ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Аяпберген Н.Е., 2- курс студенті
Тарих ғылымының кандидаты, доценті ғылыми жетекші Кузембаев Н.Е.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық унивеситеті,
Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.
Мақсаты: Түрік жазба әдебиетінің жетістіктерінің пайда болуын, даму барысын және тарихта болған оқиғалардың оған әсерің табуды, көздедім.
АННОТАЦИЯ: Бұл мақала түрік дәуіріңдегі жазба жәдігерліктерің саралау және тарихи түрде әлем әдебиетіне салған үлесі туралы айтылады.
Кілт сөздер: Түрік, тарих, ерекшілік, жазбалар, Йоллығтегін, Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн.
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық - ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды. ...Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің салық сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады, - деп жазады Л.Н. Гумилев [1, 93 б.]. Тарихтан белгілі Еуразия даласыңда өте мықты елдер бір-бірін кезекпен алмастырып, өз тарихын жазып қалдырған, олардың бірі Түрік қағанаты болған. Бір этнос болмасада мың шақырымдар арасыңда тілдері, билеу құрылымы, өмір сүру салты мен әдебиеті ұштасып, бір жерден тоғысып, кейінгі түркі тілдес халықтардың тұрмыс - тіршілігіне негіз салды.
Түркітанушы-лингвист пен тарихшыға бірдей қызығушылық танытқан бірнеше ескерткіштердің қатарына түрік тілінің ең көне ескерткіші XIX ғасырдың екінші жартысында табылған және бөлшектелген VII ғасырдағы тарихи Орхон жазба ескерткіштері жатады. Бұл жазбалар өздерін түріктер деп атаған алғашқы адамдарға тиесілі, олар VI ғасырда пайда болып, Қытайдың шекарасынан Парсы мен Византия шекараларына дейінгі барлық далаларды дереу бағындырды. Сондықтан бізде бұл түріктер туралы бұрынғы көшпелі мемлекеттерге қарағанда алуан түрлі қайнар көздер бар, олар туралы тек қытайлықтар білетін. VI ғасырдағы жаулап алушылардың түрік тегі олар қалдырған жазуларды талдауға дейін-ақ толық бекітілген деп саналды. 20 ғасырдың басында Ресей Ғылым академиясының басылымдарында жарық көрген француз синологы Шаваннаның ауқымды жұмысы Батыс түріктерге арналған; Бұл жұмыста Батыс Түрік мемлекеті туралы VI-XIX ғасырлардағы жаңалықтар Византия, армян және мұсылман дереккөздерімен салыстырылған. Батыс түріктер өздері туралы әңгіме қалдырмады; олардан осы уақытқа дейін белгілі болғанындай, тек кішігірім қабір тастар қалды [2, 8 б.].
Көшпелі түркі тайпаларының тарихы бізге, әрине, негізінен олардың мәдени көршілерінің әңгімелерінен белгілі, бірақ олар жаулап алған мәдени елдердегі түріктер қай жерде қоныстана бастады және мәдени мемлекеттер түркі әулеттерінің билігінде пайда болды, жеңілгендер мәдениетінің әсері күшті болғаны соншалық, әдебиет тілі, әсіресе проза тілі олардың түркі емес, өз тілі болды. Орталық Азияның батыс бөлігіне қоныс аударған және мұсылман мәдениетінің ықпалына бағынған түріктер туралы біз арабтардан және бәрінен бұрын парсы дереккөздерінен ақпарат аламыз. Оның үстіне, Түркістанда орта ғасырларда өзінің тарихи әдебиеттерінен шыққан шығармалар мүлдем болған жоқ немесе жоқ дегенде де болмады; мысалы, Орта Азиядағы моңғол хандарының тарихы, Тимур мен оның ұрпақтары туралы біз тек Иранның ішінде жазылған шығармалардан білеміз. Бұдан да маңызды тарихи әдебиет Түркістанда XV ғасырдан бастап, өзбектер тұсында пайда болды [2, 7 б.]. Бұнда біз түрік дәуір әдебиетінің дамыуын және бәсеңдеуін көре аламыз, яғни 8 ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазылса, бертің келе парсы, араб деректерінен ғана көре аламыз. Сонымен Түрік қағанатының ыдырауының салдарынан және ежелгі түрік тілінің ұмытылып қалғанынан, көп ғасырлар бойы бұндай ел болғаның әлем білмеген болатын. Ежелгі түрік тілін XIX ғасырда зерттеу негізге алынды деп айтса болады.
Жазуды оқудың кілтін алғаш рет 1893 жылы қарашаның 25- сі күні Дания Корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен (1841-1927) жариялады. Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөке арналған ескерткіштерді Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг және неміс ғалымы Д. Г. Массершмит тапқан. 1889 жылы Ресей географиялық қоғамының Шығыс Сібір бөлімшесі Н. Т. Ядринцевтің басқаруымен арнайы экспедиция шығарды. Бұл экспедиция ескерткіш тастардың ғылыми сипаттамасын жасады. Жазу сырын ашу үшін бұл жерге артынша 1891 жылы В. В. Радлов келіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Дәл осы кезде В. В. Радлов та өз бетінше зерттеулер жүргізіп, жазудың он беске жуық таңбасын ажыратып алды, содан кейін-ақ ол Орхон өзенінің бойындағы үлкен тастардағы таңбаларды толық оқып, аудармасын жасады. Ескерткіштер мәтіні эпитафиялық мақсатта жазылған, кең мағынасында алып қарағанда әрі көркем, әрі тарихи шығарма болып шықты. Осы кездерден бастап Орхон және Енисей өзендерінің бойынан табылғанына қарай ғылымда Орхон-Енисей жазулары деген атпен дүниежүзіне мәлім болды. Бұл ескерткіштерді зерттеу, оқу, тәржіме жасау және тілдік, тарихи, мәдени, әдеби мұра қарастыруға В. В. Томсен, В. В. Радлов, Ю. Немет, Х. Н. Оркун, С. Е .Малов, И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторный сияқты ғалымдар айрықша үлес қосты. Ескерткіштердің толық ғылыми Атласын В. В. Радловтан кейін қазақ ғалымдары М.Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаұлы жүзеге асырды [3, 60-61 б.].
Ұлы Түрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасырдай бұрын, жазба ескерткіштері құлыптастарға жазылды. Оны жазған қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын Йоллығтегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп құлыптастар бетінде қалған. Демек, бұл дастандар сол тұста Түрік мемлекетіңде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз күйінде жеткізіп отыр. Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда жұдырықтай жұмылып отырған түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (қытай) елі еді. Ақыры Ұлы Түрік қағанаты екіге бөлініп, бірі Шығыс Түрік қағанаты, екіншісі Батыс Түрік қағанаты деп аталып кетті [1, 94 б.]. Жазба әдебиеті түрік халықтардың бастар жолы болып табылады, тұрмыс-тіршілік өмірі туралы бізге көптеген мағлұматтар береді. Түрік қағанаты 552 жылы қағанат құрғаны бізге қытай жылнамаларынан белгілі. Бұнда біз қытай елі түрік елінің ішкі саясатына қол сұққаның көреміз.
Біздің заманымызға дейін сақталып келген көне түркі әдебиетінің жазба ескерткіштерін көрнекті түркітанушы ғалым Х. Көроғлы шартты түрде екі топқа бөліп көрсетеді: руна жазуымен бедерленген тарихи-эпикалық туындылар және көне соғды жазуына барып тірелетін ұйғыр жазуы пайдаланылған этикалық-дидактикалық шығармалар. Көктүрік дәуірінің тасқа қашалып, руна жазуымен жазылған тамаша ескерткіштерінің қатарында Күлтегін мен Тоныкөкке арналған шығармалар айрықша орын алады. Күлтегіннің (684-731) ерлік істерін баяндайтын құлпытас оның зиратына және Білге қағанның ақылгөй-кеңесшісі Тоныкөкке арналып қойған тастардың орналасқан жері қазіргі Моңғолияның Орхон өзені бойындағы Көкшың деген жерде. Бұл бір кезде Ұлы Түрік қағанатының орталығы болған аймақ. Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда исі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:
Бұл жырды қазақша жолма-жол аудармасы төмендегідей болып келеді:
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған
Отырып, түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған,
Иелік еткен. Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегің батырға арналған дастаннан алынып отыр [1, 94-95 б; 3, 60 б; 4, 9 б.].
Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері сыйға әкелген тарту-таралғыларға, алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласқан түрік бектері арсында астыртын айқас болады. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын, ата-бабалар дәстүрін ұмытты. Елді біліксіз қағандар басқарды. Билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылды. Ақыр ел ішіндегі алауыздық 603 жылы ұлы мемлекеттің екіге бөлініп кетуімен тынды. Бірі - Батыс Түрік қағанаты. Бұған Орта Азия, Жоңғария және Шығыс Түркістанның бір бөлігі енді. Екіншісі - Шығыс Түрік қағанаты. Бұл негізінен Монғолия жеріне орналасқан еді. Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түрік елінің тағына дарынсыз қағандар отырғаны, халықты опасыз бектер мен әміршілер билегені тарихтан жақсы мәлім. Бұл жайында Түрік қағанаты тұсында, яғни VII ғасырда жазылған Күлтегін дастанында төмендегідей жыр жолдары бар:
Түркі тіліндегі бұл жыр жолдарының қазақшасы:
Соныңдағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары әкесіндей болмады,
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен. Міне, бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткен күндердің бірінде Қара қаған құрылтай шақырыды. Бұл мәжілісте не айтылып, не қойғанын Түркия елінің атақты жазушысы Ниһал Атсыз өзінің Көк бөрілердің өлімі атты тарихи романында жақсы суреттеп көрсеткен. Профессор Сауле Ержанованың айтуы бойынша С. Г. Кляшторныйдың Древнетюрские рунические памятники, как источник по истории Средней Азии деген еңбегінде елдегі мемлекеттің екіге бөлінуі жайлы көптеген мағлұматтарды білуге болады [1, 95-96 б; 4, 67 б.]. Тарихтан белгілі мемлекеттің күйреуінің алғышарттары ол елдегі алауыздық пен билікке талас болып табылады. Түрік қағанатының ыдырауына осы себеп болған. Және көрші елдердің бұны пайдалануы, бұл халықтың тілін жояды.
Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-XII ғасырлар ) ерекше орын алады. Ислам дәуірі әдебиеті деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz