Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы


I тарау. Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
- Бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны көрсетіледі [1] . Құқықтық мемлекет дегеніміз өз іс-әрекетін заңмен шектеу қойып, халықтың еркіне бағынып, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет. Мұндай мемлекеттің барлық атқаратын жұмысы жалпы бірдей қабылданған заңға бағынады. Адамдар мен азаматтардың құқыққа қайшы және қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін заң жүзінде жауапқа тартылады. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң болып қылмыстық жауапкершілік есептеледі.
Мемлекет қылмысқа қарсы күресте барлық әдістер мен шараларды қолданады. Осындай шаралардың бірі - жазалау. Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады [2] .
Қылмыстық құқық жүйесінің негізгі институттарының бірі және қылмыстық құқық ғылымының негізгі ұғымдарының бірі қылмыспен қатар жаза болып табылады. Қылмыс пен жаза өзара тәуелді ұғымдар. Карл Маркс өз заманында қылмыс пен жазаның тығыз байланысын көрсетті. «Егер қылмыс ұғымы жазаны білдірсе, онда нақты қылмыс белгілі бір жазаны білдіреді» - деп жазды. Қылмыс пен жаза арасындағы ажырамас байланыс олардың арасындағы айтарлықтай айырмашылықты жоққа шығармайды. Қылмыс - бұл қоғам үшін қауіпті, оның құқықтары мен мүдделеріне, азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қарсы бағытталған әрекет; жаза - бұл заңды, мемлекет жүзеге асыратын ықпал ету шарасы, бұл мемлекеттің адамның қылмыстық мінез-құлқына реакциясы болып табылады. Осылайша, қылмыс пен жаза бір-бірімен байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмаса да, әрекет пен қарсы әрекет ретінде, қауіп және қауіпті жою, зиян және зиянмен күресу, заңды бұзу және оны орындау, заңды қалпына келтіру ретінде байланысты. Жаза өзі тиімді құрал ретінде қызмет етеді, оның көмегімен мемлекет пен жеке тұлға арасында туындайтын қақтығыс жойылады, қолданыстағы заңның қалыпты, қарапайым жағдайы қалпына келтіріледі және сонымен бірге қылмыскердің жеке басы қайта әлеуметтенеді [3] .
Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық-құқықтық ғылымдағы ең күрделі және көп қырлы мәселелерінің бірі болып табылады. Оның мәні қылмыстық заңның, ең алдымен, жазалау қаупі мен қолданылуын жүзеге асыратындығымен анықталады. Қылмыстық жазалау қылмыс ұғымының міндетті белгісі болып табылады. Жаза - бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеп соқпаса, оны қылмыс деп санауға болмайды. Осыған қарамастан, қылмыстық құқық ғылымында қылмыс пен жазаның өзара байланысы туралы әртүрлі ұғымдар бар [4] . Заңгерлердің пікірінше, қылмыс жазадан бұрын пайда болған, себебі жаза ол мемлекеттің негізгі мәжбүрлеу шарасы. Қылмыс ұғымы жазасыз, ал жаза қылмыссыз өмір сүре алмайды, екеуі біртұтас. Бұның ақиқат екенін, қылмыс пен жазаның пайда болуы және даму тарихынан байқауға болады. Жаза қылмысты ұстап тұрушы негізгі қаруы деп айтсақ болады.
Гегель қылмыстық жазаны ғылыми тұрғыдан анықтау мүмкіндігі қылмыстық қудалау мен жазалау шараларын тоқтатқаннан кейін, қылмыстық жаза жариялылық мәртебесін алған кезде пайда болғанын айтады. Ол былай деп жазады: «Мұндай қоғам жағдайында, судъялар мен заңдар болмаған кезде, жаза әрқашан кек түрін сақтайды». Гегель жеке кектің қоғамдық қылмыстық жазаға айналуын мемлекеттің пайда болу уақытымен байланыстырады [5] .
Тарихи тұрғыдан жазалау институты жекеден жалпығы қарай дамыды. Мемлекетке дейінгі қоғамдық-рулық формацияларда ұжымдық немесе жеке мүдделерді бұзғаны үшін санкциялар қоғамдық немесе жеке тұлғааралық сипатта болды. Мысалы, рулық қатынастарды бұзған адамдар қауымдастықтан шығарылды. Жеке тұлғаның мүддесіне қолсұғушылық өтемақы төлеу тәртібімен жазаланды [6] .
Жаза әрқашан мемлекеттің жағымсыз реакциясы түрінде әрекет етті және осы арқылы жаза ұзақ уақыт бойы ойшылдардың назарын аударды. Ондаған философиялық жүйелер мен теорияларда сот сарапшлыры мемлекеттің өз субъектілерін жазалайтын іс-әрекеттерінің негізділігін кейде өте қатал түрде дәлелдеуге тырысты. Бұл кек алу, қорқыту, жалпы және арнайы ескерту теориялары болып табылады [7] .
Қазақ қоғамындағы жазаның ерекше рөлі оның қанаушы таптың экономикалық және саяси мүдделерін және ол белгілеген құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуі, еңбекші бұқараны қанаудың патриархаттық-феодалдық формасын қолдауы болды. Қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты сақталған патриархалдық-рулық өмір салтымен қоғамның билеуші тобының жазалау шаралары туралы көзқарастарында көрініс тапқанын ескеру қажет. Қазақ заңдарында жаза мен қылмыс туралы көзқарастар феодалдық құқықтың дамыған жүйелері бар басқа халықтардың құқықтық естеліктеріндегі көзқарастардан бірашама ерекшеленеді. Бұл естеліктер Қазақстанның Ресейге қосылуы басталғанға дейінге кезеңге жататын қазақтың әдеттегі құқық естеліктектерінде анағұрлым айқын көрінеді және Қазақстан Ресей империясының құрамына кіргеннен кейінгі кезеңдегі әдеттегі құқық естеліктерінде біртіндеп жойылып келеді. Тәуке ханның тұсында және Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі кезеңге жататын қазақтың әдеттегі құқығының басқа естеліктерінде жазаның мынадай негізгі түрі белгіленген:
- Өлім жазасы;
- Дене жазасы;
- Масқаралайтын жазалар;
- Құн (төлем) ;
- Айып (айыппұл) ;
- Құлдыққа беру;
- Құқық бұзушыны жәбірленушіге қызмет етуге жіберу;
- Жәбірленушінің немесе оның туысының озбырлығына құқық бұзушыны ұстап беру;
- Құқық бұзушыдан барлық мүлікті тәркілеу;
- Қауымдастықтан шығару [8] .
Жазаның кейбір түрлеріне толық және нақты тоқталып өтейік. Біріншіден, өлім жазасы Тәуке хан билік еткен уақытта, адам өлтіру, әйел адамды зорлау және оны ұрлап алып кеткені үшін, бірнеше мәрте ұрлағаны үшін қылмыскерлер өлім жазасына кесілуі керек еді. Бірақ, егер жәбірленуші мен оның жақын туыстарының келісімімен өлім жазасын сот үкімімен басқа жаза түріне ауыстыруға мүмкіншіліктері болған. Альтернативті жазаларға құн, құлдық, денелік немесе масқаралайтын жазалар жатқан.
Тәуке хан тұсында өлім жазасы өте сирек қолданылған. Сот үкімін шығару үшін хан немесе сұлтанның өзі тікелеу басқарған билердің жиналысында қарастырылған. Уақыт өте келе, қазақ қоғамының ішінде қарама-қайшылықтардың туындауы себептері көбейіп, қауымдық арасында тапқа бөліну жағдайлары жиеленуімен қатар, қазақ мемлекетінің дербес тіршілігін жоюға тырысқан жоңғаралар тарапынан тоқтаусыз шабуылдар, қазақтың сұлтандары мен хандарына «саяси қылмыстар» үшін өлім жазасын ұғымын қолдануға мәжбүр етті. Бұндағы, өлім жазасы тек зорлау, ұрлық жасаған іс-әрекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар, саяси, яғни, қоғам арасында кекілжіндер ұйымдастыру, сатқындық және өзге тағы сол сияқты қылмыстар үшін өлім жазасы тағайындалған.
Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында өлім жазасы аталып өткен. Бұл жаза түрі қылмыстың 17 құрамында көзделеген және ол адамдардың қазу табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ерекше жазалау шарасы ретінде қолданылады. Сонда, бұрынға қазақтардың әдеттегі құқығындағы жазалау шаралары бүгінгі таңда өз өзектелігін жоғалтпай, ерекше жазалау шарасы ретінде орын алып отыр. Өлім жазасын қылмыстық заң бойынша альтернативті жазаларды, мысалы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.
Келесі жаза түрі ол - дене және масқаралайтын жазалар. Тәуке хан және одан кейінгі дәстүрлі қазақ құқықтарының ескерткіштерінде дене және масқаралайтын жазаларды қолдануға мүмкіндік берілген. Бұл жаза түрлері ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін емес, одан жеңіл қылмыс түрлеріне тағайындалып отырған. Оларға тоқталатын болсақ, жеке адамға қарсы қылмыстар, жеке меншікке қатысты қылмыстар және өзге қылмыс санаттары үшін дене және масқаралайтын жазалар қолданылған. Қазақ қоғамында дене жазаларының көрінісі ретінде дүре соғу. Дүре соғу - қалыңдығы орташа саусақтан кем болмайтын қамшымен ұратын қоғамдық жаза. Соққылар әдетте жалаңаш арқа тұсына соққылар бүкіл жиналған халық ортасында жасалады. Тәуке хан заңдарында адамның өзін-өзі зақымдау туралы да айтылған. Бұл жаза түрі өте сирек кездесетін, ерекше, яғни, жәбірленушінің өзі немесе оның жақын туыстарының бастамалығымен, кек алу мақсатында қолданылуы мүмкін болған. Бірақ, қазақ қоғамы үшін өзін-өзі зақымдау және өзіне-өзі қолжұмсау деген жазалар қазақ әдеттегі құқығына жат болып табылады.
Патриархалдық-феодалдық қарым-қатынаста жағдайларында қазақтар, өзге де халықтар сияқты, Барымта арқылы қан үшін кек алу және реніш үшін қанағаттаттандыру құқығы ерекше маңызды орынға ие болды. Мысалы, Тәуке ханның Жеті жарғысы және өзге де казақтардың әдеттегі нормалары Қазақстанның Ресей империясына қосылғанға дейінгі, жазаны қолдану айтарлықтай қағидаттарға, яғни Барымта арқылы реніш үшін кек алу және өзін-өзі қанағаттандыруға негізделеді. Қазақ әдеттегі құқығының нормалары шектеуле шектерде болса да, жәбірленушіге өз бастамасы бойынша құқық бұзушыны қудалау және оған келтірілген реніштер үшін кек алуға құқығы берілді; қаза тапқан адамның жақын туыстары құқық негізінде кісі өлтірушіні қазаға ұшырату мүмкіншілігі болды. Адаттың айтуынша, кездейсоқ жерде шабуылдаған қылмыс орнында ұсталған ұрыны жаза тағайындамай-ақ, оқиға орнында өлтіруге рұқсат берілген. Жәбірленуші немесе оның жақын туыстары сот үкімін тағайындау және орындау кезінде сот органдарының қызметіне жиі араласатын (іс жүзінде мұны тек бай және ықпалды адамдар жүзеге асыра алған) және т. б [8] .
Қазақстан Ресей империясына қосылған уакыттан бастап, қылмыстық заңға біршама өзгерістер енгізіп, қанды кек алу, барымта, қылмыс орнында ұсталған құқықбұзушыны өздері жаза қолданусыз айыптау және т. б. әдет-ғұрыптарға тиым салынды. Бұндай өзгерістер қазақ қоғамына айтарлықтай оң әсер етті. Мәселен, кейбір ауыр қылмыстар үшін мүліктік және көп мөлшердегі айыппұлмен төленген болса, Ресей империясының қол астына қосылғаннан кейін, бұл қылмыстық жазалар мүліктік емес жазалау шараларына ауысқан. Ресей патшалығы өзгерістер енгізу арқылы, еңбек етуші қазақтарға қарсы бағытталған қылмыстық жазалау шараларын күшейтуде көрініс тапты. Расымен, Ресейдің қылмыстық құқығының нормалары экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекет ретінде болып, қазақ құқығының нормаларынан биік тұрды.
Орыс және қазақ қоғамдарында орын алған жазаға деген көзқарастардағы айырмашылықты А. Гейнстің жұмысындағы келтірілген осындай мысал дәлелдейді: «Бір күні Торғай облыстық басқармасы топтық төбелес кезінде қаза тапқан қазақ Тұрманов туралы істі талдады. Істі қарастыра келе, Тұрмановты кім өлтіргені туралы нақты дәлелдердің жоқтығынан, адам өлтіру ісі салдарсыз қалдырылып, ұрысқа қатысқан барлық қазақтар . . . екі айға түрмеге қамалуы туралы шешім шықты». Біраз уақыттан кейін ағайынды Тұрмановтар «Олбыстық басқармадан қан бағасын кімнен өндіріп алу керектігін білу үшін Орынборға келді. Өлтірілген адамның туыстарын «қанағаттандырусыз» қалдыру қазақтар үшін «ұят» болып саналады, содан кейін бұл қазақ әдетінде жеке кек және барымтаға ұласты [9] .
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап билер сотының айып және құн төлеу жазаларынан бөлек, жаңа жаза түрлері түрмеге қамау, Үкімет белгілеген жерге жер аудару, қоғамнан алыстату, бір айға дейін қамауға алу және т. б. түрінде жаза тағайындау бастады. Осылайга, Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін қазақтың әдеттегі құқығы бойынша негізінен мынандай жаза түрлері қолданылды:
- Өлім жазасы (XIX ғасырдың 20-жылдарына дейін) ;
- Дене жазасы;
- Масқаралайтын жазалар;
- Құн (сатып алу) ;
- Айып (айыппұл) ;
- Құлдыққа беру (шамамен XIX ғасырдың 60-жылдарына дейін) ;
- Кінәлі тарапты жәбірленушіге қызмет көрсетуге беру;
- Барлық мүлкін тәркілеу;
- Бас бостандығынан айыру;
- Жер аудару;
- Ауылдан қуылу [8] .
Жаңа жазалау шаралары қазақ халқы үшін айтарлықтай өзгеріс әкеліп, қанды және қатыгез мәжбүрлеу шараларынан бас тартқызды. Қазақстанның Ресейге қосылуы, оң нәтиже беріп, ізеттілік пен гуманизм әдістерін жүзеге асыруға бірден-бір бастау алып берді. Уақыт өте келе қазақ қоғамында алғашқы 1959 жылы қылмыстық кодекс пайда болды. Бұл кодексте жалпы қылмыс және оның түрелері, жаза, жаза түрелері мен қолдану әдістері, қылмыстың құрамы және тағы да сол сияқты ұғымдар көрініс тапты.
1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексі 20-бабында «Жаза бұл жасаған қылмыс үшін жаза болып қана қоймайды, сонымен қатар сотталғандардың еңбекке деген адал көзқарас, заңдарды дұрыс орындау, Социалистік қоғамның ережелерін құрметтеу рухында түзетуге және қайта тәрбиелеуге, сондай-ақ сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алуға бағытталған. Жаза физикалық тұрғыда азап шегуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді» деген ақпарат көрсетілген. Жазаның түрлеріне тоқталатының болсақ, бірінше орында бас бастандығынан айыру, жер аудару, бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қызметінен босату және айыппұл түрінде бекітілген [10] . Кеңестік кезеңде сотталған адамдар еңбек етудің негізгі көзі болып саналған және олардың еңбегін тегін, әрі арзан жұмыс көзі ретінде пайдалағанымен көрініс тауып отыр. Қазақ ССР Қылмыстық кодексі қатал екенін, жазаның орналасқан реттілігінен байқаймыз. Ең көп қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ол бас бостандығынан айыру жазасы болып табылады. Себебі, Кеңестік кезде гуманизм принципі жүзеге асырылмаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz