ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
ФакультетИнститут______Ұстаз институты__________________________ _

___________Қазақ тілі мен әдебиеті_______________кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні_______________________________ _______________________________

Тақырыбы___ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы.____________________________ ________
Студент Абилкасым Зеин Тобы КЯ 19-1_________
аты-жөні.
аты-жөні. қолы
Жетекшісі__________________________ ______ __________________
қызметі аты-жөні.
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __________________
қолы
Жұмыс қорғалды ________________20__ж. бағасы ________________
жазбаша
Комиссии мүшелері: ________________________ _________________
аты-жөні. қолы

________________________ _________________ аты-жөні. қолы

Тараз 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті ______________кафедрасы

___________________________________ ________________________пәнінен

КЯ 19-1 тобындағы Абілқасым Зеин___________

студенттіңаты-жөні.
курстық жоба (жұмыс) бойынша

ТАПСЫРМАСЫ
1.Тақырыбы_________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________

2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар ______________________________
___________________________________ ___________________________________ _______________________________ ___________________________________ _______________________________ _______________________________

3. Жұмыстың негізгі бөлімдері
Орындау кестесі

көлемі, %
орындау мерзімі

4. Графикалық материалдың тізбесі (сызбалардың масштабын көрсете отырып)

5. Жобаны (жұмысты) ресімдеу

6. Қорғау

Тапсырма кафедра отырысында бекітілді ________20___ж.Хаттама №____
Жетекшісі:
_______________ __________________ ____________________________
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға алдым ____________20___ж. _____________ студенттің қолы

Мазмұны:

І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Діни-ағартушылық бағыттағы ақындардың ерекшелігі. М.Ж.Көпеев, Н.Наушабаев, М.Қалтаев, Ә.Кердері шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..6
2.2. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақындар шығармашы-лығы Ш.Құдайбердіұлының әдебиеттен алар орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3. "Даналық кітабының" Теһеранда шыққан аудармалары ... ... ... ... ..11
2.4.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІY.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. 1

Кіріспе
XX ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы. Соған байланысты қазақ жеріндегі жалпы мәдениеттің, рухани құндылықтардың өркен жайып, дамуындағы өзіндік ерекшеліктердің дүниеге келуі.
Осы кезеңдегі (1900-1920 жылдар аралығы) қазақ әдебиетінің өсу-өркендеу бағыттары. Әдеби дамудың қазақ ұлтының жалпы көркем ой әлемінің кеңеюіне жасаған әрқилы ықпал-әсері.
XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас. Ресей патшасының отарлау саясатының күшеюі. Ішкі Ресейдегі 1905 жылғы оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. Қазақстанда "қоныстандыру басқармаларының" көбеюі. Олардың мақсаты. "Қарашекпенділер" мәселесі. Соның салдарынан қазақ даласында калыптасқан жағдай. Соған орай бұқара наразылығының күшеюі. Қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдары.
Қазақстанда 1916 жылғы Ресей патшасының әйгілі июнь жарлығынан туындаған оқиғалардың мәні. Түрлі наразылық керіністерінің жалпы халықтық қозғалысқа ұласуы. Ұлт азаттығы жолындағы осынау көтерілістердің ұлт санасын оятудағы маңызы.
Қазақстанның экономикалық және рухани өміріндегі орыс қоғамының ықпал ету сипаттары. XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың прогресшіл мәдениетінің әсерімен өркен жая бастаған демократтық, ағартушылық идеялардың жалғасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрлерінің қанат жаюы. Қазақ қоғамының рухани, мәдени даму қарқынының арта түсуі.
Оку-ағарту ісі. Қазақ даласында осы дәуірде орын алған оқу түрлері. Мектептер жүйесі және оның түрлері. Ескі үлгідегі мектептердің сипаты. Кезең талаптарына жауап беру дәрежесі. Ауылдық мектептердің пайда болуы. Әр ауылда молда, мүғалім ұстау дәстүрінің орнығуы. Қадімше оқыту. Жаңаша оқу жүйесі. Жәдитше оқытудың ерекшеліктері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін жеңілдету бағытындағы қадамдар. Пән негіздерінің оқытыла бастауы. Жаңаша оқытатын мектептер санының көбеюі. Мұғалімдер даярлау қажеттігінің тууы. Оқыту ісінің прогресшіл сипатымен қоса, отарлау, орыстандыру бағытынан да құралақан болмауы.
Баспасөз ісі. Ұлттық баспасөздің тарихынан мәлімет: "Түркістан уәлаятыніың газеті"(Орынбор, 1870-1882), "Дала уәлаятының газеті"(Омбы, 1888-1902). Олардың патша саясатын уағыздаумен қатар, ұлттық баспасөз дәстүрлерін қалыптастырудағы қызметі. Аталмыш басылымдарда қазақтың тарихы мен мәдениеті туралы жекелеген деректердің жариялануы. Абай өлендерінің алғаш рет басылуы. Қазақша газет-журналдардың кебеюі. 1905 жылғы патша манифесі. Оның мәні. Қазақ тіліндегі баспасөз ісінің өркендеуіне жасаған ықпалы. "Серке" (Петербург, 1907), "Қазақ газеті" (Троицк, 1907), "Қазақстан" (Орда, 1911-1913) газеттері туралы қысқаша мәлімет. Олардың бағьптары, ұлт санасын оятудағы маңызы.
"Айкап" журналы (1911-1915). Басты мақсаты, көздеген бағыт-бағдары. Демократиялық ой-пайымдары. Қазақ қоғамының сол дәуірдегі көкейкесті мәселелерін көтеру дәрежесі. Халықтың кешегісі мен бүгініне, болашағына қатысты материалдар жариялауы. Отырықшылық, жер мәселесіне назар аудару дәрежесі. Ұлттық мәдениет, тіл, әдебиет туралы пікірлері. Керкем әдебиеттің өркендеуіне жасаған ықпалы. Өз маңына қазақ қаламгерлерін топтастыруы. Олардың шығармаларын жариялауы.
Кітап шығару ісі. Қазақша кітаптардың көбеюі. Қазақ кітаптары, олардың авторлары мен шығарушылары туралы мәлімет. Баспа ісі дамуының ұлттық әдеби тілдің, әдеби жанрлардың ұшталуына ықпал жасағаны. Қазақ кітаптарының мазмұны мен тақырыбының әралуандығы.
Қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы, кітап болып шығуы. Шығыстық хисса-дастандардың кептеп аударылуы, басылуы. Қазақ қаламгерлерінің төл шығармаларының басылуы. Ұлы Абай шығармаларының тұңғыш жинағының жарық көруі (1909). Оның қазақ мәдениетінің тарихынан алатын орны. Абай өлеңінің қазақ ақындарына жасаған ықпалы. Ахмет Байтұрсынұлының, Міржакып Дулатұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының және басқалардың кітаптарының жарық көруі. Қазақ тіліндеғі кітап шығару ісі өркендеуінің жалпы ұлттық мәдениеттің дамуына тигізген әсері.
Көркем әдебиеттің дамуы. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік өзгерістер мен мәдени жаңғырулардың XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өркендеуіне тікелей қозғау салуы. Ұлттық әдебиеттің тақырыптық, жанрлық, керкемдік жағынан өркендеуі. Поэзия жанрының дамуы. Поэзияда жалған насихаттық сарынның азайып, Абай үлгісіндегі шыншыл лириканың орнығуы. Лирика тілінің еткір сипат алуы, тақырып ауқымының кеңеюі, әлеуметтік мәселелерді қозғаудаьы батылдыгы. Поэма жанрының өрісі. Осы жанрда өмір құбылыстарын шынайы бейнелейтін оқиғалы, күрделі шығармалардың пайда болуы. Бірқатар сюжетті поэмалардың дүниеге келуі. Олардағы реалистік нышандардың молдығы. Бірқатар шығармаларда сол кезендегі тарихи дәуірдің ауанына сәйкес сипаттардың орын алуы. Шәкәрім Құдайбердіұлының, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Мұхаметжан Сералыұлының сюжетті поэмалар дәстүрін дамытуға қосқан үлесі. Проза жанрының өркендеуі. Шынайы көркем прозаны қалыптастыру жолындағы алғашқы ізденістер. Шағын проза үлгісіндегі шығармалардың жазылғаны. М.Дулатулы, С.Көбейұлы, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. жазушылардың қазақ прозасын өркемдету жолында елеулі еңбек атқарғаны. Тұңғыш қазақ романының дүниеге келуі. Күрделі проза үлгісінде жазылған алғашқы
романдардың тақырыптық бағыттары. Оларда дәуір мәселелерінің көтерілгені. Драматургия жанрының калыптасуындағы қадамдар. Алғашқы драмалық шығармалардың дүниеге келуі. (Б.Серкебаев. "Бақсы", "Ғазиза", 1912; К.Тегісов. "Надандық құрбаны", 1915; Б.Майлин. "Шаншар молда", 1916; Ж.Аймауытұлы. "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия-Шарбану", 1916-1917; М.Әуезов. "Ендік-Кебек", 1917). Лударма жанрының өрістеуі. Себептері. Жанр дамуына сол заманның талабынан туған рухани қажеттіліктердің жасаған ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің езге елдер әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізу тәжірибесі. Керкем аудармада Абай, Ыбырай дәстүрлерінің жалғасуы. Сол арқылы қазақ әдебиетінің өзге әдебиеттермен байланысының кеңеюі. Орыс, татар, өзбек, қырғыз, т.б. әдебиеттермен байланыс желілерінің орнауы. Көсемсөз жанрының дамуы. Көсемсөздің сол дәуірдің мұң-мұқтажын жоқтайтын куатты күшке айналуы. Себептері. Қазақ баспасөзінде осынау тарихи кезеңнің келелі тақырыптарын көтерген ойлы да батыл мақалалардың көптеп жариялануы. А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, Шәкәрімнің, Сұлтанмахмұттың, М.Сералыұлының, С.Дөнентайұлының мақалалары. Бұл еңбектердің дәуір мәселелерін көтерудегі, халықтың санасын оятудағы және
ұлттық көсемсөз өнерін дамытудағы маңызы. Әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы. Бұл бағытта Шоқан, Ыбырай, Абайлардан бастау алатын сыншылдық дәстүрлерінің жалғасуы. Тарихи кезеңнің толғақты мәселелерін қозғаған көркем әдебиет пен әдеби сынның өзара байланыста дамуы. Проблемалық сындардың көріне бастауы. "Айкап" журналында басылған С.Торайғырұлының, М.Сералыұлының, С.Сейфоллаұлының, "Қазақ" газетіндегі А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының әдебиет туралы сын еңбектері. Олардағы жекелеген шығармалар туралы сын пікірлер, сондай-ақ қаламгер машығы, көркем шығарманың табиғаты туралы тұжырымдар мен қорытындылар. Сын жанрында әдебиеттің көркемдік, эстетикалық мәселелерін көтеруге деген талпыныс. Кейбір сын еңбектерде кездесетін сыңаржақ идеологияға, таптық көзқарасқа бой ұрушылық көріністері. Сынның жалпы деңгейі туралы мәлімет. Алғашқы қадамға тән ерекшеліктер. Әдебиеттің әртүрлі мәселелері, жекелеген қаламгерлердің шығармашылығы. Абайдың әдеби мұрасы, халықтың ауыз әдебиеті жөнінде жекелеген мақалалардың жарық көруі. Әдебиеттің тақырып ауқымының кеңейғені. Қоғамдағы әлеуметтік және идеологиялық өзгерістерге үн қосатын шығармалардың жазылу зандылығы. Оларда қалың бұқара халықтың бүгінгісі мен болашағына деген саналы көзқарасын қалыптастыру, ой-санасына прогресшіл идеялар сініру, тіншілігіне қозғау салу, жігері мен намысын ояту, болашаққа бағыт сілтеу сарынындағы тақырыптарының кетерілуі. Әйел тендігі, махаббат мәселелерінің алдыңғы қатарға шығуы. Оның себептері.
Әдебиеттің даму бағыттары. Бір тарихи кезең аясында әртүрлі көркемдік шеберлік деңгейіндегі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеуі. Олардың арасындағы айырмашылықтар мен бәріне ортақ сипаттар. Бұл кезендегі қазақ қаламгерлерін шартты түрде екі топқа, яғни діни-ағартушылық бағыттағы ақындар және ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар деп бөлудің себептері.

Тақырыптың өзектілігі: Қожа Ахмет Яссауидің "Даналық кітабының" маңызын түсініп, нәпсіні тәрбиелеу және адами құндылықтарды сақтап қалудың мәнін ашып көрсету.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:Қожа Ахмет Яссауидің "Даналық кітабы" және ислам діні жөніндегі білімімізді арттыру, Ахмет Яссауи ислам діні ілімінің өміршеңдігінің үлгісі деректерін негізге ала отырып, оның мазмұн
мағынасына тереңірек түсінік беру.
Зерттеу нысаны : Қожа Ахмет Яссауидің "Даналық кітабы" еңбегі негізгі нысан ретінде алынды.
Зерттеу болжамы:Егер,"Даналық кітабының" ислам діні мәселесін ғылым тұрғысынан қарастырсақ, тәрбие құралы ретінде пайдаланса , онда болашақта әрбір адамға оң ықпалын тигізбек.
Зерттеудің теориялық - практикалық маңызы : "Даналық кітабындағы" ислам діні туралы деректердің мәні, терең, дәлелді пікірлерімен ұсынылған.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. Діни-ағартушылық бағыттағы ақындардың ерекшелігі. М.Ж.Көпеев, Н.Наушабаев, М.Қалтаев, Ә.Кердері шығармашылығы.
Бұл топтағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері. Олардың бәріне ортақ сипаттардың молдығы. Атап айтқанда:
Біріншіден, олардың діни білімдарлығы. Шығыс әдебиетін, араб, парсы, шағатай тілдерін меңгергендігі. Дін тақырыбындағы шығармаларға қанықтығы. Сол дәстүрде қалыптасқаны. Ел ішінде молда бола жүріп, дін мәселелерімен қатар әдебиетті насихаттауы.
Екіншіден, Шығыс әдебиеті туындыларын қазақшаға аударуы немесе сол сюжеттер негізінде өздерінің төл шығармаларын тудыруы. Бұл топтағы ақындар шығармаларының қазақ жұртшылығына Шығыстың классикалық әдебиеті үлгілерін таныстыруда елеулі қызмет атқарғаны. Үшіншіден, олардың шығыстық үлгіде дастандар жазуы. Хиссашыл ақындар атануы. Ақылбек Сабал, Жусіпбек Шайхисламұлы, Шәді Жоңгірұлы, Әбубәкір Кердері, т.б. ақындар шығармашылығының негізгі сипаттары. Олардың ұлттық көркем ойды дамытуға қосқан үлесі.
Хисса дәстүрін жалғастырудағы еңбегі. Кітап шығару ісіне қатысы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруы. Шығармаларының тақырыптық арналары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931). Шығармашылық өмірбаяны. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Қазақ жұртының жайына қанықтығы. Қазақ даласын, сырт жерлерді көп аралағаны. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазын, "Дала уәлаятының газетінде", "Қазақ" газетінде жариялауы.
Қазақтың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, ел ішіндеғі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірлері.
Қоғамдағы өзгрістерге кезқарасы.
Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. "Хал-ахуал", "Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз", "Сарыарқаның кімдікі екендігі" жинақтарының жарық көруі.
Оларда заман шындығының бейнеленуі.
"Сарыарқаның кімдікі екендігі" жинағындағы ұлттың тарихы мен болашағына қатысты мәселелер және Ресей тарапынан жасалып отырған отаршылық саясатқа қарсылық. Пікірлерінің батылдығы. Патша өкіметінің аталмыш кітапқа тыйым салуы.
Сатиралық үлгідегі "Шайтанның саудасы" өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.
Мәшһүр Жүсіптің дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік деңгейі.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұалардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде жинақталып сақталған "Қара мес" атты мұрасы және оның мәні.
Мақыш Калтайұы (1868-1916). Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімінің терендігі. Айналасына, қоғам құылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық ез пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктерді сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. Өлендерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.
Мысал жанры саласындағы еңбегі. Бұын белгілі сюжеттерді пайдалана отырып, езіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалар жазғаны. 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.
3. Ш.Жэңгірұы, А.Сабалұлы, Т. Ізтілеуов, М.Байзақовтың шығармаларыиың идеялық, көркемдік негізі.
Шәді Жәңгірұы (1855-1933). Шығармашылық емірбаяны. Шығыс әдебиетінен жан-жақты хабардарлығы. Үзын саны 18 дастан жазғаны.
Тұмағанбет Ізтілеуұлы (1882-1939). Шығармашылық өмірбаяны. Әйгілі Бұара медресесінде білім алуы. Араб, парсы, шағатай тілдеріне жетік болғандығы. Шығыстық үлгіде өлең жазуы. Шығыстың ақындарын насихаттап отыруы. Өлеңрінде сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ("Кара қоңыз", "Бар мен жоқ, ал мен бер", т.б.) арқау етуі. Ғылым мен діннің арақатынасы туралы көзқарасы.
Өз шығармашылығында Абай өлеңін құмет тұнуы Сол үлгіде жазуға талпынуы. Өлендеріндегі философиялық түйіндер. Нақыл негізінде дастан жазуы. Шығыс сюжеттерін пайдалануы. Еңбекті, достықты, адамгершілікті насихаттауы. "Мәрді диқан" дастаны. Бірқатар мысалдар ("Өгіз бен есек", "Төрт дос", т.б.) қалдырғаны. Рубаят жазғандығы. Өз заманына үндес шығармалар тудыруы. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғаларды жырға қосуы. Шығыстың әйгілі шығармасы "Шаһнаманы" аударуы.
Мұсабек Байзақұлы (1849-1932). Шығармашылық өмірбаяны. Лақап аты - Молда Мұса. Шығыстық дәстүрде тәрбие алғандығы. Өмір құбылыстарына сын көзбен қарағаны. Өлендерінде заман суреттерін бейнелеуі. Сыншылдық сарынның молдығы. ("Сайлау деген елге бір бүлік болды". т.б.) Өлендеріндегі азаматтық үн ("Адам түгіл алдайды періштені", т.б.), ағартушылық ойлардың көтерілуі ("Ғылымсыз болып қартайсаң",т.б.). Мысал жанрында жазылған өлендері ("Жолбарыс пен түлкі", "Түзу терек", "Адалдық пен арамдық", т.б.). "Манат қызбен айтысы". Хат арқылы айтысудағы ерекшеліктер.
4. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақындар шығармашы-лығы Ш.Құдайбердіұлының әдебиеттен алар орны.
Шәкәрім Күдайбердіұлы (1858-1931)
Шығармашылық өмірбаяны. Абай ауылында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына ұлы ақынның тигізген әсері. Абай негізін қалаған реалистік әдебиет дәстүрін ілгері жалғастырғандығы. Және оны өзіндік көркем өрнек-бояулармен байытқаны.
Білімдарлығы. Тәлім алған рухани бастаулары. Өз бетімеп білім жинап, Шығыс пен Батыс тілдерін меңгергендігі, шет елдер әдебиеті мен ғылымынан хабардарлығы. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен (Л.Толстой) хат алысып, шығармашылық байланыста болуы.
Ойшылдығы. Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Ондағы мақсаты. Сапар нәтижесі.
Абайдың ақыл-кеңесімен казақ халқының шежірелік тарихын жинауы. Шежіре еңбегінде дүние жүзі ғалымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлеріп сараптап пайдалануы, оларға қатысты өз көзқарасын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917 жылғы төңкерістерден кейінгі кезенде заман тақырыбына қалам тербеуі.
Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. Қазақтың реалистік лирикасын дамытуға қосқан үлесі. Шындықты жырлауда қуатты шабыт танытуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндерді, қоғам қайшылықтарын сынға алуы ("Сәнқойлар", "Еріншек", "Қазақтың жаманы болмас", т.б.). Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. Шығармашылық жолының бастапқы кезеңінде жазған жастық шақ, махаббат туралы өлендерінде ("Шын сырым", "Арман", "Жастық туралы", т.б.) шығыстық элементтермен қатар халықтық жыр үлгісінің көріністері. Олардағы сұлу сурет, терең ойлардың сипаты. Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеяның қуаттылығы. Өз заманының болмысын, талаптары мен мұқтаждықтарын түсіне білуі. Сол талаптарға орай халыққа білім берудің, кепшілікті мәдениетке ұндеудің маңызын ұғынуы. Өнер мен ғылымды байлықтың ең асылы деп ұғуы. Өлендерінің терең ойлылығы, философиялық астарлылығы.
Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел ішінде ертерек замандарда еткен оқиғалар желісімен көркем реалистік дастандар жазуы. "Қалқаман-Мамыр" поэмасы. Шығармадағы тарихи фон. Аталас туыстығы бар қыз бен жігіттің арасындағы махаббат хикаясы. Ағайын арасындағы тартыстың мәні. Оның екі түрлі әлеуметтік түсінік тартысына үласуы. Қалқаман мен Мамыр образдары. Олардың жай ғана махаббат мұңлықтары емес, ақыл-парасаты жоғары азаматтар тұлғасында суреттелуі. Әнет баба мен Кекенай бейнелерінің күрделілігі. Екеуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының тартыс үстінде айқындала түсетіні. Түпкі мақсаттары ел ішінің тыныштығы мен тазалығын сақтау болғанмен, соған жетуде екі түрлі жолды тандауы. Ғашықтар хикаясыиан өрбіген тартыс арқылы ел бірлігі сияқты әлеуметтік идеяның алға тартылатыны.
"Еңлік-Кебек " дастаны. Екі жастың трагедиялық тағдыры. Осының алдындағы "Калқаман-Мамыр" поэмасында кездесетін тарихи фонның жалғасуы. Махаббат трагедиясы арқылы екі ел арасындағы алауыздық, жер дауы сияқты мәселелердің көтерілуі. Еңлік пен Кебек образдарын сомдаудағы ақынның шеберлігі. Поэмада портреттік детальдардың аздығы. Кейіпкерлердің ішкі, сыртқы сұлулығын іс-әрекет арқылы бейнелеу. Кеңгірбай бейнесінің күрделілігі. "Қалқаман-Мамырдағы" Әнет баба мен мұндағы Кеңгірбай образдарының ұқсастығы мен айырмашылықтары. Поэмада ішкі драматизмнің молдығы. Этнографиялық детальдардың ұтымды пайдалынылуы.
"Нартайлақ-Айсұлу" дастанының тақырыбы. Шығарманың көркемдік жетістігі және ақын шығармашылығынан алатын орны. Шығарманың жетістіктері мен кемшілігі. Қыз бен жігіт арасындағы махаббат трагедиясын баяндау барысында ақынның ұсақ-түйек тартыстар жетегінде кетіп қалуы. Тартыстың босаңцығы мен оқиғалар шашыраңқылығының керіністері. Кейіпкерлер образдарын сомдаудағы Шәкәрімнің шеберлігі.
Проза жанрындағы еңбектері. Шәкәрімнің көркем прозаның шағын үлгісінде жазылған "Шын бақтың айнасы", "Бәйшешек бақшасы", "Мәнді сөздер" атты шығармалары. Қысқа әңгіме, толғаныс түрінде жазылған бұл туындылардың ерекшеліктері. Олардағы өмірлік тәжірибеден түйген философиялық тұжырымдардың молдығы.
"Әділ-Мәрия" романы Шәкәрімнің көркем проза саласындағы ең күрделі шығармасы екендіғі. Тақырыбы. Мақсаты. Жастардың бас еркі, махаббат бостандығы мәселелерінің көтерілуі. Бас кейіпкерлер теңірегіндегі оқиғалар арқылы көрінетін қазақ ауылының ғасыр басындағы тыныс-тіршілігінің суреттері. Тарихи оқиғалар әсерімен адамдар психологиясына енген өзгерістердің романдағы көрінісі. Әділ мен Мәрияның өз бақыттары жолында күресуі. Олардың басындағы трагедиялық жағдайларды бейнелеу арқылы жазушының тарихи дәуір шындығын жеткізуі. Ғашық жастарға жанашыр Байжан, Асан, Ержан, Серікбай, Зылихалардың әділетсіздікке қарсы тұруы. Еркінбек, Теребек образдары. Шәкәрімнің оларды қара күш пен жалаң өктемдіктің, сонымен қатар заманына лайық зымиян қулықтың иелері ретінде көрсетуі. Ағайынды Асан мен Үсен арасындағы тартыс. Романның композициялық құрылымының ерекшелігі. Түрлі шегіністер жасау тәсілінің қолданылуы. Романдағы Шыңғыс тауының образы және оны шығарма оқиғасының даму барысына қатысты суреттеудегі жазушының көркемдік ізденістері, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының көркемдеу құралдарының байлығы, шығарма тілінің кестелілігі.
Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрімнің Шығыс, Батыс елдерінің классикалық әдебиетінің шығармаларына үңілуі. Туған халқына әлем әдебиетінің асыл туындыларын тәржімалап, таныстырып отырудағы аудармашылық тәжірибесі. Шығыстың классикалық әдебиетінде кеп жырланған әйгілі "Ләйлә-Мәжнүн" тақырыбына баруы. Шәкәрімнің осы аттас дастанының таза аудармадан гөрі нәзира үлгісінде туған төл шығармаға жақындығы. Шығыс атырабына ежелден таныс Ләйлә мен Мәжнүн хикаясын жырлау үстінде ақынның Физули нұсқасын пайдалану тәжірибесі.
Орыс ақыны А.С.Пушкиннің "Дубровскиіі", "Бораи" атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшеліктері. Аударма мен түпнұсқа оқиғаларының арасындағы сәйкестік пен айырмашылық сипаты. Аталмыш поэмалардағы адам есімдері мен жер аттарының өзгертілу себептері. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Н.Толстойдың әңгімелерін, Хафиздің сұлу жырларын, Қытай жазушыларының әңгімелерін, американ жазушысы Бичер Стоудың "Том ағайдың балағаны" романын аударуы туралы деректер.
Шәкәрімді тарихшы, философ ретінде танытқан "Түрік, қырғыз, қазақ һэм хандар шежіресі", "Мұсылмандық шарты", "Үш анық"атты еңбектері туралы қысқаша мәлімет.
5. М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов әдеби мұрасының өзіндік қырлары
Мұхаметжан Сералыұлы (1871-1929)
Шытрмашылык, өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі. "Айқап" журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы езінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеге асыруы. "Айқап" арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Онда мақалалар жариялағаны. Тақырыбының әралуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу идеяларын насихаттау ерекшеліктері ("Қазақ халқының мұқтаждығы", "Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз", "Жер әңгімесі", т.б.). Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.
Аударма жанрындағы еңбегі. "Шаһнамаға" назар аударуы. "Рүстем-Зорапты" аударып, баспасөзде жариялауы. А.Сорокиннің "Жусан" әңгімесін аударғамы. Түпнұсқа тандаудағы мақсаты.
Поэзиясы. Сюжетті поэмалар жазғандығы. "Гүлкәшима" дастанындағы махаббат тақырыбы. Екі жастың арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеудегі шыншылдығы. Адалдықты, адам сезімінің пәктігін паш етуі. Шығарманың композициялық ерекшелігі. Тіл көркемдігі. "Топжарған" поэмасының объективті мәні. Ақынның Кенесары тобына қатысты көзқарасы мен сол кезеңдегі қоғам өмірі ұсынған түсінік-ұғымдардың арақатынасы. Өмірлік деректерді іріктеп алу және оны жүйелеп жеткізуде ауыз әдебиетінің дәстүрлі құралдарын пайдаланғаны. Ұлттық әдебиеттегі сюжетті поэма дәстүріне қосқан езіндік өрнек-бояуы.
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937)
Шығармашылық өмірбаяны. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жасөспірім кезінен-ақ әлеуметтік теңсіздіктің сырын сезінуі, ой пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. Ахмет өміріндегі "Қазақ" газетінің орны. Оны шығарудағы қиындықтар және ұлт мүддесі. Газеттің басты мақсаты. Тақырыбы. Ұлттық мәдениеттің дамуына, адамдар санасының оянуына қатысты газетте қозғалған ойлар.
Поэзиясы. "Маса" жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Кепшіліктің мүддесін жеке бастікінен жоғары қоюы ("Туысыма", "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", т.б.) - Өлендеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының, адамдарға езінің бақыты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы. Халыққа қызмет ету сарыны.
Аудармалары. "Қырық мысал" жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі қазақ ақынының мақсаты. Елді түзеу, ояту сарыны. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәжірибесі және оның себептері. Оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндау шеберлігі.
Көсемсөз саласындағы еңбегі. "Қазақ" газетінде жариялаған сан алуан тақырыптағы мақалалары ("Бұ заманның соғысы", "Заман жобасының баяндамасы", т.б.). Әдебиетке қатысты мақалалары ("Қазақтың бас ақыны", т.б.). Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі, елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясастың құйтырқы пиғылдары мен мақсаттарын әшкерелеуі. Негізгі жол оқу мен білім жолы, ғылым үйрену мен еңбек ету жолы екенін баса айтуы.
Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. "Әдебиет танытқыштың" қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дуниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық.
Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Пәндер