Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Бексұлтанова Анел
Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін Татьянаның хаты, Қараңғы түнде тау қалғып, Қанжар (Кинжал), Жалғыз жалау жалтылдап өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді:
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой.
Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, ел еркесін сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар Абай сияқты ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді.
Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастырып, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады.
Қазақшасы:
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаңдай алмас жол дағы
Сыбдырламас жапырақ,
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ...
Орысшасы:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы,
Подожди немного -
Отдохнешь и ты... (227)
Осы өлеңнің соңғы төрт жолы орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнының ауысуы, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - Жалғыз жалау жалтылдап, Қонады бір күн жас бұлт, т.б. дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп Онегиннің сипаты (Пушкин), Қанжар, Жолға шықтым, Теректің сыйы, Дұға, Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Еврей күйі (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буыны, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының көпшілігі шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. Онегиннен аудармасында осылай тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - түпнұсқадағы автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша баламасы бар образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік сақтайды. Мысал үшін Онегиннің орысша, қазақша мінездемесін алалық.
Орысшасы:
Как рано мог он лицемерить,
Таить надежду, ревновать,
Разуверять, заставить верить,
Казаться мрачным, изнывать,
Являться гордым и послушным,
Внимательным, иль равнодушным!
Как томно был он молчалив,
Как пламенно красноречив.
В сердечных письмах как небрежен!
Одним дыша, одно любя,
Как он умел забыть себя!
Как взор его был быстр и нежен,
Стыдлив и дерзок, а порой,
Блистал послушною слезой!
Қазақшасы:
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
Дем алысым, құмарым бір сен десе,
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,
Қамыққансып, қайғырып орны келсе.
Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей келмесе де, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны да, мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны да дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған Қанжар, Дұға, Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз, Теректің сыйы, Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Еврей күйі бәрі де Онегиннің сипаты тәрізді ұйқас, буын сандарын сақтамағанмен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған. Кейбіреулерінде шумақ, не бірнеше жолдарын Абай аудармай кететіні рас. Бірақ ол - өз алдына мәселе. Біздің бұл жердегі айтпағымыз - ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. Онегиннің сипатынан келтірілген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын көрінеді. Кім аударса да, бұдан артық дәл, бұдан артық жанды етіп аудара алуы екіталай.
Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - Онегиннің Татьянаға жазған хаттары, Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзді өлеңмен аударған Вадим поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады:
Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де сорлы, бақыты кем...
Евгений Онегин романында қаспақ сөзінің жоғы былай тұрсын, дворяндардың басына мүлде келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.
Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңнің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын келетін түрлерді іздеп, бұлжытпай дәл беруге тырысады (Қараңғы түнде тау қалғып, т.б.).
Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады.
Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын, қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны түпнұсқамен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, түпнұсқаның өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударған өлеңдері қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерлерде айырма болмайды. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақ тіліндегі сөздерге ақынның мейлінше байлығы.
Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді. Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндардың аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде.
Әрине орыс тілін жақсы білмесе, жеке талант та өз бетімен аударма жөнінде ештеңе арзыта алмайды. Және тілді білу бар да, оның әдемілік қасиетін ұғыну бар. Екеуі бір-бірімен байланысты болғанмен, бір емес. Тіл білген адамның бәрі бірдей әрбір сөз, әрбір образдың әдемілік қасиетін түсіне бермейді. Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz