
Су ресурстарының экологиялық жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп құлдырау үстінде және су ресурстарының биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша келісілген бірлескен әрекет ету үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді.
Тиісті ведомстволармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер - ҚХР, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан - осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.
Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық жағдайда қалып отыр.
Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан Республикасының СЭС деректері бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11, 1 % құрайды (Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29, 2, Қызылордада - 18, 9, Ақтөбеде - 17, 6, Астанада - 16, 0 %) . Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18, 7, Алматы қаласында - 41, 0 % құрайды) . Қазақстан бойынша ағынды сулардың жылысып түсуі 4, 0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды облысы - 1036, Павлодар облысы - 921, 1, Маңғыстау облысы - 667 млн. м 3 құрайды) .
Өнеркәсіптің (32, 6-41, 7 %), тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың (58, 3-67 %) жер үсті су объектілеріне ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.
Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп пен түсті металлургия салаларының химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын төгеді
Қазақстан трансшекаралық өзендерінің қазіргі жағдайы
Су рөлінің ерекшелігін және адамның жеткілікті мөлшерде, сонымен қатар таза суға құқығының бар екендігі тұрғысынан судың әлеуметтік мәнін түсіну, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізіне айналып келеді. Су қазіргі және болашақ ұрпақтардың меншігі болатын аса шектеулі және құнды табиғи ресурс болып табылады.
Ресейлік ғалым О. Н. Барабановтың пікірі бойынша, бүгін су ресурстарына байланысты көкейтесті мәселелерінің бірі трансшекаралық су ағысын пайдалануды реттеудің проблемасы. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық «Water for People, water for Life» есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19 - бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың қөптеген елдері өздерінің суға қажеттіліктерін «шетелдік» су арқылы қамтамасыз етеді.
Әлемде жаһандық түрде пайдаланатын судың көлемі жылдан жылға артып келеді. Су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде ХХІ ғасырдың басында Жер беті халқының 70 пайыздан астамы тұрады (1950 жылы судың тапшылығынан күйзеліске бір де бір ел түспеген болатын) . Су күйзелісі деп судың тапшылығынан қатты ширыққан халді айтамыз, бұл жағдайда мемлекет қолдағы ресурстың 40 пайызынан астамын пайдаланады; және де су пайдалану қарқыны табиғи толықтырылудан әлде қайда жоғары болып тұрады; су тапшылығы елдің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Кембридж университеті ғалымдарының болжамы бойынша 2025 жылға қарай жағдай бұдан да күшейе түсуі мүмкін, сол уақытта дүниежүзі халқының 80 пайызынан көбі су жөнінде күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде тұратын болады. Бұл елдердің үштен бірі апатты күйзеліске түседі, ал өздеріндегі су ресурстарын пайдалану көрсеткіші 60 пайыздан асатын болады .
Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су ресурстары өз жерінде құрастырылатын жалғыз ғана - Қырғызстан, аймақтың басқа елдерінің бәрінде судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға тәуелді. Бұл тұрғыда аса қиын жағдайда Өзбекстан мен Түркменстан қалып отыр, себебі бұл елдерге жаңартылған су ресурстарының 90%-ға жақыны сырттан келеді. Қазақстан бұл жөнінде суға тәуелді мемлекетке жатады, сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесіне біз аса жоғары басымдылық береміз. Жылына сумен қамтамасыз етудің үлес салмағы км2 шаққанда 37 мың м3, бір адамға шаққанда - 6, 0 мың м3 болады. Маңызы бар айта кететін жәйт - Қазақстан жеріндегі су ресурстары тіпті де біркелкі бөлінбеген. Шығыс аймаққа су ресуртарының 34, 5% тиеді, оңтүстік-шығысқа - 24, 1%, оңтүстікке - 21, 2%, батысқа -13, 4%, солтүстікке - 4, 2%, орталық аймақтарға - 2, 6%. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс-Қазақстан облысы - км2 шаққанда 290 мың м3 . Сонымен қатар Атырау, Қызылорда облыстары және әсіресе тұшы судың шын мәнінде көзі жоқ Маңғыстау облысы судың тапшылығын аса қатты шегуде .
Экономика салалары сумен 85% жер беті сулар есебіне қамтамасыз етіледі, қалған бөлігі - жер асты, теңіз және сарқынды сулар арқылы қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығының қажеттілігіне барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Біздің елімізде басты өзендер бассейндерінің жетісі трансшекаралық өзен болып табылады. Жыл сайын жаңартылған жер беті су ресурстарының 40 %-дан астамы көршілес мемлекеттер аумағынан келеді. Қазақстан экономикасының тұтас алғанда да, аймақтық-өндірістік кешен, облыс және бөлек қалалар бойынша алғанда да ары қарай дамуы көп жағдайда елдің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазақстан су ресурстарының жартысына жақыны аумағынан тыс жерде болғандықтан су, асырмай айтқанда, көршілес мемлекеттермен халықаралық қатынастар құрудың стратегиялық құралына айналып бара жатыр.
Республикада су ресурстарын басқару жүйесі бассейндік ұстанымға негізделген. Қазақстанда 8 өзендік бассейндер бар: Балқаш-Алакөл, Шу-Талас, Арал-Сырдарья, Жайық-Каспий, Тобол-Торғай, Еділ, Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндері. Және де Нұра-Сарысу бассейннен басқа 7 өзендік бассейн трансшекаралық болып есептеледі. Қазақстанның жер беті су ресурстары орташа сулылық жылдары 100, 5км3 болады, бұл су көлемінің тек 56 км3 мөлшердегі су республика аумағында құрастырылады. Қалған су көлемі - 44 км3 көршілес мемлекеттерден келеді, атап айтқанда: Қытайдан - 18, 9 км3, Өзбекстаннан - 14, 6 км3, Қырғызстаннан - 3, 0 км3, Ресейден - 7, 5 км3.
Қазақстан халқының саны 18 миллионнан астам, осының 43% ауылдық жерде тұрады, осыншама халық үшін 8 су бассейны бар, оның 7-сі - трансшекаралық өзендік бассейндер. Бірақ республикадағы ауыл тұрғындарының тек 60%-зы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып суды пайдалану мүмкідігіне ие болған. Демек, сумен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік стратегиялық міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан халқына биылғы «Болашақты бірге құрайық!» жолдауында қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті мәселеге айналғандығы атап өтілді, ал бұл-халықтың денсаулығын жақсартудың маңызды шарты деп табылады. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар 8 жыл бұрын басталған болатын, ал қазір республикада «Ауыз сулар» салалық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жолдауда көрсетілгендей орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердердің саны 41 пайызда дейін өскен, қалалардың саны - 72 пайызға дейін өскен. Сырттан әкелінген суды пайдаланатын адамның саны 4 есе азайған. Орталық Азия субаймағының табиғаты өте нәзік .
1992 жылдың 18 қыркүйегіндегі БҰҰ-ның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөнінде Конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жылдың 21 мамырында қабылдаған Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы туралы Конвенциясы бойынша «трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету» міндеті қарастырылады. БҰҰ-ның шешімдерінде «су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады» делінген. Залал келтірілген жағдайда оны жою немесе азайту үшін барлық шаралар алынуға тиіс, ал қажет болғанда қарымақы мәселесі қарастырылады. БҰҰ-ның жоғарыда аталмыш конвенцияларының негізгі талаптарына сәйкес беделді халықаралық сарапшылар гидротехникалық нысандардың құрылысы экологиялық жағынан түзелмейтін зардап келтірмейтідігіне, трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан барлық мемлекеттердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмайтындығына кепілдік беруге тиісті.
Бұл талаптар Орталық Азияда гидроэнергетикалық құрылымдарды салу жөнінде тек ұлттық емес сонымен қатар трансұлттық компаниялардың қатысуымен әр түрлі жобалар жүзеге асырылған кезде аймақта экологиялық жағдайдың апаттық дәрежеге дейін төмендеп кетпеуі үшін міндетті түрде орындалуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz