Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қазақстан жерінде бұрынғы тарихта айтарлықтай із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірегейі - Қаңлы мемлекеті. Олар туралы бірінші рет біздің кезеңге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге қарасақ, бұл елнінің орталығы Орта Сырдарияда, яғни Оңтүстік аймақта орын тапқан деген болжам айтуға болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қаңлы мемлекеті өмір сүрген уақыт ішінде Сырдария арқылы өтетін Жібек жолы торабының Ферғана және Арал бойындағы аралығына бақылау,қарау саясатын жасаған ірі мемлекет болып, көшпелі жәнеде отырықшы өркениет үлгілерін пайдалы ұстай біліп, өзіндік ерекшеліктерге толған саясатты мемлекеттілік қалыптастырған. Сондықтан Қаңлы мемлекетін зерттей келе, біз, өз ата-бабаларымыздың мықты тәжірибесін, бай мәдени құндылықтарын басынан жаңғыртып, ұрпақтары мақтан тұтатын өркениет иелерімен қайтадан танысамыз. Оның үстіне осы мемлекеттің Оңтүстік Қазақстан жерінде орнығуы аймақ тарихын зерттеуге күшті мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі б.з.д. II - б.з. IV ғғ. аралығында мекен еткен Қаңлы (Кангюй, Канцзюй) мемлекетінің археологиялық ескерткіштеріне арналған қазба жұмыстар нәтижелерін жинақтап, ғылыми тұжырымдарды сараптап,саралау арқылы осы мемлекеттің материалдық және рухани құндылықтарын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен географиялық орналасуын анықтау;
2. Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректерге тоқталу;
3. Қаңлылардың қала құрылыстары мен елді-мекендеріне жүргізілген археологиялық зерттеулерге тоқталу;
4. Қаңлылардың жерлеу салты мен құрылыстарын сипаттау жұмыстың негізгі міндеттері болып есептеледі.
Қаңлы елінің этникалық құрылысы туралы мәселе қазіргі күнге дейін шешілген жоқ. Осы уақытқа дейін қаңлылар қандай тілде, сөйлегені жайлы нақты дәлел жоқтың қасы. Бірқатар зерттеушілердің тұжырымдауына қарағанда олар - түрік тілдес халық. Сондай - ақ, қаңлылар б.д.д. І мыңжылдықтың орта жағына қарай түркі тайпаларының әсерімен өң келбетті мен тілін өзгерте бастаған солтүстік ирандық мал баққан тайпаларға жатқан деп пайымдайтындар бар.
Бір кездері қаңлылықтар өктемдік жасаған аумақтарда зерттеушілер көптеген ескерткіштерді тауып, оларды археологиялық мәдениеттер санына жатқызды. Ташкент алқабы болса, екіншісі Сырдарияның Қаратау мен Талас аралығындағы ауқымға орналасқан.
Сөйтіп, б.д. басталған тұста Қазақстанның оңтүстігінде ірі де аса мықты мемлекеттік құрылым - Қаңлы дамыди, өркендейді. Ол Шығыс тарихында айтарлықтай роль атқарды. Қаңлы Қытаймен, Парфиямен, Риммен және құшан империясымен саяси, экономикалық мәдени жағынан тығыз байланысты болған.
Қаңлы мемлекеті - орталық Азиядағы байырғы мемлекет. Бес аумаққа тараған. Ташкент көгаты орта ағысы бойы, Қазалыға дейінгі аудан Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм. Қаңлы мемлекетін көшпелі, жартылай отырықшы тайпалар өмір сүрген. Сондықтан олардың ірілі - ұсақты шаhарлары болған. Тарихи дәйектерге сүйенсек қаңлылар қабырғасы биік дуалдан соғылған үйлерде өмір сурген, қаңлылардың астанасы бір деректе Битянь қаласы деп көрсетілсе тағы бір деректерде Отырар (Фараб), Шаш (Ташкент) деп те жазылған. Қаңлы мемлекеті б.з.б. 36 - жылы Ғұндармен бас қосып Қытай басқыншыларына қарсы соғысқан. Қаңлы мемлекеті тарихтан белгілі көне мемлекеттердің бірі.
I. Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
1.1. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен географиялық орналасуы жазба деректерде
Қаңлы жайлы деректер б.з.д. ІІ ғасырда қытай деректерінде көресетілген. Б.з.д. ІІ ғасырда халықтардың ұлы қоныс аударуы деп айтылатын уақиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның біріде бірегейі - Қаңлы мемлекеті.
Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі қалыптасты (б.з.д. ІІІғ. Немесе ІІ ғасыр соңы). Халқы - 600 мың, 120 мың үй. Билеушінің иелігі: - Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі жасаған.
Жазба мәліметтерге қарағанда қаңлы елі 5 аймаққа бөлінген. Әр аумақтың кіші хандары болған, олар ұлы ханға қарайтын болды. Лауазымдық билік мұрагерлік жолмен берілді.
Соғыс тұтқындары құлға айналып отырды. Құлдың жұмысы ұсақ малды бағу, мал өнімдерін жасау, анда санда қолөнер кәсібі және егін егуде қолданылды.Қаңлылар туралы мәліметтер Қытайдың Шицзы, Цянь Ханьшу атты тарихи хроникалары мен деректерінде бар. Сол деректерге сүйеніп, Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының қайда екенін, бас илігінің қай жерлер екенін, басқада маңызды мәселелерді анықтап, айтуға болады.
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. көрсетіледі. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиындықтан өтіп, Чжан Цянь қайта келеді. Ол жазған жазбаларда бұрында Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың ішінде Қаңлы мемлекеті де аталады, оның патшасының ордасында Чжан Цянның өзі болғанды.
Қытай елшісінің мәлімдемесіне қарағанда, Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстік батысында 200 метр жерде. Осынау әдет - ғұрпы жағынан юечжисылармен бірдей, 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан, түскейінде юечжисылардың, батысында хұндардың өкіметін мойындайды. Яньцай Қаңлының айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы үлкен көл жағасында тұрады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. Батыс аймақ туралы хикаятта және Хань үлкен үйінің тарихында қаңлылар жайлы көптеп айтылады. Мысалы, қаңлы патшасының мекенжайы Люяни еліндегі Битян шаһарында, Билеушінің жазғы тұрағы Люяниден жеті күндік жерде. Оның халқы 120 мың адам - деп жазады. Осындай деректен қаңлы сыртқы саясатының кейбір жәйттары анық болды, сонда ол б.з.д. 46-36 жылдары Чжичи бастаған ғұндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайға қосылып, оларға қарсы шығады. 85ж. қаңлылар Қашқардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы көтеріліске шыққан ферганалықтарды қолдайды. Сол сияқты Қаңды менмен жәнеде қияңқы келеді, үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығып қарсыласпайды. Оған уәлилер жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері мен ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін ғана қояды - деп хабарлайды (2).
Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қаңлылардың ескерткіштері археологиялық тұрғыда едәуір зерттелген. Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметті, Семен Ремезовтың Сібірдің сызба кітабы (1701) және оған қосымша ретінде 1737 ж. Ресей ғылым академиясы шығарған атлас береді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның төменгі ағысынан Жетісуға дейінгі аралықтағы (А.К. Гейнс 1866, П. Лерх 1867ж.) және Арыс өзенінің орта ағысындағы Мамаев елді мекенінің маңындағы (Н.П. Остроумов 1893ж.) археологиялық ескерткіштерді зерттеу басталады (3). Осы кезеңде Түркістанның археологиямен әуестенушілер үйірмесінің мүшелері, арехологиялық қазба жұмыстарын бастады (1895 ж. бастап). Қазба жұмыстары Сауранның, Иассының, Қарнақтың, Испиджабтың (Сайрамның), Жаңакенттің, Женттің, Шардараның, Сүткенттің және Байырқұмның қирап қалған жұрттарында, Арыс өзенінің аңғарларында, Бадам өзенінің жағалауында жүргізілді. ХХ ғасырдың басында А.О. Руднев, көне қалалар мен елді мекендердің (Оксус, Ұзын-ата, Сүткент және басқалар) 11 қираған жұртын тіркеттіріп, зерттеген. Көне Отырардың қираған жұртында Қ.А. Кларе мен А. Черкасов қазба жұмыстарын жүргізген. Боралдай шатқалындағы петроглифтерді П.А. Комаров байқап, тапқан. Археологиялық зерттеулерді Н. Лыкошин мен И.А. Кастанье жасаған. Қазан төңкерісінен кейін 1925ж. М.Е. Массон Сайрам мен Түркістанда болған А.Н. Бернштамның басшылығымен кең көлемдегі қазба жұмыстарын, 1946-1951 жылдар кезеңінен бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның этногенезі мен көне тарихының мәселелері, Ежелгі Отырар және басқа еңбектер сериясы жарық көрді. Осы экспедицияға қатысушы археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич, өлкенің негізгі археологиялық мәселелері бойынша жинақталған кең көлемдегі археологиялық материалды бір жүйеге келтіріп: Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныстарының тарихынан дейтін жалпылама еңбекті шығарды. Археологиялық мағлұматтар мәліметтері бойынша олар, керамиканы хронология бойынша сыныптаудың 6 кезеңін бөліп көрсеткен: сақтық (б.д.д. ҮІІ-ІҮғ.ғ.), ерте кангюйлік (б.д.д. III-б.д. І ғ.ғ.), соңғы кангюйлік (І-ІYғ.ғ.) кенгерестік (Ү-ҮІІІ ғ.ғ.), қарлықтық (ҮІІІ-ХІІ ғ.ғ.), шығыс қыпшақтық (ХІІІ-ХҮ ғ.ғ.) (10). ХХ ғ. алпысыншы жылдарының басында Ақтөбе 2 қонысы, Жаушы құм төбе қалашығы, Ақтөбе, Жаушықұм, Жаман-тоғай, Төребай-Тұмсық қорған зираттары кешенді түрде зерттеліп, Шардараның көнеліктері кітабы шығарылды (4). Алпысыншы жылдардың ортасынан бастап Н.П. Подушкин басшы болған Шымкент пединститутының археологиялық тобы, Арыс өзенінің жоғарғы, орта ағыстарының алабын және Қаратау - Қаржантау тауларының өңірін зерттеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Ш. Уалиханов атындағы ТАЭИ-ның жарық көрген мақалалар сериясынан басқа Арыс өзені аңғарының І-ҮІІІ ғ.ғ ерте отырықшы қоныстары дейтін тақырыпқа диссертация жазылды. 1969 ж. бастап өлкеде Қ. Ақышевтің басшылық етуімен ОҚӘ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, зертетудің алғашқы жылдарының қорытындысы ретінде Көне Отырар еңбегі пайда болады. Өлкеде, аталмыш экспедициямен қатар Б.Н. Нұрмұхамедов басшылық ететін ОҚКАЭ да өз жұмысын жүргізді (Арыс-Сырдария өңірінің өңірінің ескерткіштері, Бөріжар зираты). ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңынан бастап, қазіргі күнге дейін ШПИ-дің (90-шы жылдардың ортасынан бастап ХҚТУ ШБ және ШИ) археологиялық тобы ғылыми-практикалық жұмыспен айналысып келеді. Осы топ, Арыс пен Бадам өзендерінің алабында және Қаратау-Қаржан таудың Оңтүстік жоталарында жоспарлы қазба жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның екінші-бақташылық мәдениеттерінің ескерткіштері. І-ІҮ ғ.ғ. (Арыс өзені алқабы, Қаратау-Қаржантаудың Оңтүстік жоталары), Оңтүстік Қазақстанның Арыс мәдениеті б.д.д. ІҮ-ғ-б.д. ҮІ ғ. дейтін тақырыптардағы монографиялар жарық көрді (15). ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай белгілі болған археология ескерткіштері баршасының материалдары жинақталған: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағы. Том.І. Оңтүстік Қазақстан облысы атты фундаментальды еңбек, жоғарыда аталғандардың баршасының және басқа да еңбектер мен зерттеулердің жалпылама нәтижесі болып табылады.
1.2. Қаңлылардың шаруашылығы, кәсібі, ауыл шаруашылығы археологиялық деректер негізінде
Қаңлылар мемлекеті Сыр бойында және Ұлы Жібек жолының жол торабында орналасқандықтан көшпелі және отырықшы шаруашылықты да бірге меңгерген мемлекет болып табылды. Ежелгі қалалар мен мекен-жайлар қазған кезде археологтар табатын негізгі материал, әдетте, керамика ас әзірлеуге керекті ыдыс - аяқтар- қазандар, қақпалы құмыралар, табалар, тағанды ошақтар, су таситын ыдыстар - аузы кең, бір не екі тұтқалы көзелер, көлденең тұтқалы көзелер, екі тұтқалы құмыралар.
Қаңлылар темірді балқатып, одан күнделікті тұтыныс заттарын жасауды білген. Ұсталар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасайтын темірдің дөңгелек бөліктері табылған. Сүйектен құранды садақтар жасауға қажетті бөлшектер, пышақ саптары, түйреуіштер, қаптырмалар, әртүрлі бойтұмарлар істелген. Қасқыр мен иттің, бүркіттің буын сүйектерінен жасалған бойтұмарлар әсем - ақ. Сүйектен ойып жасаған, басы бедерлі түйреуіштері де қарауға қызықты (5).
Б.з алғашқы ғасырларында егінді суғару шектеулі көлемде жүргізілген. Әдетте, суды пайдалануға еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылады. Шаруашылықтың маңызды бір саласы - мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сияр сияқты үй жануарлары сүйектерінің көп кездесетініне қарап қаңлылар терімшілігінде мал шаруашлығы едәуір орын алғанын байқаймыз.
Қоныстанушылар өмірінде аң аулау ісі де үлкен орын алған. Қазбалардан еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкенің сүйектері табылған. Арқар мен марал мүйіздері де жиі кездеседі, ісмерлер олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Қаңлылар су құстары үйректер мен қаздарды да, бірқазандарды да аулаған. Қытай жазуларының мәліметтеріне қарағанда қаңлылар әлі де көшіп жүруді біле қоймаған деп көрсетеді Ә.Х. Марғұлан. Олар бір жерде қоныстап егіншілік кәсібімен, мал бағумен, кен қазу жұмысымен айналықан. Аңыз бойынша қаңлыларға ең алғаш егіншілік кәсібіне үйреткен аяулы қарт Кәуке. Ол қаңлылардың ескі жырларында үзілмей айтылатын ұлы бейне. Қаңлылардың ескі дәуіріндегі тұрмысын археологиялық зерттеулерімен ашқан белгілі совет ғалымы В. Киселев болатын.
Қаңлылар кейінгі заманда көшпелі тұрмысқа өтуі б.э.б. ІІІ ғасыр деп көрсетеді Әлекең... Қаңлылардың мал өсіруі де сол кезден бастап дамыған. Олардың ең жақсы көрген малы түйе болса - түйенің тәңірісін - Ойсылқара деп атаған. Жылқының иесін, яғни оны қолдайтын тәңірісін Қамбар ата, сиырдікі - Зәңгі баба, қойдікі - Шопан ата деп айтқан. Сондықтан осы уақытқа дейін қазақ елінде:
Шопан ата байыта гөр - деп айтылатын халық сөзін келтіреді. Кезінде Ақсақ Темір Қожа Ахмет мавзолейін тұрғысбас бұрын Зәңгі атаның күмбезін тұрғызған. Содан кейін Қожа Ахмет кесенесін тұрғызған. Ал Зәңгі баба күмбезі осы күнге дейін сақталған, Ташкентке жақын жерде тұр. Төрт түлік малға қатысты Ә. Диваев жинаған қазақ аңыздарын зерттеген Әлекең. Малдың шығуын қазақтар мифке айналдырғанын айтады. Мысалы, Жылқы желден, түйе сордан, сиыр судан, қой ауадан - деп айтылатын қазақтың әдемі жырларынан аса қажетті үзінділер келтірген ...
Сондай - ақ Әлекең Қаңлыларға төтем болған малдарға - көк бұға, бөрі, марал - деп айта келіп бұған Рим жазушыларының еңбектерін мысалға алады ... Қаңлыларға елес беріп, жол көрсетіп отыратын сөлу - Ақ Марал болған дейді. Бірде Меотий батпағында аң аулап жүрген бір топ ғұндар батпақтан шыға алмай көп қиыншылық көреді. Сол кезде кенеттен бір сұлу Марал кездесіп, батпақты кесіп өтіп, көлдің ар жағына шығып тұрады. Оған таң қалған аңшылар Маралдың ізімен бірге өтеді. Олар шыққан кезде Ақ Марал көзден ғайып болып жоқ болады ... Осынау Рим жазушыларының ғұндар туралы аңыздарын мұқият зерттегендердің бірі ағылшын ғалымы Томсон. Көк бұқаның бейнесі ғұндар қол өнерінен де көп орын алған. Қаңлылардың ұғымында бұқа - мал өсірудің бір алыбының бірі ...
Сондай-ақ Қаңлылардың Өкр, оғыз деген сөздері де тарихта ел аты болып қалды. Мысалы, Өкіреш найман, Оғыз мемлекеті т.б. Оғыз қаған түгелдей Моде қағанының прототипі ... Барлық тарихи оқиғалар соны меңзейді. Алайда, ислам діні келген соң Оғыз туралы аңыз-ертегілер және жырлар мейлінше бұрмаланған.
Қаңлылар жаратылыстағы барлық көркем бейнелерді ардақтап, оған бас иген. Аса сүйген дүниелері аспан, көк, жер-су, әдемі зәулім таулар, ұлы орман. Олардың бас иетін тәңірісі, діні аспан, көк, одан ізгі, одан қадірлі дүние болмаған. Көкке қарап күнге, айға табынған. Қаңлылардың басшылары таңертең ерте тұрып, шығып келе жатқан дүниеге бас иіп, қолын көкке көтерген... - деп Ә.Х. Марғұлан түйіндеген (6).
II. Қаңлы мемлекетінің археологиялық зерттелуі
2.1. Қала құрылыстары мен елді-мекендері
Археология- гуманитарлық жас ғалым. Осыдан 200 жылдай уақыт бұрын адамзаттың өмір сүрген уақыты мирологиялық дәуірлерді есепке алмағанда шамамен 3000 жыл деп саналып келген. Бұл шешімге негіз болған ертедегі патшалар әулеті немесе соғыстар жайлы жазылған жылнамалар мен діни тақырыптардағы жазбалар еді. Археология тарих ғылымында төңкеріс жасады. Ол әлемдегі көптеген тарихи жаңалықтарды ашып оны жұртқа мрйындатып, абройын асқақтатты. Ағылшын археологы Г.Чайлдтың айтуы бойынша Телес коп астрономия саласына қанша пайда әкелсе археология да тарих көкжиегін соншалықты кеңейтті. Қазіргі әлемнің барлық түпкірінде археологиялық экспедициялары жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде бүкіл әлемде антикалық Греция мен Рим дәуіріндегі Египет өркениеті.
Тарихи қағаз бетіне түспей қалған елдер үшін оның маңызы тіпті зор. Бұл жағдай тамыры тереңде жатқан ата - бабаларымыз қалдырған ескерткіштер сыр шертетін Қазақстан тарихына да қатысты. Қазақстанды экспометтары ашық аспан астында орналасқан көрме деуге болады. Оның ескеркіштері Арла маңында, Сырдарияның ежелгі соғысында, Сарыарқада, Жетісуда Мұғалжар мен Ертіс маңында кең тараған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының жаңа парақтары Қазақ Ғылым Академиясының жолымен құрылған алдымен археологиялық бөлімінің содан соң тарих, археология және этнография институтының жолынан ашылған Археологиялық орталықтың жұмыстарының арқасында толығы түсті. 1991 жылдан бастап Археологиялық орталықтың Археология институты болып және өз алдына отау болып бөлініп шықты. Институтқа көрнекті ғалым Әлекей Марғұлан есімі берілді. Есімізде археология ғылымы өмір сүріп келе жатқаннан бері ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының жанкешті еңбегінің нәтижесінде Қазақстанның ежелгі тарихының даму кезеңдері сонымен қатар мәдениет тарихы жұртқа танымал болды. Археологиялық деректер Қазақстан жерінде Отанымыздың кең - байтақ даласында сан алуан мәдениеттің болғанын, әртүрлі мәдениеттердің жатқанын көрсетті. Археологиялық мәліметтер бойынша орталығы Қазақстан жерінде орналасқан ортағасырлақ Батыс Түрік, содан кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының, қарахандар мен қыпшақ мемлекеттерінің мәдениеттерінде көшпелілер мен отырықшы халықтардың дәстүрлері қала мен даланың үйлесім тапқаны. Қазақстанның ежелгі қалалары туралы алғаш жазылған аттап осыдан отыз үш жылдай уақыт бұрын жарық көрді. Бұл ежелгі қала орындарындағы қазба жұмыстарының жаңадан басталған кезі болатын. Отырар, Түркістан, Құлан Сауран қалалары толық зерттелмеген еді. Қазақстан жеріндегі көне қалалар: Отырар, Испиджаб, Тараз, Түркістан, Құлан қалалықтың орындарында қазба жұмыстарын жүргізуге есіне тен біздің елімізде ғана емес, әлемге әйгілі көптеген археологтар қатысты. Олардың ішіндегі көрнекті ғалым Ә.Х. Марғұлан, ресейлік С.П. Толстов, А.Н. Бернштам, өзбекстандық М.Е. Мамонов, қазақстандық Е.И. Агеева, Қ.А. Ақышев, М.Е. Елеуов, Н.О. Алдабергенов, Б.А. Байтанаев, Е.А. Смағұлов, В.А. Ториев, Т.В. Савельева болды (7).
Қазақстан жерінде Қызылорда обылысында қола ғасырының (біздің эрамызға дейінгі 2 мыңыншы жылдардың басы және 1 мыңыншы жылдардың шамасы) мәдени мұралары ертедегі тайпалардың мал шаруашылығын дамытуға ерекше деп қойды. Өлке тарихында темір ғасыры біздің эрамыздың 1 мыңышы жылдықтардың ортасында өшпес із қалдырған. Ерте темір ғасырының ескерткіштері Сырдарияның бұрынғы саласы - Іңкәрдария жағалауына орналасқан Түгіскен мен Үйғарақ, Оба бейіттері, көрнекті совет археологы С.Л. Толстовтың пайымдауынша, мұнда ертедегі теңіз сақтары тайпалары өмір сүрген. Оны дәлелдеуге Шірік - Рабат және Бәбіш - Молда қоныстарын зерттеу нәтижесінде ашылған археология саласындағы ғылыми жаңалықтар негіз болды.
Қазақстан территориясындағы белгілі ескерткіштердің үлкен тобына жатады. Шірік - Рабат Сыр өңіріндегі ертедегі қалалардың бірі. Ол Қызылорда қаласыннан оңтүстік батысқа қарай 300 километрдей жерде. Осы ескерткішіне жақын жерде жалпы аты - Бәбіш Молла деп аталатын опасынан қоныстарының комплексті археологиялық ескерткіші орналасқан.
Цитатель дегеніміз - қаланың басқарушылары мен ақсүйектері тұратын жер. Мұнда мықты қабырғалар тұрғызылған. Олардың қалындығы кейбір жерлерде 5,3 метрге жетеді. Қам кірпіштен қаланған жартылай шеңберлі мұнаралар да бар. Археологтар алған материалдарда ғылыми лабароториядан жеткізіп олардың жылын ІІІ - ІІ ғасырларға жатқызды.
Қаңлылардың тайпалық бірлестіктердің бірі - Сырдарияның төменгі жағын мекендеген тохарлар. Олар біздерге Жетіасар мәдениеті көптеген саналатын ескерткіштерді мұраға қалдырған. Хорезм археологиялық этнографиялық экспедициясының 1947-1951 жылдардағы зерттеулері тохарлар мәдениетінің апоснантар мен саноравантар мәдениетімен түбегейлі астырношылығы бар. Қазақ тілінде Жетіасар - жеті қала дегенді білдіреді. Ал шындығында олардың саны жиырмаға жетеді. Бұл комплекстің ірі ескерткіші Алтынасар трапецияға ұқсас бейнелі құрлыстардан тұрады. Ол 16 гентар алаңды алып жатыр. Оның бір мысалы - қазіргі Қазалы ауданының территориясында Жангент немесе Янгикент атты қаланың орны бар. Ол бір кездері сәулетті орталық болған. Ертедегі қала орнын қазу кезінде табылған археологиялық олжалардың ішінде ХV - ХVI ғасырларда жасалған әшекейлі аспалы шамның сынықтары да бар. 1899 жылы Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі - В.А. Каллаур ертедегі қала орнына (төменарық станциясы Жауақорған ауданы) алғашқылардың бірі болып зерттеу жұмысын жүргізді. Ашынас қаласы жайлы. Археологтардың дәлелдеуінше бұл қаланың (Бірқазан станциясы маңы, Сырдария ауданы) тұрғындары оғыздар болған. Коллуар бес қақпалы қорған құрлысын және оның маңындағы бекіністер қалдықтарын сақтайды (8).
1955 жылы СССР ғылым Академиясы этнография институтының аспиранты археолог А.В. Виноградовтың басшылығымен экспедициясы шықты.
Табылған заттарға қарағанда қорымға б.з.д. 1 ғасырына дейінгі аралықта өмір сүрген адамдар жерленген. Олар отырықшы болып, жер өңдеумен шұғылданған.
1945-1951 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz