ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мақала

Макашева Е. Д

Экономика ғылымының кандидаты, доцент, Алматы университеті.

Нарбутаев С. Р

Магистрант, Алматы университеті.

ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

АҢДАТПА

Халықтың төлемдік қабілеті - кірістер қабілеттену мүмкіншілігі дәрежесінде (қаржылану мен қаражаттану мүмкіншілдігі) шығыстарды қамтамасыз ету (қаржылау мен қаражаттау) мүмкіншілігі. Халықтың төлемдік қабілетіндегі ақша қатынастарының ұсыныстары мен сұраныстары - төлемділік мүмкіншілдік туғызады. Бір түрдегі тауардың бағасы әрбір жергілікті аймақта әртүрлі болып кездеседі. Халықтың әлеуметтік жағдайы олардың қаражаттануындағы төлемдік мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Орташа есептегі халықтың төлемдік мүмкіншілігінің өсуі, экономика саласындағы өндірілген өнім мен қызмет өсуіне тікелей байланысты. Себебі, өндірілген өнімнің тауарлық бағасында және көрсететін қызметтердің тұтынуында өзіндік шығындар мен қосымша құны қоса есептелінеді.

АННОТАЦИЯ

Платежеспособность населения - способность обеспечивать расходы (финансирование и финансирование) в пределах возможности получать доход (доступ к финансам и финансированию) . Спрос и предложение на денежные отношения населения - платежеспособность создает возможности. Цена на один и тот же товар варьируется от региона к региону. Социальный статус населения напрямую зависит от его платежеспособности. Рост платежеспособности населения в среднем напрямую связан с ростом продукции и услуг, производимых в экономике. Это связано с тем, что стоимость производимых товаров и потребление услуг включают затраты и добавленную стоимость.

ABSTRACT

The ability to pay of the population is the ability to provide expenses (financing and financing) within the limits of the ability to receive income (access to finance and financing) . Supply and demand for money relations of the population - ability to pay creates opportunities. The price for the same product varies from region to region. The social status of the population directly depends on its ability to pay. The growth in the population's ability to pay on average is directly related to the growth of products and services produced in the economy. This is because the value of the goods produced and the consumption of services include costs and added value.

Кіріспе

Халықтың төлем қабілеті - шығыстар мөлшері әрқашанда кірістер мөлшерімен есептелінуі. Халықтың әлеуметтік жағдайы олардың қаражаттануындағы төлемдік мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Орташа есептегі халықтың төлемдік мүмкіншілігінің өсуі, экономика саласындағы өндірілген өнім мен қызмет өсуіне тікелей байланысты. Себебі, өндірілген өнімнің тауарлық бағасында және көрсететін қызметтердің тұтынуында өзіндік шығындар мен қосымша құны қоса есептелінеді. Тауардың өзіндік құнындағы шығындардың бірі еңбек табыстылығы болса, қосымша құн қоғамдық жалпы щығындар сұраныстарын қамтамасыз етеді. Осыған орай халықтың төлемдік қабілеті, игерілген материалдық ресурстардың игілігіндегі халыққа арналған тауарлық-материалдық байлыққа айналуына тікелей байланысты. Демек, әрбір тарихи кезеңдегі дамудағы қоғамдық әлеуметтік формацияларда халықтың төлемдік қабілеті әртүрлі дәрежеде болып ол үздіксіз даму үстінде. Әсіресе, әркімнің төлемдік қабілетінің жетілуі жолында оның еңбек етуіне байланысты халықтың табыстануында құқықтық әділеттілік оның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Бұрыңғы қоғамдық меншіктегі халықтың төлемдік қабілетін әкімшілдік басқару жүйесінің шешімдерімен реттелінсе, нарықтық экономика әркімнің өзіндік қабілеттіліктегі табыстану мүмкіншілік еркіндігін туғызды. Осыған орай біреулер төмен, біреулер орта, енді біреулер бай өмір сүруіне қоғамдық биліктегілердің кінәсі жоқ деп есептеуге де болады. Қоғамдағы адамдардың дамуы тек мемлекеттік бағдарламаға ғана үміт арту мен тоқталынып қалмай өз әрекетіне де тікелей байланысты.

Қазақстандағы өткен реформалар нәтижесінде нарық релісіндегі халықтың өз мүмкіншілігін жасау және оны мемлекеттік тараптан қолдау негіздеріндегі қаржылық тұрақтылығындағы халықтың төлемдік қабілеттік зерттеулерді мақсаттап, оның ақша, қаржы-қаражат қатынастарындағы экономиканың айналым циклін арттыруды міндеттейді.

Халықтың төлем қабілетінің теориялық негіздері

Халықтың төлем қабілетінің дамуы бағытында зерттелім жүргізудің өзі әрбір мемлекет ішіндегі адамдардың дамуындағы мүмкіншіліктерін анықтау мен баға беру. Адамдардың дамуы (АД) ең негізгі өзектілігі қаржылық қатынастардың даму мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты. Адамдардың қаржылық қатынастары өзіндік мүмкіншіліктерге тікелей, қоғамдық жанама (қолдау) түрінде дамиды. Тек адамдардың қаржылық қатынастары дамуының арқасында ғана адамдардың даму көрсеткіштері мен өлшемдері, адамдардың даму индексі (АДИ), экономиканың дамуындағы еңбек, өмір деңгейі, жұмыссыздық, әлеуметтік қорғау, денсаулық пен өмір сүру мүмкіншіліктері, демографиялық ақуалдар, білім деңгейлері, өмірлік жағдай, адамдардың мүддесі үшін басқаруды жетілдіру, жаһандану мүмкіншіліктерін тұғызуға болады. Жалпы АД теориясы мен концепциялары, заңды құжаттылықтары өте үлкен тақырыптағы бірнеше бағыттардағы ғылыми зерттелім бағыттары. Мысалы, адам құқықтығы деклорациясы адам потенциалының дамуы, адамдардың даму қауіпсіздігі мен тенденциясы, АД индекаторы, адамдардың денсаулығын сақтау жүйесі, әлеуметтік-экономика процесстерін талдау мен есеп матрицасы, өнімнің негізгі концепциясы, халықтың экономикалық белсенділігі, халықтың әлеуметтік құрылымы мен демография мен миграциясы, адам капиталының теориясы, адам эволюциясы, адам білімдік қабілетінің жетістіктері мен кемістіктері, адам педогогикасы мен психологиясы, қазіргі өндірістегі адам фактрлері, адамдардың даму өлшемі, әлеуметтік қауіпсіздендіру, адамдардың тұтыну концепциясы, кедейшілдік деңгей, АДИ өңірлік өзгешелігі, өндіріс және қаржы капиталдарындағы адам капиталының орны, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, қоршаған орта мен табиғатты пайдалану, адамдардың даму динамикасы, т. б.

Мақсаты

Біздің мақаланың мақсаты халықтың төлем қабілеті туралы мәлімет жинақтап және оның жетілу тұрғысы негізін қарастыру.

Зерттеу әдістемесі

Халықтың төлемдік қабілетін ағымдағы (күнделікті) төлемдік қабілет және

капиталды төлемдік қабілет деп екіге бөлуге болады. Ағымдағы төлемдік

қабілет - тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтерге бағытталынса, капиталды

төлемдік - жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сатып алу мен сату

қатынастарын орындау. Капиталды төлемдік қабілеттің көзі қаржы-қаражат

қорларын жинау арқылы, немесе қарыз алып бөліп қайтару арқылы орындалады. Қоғамның даму қозғаушысы адам капиталы. Ал адам капиталының дамуы қоғамдық тұрғыда жалпы халық иеленген капиталдардың дамуына тікелей байланысты. Халық капиталы дегеніміз- олардың бірнеше жылдар бойы жинаған дүние - мүлкі (негізгі және айналым қорлары), қаражат қорларға үлестілік және кәсіп иеліктері. Мысалы, халықтың қолындағы нақты қаржы капиталдары, жинаған қаражат қорлар капиталдары (зейнетақы қорларға үлестілік, банктердегі жеке тұлғалық депозиттік салымдар, сақтандыру қорлардағы арнайы салымдар, құнды қағаздарды иеленуі), жылжитын, жылжымйтын мүліктер. Осы қорлардың бәрі халықтың тұрмыстық әлеуметтілік жағдайының бір қалыпты тыныштығын сақтаудағы өздерінің сұраныс өтімділігін анықтайды. Сондықтан халық капиталының өзі халықтың өтімділік қорлары деп атауға болады. Өтімділік - тауардың ақшаға ауысып немесе ақшалай жиналған қаражат қорлардың халықтық сұранысындағы қаржылауы (жарату), төлемдік қабілеттілігін қамтамасыз етуі.

Әркімнің табыс мөлшері әртүрлі. Сондықтан еңбек ету мүмкіншілігіне қарай капиталды табыстану мүмкінділігі оған тікелей байланысты. Сондықтан біреулер іргелі, біреулер кем өмір сүреді. Кім де болса оның табыстану деңгейіне байланысты төлемділік құқықтық деңгейі де әртүрлі. Әркімнің төлемділік құқықтық деңгейіне байланысты тұрмыстық әлеуметтік деңгейі де әртүрлі. Тек қаражаттану (капиталды табыстану) мөлшеріне байланысты әркіснің оны басқару интервалы анықталады. Кімнің қаржысы көп болған сайын, соның төлемдік (жарату) қабілетіндегі құқықтық менеджменті де өседі.

Күтілетін нәтижелер

Нарықтық экономикада халықтың қаржылық қатынастарды жүргізуіне

байланысты білімділік керек. Себебі нарықтық экономиканы қоршаған халық

әрқашанда қаржы нарығы, ақша нарығы, депозит нарығы, валюта нарығы,

несие нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнет ақы нарығы, еңбек нарығы,

сақтандыру нарығы және тауар нарығына тап болады. Халықтың қаржылық

қатынастар жүргізу қабілетін - қаржігерлік деп атасақ оған қаржыгерлік білім

керек. Өкінішке орай халықтың сауаттылығын танытатын нарықтық экономика

қатынастарындағы Қазақстанда балама жоқ. Әсіресе нарықтық қатынастар

ауылды мекенді айналып өтуде. 2000 жылдан бастап Ұлыбританияда халықтың

қаржыгерлік жөніндегі білімділігін ояту шығындары бюджеттен жүргізіле

бастаған. Мысалы, халықтың қаржыгерлік білімін беру мақсатында арнайы

агенство құралып «IT» - технологиясы жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау
Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу нышандары
Банктік тұтыну ссудасы
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу жайлы
Қазақстанда ипотекалық несие беру жүйесін дамытудың үлгілері
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
Банктің сарапшы маманы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz