Сигналдар мен үздіксіз арналардың негізгі сипаттамалары және олардың өзара байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сигнал мен үзiлiссiз арнаның негiзгi сипаттамалары және олардың байланысы

Сабақтың сұрақтары.

1. Сигналдың ұзақтығы, спектрдiң енi, деңгейi, динамикалық диапазоны, базасы, көлемi деген түсiнiктер.

2. Арнамен сигналды тарату уақыты, өткiзу жолағының енi, арнаның ди-намикалық диапазоны, көлемi деген түсiнiктер.

3. Сигнал мен арнаның сипаттамаларының байланысы.

Сигналдың ұзақтығы Т с , с.

Сигналдың спектрінiң енi ∆F с , Гц- спектрдегі ең жоғарғы және ең төменгі жиілікті құраушылардың арасындағы жиілік интервалының ені.

Сигналдың деңгейі р с , дБ.

Деңгейінің үш түрі болады:

- қуат бойынша деңгейі р қ =10·lg(Р с бас ) дБ;

- кернеу бойынша деңгейі р к =20·lg(U с /U бас ) дБ;

- ток бойынша деңгейі р т =20·lg(I с /I бас ) дБ.

Р с , U с , I с - сигналдың қуаты, кернеуі, токтың күші; Р бас , U бас , I бас - бастапқы нүктедегі сигналдың қуаты, кернеуі, токтың күші. Көп арналы тарату жүйеле-рінде бастапқы нүкте ретінде арнаның екі сымды кірісі алынады. Оны «нөлдік салыстырмалы деңгейінің нүктесі» (ТНОУ) деп атайды. «Нөлдік салыстырмалы деңгейі» дегені- бұл бастапқы нүктедегі салыстырмалы деңгей. Ол нөлге тeң болады.

Деңгейлерінің байланысы:

р қ к -10·lg(R/R бас ) =р т +10·lg(R/R бас ), дБ (3. 1)

мұндағы R және R бас - есептелетін және бастапқы нүктедегі кедергісі, Ом.

Деңгейлерінен, сигналдың негізгі параметрлерін табуға болады:

Р с 0 ·10 0, 1·рқ =1·10 0, 1·рқ , мВт (3. 2)

U с =U 0 ·10 0, 05·рк = 0, 775·10 0, 05·рк , В (3. 3)

I с =I 0 ·10 0, 05·рт =1, 29·10 0, 05·рт , мА (3. 4)

р қ =0 дБ→Р с =1 мВт; р к =0 дБ→U с =0, 775 В; р т =0 дБ→I с =1, 29 мA.

Қуат пен қуат бойынша деңгейінің мәндері:

Р с =1 мВт→р қ =0 дБ; Р с =10 мВт→р қ =10 дБ; Р с =100 мВт→р қ =20 дБ; Р с =1000 мВт→р қ =30 дБ; Р с =0, 1 мВт→р қ =-10 дБ; Р с =0, 01 мВт→р қ =-20 дБ.

Егер бастапқы нүктеде Р бас 0 =1 мВт, U бас =U 0 =0, 775 В, I бас =I 0 =1, 29 мА, R бас =R 0 =600 Ом деп алсақ, онда р с - абсолюттық деңгейі болады.

Егер бастапқы нүктеде Р бас , U бас , I бас , R бас басқа мәндерін алса, онда бұл р сал салыстырмалы деңгейі болады. Салыстырмалы деңгейі, есептелетін және бастапқы нүктелеріндегі қуат бойынша абсолюттық деңгейлерінің айырмасы болады:

р сал с бас , дБ (3. 5)

мұндағы р с және р бас - есептелетін және бастапқы нүктелеріндегі сигнал-

дың абсолюттық деңгейлері, дБ;

Бір неше арналық сигналдарды қосып (біргіп алып), топтық сигналды құрған кезде, олардың деңгейлері қосылмайды, қосылатын- олардың қуаттары. Топтық сигналдың деңгейін анықтаған кезде, алдында, арналық сигналдардың қуаттарын табу керек, одан кейін, оларды қосып, топтық сигналдың қуатын та-бамыз. Соңында, топтық сигналдың қуатынан оның деңгейін табамыз.

Есеп: қуат бойынша деңгейлері 0 дБ-ға тең 10 арналық сигналдарды қо-сып топтық сигналды құрастырды. Топтық сигналдың қуат бойынша абсолют-тық деңгейі қандай? Шешім: р ар. қ =0 дБ→Р ар. =1 мВт; Р топ =10·Р ар =10 мВт→р топ. қ = =10 дБ.

Сигналдың динамикалық диапазоны. D с , D с[дБ] .

D с - сигналдың максимальдік және минимальдік қуаттарының қатынасы, D с[дБ] - сигналдың максимальдік және минимальдік деңгейлерінің айырымы.

D с с. max с. min (3. 6)

D с[дБ] =10·lgD с =10·lg(Р с. max с. min ) =р қ. max - р қ. min , дБ (3. 7)

мұндағы Р с. max , Р с. min - сигналдың максимальдік және минимальдік қуатта-ры, Вт; р қ. max және р қ. min - сигналдың қуат бойынша максимальдік және мини-мальдік деңгейлері, дБ.

Сигналдың базасы В с , В с[дБ] .

В с с ·∆F с (3. 8)

В с[дБ] =10·lgВ с =10·lg(Т с ·∆F с ), дБ (3. 9)

Сигналдарды екі түріне бөлуге болады: қарапайым (В с ≈1, яғни ∆F с ≈1/Т с ) және күрделі (В с >>1, яғни ∆F с >>1/Т с ) .

Сигналдың көлемi V с , V с[дБ] .

V с с ·D с с ·∆F с ·D с (3. 10)

V с[дБ] =10·lgV с =10·lg(Т с ·∆F с ·D с ), дБ (3. 11)

Арнамен сигналды тарату уақыты Т а , с.

Арнаның өткiзу жолағының енi (жиілік жолағының ені) ∆F а , Гц- арнамен өте алатын ең жоғарғы және ең төменгі жиілікті құраушылардың арасындағы жиілік жолағының ені.

Арнаның динамикалық диапазоны D а , D а[дБ] .

D а - арнадағы сигналдың максимальді және минимальді рұқсат етілетін қу-аттарының қатынасы, D а[дБ] - максимальді және минимальді рұқсат етілетін дең-гейлерінің айырымы.

D а с. max. рұқс с. min. рұқс (3. 12)

D а[дБ] =10·lg(Р с. max. рұқс с. min. рұқс ) =р қ. max. рұқс - р қ. min. рұқс , дБ (3. 13)

мұндағы Р с. max. рұқс , Р с. min. рұқс - арнадағы сигналдың максимальді және мини-мальді рұқсат етілетін қуаттары, Вт; р қ. max. рұқс және р қ. min. рұқс - сигналдың макси-мальді және минимальді рұқсат етілетін қуат бойынша деңгейлері, дБ.

Сигналдың максимальді рұқсат етілетін қуаты, сигналдың рұқсат етілетін бұрмалануымен, ал минимальді рұқсат етілетін қуаты- бөгеттің (шудың) қуаты-мен шектеледі.

Арнаның көлемi V а , V а[дБ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау мен сөйлеудің психологиясы және олардың өзара байланысы
Жаратылыстанудың құрамдас бөліктері және олардың өзара байланысы
Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы және олардың өзара байланысы
Коммерциялық банктердің активтік және пассивтік операциялары мен олардың өзара байланысы
Картография және ГАЖ: негізгі салалары мен өзара байланысы
Кездейсоқ сигналдар мен процестердің статистикалық сипаттамалары, стационарлық және эргодиялық қасиеттері
Ағзада су мен минералды тұздардың алмасуы және олардың зат алмасуымен өзара байланысы
Delphi бағдарламасының негізгі компоненттері және олардың сипаттамалары
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы: негізгі элементтері, құрылымы және өзара байланысы
Цитокиндердің негізгі топтары және олардың биологиялық сипаттамалары: цитокиндік желі тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz