STEM - ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 669. 162. 214

БЕЙБИТ ЖАРҚЫН ., АДИКАНОВА С. С. С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Өскемен STEM - ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ

АҢДАТПА

Кәзіргі таңда әлемдік білім берудегі трендтердің бірі- STEM даму болып отыр. Бүгінгі заманның талабына сай жоғары технологиялық өндірісті дамытатын елдерде -STEM басым болып келеді. Осыған сай алдағы жарқын болашақта әлемде және Қазақстанда ІТ-мамандар, дизайнерлер, инженерлер, бағдарламашылар және жоғары технологиялық өндірістің мамандары қажет болады.

Сурет-1. STEM-дегеніміз оқытудың біріктірілген тәсілі

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт - бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Сонымен қатар STEM бағдарламасыда әр елде әр деңгейде өзінше дамып келеді. Сонымен әлемдік деңгейдегі STEM қарастырсақ.

STEM бағдарламасы әлемдік жүйенің жаңа тренді білім беру робототехникасы болды, ол бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. STEM төрт компонентінің интеграторы болып табылады. Мысалы, 2015 жылы «ER4STEM» үшжылдық жобасы іске қосылды бұнда Австрия, Болгария, Греция, Мальта, Ұлыбритания елдегі бірігіп оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушышлықтарын қолдау үшін білім беру роботехникасын шығармашылық және сыни қолдануға бағытталды.

«ER4STEM» мақсаты - балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және нәтижелі бағдарламалырды әзірлеу. Жобаның шеңберінде білім беру робототехникасынан бес мемлекетте 4000 астам бала үшін семинарлды өткізу қарастырылған. Жылына бір рет Еуропалық білім беру роботехникасы жөнінде конференция өтті. Мұнда 2016ж. - Австрия, 2017ж. - Болгария, 2018ж. - Мальта, 2019ж. - Ұлыбританияда «ER4STEM» мұғалімдерге арналған ауқымды репозиторийді әзірлеу жобаның қорытындысы болады.

STEM-білім беру жүйесі АҚШ-тағы өзектілігін 2013 жылы қабылданған кешенді жоспарына сәйкес STEM-білім беруді дамыту жүргізіп келеді. Жоспар аясында 2020 жылға қарай 100 000 жаңа тиімді STEM мұғалімдерді даярлау және мұғалімдердің қазіргі контингентіне қолдау көрсету жоспарланды, сонымен қатар орта мектепте әр оқу жылы STEM-ге тартылған білім алушылардың үлесін 50%-ға дейін арттыру, колледждер мен ЖОО-ның STEM-мамандықтары бойынша түлектер санын 1 миллион адамға дейін арттыру да жоспарланды.

Кейбір әлем елдеріндегі Кейбір әлем елдеріндегі

STEM-мамандықтардың түлектері 2011ж STEM-мамандықтардың түлектері 2018ж

Сурет-2 Сурет-3

Бұнда қай мемелекетті алсақта STEM-білім беру жүйесіне деген қызығушылық артып келе жатқанын байқауға болады.

Қазақстанда STEM-білім беру жүйесі енді белсене дамуы басталды. Соған сәйкес білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім беруге жүйелері іске аса бастады. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды. Осыған сәйкес биыл қала мектептеріне жаңадан STEM кабинеттері ашылды. Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі, ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық жағдайларын күшейтуге, инновациялық және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

STEM бағыттары:

  • Робототехника;
  • Құрастыру;
  • Модельдеу;
  • 3D жобалау.

Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап барлық мектептерді АКТ, сандық білім беру ресурстарымен, Интернет желісінің қолжетімділігімен жабдықтау жоспарланды, сонымен бірге 2019 жылы жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады, бұл жаңа білімді алғашқы дереккөзден алуға және әлемдік ғылымға біраз болса да жақындауға мүмкіндік берді. Елімізде STEM білім беру соның ішінде робототехникасына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, 2014 жылдан бері жалпы білім беретін мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылар арасында жыл сайын Робототехникадан Республикалық олимпиада өтеді. Республикалық жарыстардың жеңімпаздарының Робототехникадан Дүниежүзілік олимпиадаға (WRO) қатысуға мүмкіндіктері бар. Обылықтық, қалалық денгейде де робототехникадан сайыстар болып тұрады. Сондағы сайыста облыстық мектептер арасынан Шәкарім атындағы №1 орта мектебіміз қатысып “Ақылды бесік” жобасы ұсынылып 2019 жылығы бас жүлдені иеленіп облыс әкімінен арнайы марапатқа иеленді, бұлда болса осы STEM бағдарламасының нәтижесі.

STEM - оқыту процесін ұйымдастыру жолдары:

  • Модульдік оқыту (әлемге көзқарасын кезеңмен, комплексті қалыптастыру) ;
  • Жобалар әдісі (болжамды ұсынудан түптұлға құруға дейін) ;
  • Іскерлік ұстанымы (тәжірибе негіз ретінде) ;
  • Рөльдердің алмасуы (мұғалімге емес, оқушыға назар бөлу) ;
  • Миға шабуыл (ойдың шығармашылығы мен орамдылығы ) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
STEM - білім берудің дамуы
STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
STEM-ПӘНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ИДЕЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz