Батыс әлеуметтануының негізін салушы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1. Батыс әлеуметтануының негізін салушы
2.
Үш кезең заңы
3.
Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі қағидаға негізделеді
4.
Конттың индустриялық қоғамының негізгі белгілері
5.
XIX ғасырдағы екі саяси ағым
6.
мінсіз қоғамның негізі
7.
Пайдаланылған әдебиеттер
Батыс әлеуметтануының негізін салушы, француз философы және социологы -- Огюст Конт (1798-1857). Исидор Огюст Мари Франсуа Ксавье Конт 1798 жылдың 19 каңтары күні дүниеге келген. Әлеуметтану пәнінің пайда болуы мен пәндік аясының анықталуына Огюст Конт зор үлес қосты. Ғылыми айналымға алғаш рет социология терминін енгізген де -- Конт. Оған дейін әлеуметтік физика деген атпен көпшілікке белгілі ілімдер жаңа ғылым -- әлеуметтануға топтастырылды. Конт атақты француз социалистерінің бірі Анри Клод Сен Симонның шәкірті болды, сондықтан оның көзкарастарының қалыптасуына Сен Симонның ықпалы зор.
Огюст Конт өзінің көзқарастарын Позитивті философия курстары (1830-1842) деген еңбегінде баяндады. Оның өмір сүрген кезеңі түбегейлі өзгерістер кезеңі болды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен төңкерістер жаңа топтар мен таптардың пайда болуына, осылайша қалыптаскан құндылықтардың ауысуына алып келді. Өтпелі кезеңде қоғам дамуының заңдылықтарына талдау жасау ғылыми ерлік пен көрегендікті талап еткені сөзсіз. О.Конт ақыл-парасаттың жасампаздығына кәміл сенді және ғылымды қоғам дамуының сан саласын құрайтын саясат пен діннің, әлеуметтік өмірдің т.т. көш басына қойды.
Огюст Конт философияны заттардың мәні туралы мәселелермен яғни ғылыми емес, шешімі табылмайтын мәселелермен айналысқаны үшін айыптады. Ғылым құбылыстар арасындағы байланыстарды түсіндіретін тұрақты, кайталанып отыратын заңдарды ашумен айналысуы керек. Ғылымдарды жүйелеумен айналысатын яғни ғылымдардың ғылымилығын айқындайтын позитивті философия ғана өмір сүруге кұкылы, -- деп есептеді.
Позитивті философия ғылымдардың пәнін, әдістерін, заңдарын, ұксастықтары мен ерекшеліктерін талдайтын жалпыға ортақ жүйе болып табылады. Конт ұсынған аса маңызды ойдың бірі осы еді. Ғылымдар жүйесі иерархия болып табылады, себебі ол дамудың тарихи процесін карапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге өтетін логикалық түрде көрсетеді. Білімнің дамуындағы келесі саты -- жоғарғы деңгей, ал алдыңғы саты осы деңгейге негіз болады. Негізгі абстрактілі ғылымдардың иерархиясы мынадай: математика-астрономия-физика-хими я-биология-социология. Бұл схемадан социологияның биология заңдарына негізделетінін көруге болады, бірақ әлеуметтану индивидтердің өзара қарым-қатынастарының ерекшелігіне байланысты жоғары тұрады.
Әлеуметтану (әлеуметтік физика) теориялық пән болып табылады да қоғамдык кұбылыстарға тән іргелі заңдарды зерттейді. Әлеуметтанудың пайда болуы бағзы дәуірлердегі схоластиканы жеңді және адам ақыл-парасатының жаңа белеске шықканын көрсетті.
Огюст Конт іліміндегі тағы бір үлкен жаңалық -- тарихи дамудың Үш кезең заңы. Әлеуметтік динамика туралы пікірін дамыта отырып ұсынылған бұл заңда кезең деп адам акыл-ойының даму кезеңдері мен әлеуметтік ұйымның тарихи дамуы да айтылып отыр. Бірінші кезеңде адам да, қоғам да теологиялық (діни) сатыда тұрады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезеңге рулык коғамның авторитарлы жүйесі сәйкес келеді. Бұл саты католиктік және феодалдық тәртіппен аякталады.
Екінші -- метафизикалык кезең шындық ретінде қабылданатын абстракциялардың және мәнділіктердің үстем болатын сатысы. Тарихи тұрғыда бұл кезең 1300-1800 жылдарды қамтыды және көне көзқарастардың тарих сахнасынан түсіп қалатын өтпелі дәуірі болып табылады. Бұл кезеңнің аса маңызды оқиғалары -- реформация, ағарту философиясы, француз революциясы.
Үшінші -- позитивті саты ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық маңызының артуы және позитивизм ілімінің жасалуынан басталады. Позитивті дәуірді Огюст Конт 1800 жылдан бастайды. Осы кезеңнен бастап адамзат абстракциялардан гөрі ғылыми тұжырымдарға көбірек көңіл бөле бастады. Қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын акыл-парасат таразысына салып, бақылау арқылы зерттеуге тырысу, коғамдық кұбылыстардың ішкі себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен коғам әлеуметтік тұрғыдан эгоизмді альтруизм жеңген, әлеуметтік сезімдер ұлғая түскен, әлеуметтік тәртіп пен бейбітшілік күшейген, әскери қоғам өнеркәсібі дамыған қоғамға айналған жүйе бола бастайды.
Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі қағидаға негізделеді:

*
Әлеуметтік кұбылыстар кез келген аналитикалык тұрғыдан карағанда сапасы табиғи кұбылыстар сияқты;
*
Жаратылыстанымдық ғылымдардағы талдау әдістерін әлеуметтанулық зерттеулерде де пайдалануға болады;
*
Әлеуметтік ілімінің міндеті -- әлеуметтік кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген теориялық қағидаларды жасау.

О.Конт үшін позитивизм адамның бар болмысын айқындайтын практикалық ойға, дінге айналды. Кейінірек Конт ілімінде адамзат күшті яғни біртұтас ұлы тіршілік иесі ретінде көрініс табады. Әрбір адам осы ұлылыққа сіңісуі керек. Бұл коғам жаңа элитаның, жаңа салт-дәстүрлердің пайда болуымен байланыстырылды.
Осы тарихи кезеңдердің алмасуы -- Конттың іліміне қоғамдық прогресс идеясын қосты. Позитивті саты -- ең жоғары дамыған кезең. Бұл ілімді Конт әлеуметтік динамика деп атады. Әлеуметтік статикамен бірге ол социологияны кұрайды.
Огюст Конт ғылымның қондырмасы болып табылатын теорияны жоққа шығара отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік жүйе ретінде пайда болды деп есептеді. Ол қоғамды өзіндік қызметі бар, белгілі бір рөлі бар элементтердің жиынтығы ретінде таныды. Әрбір элемент жүйенің талаптарына сәйкес қызмет етеді. Ал индивид -- тұтастықтың бір бөлігі. Оны тұтастықтан жеке бөліп қарауға болмайды, -- дейді. Қоғам -- жүйелердің ішіндегі ең күрделісі. Мысалы, биологияда табиғи жүйе -- тұракты. Ал коғамдағы жағдай өткен мен болашақтың екі ортасында, екеуінің де элементтерін бойына сіңірген.
Әлеуметтанудың өзегі ретінде О.Конт бүкіл адамзатты таныды, бірақ ол коғамның түбегейлі өзгеруіне әсер ететін жүйеішілік қасиеттерді де білгісі келді. Осы кызығушылық әлеуметтануды әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлуге алып келді. Бұл бөлініс -- Огюст Конттың диалектикалық заңдарға бет бұруын көрсетеді.
Әлеуметтік статиканың мақсаты -- әлеуметтік жүйе мен әлеуметтік тәртіпті камтамасыз ететін факторлар арасындағы байланыстарды зерттеу. Әлеуметтік статиканың пәні әлеуметтік байланыстың яғни барлык тарихи жағдайларда сақталатын әлеуметтік организм элементтерінің өзара катынасы. Әлеуметтік статика -- қоғамдық тәртіп, ұйым, әлеуметтік элементтердің үйлесімділігі ілімі. Конт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Жастар әлеуметтануы туралы
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері.
Вильфредо Парето, Фердинанд Теннис және Георг Зиммельдің социологиялық ойлары
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Макс Вебердің өмірбаяны
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Саяси әлеуметтану
Пәндер