Әдебиет сабағы. Сабақ түрлері мен үлгілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әдебиет сабағы. Сабақ түрлері мен үлгілері
Орыс мектебінде қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақ жүргізу барысында мұғалімдер жалпы әдебиетті оқыту әдістерін ұстанады. Пән қызметіне орай, оқушы дайындығының деңгейлерін ескере отырып, тақырып пен сабақ түріне сәйкес мұғалім оларды өз қалауынша қолданады.
Белгілі әдіскер ғалымдар А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, Қ.Бітібаева еңбектерінде қазақ әдебиетін оқыту әдістері мынадай түрлеріне бөлінген.
Баяндау әдісі. Әдебиет сабақтарында баяндау әдісі деп мұғалімнің монологті сөзі арқылы оқу материалдарының түсіндірілуін айтады. Мысалы, ақын, жазушының өмірбаяны, өтілгелі тұрған шығарма жайындағы тарихи-әдебиеттік түсініктеме, түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру, көркем шығарманы талдау, т.б. жағдайларда баяндау әдісі көбірек қолданылады.
Көркем сөз мәтінін мәнерлеп оқу әдісі - көлемі шағын шығармаларды (қысқа өлең-жырлар, әңгімелер, көлемді шығарманың үзінділері, мысал өлеңдер, т.б.) мәнерлеп оқу (алғашқы оқу, талдау барысындағы оқу, қайталап оқу).
Түсініктеме бере отырып оқу әдісі. Бұл әдіс көлемі шағын шығармаларды немесе қысқа үзінділерді мәтіннің мазмұн жігіне қарай бөліп оқи отырып, жол-жөнекей талдау жасап отыру мақсатымен қолданылады. Мұнда мәнерлі әуез екінші орынға шығады да, бірінші кезекте көзделген мақсатты ашу үшін қажетті түсіндіру атқарылады.
Әңгіме әдісі. Әңгіме әдісінде қойылатын сұрақтар үш жүйеге бөлінеді.
Шығарманың тақырыбын, жоспарын, кейіпкерлерінің, образдарының құрамын, сюжетін айқындауға арналған сұрақтар - бір жүйе. Бұларды бағдарлау сұрақтары деп атайды. Шығарманың жалпы идеялық мағынасын, образ-характерлерін, олардың өзара байланысы мен қарым-қатынасын, композициялық құрылысын, тіл ерекшеліктерін айқындауға, талдауға арналған сұрақтар - бір жүйе. Бұлар - шығарманы талдаудағы аса маңызды орын алатын сұрақтар. Сондықтан олар талдау сипатындағы сұрақтар делінеді. Ал тағы бір жүйе шығарманың қоғамдық, әдебиеттік маңызын ақын, жазушының стилі мен көркемдік шеберлігінің өзгешеліктерін, жалпы шығарманы талдау жұмысын жинақтап, қорытындылауға арналған сұрақтардан құралады. Сондықтан бұлар жинақтау сұрақтары деп аталады. Әдебиет пәнін оқытудың осы үш жүйесіне арналған сұрақтар тарихи-әдебиеттік курстың мақсат-міндеттері мен талаптарына сай болуы шарт.
Лекциялық әдіс.Тарихи-әдеби шолулар, ақын-жазушының өмірі мен шығармашылық қызметіне сипаттама, әдебиеттің тарихи мен теориясына байланысты мәселелерді жинақтап қорыту, көркем шығарманы тұтастай түсіндіру, т.б. түрлерде оқушылардың дайындық деңгейіне қарай таңдалынып алынады.
Лекциялық сабақтардың бір түрінде мұғалім лекциялық материалдың күрделі жоспарын тізеді, жоспар негізгі бөліктер мен тармақ-тармақшаларға бөлінеді. Жоспарда баяндалатын мәселелер айтылу рет тәртібіне қарай жүйеленіп тізіледі, қажетті даталар мен цитаттар, т.б. жоспардың тиісті жерлерінде көрсетіледі. Енді бір түрінде мұғалім лекциялық материалдың қысқаша тезисін жазады. Мұнда да, жоғарыдағы сияқты - айтылған ой мен пікірді дәлелдеуге, тұжырымдауға қажетті фактілер мен даталар, цитаттар мен көркем шығармалардан келтірілетін үзінділер, т.б. тезистің тиісті жерлеріне енгізіліп отырады.
Лекциялық материалды баяндау барысында түрлі цитаттар, шағын шығармалар, үзінділер қолданғанда, бұлардың қай-қайсысы да оқу материалының мазмұнын байытады және мұғалімнің пікірлеуі мен сөзіне ажар, көрік береді. Кейде оқушырарды оларға таныс емес шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнымен жол-жөнекей таныстырып кетуі қажет болып қалады. Бұл ретте де мұғалім ондай шығарманың мазмұнын көркемдеп әңгімелеу түрімен қысқаша айтып беруге тиіс.
Кейбір ақын, жазушылардың өмірі мен әдебиеттік қызметін өтуде олардың лирикалық өлең-жырлары айрықша орын алады. Өйткені, бұл салаға жататын лирикалық шығармалар суреткердің дүние тану көзқарастың, стилін, творчествосының қоғамдық және тарихи-әдебиеттік бағасын танытуға көмектеседі. Демек, оқу материалын баяндаудың барысында бұл сияқты лирикалық өлең-жырларды немесе олардың үзінділерін мәнерлеп оқып беру өте орынды және қажетті деп саналады. Кейде мұндай шығармаларды күні бұрын дайындап қойған оқушыларға да келістіріп оқытуға болады.
Мектепте әдебиетті оқытуда әдіс-амалдардың бұлардан басқа да түрлері бар. Мысалы, сөз жарысы, пікірталас баяндама жасау, теріп мазмұндау проблемалы баяндау-әңгімелеу жазба жұмыстар, т.б. Көрнекіліктің, дидактикалық және техникалық құралдардың әр алуан түрлерін пайдалану, қажетті нәрселерді тақтаға жазып, сызып, суретін салып көрсету, сөздік, кино-теле сабақтар ұйымдастыру, әдебиеттік сипаты бар түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Лириканы оқытудың тәсілдері
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Ана тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар)
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
Сыныптан тыс оқу
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Пәндер