Абай мұрасы
АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
САБЫР САНЖАР ӨЗБЕКҰЛЫ
КАЖИБАЕВА ГУЛЬДЕН КЕНЕСОВНА
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, магистр
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, ф.ғ.к., доцент
Көкшетау қаласы
sako_t_1998@mail.ru
guldenkgk@mail.ru
Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық [1] деп Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы айтқандай, Абай философиясы, ұлы ақынның шығармаларының мән-мағынасы қай уақытта болсын өзекті болар хақ. Адамзатқа рухани нәр беретін ақынның алтын қорын сақтап қалу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жауапкершілік пен ерен еңбекті қажет етеді.
Абайды зерттеу, шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және Ескендір мен Масғұт поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдер өте аз, сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған Абай термесі атты кітапта жарияланды. 1922 жылы Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар сол 1909 жылы жинақта жария болған шығармаларды қамтиды.
І.Жансүгіров 1923 жылы Тілші газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Абай кітабы атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А.Сиделькинов жазған мақалада: Абай -қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін де қолжазба түрінде және ауызша тарап келген болатын. А.Байтұрсынов та ақын өлеңдерімен 1903 жылы Абай өлеңдері жазылған дәптер арқылы танысқанын айтады.
1914 жылы Санкт-Петербургте шыққан По киргизской степи деген кітабында Дм.Львович (Иванов Дмитрий Львович - кейбір кітаптарында авторын солай көрсеткен) Татьяна хаты ел ішінде әнге салып айтылып жүргені туралы нақтылы дерек келтірген.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б. атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын мойындаған жөн.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің Абай жолы эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы Ғылым баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйінішәлиев, М.Мырзахметов, А.Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.
Абайдың рухани мұрасының зерттелу барысы еліміздегі саяси ахуалдың құбылуына байланысты 4 кезеге бөлінеді.
Бірінші кезең Абайдың өзі қайтыс болған уақытынан бастап жиырма шақты жылға созылды деуге болады. Бұл кезең данышпанның қалдырған даналығын халық зор ынта-жігермен танып-білуге ұмтылған ең айшықты кезең еді.
Екінші кезең жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан отызыншы жылдардың аяғына дейін созылады. Бұл Абай мұрасының тағдырын келешекте түнек жолға салған ең ауыр да шешуші кезең еді. Себебі абайтану тағдыры дәл осы уақытта күрт өзгерді. Бұған елдегі саяси ахуал себеп болды.
Үшінші кезең өткен кезеңнің салған сара жолынан көп ауытқымай, отызыншы жылдардың аяғы, қырқыншы жылдардың басынан бастап еліміздің тәуелсіздік алуына дейін, яғни 1991 жылға дейін созылды. Ол саяси қыспақтың әлсіреп, не болмаса күшейгеніне байланысты толқымалы болды. Абайға ұлы ақын деген жалпы көзқарас сол қалпында сақталып, абайтану саласында оның ойшылдығы шет қағылып, барлық назар ақындық құндылығына ауысты. Кеңес дәуірінде, 1985 жылға дейін, абайтану саласында жиырма төрт докторлық және кандидаттық диссертация қорғалған екен. Бұлар, негізінен, Абайдың ақындығын, сөз өнерін зерттеген филологиялық бағыттағы жұмыстар. Әрине, Абайдың ойшылдығына көңіл аударған Қ.Бейсенбиев, А.Жиреншин, С.Мұқанов, Н.Смирнова, М.Сильченко, Т.Тәжібаев тәрізді зерттеушілердің ірілі-кішілі бірсыпыра жұмыстары болды. Бірақ оларға заманның тар арнасы ойшылдың рухани дүниесін толық ашуға мүмкіндік бермеді.
Төртінші кезең еліміздің егемендік алған уақытынан, яғни 1991 жылдан басталып, бүгінгі күндерге дейін созылып келеді. Бұл кезең - коммунистік біржақты саясат жойылғаннан кейінгі, Абайдың хакімдік мұрасына жаңаша көзқарас кезеңі. Мұның өзі Абайдың ойшылдығын шын мәніндегі рухани тұрғыдан зерттеу енді ғана басталды дегенді білдіреді.
Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы жаңа белеске көтеріліп, жалғаса, толыға беруі керек. Абай шығармашылығының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек.
Абайтану ғылымына, Абай шығармашылығына соқпай, қалам тербетпей кеткен зерттеуші жоқтың қасы десе де болғандай. Ұлы Абай, кемеңгер Әуезов шығармашылығын көп зерттеген ғалым Айқын Нұрқатов Абай жайында былай дейді: Өз дәуірінің, өз халқының нағыз ұлы, шын мәнісіндегі ұлттық ақыны болған кемеңгер Абай сонымен бірге бүкіл адам баласына тұтастай тән мәңгілік тақырыптарды мәңгі өшпестік дәрежеге көтеріп жырлай алды. Сондықтан оның ғажайып мұрасы болашақ сан ықлым буындармен де бірге мәңгі-бақи жасай бермек [2.78-79].
20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты көркем шығармаларымен, әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерімен үздік таныла бастаған М.Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден аңғартты. Жас таланттың ерте қанаттанып, өз ортасында даралана бастаған қазақ әдебиеті тарихына байланысты зерттеушілік қадамын жете тани білген Семей губерниялық Атқару Комитетінің 1925 жылғы 20 маусымдағы Ленинград университетінде жолдаған ресми қатынасында ...М.Әуезов қазақ әдебиетіне қызығуы мен осы саладағы өз бетінше жүргізген зерттеулері арқылы техникумда қазақ әдебиетін оқытатын лектор ретінде бірден-бір кандидатура болып табылады - деп көрсетуі шындық еді. 1924-1925 жылдар аралығында Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, Таң журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз әрекет етіп жүрген М.Әуезовті көреміз. Ол бұл кезде көлемді монографиялық еңбегін жазу үстінде болатын. Абайды көзі көрген ақын замандастарына естелік жаздырып, ел аузынан Абай өмірбаяны мен сол заман шындығы жайлы деректерді қағаз бетіне түсіріп қалуға асыға кірісті.
Кейін Абай еліне деректер іздестіру мақсатымен дүркін-дүркін соғып отырған. Тек баспасөзде жарияланған деректерге ғана сүйенгеннің өзінде: 1936 жылы Абай туралы жаңа деректер жию мақсатымен барса, 1943 жылы арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарып барады. 1944 жылы Е.Ысмайылов бастаған экспедицияны ұйымдастыруға ат салысса, 1945 жылы Абайдың жүз жылдық юбилейі қарсаңында Семей өңірінен басқа Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан тарапынан да арнайы экспедиция шығару мәселесін мерейтой комиссиясы алдына қояды. Абайдың жүз жылдық юбилейі қарсаңында жазылған Абай өмірбаянының үшінші нұсқасын даярлау үстінде Тіл-әдебиет институты Абайдың өмірін, шығармаларын зерттеу жөнінде екі экспедиция ұйымдастырып (1943ж М.Әуезов басқаруымен, 1944 жылы Е.Ысмайыловтың басқаруымен) Абайдың өміріне, шығармаларына байланысты жаңа материалдар тапты. Бұл осы жинаққа кіріп отырған жаңадан жазылған ғылыми өмірбаян, естегі сөз, ескертулерде толық пайдаланылды, - деп хабарлайды. Әрі Абаймен бірге болған, ақын өмірінің ең жемісті түрінда жазылған шығармаларының дүниеге келу сыры мен көп оқиғаларға куәгер болған тірі архив иелерінің естеліктерін дер кезінде түгел, сарқа жазып ала алмай, көз жазып қалғанына, соңыра қатты өкініш те білдірген еді.
Абайтанудың алғашқы негізі де М.Әуезов жазған Абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім нәрсе. Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып М.Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Бұлай етпейінше Абай өмірбаянын жазуға кірісудің өзі қиынға соғары мәлім еді.
Абай өмірбаянын қалпына келтірудегі басты әдіс - ауызша сұрау, тірі архив иелерінің естеліктерін жинау, жариялау. Ең бастысы Абай өлеңдеріндегі негізгі әлеуметтік сарындарға сүйену арқылы биограф көп шындықтың сырын ашады. Осы арқылы М.Әуезов Абай мұрасының зерттелу жолына зор үлес қосты.
Абайдың ғылыми өмірбаянын ойдағыдай жазып шығару арқылы М.Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүргізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды. 1924 жылдың өзінде-ақ М.Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. Абай, Шолпан журналындағы ақын жайлы пікірлері мен Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешіндегі Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны деген баяндамасы - осы әрекеттің айғағы. Бұл бөлімдегі келесі бір зерттеу де назар аударатындай, ол зерттеу Абайтанудың бірегей зерттеушісі деп аталады. Мекемтас Мырзахметұлы мұхтартану саласында да, абайтану саласында да жемісті еңбек етіп жүрген білгір ғалым. Сол себепті ғалым Мырзахметовтің әрбір пікірі салмақты, тиянақты, ойлы болып келеді. Мысалы: Үдере даму үстіндегі қазақ кеңес әдебиетінің ірі саласына айналып отырған абайтанудың негізін қалаушы ғұлама ғалым М.Әуезовтің Абай мұрасы туралы ұлан-ғайыр ғылыми зерттеулері туған әдебиет тарихында ерекше орын алатын бірегей қайталанбас құбылысқа айналып та үлгірді. Ұлы ақын мұрасының сыры терең болмысына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz